|
|
бет | 57/82 | Дата | 28.12.2022 | өлшемі | 1,1 Mb. | | #164802 |
| Байланысты: 619-621 травмаКлиникасы
Үсіктің I дәрежесі
Ауыру сезімі: шаншып және күйдіріп
Терінің бозаруы,сипағанда салқындауы болады.
Буындардың сырқырауына, әр түрлі парестезиялар
Ағзаны жылытқаннан кейін зақымдалған аймақ қызғылт-көкшіл, кейде бүкіл тері ақ түсті, ісінген, қышу және ашу сезімі байқалады
Терінің сыртқы түрінің өзгеруі табанда немесе қолда біркелкі болады
Жазылу уақыты: 5-7 күн
Үсіктің II дәрежесі
Ауырсыну сезімі үсіктің I дәрежесіндей, бірақ қарқынды. Ауыру сезімі 2-3 күн сақталады
Терісі қызғылт-көкшіл түсті
Мөлдір көпіршіктер алғашқы 2 күнде, кейде 7-8 күнде пайда болады.
Көпіршіктер құрамы мөлдір, консистенциясы желе тәрізді, түбі алқызыл түсті, фибринді жабындымен жабылған
Сезімталдығы төмендейді
Егер, екіншілікті инфекция қосылмаса, онда зақымдалған аймақтың жазылуы шамамен екі аптаға дейін созылуы мүмкін
II-ші дәрежелік үсуде некроз көріністері болмайды.
Грануляциялар мен тыртықтар түзілмейді.
Үсіктің III дәрежесі
Терінің терінің және оның астындағы жұмсақ тіндер қабаттарының некрозы дамиды
Тері түсі көкшіл-қызғылт, сипағанда салқын
Ісіну
Жарылған геморрагиялық көпіршіктер анықталады
Зақымдалған аймақты бөліп туратын демаркациялық сызық, 7-10 күндері пайда болады
Үсіктің IV дәрежесі
Некроз теріні ғана емес, терең жатқан тіндерді және сүйектерді де зақымдайды.
Тері қарайған
Бастапқыда ісінулерді, содан соң мумификацияны байқауға болады
Сезімталдығы жоқ
Айқын көрінетін демаркациялық сызық 12-14 күндері пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|