Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Транспорттық және емдік иммобилизация



бет58/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Транспорттық және емдік иммобилизация.

Иммобилизация екі түрге бөлінеді: көліктік және емдік.
Көліктік иммобилизация жарақатталған адамды жарақат алған жерден ауруханаға дейін жеткізу үшін қажет. Ол үшін арнайы және қолдағы бар заттардан жасалған таңғыштар қолданылады. Көліктік таңғыштар бекітуші және бекіте тартушы болып екіге бөлінеді.

  • Бекітуші таңғыштарға жататындары: фанерадан, ағаштан, картоннан, сым сатыдан, тақтайдан тағы да басқа қолда бар заттардан жасалады.

  • Бекіте тартушы таңғышқа жататындары: Томс-Виноградов және Дитерихс таңғыштары. Бұл үшін кейде уақытша гипс те қолданылады.

Көліктік иммоболизацияның негізгі принциптері мынадай болу
керек:

  • Таңғыш міндетті түрде екі не үш буынды қамтуыкерек.

  • Сынған жерді толық бекітпей тұрып аяқты не қолды өз өсі бойынша аздап тарту керек. Егер ашық сынық болса сынған сүйектің ұшын жұмсақ тінішіне кіргізбей, жараны ақ сүлгімен жауып байлағаннан кейін аяқ не қол қалай жатса сол қалыпта таңғышпен бекіту керек.

  • Аяққолды таңарда киімді шешпейді. Тақтайдан жасалған таңғыш салғанда сүйектіңшығыңқы бұдырына тері мен таңғыш ортасына мақта не жұмсақ мата салыну керек.

  • Әрқашан есте болу керек, дұрыс салынбаған таңғыш ауруға көмек бермей, зиянды болуы мүмкін.

Мойын омыртқасы зақымдалғанда Еланскийдің таңғышын пайдаланады Омыртқа сынғандағы транспорттық иммобилизация. Кеуде және бел омыртқалар зақымдалғанда жұлынғада зақымдалу қаупі туады. сондықтада ауруды қатты носилкага шалқасынан, ал жұмсақ носилкага-етбетінен 4 -5 адамның көмегімен жатқызады. егерде тек қатты носилкаға жатқызса: - етбетінен жатса - кеуде мен басының астына, ал шалқасынан жатса белінің тұсына жастық не бүктетілген киім салыну керек

ИЫҚ БОЙЫ СҮЙЕКТЕР ЗАҚЫМДАЛҒАНДА ИММОБИЛИЗАЦИЯ


ЖАСАУ Бұғана мен жауырын сынғанда негізгі мақсат иық буынын қозғалтпай бекіту болып саналады. Ол үшін косынка, арнайы таңғыш немесе Дезо таңғыштарын қолдануға болады.
Қол сүйектерінің сынығын транспорттық бекіту .Тоқпан жіліктің жоғарғы жағы сынса қолды шынтақ буынынан бүгіп қолтық астына мақта-сүзгіден жасалған жастықша тығып үшкіл орамалмен кеудеге таңып қояды. Тоқпан жіліктің ортасы сынса саты сияқты сымнан жасалған таңғышпен таңылады Сым-саты сияқты таңғышпен білек сүйек сынықтарын бекіту;
а)таңғышты дайындау; б) таңгышты салу; в) таңгышты бинтпен бекіту;
г) колды үшкіл орамалмен мойынга іліп кою
Білек сүйектерінің сынуы. Білек сүйектері сынғанда шынтақ буыны мен білезік буындарын бекіту қажет. Ол үшін қолды шынтақ буыннан бүгіп таңғышты қолдың сырт жағынан байлау керек. Саусақты супинация мен пронацияның орташа қалпында орналастырады. Жамбас сүйектерінің сынықтарын иммобилизациялау өте қиын болады. Сондықтан ауруды қатты зембілге(носилкаға) шалқасынан жатқызады, екі яғын тізесінен бүгіп оның астына киімнен не жұмсақ заттан валик салады. Мұндай жағдай жамбас-аяқ бұлшықеттері жұмсарып сынған сүйектердің ауырғанын азайтады
Аяқ сынықтарын көліктік иммобилизациялау. Аяқ сынықтарын көліктік иммобилизация жасау үшін үш буынды: жамбассан, тізе және балтыртабан буындарын бекіту керек. Сондықтан таңғыштың бір ұшы қолтықтан басталып табанға дейін жетуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет