Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Аяқ-қол буындарындағы шығулардың емдеу алгоритімі



бет61/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Аяқ-қол буындарындағы шығулардың емдеу алгоритімі.

Буын шығу- зақымданудың ішінде стационарлы емдеуді қажет ететін ауыр түрі. Зақым әсерінен болған буын шығу әсіресе орта жастағы еркектерде жиі кездеседі. Буынның шығуы көп жағдайда жанама себептен болады (аяқ-қолдың керіліп барып бұралу салдарынан болады. Тікелей күштен шықпайды). Сондай-ақ буын бұлшықеттің бірдей жиырылуынан, мысалы, граната лақтырған жағдайда, жүзу кезіндегі қолайсыз қимылдардан да шығуы мүмкін. Шықты деп буындағы сүйектің шеткерісін айтады, бірақ бір ерекшелік бар: бұғананың акромиальді ұшының шығуы омыртқаның шығуы бұл шығулар орталық бөлігі шыққан деп аталады.
Буын шығуының жіктелуі: Уақытына байланысты: жаңа, жаңа емес, ескірген, дағдылы, орнына түспейтін
Жарақат түріне байланысты: жабық, ашық
Асқынуы бойынша: асқынған, асқынбаған
Буын шығуды жаңа деп - алғашқы 2 тәулікте, жаңа емес деп 3-4 аптаға дейін, ескірген деп 4 аптадан кейін айтады, қайта салынбайтын буынның шығуы жұмсақ тіндердің, әсіресе жұлынған бұлшық еттердің сүйек басы мен буындық шұқырдың ортасына кіруінен болады. Ескірген буын шығуы да салынбайтынға жатады. Мұндай буын шығуды хирургиялық жолмен түсіреді. Дағдылы деп буынның бірінші шыққанынан соң қайталана беруін атайды.
Асқынған буынның шығуында магистраль тамырларының, жүйке бағандарының зақымдалуымен буынішілік немесе буынсыртылық сынық болганда.Буын шығудың жиілігі буынның анатомиялық құрылысына, буын қапшығының және байламдардың мықтылығына, буынды қоршап тұрған бұлшық еттердің қуаттылығына, буынның сипатына, буындағы қозғалыс көлеміне байланысты. Қол буындары аяқтан 7-8 есе жиі зақымданады. Буын шыққанда оның маңайындағы бұлшықеттер ғана зақымданып қоймай, оның ұзындығы, талшықтар бағыты өзгереді, ол өз ретінде бұлшықеттердің бір тобы рефлекторлы жиырылып, екінші тобы жиырылмайды. Буын шыққаннан кейін уақыт өткен сайын, бұлшықет жиырылуы тұрақты және қайтымы аз болады. Егер буын уақытында салынбаса қабыну үрдісі (процесі) мен қан құйылу әсерінен буын ойығы тыртықтық тінмен толып буынды операциясыз салу мүмкіндігі болмайды. Кейде біртіндеп жаңа қозғалу өстері бар жаңа буын пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет