Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.



бет63/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Қан құюға көрсеткіштер.

қан құюдың маңызды көрсеткіштері ретінде мыналарды атауға болады:

• жедел қан кету;


• геморрагиялық шок;


созылмалы қаназдылық


• организмнің жалпы улануы;


• күйік ауруы;


• қан жүйесінің аурулары (пернициоздық анемия, геморрагиялық диатездер);


• Әртүрлі улармен улану.


Қан құюға негізгі қарсы көрсеткіштер мыналар:

• бас миының шайқалуы мен соғылуының ауыр түрлері, ми қан айналысының жедел бұзылуы, жедел менингит;


• көктамырлардың жедел іріңді дерттері;


• тәж (коронарлық) артерияларының ауыр склерозы, аорта мен жүрек қарыншаларының қалталанып кеңеюі (аневризмасы), миокард инфарктісі, жедел эндокардит, жүректің декомпенсация сатысындағы ақаулары;


• өкпе мен талақтың жедел инфарктісі;


• өкпенің милиарлық туберкулезі;


• бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы;


Тыныс жетіспеушілігі;


Қанды қалай құю керек деген сүраққа жауап беретін болсақ, қан құюдың 2 тәсілі бар екенін атап өткен жөн – тікелей және тікелей емес.

Тікелей емес қан құю үшін сәйкес ыдыс пен дайындалған қанды сақтайтын орынның болуының да маңызы аз емес. Қазіргі кезде қан арнаулы полиэтилен пакеттерге алынады, соңғысы пайдаланғаннан кейін жойылады. Бұл пакеттерді пайдалану арқылы қатаң стерильдік сақталады және пирогендік реакцияларды болдырмайды. Олар шыны ыдыстарға қарағанда пайдалануға ыңғайлы.


Консервіленген қан арнаулы тоңазытқыштарда +2 +8 температурада сақтайды. Қанды көліктің кез-келген түрімен тасымалдауға болады. Қанды арнаулы бірреттік түтіктер мен сүзгіштерден (фильтр) тұратын жүйе арқылы құяды. Тікелей емес тәсілмен құйғанда қан реципиенттің көктамырына (шынтақ, бұғана асты көктамырына), артериясына (кәріжілік, сан артериясына), өкше, мықын сүйектің кеуегіне жіберіледі.


Тікелей қан құю тәсілі. Бұл тәсіл бойынша қан донордан реципиентке алдын – ала дайындамай құйылады, яғни тұтас жас қан құйылады. Тек көктамыр арқылы жіберіледі. Бұл технология бойынша қан құю кезінде сүзгіштер пайдаланылмайды, сондықтан қан құю жүйесінде түзілетін ұсақ қан сұйықтардың реципиенттің организміне түсіп кету қаупі күшті. Осы себептерге байланысты тікелей қан құюдың көрсеткіштері қатаң шектеулі және массивті қан кеткенде басқа шара болмаған кезде қолданылады. Тікелей қан құю арнаулы аппараттар көмегімен іске асырылады. Қан құю кезінде реципиент донордың қасында болады.


Қанды алмастырып құю – реципиенттің қанын арнасынан толық немесе ішінара ала отырып тиісті немесе артық көлемдегі донордың қанымен бірмезетте алмастыру. Бұл операцияның негізгі мақсаты – қанмен бірге организмнен әртүрлі улар мен токсиндерді (улану мен эндогендік интоксикация кезінде), органикалық заттардың ыдырау, гемолиздің өнімдерін және антиденелерді (нәрестелердің гемолитикалық ауруы, гемотрансфузиялық шок, ауыр токсикоздар, жедел бүйрек шамасыздығы кезінде) шығару.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет