Буын шығуға диагноз қою келесі белгілер бойынша жасалады: анамнездегі зақымдану (құлау, оқыс қимыл), қатты ауыру, сау жағымен салыстырғанда айқын білінетін буындағы пішін өзгерісі(деформация), әр буынның шығуына тән аяқ-қолдың мәжбүрлі орналасуы, аяқ-қол өсі бағытының өзгеруі, аяқ-қол ұзындығының өзгеруі (көбінесе қысқаруы, ұзаруы сирек кездеседі), белсенді қозғалыстың жоғалып, енжарлық қозғалысының шектелуі, еріксіз қозғағанда серіппелі қарсылық айқын білінеді. сүйек басы орнынан шыққаннан кейін, оның бұрынғы орнын басып көргенде ойық анықталады. Буыны шыққан адамның аяқ-қолдың төменгі бөліктеріндегі тамыр соғысы, сезімталдығы сақталған ба, жоқпа соны анықтау қажет. Буын шыққанда әсіресе сынық қосарланғанда тамыр-жүйке шоғыры зақымданады. Байламдар зақымданса енжар қимылдардың барлығы жасалады, тек бір ғана қимылда, үзілген байламдардың жиырылуында қатты ауырады. Сынықтан буын шығудың айырмашылығы буында ерікті қозғалыстың болмауы, сүйек сынғанда буынсыз жерде қозғалыстың пайда болуы. Дұрыс диагнозды рентгенологиялық тексеру арқылы қояды. Рентгенологиялық тексеруді буын шықты деп күдіктенгенде жүргізеді, ол диагнозды анықтап, буынды ұштардың орналасқан жерін табуға сынық қосарланғанын әйтпесе сүйек тінінің сынығын көруге немесе оның жоқ екенін білуге болады. Бірінші дәрігерлік көмекте сынық екені білінсе қозғалмауын қадағалап, таңып, анальгетик жіберіп және зақым алған адамды тез арада травматологиялық стационарға жеткізген жөн. Емдеу. Зақым әсерінен болған буынның шығуын жалпыауырғанын басып, ерте салуды, салынған буынды таңуарқылы ұстау, оның қызметін өз қалпына келтіруге тырысқан жөн. Буынды тез орнына салудың себебі, уақыт өткен сайын бұлшық ет контрактурасы өсіп, буынды орнына салу қиындайды.
ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ ШЫҒУЫ Бүкіл буын шығуының ішінде 50-60%-да тоқпан жілік шығады. Мұндай жиі болуы оның анатомо-физиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Жауырынның буын ойығының беті тоқпан жілік басынан 3-4 есе кіші, жілік басы шар тәрізді, буын қапшығы кең және жұқа. Зақымданудан буын шығу иық буынында көбінесе зақым әсерінің иыққа жанама әсерден болады (мысалы артқа тірелген немесе алдыға созылған, немесе қайырылған қолға құлау).
Тоқпан жіліктің шығуының жіктелуі: алдыға шығу бөлінеді: бұғана астына, алдына астына шығу артына шығу өте сирек кездеседі. Себебі иық буынының алдыңғы бетінен етпен қапталмаған, буын қабы кең, жұқа.
Тоқпан жілік шығуында әр кезде буын қапшығы жыртылады. Бұл кезде бұлшық ет сіңірі, әсіресе қылқан үстілік сіңір үзілуге таяп немесе үзіліп те қалады.
Үлкен төмпешіктің жұлынуы (10-40%) көп жағдайда кездеседі, ал бұлшықет сіңірлері бекітулі тұрған тоқпан жілік кіші төмпешігінің жұлынуы сирек кездеседі. Зақымданған қол жақтағы иық үсті түсіңкіреген, науқас басын зақымданған жаққа қисайтып жүреді. Ауру зақымданған қолының қимылдағанын қаламай, сау қолымен ұстап тыныштық сақтап жүреді. Қол бұрылып, шынтақ буынында бүгулі және ұзын тәрізді болып көрінеді. Ол көбінесе тоқпан жілікқолтық астына шыққанда.
Тоқпан жілікті орнына салудың көп әдістері бар. Көбінесе жиі қолданылатыны - Гиппократ-Купер әдісі. Дәрігер арқасымен жатқан аурудың буыны шыққан жағынан келіп отырып, екі қолымен оның қолын ұстайды, яғни білезігінен ұстайды, дәрігер науқастың зақымданған жағына сәйкес (оң немесе сол өкшесін қолтық астына тіреп қолды өзіне қарай тартып, қолды сыртқа қарай бұрайды. Сонда жіліктің басы алдыға қарай бұралады. Тартуды күшейтіп, қолды ішке қарай бұрап қолды денесіне қарай ішке қарай иеді, қол сырт етіп орнына түседі.
Кохер әдісі Ауруды буыны шыққан қолын столдан шығарып, арқасымен столға жатқызу керек. Бұл әдіс төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезең:хирург бір қолымен зақымданған жақтың білезігінің 1/3 тұсынан ұстайды, келесі қолымен бүгіліп тұрған шынтақты ұстайды да қолды, тоқпан жілікті төмен қарай қол бойымен тартып, екінші көмекші қолтық астынан орамал өткізіп жоғары қарай тартады. Сол кезде дәрігер шынтақ буынын денесіне қарай жапсырады. Екінші саты: шынтақты денеге жабыстырып тұрған тоқпан жілік өсі бойынша тартылуын әлсіретпей, хирург білекті сыртқа қарай фронтальды деңгейге дейін апарады, осы кезде жіліктің басы алдына қарай бұралады. Үшінші саты:осы кезде тартуды әлсіретпей шынтақты дененің орта деңгейіне дейін әкеледі. Кейде осы кезде жілік басы сырт етіп орнына түсуі мүмкін. Төртінші саты:орнына түспесе сыртқа айналу мен созуды әлсіретпей білезікті, алақанды сау жақ иық үстіне қояды. Осы кезде орнына түседі.
Джанелидзе әдісі Ауырғанын басқаннан кейін науқасты столдың шеті қолтыққа келетіндей қылып жатқызып қолын салбыратып жібереді. Басының астына басқа стол төсейді.
Осы күйде науқас 10-20 минут жатып, иықтың бұлшық еттерін босатады. Содан кейін ғана сала бастайды. Хирург науқастың алдында тұрып салбырап тұрған қолды шынтақтан бүгіп, бір қолымен білезік буынынан екінші қолымен шынтақ буыны тұсынан ұстап төмен қарай тартады. Білекті 90˚фронтальды деңгейде бұрайды.Тартуды үдете түсіп, білекті алдыға ішке қарай бұрайды, осы кезде жілік басы сырт етіп орына түседі.Содан кейін 4 6аптаға торокоброхиальды гипс салады. Буын салынғаннан кейін, буынның дүрыс түскенін білу үшін және сүйек сынығының жоқ екеніне көз жеткізу үшін рентген сәулесіне түсіреді. 5-7 аптадан кейін емдеу дене шынықтыруын және физиотерапиялық ем жүргізіледі, 30-45 тәулікте еңбекке жарамдылығы орнына келеді. Буын қайта шықпас үшін 3 ай ішінде ауыр, күш түсетін жұмыспен айналыспаған жөн.
Чаклин әдісі Науқас арқасымен жатады, денеге тиіп тұрған қолды дәрігер тартып, екінші қолымен науқастың қолтығындағы иықтың басын сыртқа ығыстырады. Чаклин әдісінің зақымы аз және наркозбен жасалады, әсіресе бүл әдіс иықтың буын шыға сынуында қолданылады. Мухина-Мото әдісі Ол үшін екі көмекші қажет. Бірінші көмекші қолтық астынан орамал өткізіп, артқа қарай тартады, екінші көмекші амандасқандай алақанынан ұстап өс бойымен тартып, тоқпан жілікті сыртқа қарай бұрап тартып, кейін бір қадам бүйірге қарай аттап, ішке қарай қайырып тоқпан жілікті бұрады. САЛЫНБАЙТЫН ЖАҢА ШЫҚҚАН БУЫНДАР Буын салуға анатомиялық кедергі келтіретін екі басты бұлшықеттің ұзын басы сіңірінің жілік басын жауып қалуы немесе үлкен төмпешіктің жұлынуы, сондай-ақ сүйек басының жыртылған қапшыққа қыстырылуы, жұлынған тіндердің буындарға кіруінің салдарынан болады. Салынбайтын буынды операция арқылы ғана салады. БУЫН ШЫҒУЫНЫҢ ЕСКІРГЕН ТҮРІ Салынбаған және дұрыс емделмеген буынның шығуы кейіннен буын қапшығының қатпарланып тыртықтануына ұшырайды. Тыртықтықтан көптеген қисық бітулер пайда болып, бұлшық ет серпінділігі, созылғыштығы жоғалады. Буынның өзгеруі, буын шығудың ескірген түрінде, қан айналысының нашарлауына байланысты бұлшықет атрофиясы айқын біліне бастайды. Белсенді және енжар қимылдар көлемі ұлғайып қатты ауырғандығы басылады. Бірақ жауырын ойығы тыртық тіндермен толғаннан кейін жылжыту мүмкін болмайды. Ескірген буынды хирургиялық жолмен салады. Емдеу. Салынбайтын және ескірген иық буындарын хирургиялық жолмен салады. Операцияны наркозбен жасайды. Арқасымен жатқан науқастың иық астына жастық төселеді. Буынға иықтың шеткі қатпары арқылы түседі. Құстұмсық тәрізді өскінді жабысып тұрған бұлшық еттерден босатып астына жылжытады. Шыққан иықтың басы тамыр-жүйке шоғырын алдына қарай ығыстыратынын білетін хирург тамырды кесіп, жүйкені зақымдап алмау үшін өте мүқият болуы керек. Жауырын асты бұлшық етті кескеннен кейін буын қапшығын жарады. Оның қуысын, сүйек басындағы өскіндерден, тыртықтан босатып тазалайды, содан кейін басты буын ойығына келтіріп салады да буын қапшығын тігеді. Кейде оның шетін жауырын асты бұлшық етпен бірге кіші төмпешікке тігіледі, ал құс тұмсық тәрізді өскінді өз орнына бекітеді, торакобрахиальді таңғыш салынады да, 810 аптадан кейін иық буынында әлсіз қозғалыстар басталады. ИЫҚТЫҢ ДАҒДЫЛЫ ШЫҒУЫ Қолды тез құлаштағанда, ауыр көтергенде, киінгенде, суда жүзгенде, созылғанда, құлағанда, тіпті ұйықтап жатқанда қол қайырылып иық сырт айналып кетсе де, тез буынынан шығып кетеді.Егер буын екі рет шықса, оны дағдылы дейді. Оның себебі: буын қапшығының анатомиясы дұрыс емделмегендіктен, қайтадан дұрыс қалыптаспаған. Буынның қайтадан шығуына әкелетін себептер: тоқпан жілікбасының буынды беткейі мен жауырынның буынды ойығынын сәйкес келмеуі, капсуланың алды астына қарай жұқаруы (бұлшық ет, байламдармен бекітілмеген бөліктер), буын қапшығының созылуы, оның сүйек басынан немесе жауырыннан жұлынуы, бұлшықеттің жыртылуы, сіңірлі біліктің зақымдануы немесе жұлынуы, иық буынын жиі шығаратын буынды беткейлердің орналасуы.
Буын шыға беруінің қайталану себептерінің негізінде дағдылы буын шығуды емдеген кездегі олқылықтар, кемістіктер, буынды анестетиксіз салу, салу кезіндегі болған зақымдар, буын салынғаннан кейін оны бекітпей қозғалту. Таңғыда ұстаудағы уақытының аздығы немесе дұрыс еместігі, тіпті таңбауы, таңуды шешкеннен кейін функционалды емдеу курсынан бас тарту, ерте қолды көтеретін функционалды күш түсіру, зақымданған буын тіндерінің анатомиялық және функционалдық орнына келу мерзімінен ерте күш түсіру. Буынның дағдылы шығуы иық басының анатомиялық бекуінің кемістігіне байланысты. Бұл буында болатын буын шығулардың ішінде иық буынының дағдылы шығуы 12-16% құрайды. 20-40 жастағы ер адамдарда жиі кездеседі. Иық буынының дағдылы шығу анамнезі, объективті клиникалық және рентгенологиялық тексерулер негізінде қойылады. Анамнезден 3-6 айдан 2 жылға дейін иықтың бірінші шығуынан кейін буын шығуы қайталанғанын білуге болады. Науқастың айтуы бойынша кейінгі жолы буын болмашы күшке де шыға береді, яғни келесі шығулар жеңіл және аралары өте жиі болады. Кей адамдарда буын шығуының қайталануы тағы да зақым алу әсерінен болады. Құлау немесе оқыс қимылдан, ал басқа біреулерінде ешқандай зақымсыз, оқыс қимылдан (мысалы, киім кигенде, созылып зат алу әсерінен және басқалар). Клиникалық тексеруде иық бұлшық етінің, иық аймағының және иық үсті бұлшықеттерінің гипотрофиясы байқалады. Гипотрофия көрінісі әртүрлі: иық буыны аймағы контурларының тегістігінен бұлшықет гипотрофиясының айқын көрінісіне дейін. Бұдан басқа буынның дағдылы шығуында: Вайнштейн симптомы - иықтың тік бұрыш жасап жылжып сыртына айналуының шектелуі, Бабич симтомы - науқастың енжар қимылын тексеруге дәрігер әрекеттенгенде, науқас буынның тағы шығуынан жасқанып бұлшық етін толық босата алмай әлсіз қозғалыстарымен қарсылық көрсетеді, Хитров симптомы - тоқпан жілікті төмен тартып ішке бұрғанда тоқпан жілікбасы мен акромиальді өскін аралықтарында диастаз (аралық кеңістік) байқалады. Оның себебі иық бойы еттерінің, дельта тәрізді, жауырынның қырүстілік, қырастылық және домалақ еттерінің толықтай солуы салдарынан болады. Дағдылы шығатын тоқпан жілікті салу өте жеңіл және кейбір аурулар өздері салып үйренеді. Диагноз анамнез негізінде қойылады, ал объективті клиникалық белгілері өте аз. Кей жағдайда бұлшықет семуі және зақымданған буын аймағындағы ауырғандық сезімталдығының әлсізденгені байқалады. Емдеу. Дағдылы буын шығуын хирургиялық жолмен емдейді. Операцияның көп түрі көрсетілген: капсулорафия, теносуспенция, капсулаға пластикалық операция жасау, сондай-ақ байламдармен, буын қапшығын бекітетін сіңірге пластикалық операция, сүйекті трансплантация және аллопластика жасау. Бірақ осы иықтың буынының дағдылы шығуына көрсетілген бұл операциялардан кейін белгілі бір пайызында тоқпан жіліктің қайта шығатынын ескерген жөн. Ең азбуын шығуы қайталанатын операция Бойчевтің II операциясы.
БОЙЧЕВТІҢ ЕКІНШІ ОПЕРАЦИЯСЫ Операцияны ауруды арқасымен жатқызып, астына белдік қойған жағдайда наркозбен жасайды. Құстұмсық тәрізді өскінді екі басты бұлшықеттің қысқа басымен құстұмсық тәрізді иықты және жарты кішкене кеуде бұлшық етімен қоса кеседі. Құстұмсық тәрізді өскінді астына қарай жылжытса көлденең орналасқан жауырын асты бұлшық еті көрінеді. Бұлшықеттің астына, сіңір және өзінің бұлшықеттері жапсырылған кесілген құстұмсық тәрізді өскінді корнцангпен кіргізеді де, өз орнына тігіп бекітеді. Қолды торакобрахиальді таңғышпен 4-6 аптаға дейін таңып қояды. Біздің клиникада тоқпан жіліктің дағдылы шығуында жасалынатын операция түрлері Біздің клиниканың доценті М.М.Сулейменовтің иықты көтеріп байлау операциясы. Иық буынын ашып, тоқпан жіліктің хирургиялық мойнынан алдынан артына қарай көлденең бізбен тесіп, одан қара малдың ішпердесінен жасалынған лентаны (лавсан, капрон ленталарын) өткізіп, екінші тесікті құстұмсық өсіндісінен астынан үстіне қарай теседі де, хирургиялық мойыннан өткізілген жіптің артқы жақ бөлігін осы тесіктен астынан үстіне қарай өткізеді. Үшінші тесікті жауырынның акромион өсіндісінен астынан үстіне қарай тесік жасап, хирургиялық мойнынан өткізілген жіптің алдыңғы жақ бөлігін осы тесіктен өткізеді де жіптердің ұштарын бір-бірімен тартып тігеді. Сөйтіп торакоброхиальды гипсті 2 айға салады.
М.ғ.к. С.А. Байжумартовтың иық буыны дағдылы шыққанда дөңгелек байлам жасау операциясы Иық буынын ашып тоқпан жіліктің хирургиялық мойнынан жілік басының ортасына қарай бізбен теседі. Екінші тесікті жауырын ойығының ортасынан жауырынның мойнына қарай қиғаш тесік жасап осы тесіктерден қара малдың ішпердесінен жасалған жіпті (лавсан, капрон ленталарын) өткізіп, жіптердің ұштарын буынның алдыңғы беті тұсынан байлап тігіс саламыз. Торакоброхиальды гипсті 2 айға саламыз. БІЛЕКТІҢ ШЫҒУЫ Жиілік жағынан шынтақ буынының шығуы басқа буын шығуларға қарағанда 2-ші орында, 18-27%-ын құрайды. Көбінесе ол созылған қолға құлаған жағдайда шынтақ қайырылып кеткенде шығады. Шынтақта: 1. Шынтақтың екі сүйегінің де буынынан шығуы (артқа, алдыға, сыртына, ішіне, екі жаққа қарай шығуы). 2. Жалғыз кәрі жілік сүйегінің шығуы (алдыға, артқа, сыртына). 3. Шынтақ сүйегінің ғана шығуы. Көп жағдайда екі сүйектің де артқа шығуы (90°) және жалғыз шынтақ сүйегінің алдына шығуы жиі кездеседі. Шынтақ сүйектерінің буын шығуының басқа түрлері сирек кездеседі.
БІЛЕКТІҢ АРТҚА ШЫҒУЫ Буынның өзгеру негізіне қарай диагноз қойылады. Буын айналасы үлкейген, ауырады, қол артқа қайырылып тұрады. Бірақ қол белсенді қозғалмайды. Ал енжар қозғалту кезінде қол "серпінді тойтарыс" қайтарады. Алдынан салыстырғанда шынтақ сүйек сау жағынан қысқа. Шынтақты өскіні артқа қалыпты жағынан артық шығып, жоғары айдаршықтың үстіңгі сызығынан артқа, Гюнтер сызығында орналасқан.
Гюнтер үшбұрышы - айдаршық үстілері мен шынтақтың өскіні тең қабырғалы үшбұрышты құрайды. б) Шынтақ буынының алдында иық эпифизін сипап байқауға болады.
Буынның артқа шығуын наркозбен салады. Науқасты столға арқасымен жатқызады. Иық артқа, шынтақ бүгіліп білезік тігінен орналасқан. Хирург үлкен бас бармақтарын шынтақ өскініне басып,иық сүйегін басқа саусақтарымен алдынан артқа итере, сонымен қатар шынтақ өскіндерін алдыға жылжытады (45сурет). Бұл кезде көмекші шынтақ сүйегін ұзынынан тартып шынтақ буынының бүгілуін қамтамасыз етеді. Буын салынғаннан кейін рентген көрінісіне түседі, күре тамырдан пульс тексереді. Ақырына дейін берулі тұрған шынтақ буынын артқы гипсті таңғышпен 7 тәулікке таңып тастайды, кейіннен емдеу дене шынықтыруын өткізеді (басында байқап, ақырындап, 10-шы күннен әрі қарай жүргізу қажет), жылы процедураларды қосу керек. Еңбекке жарамдылығы 20-30 тәуліктен кейін орнына келеді. ТОҚПАН ЖІЛІКТІҢ АЛДЫНА ШЫҒУЫ Оны салу үшін иық және шынтақ буындарының бүгілуін қажет етеді. Көмекші қол мен білектің ұзынынан тартып, ақырын оны бүгеді, сол кезде хирург өзінің бас бармағын тоқпан жілік буындарының буынды ұшын басып жоғарғы бағытта алдыға көтереді, сонымен бір уақытта қалған саусақтарымен төменгі бағытта білекті артқа жылжытады. Буынды салудан бұрын және одан кейін рентгенологиялық бақылау жүргізеді. Бұдан басқа түрі өзгертілген әдісті де қолданады. Буынды салғаннан кейін көмекші білектің бұрышын сәл ғана жазу керек. Осындай жағдайда супинацияланған білекте, 10-12 тәулікке артқы гипсті таңғышпен бекітеді. Қолмен салу нәтижесіз болса операциялық жолмен салады, бірақ буын айналасында оссификация болмауы керек, оссификация болған жағдайда (екі аптада пайда болуы мүмкін) артродез немесе шынтақ буынының артропластикасын жүргізген жөн. ОРТАН ЖІЛІКТІҢ ШЫҒУЫ Зақым әсерінен жамбас-сан буынының шығуы буын шығулар ішінде 5%-ын құрайды. Буын алдыға немесе артқа шығады. Артқа шығуы: артқа жоғарғы немесе мықындық және артқы төменгі немесе шонданай сүйегі үстіне, ал алдыға шығуы: алдыңғы жоғарғы немесе шат сүйегі үстінде және алдыға төменгі-жапқыш тесік тұсында болып бөлінеді. Сан буынының артқа шығуы - шонданай және мықынды, алдыға шығудан 3 есе көп кездеседі. Артқа шығулардың ішінен мықынға шығу басым. Зақым әсерінен жамбастың шығуы 20-50 жас арасындағы білекті, денелі адамдарда байқалады. Буынының артқа шығу механизмі зақым күшінің тура түспегендігінен сан ішке айналып екінші аяғына жабысып тұрады.
Бұл жағдайда сүйектің басы буын қапшығын жыртып оны өзінің шетімен бұлшықет арасына қысып тастайды, ал дөңгелек байлам толығымен үзіледі, сан сүйегінің басы жамбас қанатының сыртына және артқы беткейге қарай орналасады, сан басының төменгі шонданай тұсына шығуында сан басы ұршықты ойықтың астына және артқа ығыстырылады. Жамбас шыққанда қатты ауырып, буын шыққан аяғын баса алмайды. Аяқ буынының шығу түріне қарай мәжбүр қалыпта орналасады. Артқа шыққан жағдайда жамбас-сан буыны бүгіліп, ішіне айналып екінші санға жабысып тұрады, аяқты қозғалту мүмкін емес .
Аяқты түзетуге әрекеттенгенде ауырады, бұл жағдайда буын шығуына тән серіппелі тойтарыс беріледі. Аяқ қысқарады. Шап байламынан астында ойық байқалады, ал артынан кей жағдайда томпайып, жылжып кеткен сүйектің басын сипап көруге болады. Үлкен ұршық Розер-Нелатон сызығынан жоғары орналасқан. Буын басының алдыға шыққан түрінде, яғни жапқыш тесік және шатсүйегі үстінде тұрғанда аяқтың ұзарғандығы білінеді .
Ортан жіліктің басы жапқыш тесікке қарай шығу түрінде жамбас буынының ішкі жағынан сүйек басы білінеді, бөксе бөлігі жалпайған, үлкен ұршық байқалмайды. Рентгенологиялық тексеру клиника көрінісін толықтырады. Жамбас буыны наркоз арқылы салынады. Артқа шыққан буынды салуда Кохер әдісі көп қолданылады. Сырқат едендс немесе столда арқасымен жатады. Көмекші екі қолымен аурудың жамбасын ұстап тұрады, хирург шыққан аяқты тізе және жамбас буындарын 90° бүгіп және оны жоғары қарай тартады, сонымен қоса тізе буынын ішке қарай иеді. Осы кезде жілік басы сыртқа қарай керіліп, жамбас шұқырына қарсы орналасады. Сол кезде тізе буынын сыртқа қарай керіп, тізені жазады. (47сурет а, б, в). Буын орнына түскен жағдайда көбінесе сырт ете түседі. Буынды Джанелидзе әдісі бойынша салған жағдайда ауруды зақымданған аяғын салбыратып ішімен столға жатқызады (48 сурет). Жамбас мықты ұсталып тұру үшін сүйек қырының астына екі құм салынған қапшық қойылады. Көмекші екі қолымен аурудың жамбасын басып қозғалтпай жапсырып тұрады. Егер буынды наркозбен салса,онда ауруды қатты ұйықтағаннан кейін ғана ішінежатқызады.
Наркозсыз буынды орнына салғанда ауру етбетінен 10-20 минутжатады. Көмекші қолымен сегізкөзді қысып, жамбасты қозғалтпай ұстап тұрады. Хирург стол мен салбырап тұрған аяқтың ортасына тұрып аурудың аяғын тізеден түзу бұрыш жасап бүгеді, оны аурудың тақымының үстіне өз тізесін қояды да ортан жілікті өс бойымен төмен қарай басады. Тартуды күшейте түсіп, тізені үстел астындағы қуысқа қарай итереді де тізені сыртқа қарай кереді. Осы әрекеттер нәтижесінде сүйектің басы ұршықты ойпатқа жақындап, сырт етіп түсіп кетеді. Салып болғаннан кейін ауруды шалқасынан жатқызып, ортан айдаршығы үстінен сым өткізіп, доға кигізіп, аяғын Беллер шинасына салып, доғадан 5-8кг салмақ іліп 6-8 аптаға керіп қоямыз. Буынның алдыға шыққандағы түрін салу біраз басқаша. Мұнда табаннан ұстап аяқты ұзынынан тартып, санның проксимальді бөлігін ілмешекпен бір жағына тартуын бір уақытта жүргізген жөн. Аяқ буынын салып болғаннан кейін жамбас, тізе және тобық буынын ұстап тұратын артқы гипсті лонгета салынады. 30 тәуліктен кейін аурулар балдақтың көмегімен аяғына күш түсірмей 8-10 апта жүреді. Физиотерапиялық процедура жасалады. Еңбекке жарамдылығы 3 айдан кейін қалпына келеді. Жамбас буынын салудың ақыры жағымды. Кейбір ауруларда ортан жіліктіңбасындағы қан айналымының бұзылуы әсерінен асептикалық некроз және түр өзгертетін остеоартроз пайда болады. Ескірген және орнына түспейтін жамбас буынының шығуы да операция арқылы түсіріледі. Бірақ буын салынбайтын жағдайда артқы, сыртқы тілік бойынша салуға, ал ескірген шығуда буын артродезін жасауға әрекеттенген жөн. Асықты жіліктің (сирақтың) шығуы Сирақ буынының шығуы өте сирек кездеседі. Ол бүкіл зақымдалып шыққан буындардың 1-1,5%-дай ғана құрайды. Себебі анатомофизиологиялық ерекшеліктері буынды сырттан тиетін зақымға мықтылық білдіртеді. Буынның шығуы зақым әсерінің сираққа тура тиюінде немесе тура тимеуінен болады. Сирақтың қалай қарай жылжуына байланысты буынның шығуы алдына, артына, сыртқа және ішке болып бөлінеді. Кейде буын шығып қана қоймай, сонымен бірге сүйегінің сынуы, тамыр жүйелерінің зақымдалуы мүмкін. Буынның өзгеру негізіне қарай диагноз қойылады. Егер сирақ алға кетсе үлкен жіліншіктің басы шығып тұрады. Аяқ қысқарады, буында ешқандай қозғалыс болмайды, тізе тиегінің қозғалысы көбейеді. Сирақ артқа кеткен жағдайда тізе тиегі қозғалмайды, алдыңғы жақтан ортан жіліктің айдаршықтары шығыңқы тұрады. Сирақ буынының барлық шығу түрлері де қанайналысының бұзылуына әкеп соғады (сирақ пен табанның сұрғылт тартып мұздауы, ісінуі). Диагноз рентген суреті арқылы толықтырылады. Емдеу. Ауруды ұйықтатып, тез арада шыққан буынды орнына салу керек. Ол үшін ауру ұйықтаған соң, шалқасынан жатқызып, бір көмекші қолымен жамбас пен санын мықтап ұстайды, ал екінші көмекші сирақтан жұлқыламай ақырындап, тартуды күшейтеді, бұл кезде хирург шыққан ортан жілік пен үлкен жілікті біріне–бірін жақындатып орнына түсіреді. Шыққан буын орнына салынған соң 4-6 жұмаға гипсті таңғыш салады. Егер буын орнына түспеген жағдайда операция жасау керек. Буынды іш жағынан ашып, қандай жарақаттың бар екеніне көзі жеткен соң, шыққан буынын орнына салады. Жараны тігіп, аяққа саусақтың басынан тақымына шейін 6-8 жұмаға гипстен таңғыш салады. Егер буынға қан жиналса, буынды тесіп қанын сорып алады. 1-1,5 жұмадан кейін ауруға еттерін жиырылтып, аяққа салмақ салмай балдақпен жүруіне рұқсат беріледі. Толық салмақ салып жүру тек қана 6-8 жұмадан кейін мүмкін. Гипсті алған соң аяқты сылап-сипап, физиотерапиялық емдер қолданылады. Жұмысқа 3-5 айдан кейін шығады.
Сирақ буыны уақытында орнына салынбай ескірген болса, оны орнына салу үшін Волков-Огонесян аппаратын қолдануға болады. Бұл аппарат ауруға ерте жүгіруге, буынды қозғауға, физиотерапевтік емдерді ертерек алуға мүмкіндік береді. Сирақ буынының шығу зардабынан тамырлары бітпей тізенің ойнамалы болып, жүргенде буынды ұстамауы мүмкін. Сондықтан буынды орнына салған соң, буынның қозғалуын тез өз қалпына келтіреміз деп асығыстық жасауға болмайды. Өйткені, буынның жан-жағына жаңадан пайда болатын шандырлар буынды бекітіп, аяққа толық салмақ салып жүруіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |