Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Техногендік және табиғи апат салдарынан алынған политравма, тіркес жарақаттарда жүргізілетін клиникалық, лабораториялық және инструментальдық тексерулердің алгоритмі



бет65/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Техногендік және табиғи апат салдарынан алынған политравма, тіркес жарақаттарда жүргізілетін клиникалық, лабораториялық және инструментальдық тексерулердің алгоритмі

Политравма деген сөз жинақталма түсінік болып, оған мынадай механикалык жарақаттар кіреді: көптеген, қосалқы, құрастырылған жарақаттар. Көптеген механикалық жарақатқа бір қуыс ішіндегі екі немесе бірнеше мүшелердің, тірек-қозғалыс мүшелерінде не аяқтың, не қолдың әр бөліктерінің жарақаттары жатады. Мысалға, іш құрылысында бауыр мен ішек, аяқ пен қолда сан сүйегі мен білек сүйектерінің сынуы. Қосалқы жарақат деп бір уақытта екі немесе бірнеше іш қуыстарының мүшелері немесе іш мүшелері және тірек-қозғалыс аппараттарының жарақатын айтады. Мысалға, көк ет және қуық жарақаттары, кеуде қуысының мүшелері және аяқ сүйектерінің сынуы, бас сүйек-ми жарақаты және жамбас сүйектерінің жарақаты. Құрастырылған жарақат деп әртүрлі жарақаттандыру факторлары әсер еткенді айтады. Мысалға, ортан жіліксынуы мен кез келген жердің күйігі. Бұл жағдайда екі фактор әсер еткен. Кейде бұдан да көп факторлар әсер етуі мүмкін.
Көптеген, құрастырылған және қосалқы жарақаттардың өзгешелігі мынада: клиникалық белгілерінің ерекше ауыр болып дененің маңызды мүшелерінің қызметі бұзылады, диагноз қоюдың қиындығында, емдеу күрделілігінде, мүгедектіктің және өлім көрсеткішінің пайыздық мөлшерінің көп болуында. Мұндай жарақаттар жарақаттық шокпен, көп қан кетумен, қан айналысы мен дем алудың бұзылуымен қабаттасуынан болады. Бұл категориялы жарақаттанғандар травматологиялық бөлімдегі аурулардың 1520% болады. Мұндай жарақаттардың ауыртпашылығы мынада: егер жекелеген сынықтардан қайтыс болғандар2% болса, көпшілік жарақатта 16% көтерілсе, қосалқы жарақаттарда аурудың өлімі 50%-ға дейін жетеді. Көптеген жарақат мынадай ерекшеліктермен сипатталады: 1. Өзара ауырлату синдромы байқалады. Мысалға, қан кету жарақаттық шоктың пайда болуына әсер етеді де, жарақаттанған адамның халін нашарлатады. 2. Кей уақытта тіркестік жарақат болғанда ауруға керекті толық ем жасау мүмкін болмайды. Мысалға, кеуде сүйектерінің сынығы тоқпан жіліктің сынығымен тіркескен болса, тоқпан жіліктің сынығын орнына салып торокобрахиальдық гипспен бекітуге мүмкіндік болмайды. 3. Мынадай өте ауыр асқынулар: көп қан кету, шок, токсемия, бүйректің кемістігі, майлы эмболия, тромбэмболия аурудың жағдайын өте қиындатады. 4. Көптеген қосалқы жарақаттар бір-бірінің клиникалық белгілерінің толық білінуін жойып, диагноз қоюда әртүрлі қателіктерге әкеп соғады. Политравма көбіне көлік апаттарында, немесе үлкен биіктіктен құлағанда кездеседі. Мұндай жағдайларда көбінесе 20 мен 50 жас арасындағы адамдар жарақаттанады. Көптеген және қосалқы жарақатта бірінші көмек беру мен емдеу өте қиындыққа түседі, себебі негізгі диагнозын қою өте қиын.
АУРУХАНАҒА ДЕЙІНГІ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Көмек көрсетуші дәрігер ауруды көрісімен оның не тірі, не өлі екенін анықтау керек. Оны дем алуынан, тамыр соғуынан, жүрек соғысынан, көз қарашығының жағдайынан, реакциясынан анықтайды. Одан кейін ауру жағдайын қиындатуға не себеп болғанын және қай мүшесі зақымдалғанын (бас, кеуде, қарын, жамбас және тағы басқалары) анықтап, алдын-ала диагноз қойып, соған лайықты көмек көрсетеді. Аурудың келешегі дәрігердің тез және нәтижелі бірінші дәрігерлік көмек көрсетуіне байланысты. Көптеген жарақат алған ауруға бірінші дәрігерлік көмек көрсеткенде жасалады:  травмалық факторлардың ауруға әсерін тоқтатады және оны жарақат алған жерден алып шығу керек;  қан ағуды тоқтатады;
ашық жараны таза матамен жабады;  транспорттық иммобилизация жасайды;  анальгетиктер жасайды;  дәрімен ем жүргізеді;  ауыз қуысын қаннан, ас қалдығынан, құм-топырақтан тазартып, алмалы-салмалы тіс протезі болса оны ауыздан алады;  керек болған жағдайда уақытында жасанды дем алдырады; (ауызғаауыз, ауызбен мұрынға, дем алдыру аппараттарымен тыныс алдырады);  қажет болса трахеостома жасайды;  керек болған жағдайда жүрекке сырттан массаж, жүрек ішіне дәрі жібереді. Осы айтылғандарды жасағаннан кейін жайлап транспорттык иммобилизация жасап, жарақаттанғанды ауруханаға жеткізеді. Жарақаттанған адамды ауруханаға әкелгенше дәрігерліккөмек төмендегідей болу қажет:  аурудың өміріне қатер туғызарлық дем алу және қанайналымының бүлінгендерін тауып, оны тез арада жояды;  жедел реанимациялық шара қолданып, өмірге зақым келтірерлік өзгерістерге қарсы күреседі;  шамамен диагноз қойып, өмірге қатер туғызатын басым жарақатты анықтайды;  новокаин ерітіндісімен блокада, көліктікиммобилизация уақытша қан тоқтату және жарақатты сүлгімен таңады; жасап,  жол үстінде ауруханаға жеткенше қан орнынақұйылатын дәрі (полиглюкин) құйып, наркотиктер жібереді, азоттың тотығы мен оттегі иіскетеді. Егерде іш құрылыстарының зақымдалғанына күдіктенсенаркотик беруден байқаулы болу қажет. Қосалқы ауыр жарақат болғанда емдеу жолын үш кезеңге бөлуге болады: 1. реанимациялық; 2. емдеулік; 3. қайтадан қалпына келтіру кезеңі.
Алғашқы бағалау сатысы
6 өмірге қауіпті жағдайды анықтау керек :
Тыныс жолдарының обструкциясы
Кернеулі пневмоторакс
Ашық пневмоторакс
кеңейтілген гемоторакс
«жүзгін » кеуде қуысы
Жүрек тампонадасы
Біріншілік араласу фазасында мынадай процесстер жүргізіледі
1. интубация.
2. вентиляция.
3. канюляция.
4. Су балансын қалпына келтіру
Оксигенация мен витальды функцияларды бақылау – негізгі шарт.
Алғашқы бағалау нәтижелеріне байланыссыз барлық науқастарға жасалу керек
Оксигенотерапия
2 периферяилық катетер+ инфузия
ЖСЖ,ТАЖ,АҚ,ЭКГ,сатурация мониторингі
Қан тобы, резус фактор.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет