ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.
Сұйықтар. Сұйық
ерітінділері.
Жоспар:
Сұйық күйдің ерекшеліктері. Сұйықтардың құрылымы және қасиеті.
Беттік керілу.
Капилярлық құбылыстар.
Сұйықтың булану және қайнауы. Асыра қыздырылған сұйық.
Осмостық қысым.
Рауль заңы, Генри заңы.
Сұйық ерітінділері. Судың касиеттері. Жұғу.
Сұйық күйдің ерекшеліктері:
Сұйық күй, газдар мен кристалдардың ортасындағы аралық қалыпты ала тұрып, осы күйлердің екеуінің де кейбір белгілерін үйлестіреді.
Сұйықтар кристал денелер сияқты, белгілі бір көлемінің болуымен сипатталады. Сонымен қатар газдар сияқты, өзі тұрған ыдыстың көлемін алады.
Сұйықтардың қасиеттері:
Сұйықтағы молекулалар бір-біріне тығыз орналасқан. Сұйық молекулаларының еркіндігі жоғары. Қатты дененікі сияқты, сұйықтың әрбір молекуласы көрші орналасқан молекулаларымен «қысылып», тепе-теңдіктің белгілі бір қалпынан жылулық тербелістер жасайды. Алайда, кей кезде кез келген молекула көрші бос орынға кете алады. Сондықтан молекулалар кристаллдарда сияқты арнайы центрлерге байланбай, сұйықтың бүкіл көлемі бойымен қозғала алады. Бұл сұйықтардың аққыштық қасиетін түсіндіреді. Жақын орналасқан молекулалардың қатты әсерлесуінен олар бірнеше молекуладан құралған локальды (орнықсыз) реттелген топтарды құруы мүмкін. Бұл құбылыс жақындағы рет деп аталады.