Сұйық күйдің өзінің қасиеттері жөнінен сонша күрделі болып келуі де, сұйықтардың аралық қалыпта болуына байланысты. Сондықтан оның теориясы басқа күйлердің теориясына қарағанда нашар дамытылған
Сұйық күйдің өзінің қасиеттері жөнінен сонша күрделі болып келуі де, сұйықтардың аралық қалыпта болуына байланысты. Сондықтан оның теориясы басқа күйлердің теориясына қарағанда нашар дамытылған.
Беттік керілу күштері.
Сұйықтың бос беті өзінің ауданын кішірейтуге тырысады. Осы себептен сұйықтың бос тамшысы шар тәріздес формаға келеді. Сұйықтың бетіне осы бетті тартатын күштер әсер етіп тұрғандай болады. Осы күштер беттік керілу күштері деп аталады.
Беттік керілу күштерінің бар болуы сұйықтың бетін серпімді созылған жұқа қабыққа ұқсаттырып, айырмашылығы – осы қабықтағы серпімді күштер оның бетінің ауданына байланысты, ал беттік керілу күштері сұйық бетінің ауданынан тәуелсіз.
Беттік керілу коэффиценті.
Сұйықтардың қызықты ерекшеліктерінің бірі – бұл еркін бетінің бар болуы. Газға қарағанда, сұйық өзі тұрған ыдыстың бүкіл көлемін толтырмайды. Сұйық пен газдың арасында сұйықтың қалған массасына қарағанда ерекше жағдайларда болатын шекара пайда болады. Сұйық ішіндегі бір молекулаға әсер ететін молекула аралық күштер жуық шамамен теңгеріледі. Шекаралық қабаттағы кез келген молекула сұйық ішіндегі молекула тарапынан тартылады. Соның нәтижесінде сұйықтың түбіне бағытталған қандай да бір тең әсерлі күш пайда болады.