Құқықтық инновациялар.
Бұл білім беру мекемелеріндегі анықтаушы және реттеуші жаңа және өзгертілген нормативтік құқықтық актілер мен заңдар.
Соңғы жылдары мектеп оқушылардың аттестациясына қатысты федералдық және аймақтық білім беру стандартына байланысты, басқарушы мамандар дайындығына байланысты көптеген заңдар шықты.
10.4 Инновацияны бағалаудың сипттамалары мен өлшемдері
Инновацияның тәжірибеге және ғылымға қосатын үлесінің мәнің теориялық және тәжірибелік деп айыруға болады.
^ Теориялық инновациялар теориялық инновацияларға тұжырымдамаларды, болжамдар ыңғайлар, әдістер, заңдылықтар бағыттар, жіктеулер, білім мен тәрбиедегі зерттеу нәтижесінде алынған ұстанымдар жатады. Тәжірибелік инновациялар. Жаңа әдістер, ережелер, бағдарламалар, дидактика саласындағы ұсыныстар, тәрбиелеу теориясы, мектеп тану, білім берудің техникалық құралдары, приборлар мен нұсқалар, табиғи обьектілер жатады, практикалык инновацияларға жатады.
Білім беру және тәрбиелеу саласында жаңалықтар еңгізуден жаңа білімді ажырата білу керек. Бір жағдайда жаңа идея жаңа білімнің құрылуы болса, екіншісінде оны қолдану үрдісі асады.
Инновациялар уақытына қарай және сапалық параметрлеріне қарай ажыратылады. Инновацияның мәні оның пайда болу уақытына байланысты емес деген тұжырымдар бар. Идеяның басты мағынасы олардың- қоғамдық даму тенденциясына қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау, оқушының және педагог еңбегінің нәтижесінде білімнің жоғары сапалығын қамтамасыз етуінде. Бұл көзқарастар негізінде бұрынғы прогрессивті идеяларды және тәжірибені ескірген деп санауға болмайды.
Шынымен де оқымысты педагогтардың өткен жылдардағы айтылғандары өз мағынасын әлі сақтап отыр. Олардың ғылым мен тәжірибеге зор әсеріне ешкім де күмәнданбайды. Алайда он жыл бұрын құрылған инновацияларды жаңа деп есептеуге болмайды.
Жаңалықтар еңгізу уақытқа тәуелсіз бағалануы қажет. Бұл көзқарастан алғанда белгілі жағдайды іске асырған педагогтарды жаңашылдар деп есептеген жөн. Ғылыми жұмыста іс басқа. Бұндай басымдылыққа ғылымда жаңа білімді алғаш кім алса, сол мәселеге қоғамның назарын аударса, сол ие болады.
Белгілі бір дәрежеде техникаға тән түсініктер оқыту немесе тәрбиелеу әдістемесіндегі жаңалықтарды сипаттауға қолданылуы мүмкін.
Идея болып әр оқу ұйымдарында жайылып, әр аймаққа таралып өз әсерін бергенде, бірақ арнайы жағдайларда қаралмайтын болады. Әңгіме әр аймақтағы әдебиет, тарих, биология және тағы басқа пәндерде үлкен жэне кіші сыныптардың әр аймақтағы еңбек, моральдық, экологиялық, саяси- идеялық тәрбиесі жөнінде болып отыр.
Білім беру саласында жаңалықтар еңгізуді бағалау үшін сапалы бағалап, талдау керек. Ол алынған білімнің белгілі білім қатарындағы орнын және сабақтастығын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |