Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы



бет66/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары

^ Толықтыру деңгейі. Инновация білім алуда және тәрбиеде теориялық және тәжірибелік жағдайды кеңейтеді. Бұрын әйгілі болмаған білімнің жаңа қырларын ашады. Оны толық өзгертпей жаңа толықтырулар енгізеді. Оған мысал ретінде Мәскеу қаласынаң №109 орта мектебінің бастауыш сыныптар мұғалімі Е.Н. Потапованың алты -жеті жасар балаларға жазу үйрету әдістемесін құру тәжірибесін келтіруге болады ( Қараңыз;Е.Н. Потапова. Радость познания.М,.1990)

Қайта құрылу деңгейі. Ол бұрын теорияда болмаған білім беру және тәрбие саласында жаңа идеямен ыңғаймен сипатталады. Көзқарастар нүктесі ауысып, тиімді ыңғай ұсынылады.Дидактикада бұған оқытуды тұтас қарастыру тәсілі жатады.

И.П.Волков М.П. Г.И.Гончарова. И.П. Иванов, Е.А. Ямбург. Және тағы басқа әйгілі педагоктардың жаңашылдық және зерттеу тәжірибесінде Ресей мектептерінің жаңартылған үлгілерін көрсетті. Олардың педагогикалық жаңалықтары, нәтижелері бүкіл ел мұғалімнің игілігін айналды.

Ғылым мен практика ұсынған жаңа әдістер оқу тәрбиелік үрдісінің жоғары деңгейін және оқушылардың одан әрі дамуын қамтамасыз етуі керек. Бұл тұрғыдан барлық инновация өзі-өзі ақтамайды, дегенмен кейбір кезеңдерде дұрыс нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін. Педагогикалық инновациялардың прогресшілдік өлшемдері әртүрлі нәтижелерде көрінуі мүмкін. Мысалы, белгілі бір мәселені толық немесе жартылай шешетін әдістемелердің жаңа баламалары жасалынады. Жаңа тұжырымдамалар, идеялар, жіктеулер, тәрбие мен оқыту саласындағы түрлі құбылыстар мен фактілерді түсіндіреді. Болашақ тәрбие жүйелерін жасауға мүмкіндік беретін болжамдар жасау және нақтылаудың болашағы зор.Жаңа идеялар мен технологиялар келешек ізденістердің жолдары мен бағыттарын ашады. Тиімді ұсыныстар даярлайды, өзекті зерттеу жобалары мен бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді.Ұсынылғаи жаңалықтар теориялық немесе эмпиркалық деңгейде негізделуі керек. Негізделу өлшемлеріне жататындар:

- Күтілген нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың күшін оңтайлы жұмсау;


- Мұғалімдер әрекетіндегі нәтижелердің тұрақтылығын көрсететін нәтижелілік; Жаппай тәжірибеде инновацияларды шығармашылықпен пайдалану мүмкіндігі;

Аталған өлшемдер педагогоикалық жаңалықтарды, білім беру үрдісіндегі ғылыми және практикалық ашылымдарды ажыратуға жағдай жасайды. Олар бұл өлшемдер -педагогикалық шығармашылықтың негізін салады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет