Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Мангейм Бұл жүйе сыныптық - сабақтық жүйені сақтай отырып, жүйесі



бет9/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары

^ Мангейм Бұл жүйе сыныптық - сабақтық жүйені сақтай отырып,

жүйесі оқушыларды қабілеттеріне интеллектуалдық дамуы мен

дайындық дәрежесіне қарай әлсіздік, орталардың және күштілердің сыныптарына бөлді. Бұл жүйенің негізін қалаушы Йозеф Зиккенгер (1858-1930ж.ж) оқушылардың қабілетіне сай 4 төрт сынып құруды ұсынды:

1. Орташа қабілеті бар балалар үшін негізгі сыныптар. 2. Әдетте мектепті бітірмейтін қабілеті бар иашар оқушылардың сыныптары. 3. Ақыл-ойы кеміс балалар үшін- қосалқы сыныптар. 4. Шетел тілдері сыныптары немесе орта оқу орындарында оқуын жалғастыруға қабілеттілер үшін аралық сыныптар.

Сыныптарға оқушыларды психометриалық тексеріс, мұғалімдердің мінездемесі және емтихандар негізінде іріктеп алған. Зиккенгердің ойынша, оқушы үлгеріміне қарай бұл сыныптан басқасына өтіп отыратын болған, бірақ нашар оқитын жоғары деңгейіне жетуіне бұл жүйенің өзі де мүмкіндік бермеген. Бұл сыныптардығы бағдарламалардағы өзгерістер бұндай көшуге жағдай жасай алмады.

Оқытудың Мангеймдік жүйесін әсіресе Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыс алдындағы кезде қолданушылар көп болды. Бұл жүйенің элементтері Австрияның, АҚШ-тың және Англияның қазіргі мектебінің жұмыс практикасында әлі күнге дейін сақталған. Айталық, Австралияда қабілеті нашар оқушыларға арналған сыныптар бар; АҚШ-та баяу оқитын оқушыларғы арналған сыныптар мен қабілетті оқушыларға сыныптары бар. Англияда Мангейм жүйесі бастауыш сыныпта бітірушулерден тестелеу негізінде оқушылары іріктеп алынған мектепті құрудың негізіне алынып отыр. Тұтас алғанда бұл жүйенің теориялық қағидалары оқушылардың дамуына биопсихологиялық себептердің шешуші әсері бар деген жалған түсінікке құрылған деген дұрыс пікірлер тарапынан қатаң сынға алынуда, Осыдан барып Зиккенгердің тұжырымдамасы және негізделген Мангейм жүйесі тұтас алғанда оқушылардың интеллектуалдық дамуындағы айырмашылықтарға қарап оқытуды жеке ұйымдастыру түрінде өзінің жрамсыз екенін көрсетті, Бұл жүйенің қазіргі психология және педагогика ғылымдарының және алдыңғы қатарлы мектеп практикасының ерекшеліктеріне сәйкесетін бір ғана элементі арнайы оқыту болып шықты. Педагогика практикада бұл гуманитарлық, матеметикалық және т.б белгілі бір салаларды, пәндерді терең оқып -үйренуде кабинеттер көрсеткен балалар үшін дарында мектеп болып көрініс тапты. Дальтон-жоспар. ХХ ғасырдың басында Европада танымдық белсендігін дамытуда тежейтін орташа оқушыға бағдарлану, оқу әрекетіндегі жылжу темпінің орташа болуы, сабақ құрылымының өзгермеуі (сұрастыру, жаңаны баяндау, үйге тапсырмау ) сияқты кемшіліктерді жойып, оқушылардың белсенді дербес өзіндік оқу жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың көптеген жүйесі сынақтан өтті. Бұлардың ішіндегі ең көп

өзгеріс енгізген ХХ ғасырдың бірінші онжылдығында Дальтон қаласында Массачусетс штатының мұғалімі Елена Паркхерет болды. Бұл жүйе педагогика мен мектеп тарихын дальтон-жоспар деген атпен енді. Кейде оны зертхана немесе шеберханалар жүйесі деп те атайды.

Бұл жүйенің авторы Е.Паркхереттің педагогикалық қағидасы: оқу әрекетінің тиімділігі мектептегі жұмыс темпін әр оқушының мүмкіндіктеріне сәйкестендіру, бейімдеуге бағынышты; оқыту әрекеті оқу әрекетінен басым дәстүрлі ұйымдастыру оқушылардың өзіндік жұмыстарына басты назар аударылатын, ал мұғалімнің қызметі осы әрекетті еппен ұйымдастыру болатын ұйымдастыруға көшу. Осыған байланысты сыныптар зертханалармен немесе пәндік шеберханаларда мұғалімнің тапсырмасы негізінде жеке жұмыс жасайды және қажет болғанда бұл зертханалар мен шеберханаларда үнемі болатын мұғалімнен көмек сұрайды. Оқушыларға тапсырмалар жылының басында әр пән бойынша беріледі. Жылдық тапсырмалар айлар бойынша тапсырмалар түрінде таратылады, оқушылар белгіленген уақытта есеп беріп отырады. Оқушылар жылдық және айлық тапсырмаларды алып, оларды көрсетілген мерзімде орындауға міндеттемелер алады. Оқушылар оқу жұмысы жақсы орындау мақсатында әдістемелік ұсыныстар жазылған қажетті оқу құралдарымен, нұсқаулар мен жабдықталды. Сондай- ақ осы оқу пәнінен маман-мұғалімнің кеңесін пайдаланды. Барлығына бірдей сабақ кестесі болған жоқ. Ұжымдық жұмыс күніне бір сағатдалған уақытта пәндік шеберханаларда, зертханаларда жеке жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқушыларды жұмысқа ынталандыру өз жетістіктерін салыстыру үшін оқушылардың орындауға тиісті тапсырмаларының даярлану барысын ай сайын белгілейтін арнайы кестелер жасады.

Дальтон- жоспарға көрнекті америкалық педагогтар ерлі- зайыпты Дьюлар жоғары баға беріп және көптеген елдерде тез тарай бастады, оған қарамастан әлемнің бірде- бір елінде тұрақтап қалған жоқ.

Айталық, Кеңес Одағында 20-жылдар дальтон жоспардың бригадалық -зертханалық жүйе деген атпен өзгертілген күйінде қолданылды. Курсы, тақырыпты оқытып-үйрену тапсырмаларымен оқушылар тобы (бригада) алатын еді. Олар зертханаларда жеке жұмыс жасауы, мұғалімдерден кеңестер алды ұжымдық есеп тапсырды. Бірақ жуық арада қолданылған жүйе өзінің өміршең еместігін көрсетті. Оқушылар дайындау деңгейі үнемі төмендеп отырды, тапсырмаларды мұғалімнің түсіндіруінсіз жасай алмайтын болғандықтан олардың оқыту нәтижелері үшін жауапкершілігі тапсырылады. Мұның бәрі оқыту ұйымдастырудың бұл жүйесінің 1932 жылы жұмысын тоқтауға әкелді. Бұл дальтон-жкпардың ешбір артықшылықтары болмағанын көрсетер мен екен! Жоқ! Ең алдымен, оның жетістіктеріне бұл жүйенің оқытудың қарқанын оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімдеуін, оларды дербестікке үйретіп, жұмыстың титімді әдістерін ісдестіруге баулаға мүмкіндік бергенін жатқызуға болады. Бірақ кезінде ұлы орыс педагогы К.Д.Ценниескийдің бос бас ойламайды дегені шындық болар. Ал дальтон -жоспар болса оқушылардың білімдердің жүйесін жүйелі меңгеруге аз әсерін тигізді. Олар оқушыларда табиғат, қоғам техника және мәдениет жайлы қажетті және жеткілікті ақпараттың барлық көлемін қамтымайды шашыраңқы болып келеді. Онан өзге, дальтон -жкпар оқушылар арсында қиын бәсекелестік тудырды, тапсырмаларды орындауға көп уақыт жоғалтты. Бұның бәрі педагогикалық практикада тіпті жылдам ДжДао насихаттаған кезде де кезінен таратыла алмауына әкеліп соқты. Кейін бұл жүйені насихаттаудың жаңғырығы XX ғасырдың 50-60 жылдарында профессор Ллайд Трамп жасаған Трамп жоспары түрінде көрініс берді. Трамп жоспарының мәні оқытуды ұйымдастырудың жүйесі ретінде оның икемді формалары арқылы жеке оқытуды барынша қолдауда еді. Бұндай оқытуда үлкен дәрісханалардағы шағын топтардағы жеке сабақтар үйлесімді өткізілді. 100- 150 адамдардан тұратын үлкен топтарға қазіргі техникалық құралдарды (теледидар,ЭЕМ және басқалар) пайдалыналатын лекцияларды жоғары білікті оқытушылар, профессорлар оқыды. Бұл жерде лекцияда естілгендерге қосымшалар жасалынды. Жеке жұмыс мектеп кабинеттерінде, зертханаларда өткізіледі. Белгіленген

сабақ түрлерінің бөліну арақатысы былайша болды: лекциялық дәрістерге барлық оқу уақытының 40 пайызы берілді, кіші топтардағы дәрістерге -20 пайыз, кабинеттер мен зертханаларда жеке жұмысқа -40 пайыз.

Сыныптар жойылады, кіші топтар құрамы тұрақсыз жиі өзгереді. Жүйе мұғалімдердің үйлескен жұмысын айқын ұйымдастыруды, материалыдқ қамтамасыз етуді талап етеді. Трамп жоғары жарнаманың арқасында АҚШ та кеңінен белгілі болды. Дегенме қазір бұл жоспар бойынша аз ғана эксперименттін мектептердің жұмыс жасайды. Жалпы мектептер өз жұмысында осы жоспардың тек кейбір элементтерін ғана пайдаланады: бригаданың мұғалімдері оқыту ды педагогикалық білімі жоқ мұғалімдер көмекшелерін пайдалану, үлкен дәрісханалардағы сабақтар кабинеттердегі оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.

Батыста трамп жоспарының жалғасы түрінде "шектелмеген сыныптар" пайда болды. Ол оқушы бір пәннен бесінше сыныптың бағдарламасымен оқыды, ал басқа пәннен үшінші сыныпта отыруы мүмкін. Сондай-ақ \ашық мектептер құруға арналған жобалар мен және эксперименттер жүргізілуде: "мектеп "институтын жоюға әкелетін кітапханаларды, шеберханалары бар оқу орталықтарында оқыту өтіп жатады. Қазіргі уақытта барлық жерде, өзіңіз көріп отырғандай, сыныптық- сабақтық жүйені және оқытуды үйымдастырудың басқа да жүйені және оқытуды ұйымдастырудың басқа жүйелеріи жетілдіру талпыныстары жүріп жатыр, жекеше оқыту оқытуды техникаландыру бағытында оқыту формалары іздестірілуде. Оқытудың ұйымдастырылуы формаларының даму тарихы осындай.

Олардың дамуына қысқаша тарих талдаудың өзі осы уақытқы дейін сыныптық- сабақтық жүйенің басқалардан түрақты екендігін және ол жүйе педагогикалық ойларын жалпы мектептің озат жұмыс практикасының құнды жетістігі болғанын көрсетеді Бұл жүйені оқытудың басқа жүйелермен артықшылықтары сыныптық —сабақтың жүйе мектеп жасындағы балаларды жаппай қамти отырып , ұйымдастырушылық жағынан нақтыда дәлдігінде оқушылар жұмысының үздіксіздігінде, сынып ұжымының әр оқушының оқу әрекетіне әсерінің болуында көрінеді. Сондай-ақ, сыныптық-сабақтық жүйе оқу және оқудан тыс жұмыс бірлігін жаппай, топтық, жеке жұмыс формаларының үйлесімділігін орнатады, сонымен бірге ол жеке оқытуға қарағанда әлдеқайда үнемді. Дегенмен де, бұл ешуақытта бұл жүйеде кемшілік болмайды деген емес. Сыныптық-сабақтық жүйе жаппай оқытуды ұйымдастырудың ең тиімді тәсілі болса да, оған көптеген сындар айтылып жүр, Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік- техникалық білім бері жүйесінді оқыту жетілдіру туралы көптеген ғалым-педагогтардың және практик мұғалімдердің ұсыныстары жеткілікті. Жеке алғанды, мектеп әлі де сабақтың оқушының оқу жұмысын ұйымдастыру мүмкіндерін толық пайдалана алмай отырғаны, оқушыларда адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, оларды өмірге, еңбек әрекетін даярлау қажеттігі болса көрсетіліп тұр. Бұл жерде осы кемшіліктің басты себебі оқытудың ұйымдастырушылық формалары, оқыту үрдісінің гегізгі формасы сабақтың теорияларының жасалуының жеткіліксіздігінен деп айтылуда.

Сыныптық сабақтың жүйеге классикалық түсініктегі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет