Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Мектеп оқушысының үй жұмысы



бет35/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары

^ Мектеп оқушысының үй жұмысы.

Бұл жұмыстың мақсаты - оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру және қалыптастыру. Ол мұғалімнің нұсқауы арқылы, мұғалімнің бақылауынсыз жүзеге асырылуымен ерекшеленеді. Мектеп оқушысының үй жұмысы өз бетімен жұмыс жасау қабілетіне, саналылығына, белсенділігіне сүйенеді. Оқушы оның орындалуын өзі қадағалайды. Бұл оның білім алуына ғана емес, сонымен бірге тәрбиесіне де әсер етеді. Яғни, окушының жауапкершілік сезімі қалыптасады, ұқыптылықпен қатар жеке адам, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Үй жұмысы келесідегідей түрлерге бөлінеді:

1. оқушыны жаңа тақырыпты оқып- үйренгенде жаңа материалды меңгеруге


бағыттайтын тапсырмалар;
  1. біліміңді тәжірибе жүзінде іске асыруға бағытталған тапсырмалар;


  2. шығармашылық сипаттағы тапсырмалар;


  3. оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын бекітуге арналған тапсырмалар;


Осы аталған тапсырмалар түрлерінің әрқайсысы не жеке не топтық сипатқа ие яғни, оқушы тапсырманы жеке орындайды, не топпен орындайды. Тапсырмалар оқушының орындай білу мүмкіндіктеріне қарай құрылуы керек. Белгілі бір уақыт арасында: 1 сынып - 1 сағатқа дейін

2 сынып - 1,5 сағатқа дейін

3-4 сыныптар - 2 сағатқа дейін

5-6 сыныптар - 2,5 сағатқа дейін

7 сынып - 3 сағат

8-11 сыныптар - 4 сағатқа жуық.

Бағдарламаларды күрделілігі жағынан А,В,С, әртүрлі сабақты тақырып бойынша жоспарлағанда, оқушылармен семинар-сабақтар жұмыс жасау кезінде қолдану мақсатында "минимум- максимум " ұстанымы негізінде құрастырады да, барлық оқушыларға міндетті ең аз мөлшердегі тапсырмалар бөліп көрсетіледі. Ең көп мөлшердегі тапсырмалар жеке оқу пәндеріне қызығушылық білдірген, тиісті қабілеттері бар балаларға арналған.

Алайда, үй жүмысы мәселесі соңғы онжылдықта педагогикалық баспасөздерде өте өткір мәселе болып отыр. Яғни, үй жұмысының қажеті жоқ, бәрі сабақ уақытында үйретілуі қажет деген пікірлер бар.

Бұл пікірлердің жаны бар, ақиқат нәрсе екені сөзсіз. Егер үй тапсырмасы сабақ үстіндегі мұғалімнің айтқанын жаттаумен, тармақшасын оқумен, сыныпта шешілген типтегі есептер шығаруға, бір ережеге арналған жатығулардың түрлерін орындауға арналса, онда қазіргі мектептегі оқыту жүйесінде үй тапсырмасына орын жоқ болып шығады. Кез-келген үй тапсырмасын сыныпта орындалған тапсырмамен салыстырғанда оқушыны танымдық әрекеттің жаңа деңгейіне шығара алатын, оның білімге құмарлығын ынталандыратын. Жаңа тануға ұмтылуын қажет ететін болуы керек.

Бұның себебі: Кез-келген үй тапсырмасы оқушыны кез-келген кедергіге дайын тұратындай деңгейге жеткізу керек.

Тапсырманың ізденістік сипаты - үй тапсырмасының басты белгісі, міне, осы. Мұндай үй тапсырмасы - қазіргі заманғы сабақ үлгісінің ажырамас серігі. Бірақ, бұл үшін ол асығыс жасалмауы қажет оның нәтижелерін үнемі қадағалап және сыныпта талдап, табанды түрде жеткен жетістіктеріне қанағаттанып қана қоймай, оны алға қарай дамыту қажет; Оқушыларға үй тапсырмасын өз бетімен таңдауына мүмкіндік жасалуы қажет; оқушыларға берілген әрбір тапсырма анық әрі нақты әдістермен яғни оларға көмекші құралдармен берілу қажет. Дәл осындай үй тапсырмасы қазіргі заманғы мектеп оқушыларына өте қажетті болып табылады.

Экскурсиялармен қатар оқушылардың танымдық әрекеттерін арттыратын оқыту түрлеріне кеңестер, топтық, қосымша, жеке оқушылармен сабақтан тыс уақытта жұмыс жасау, факультативтер, репититор болу теңестіру сыныптары жатады. Оқу жоспарының жылжымалы бөлігіндегі факультативтердің маңызына қозғалмай-ақ қазіргі мектептік білім беруде олырды оқытуды ұйымдастыру формасында сабақпен қатар қою дұрыс емес, себебі факультативтік пәндердің оқытуы таңдау бойынша сабақ формасында өтеді. Бірақ кеңестер мен қосымша сабақтардың жөні басқа. Бұлар оқушылармен сабақтан тыс уақытта өткізіледіжәне кейбір мәселелерді терең оқып үйрену керек, ал қайсы бір басқа жағдайда -білім алудағы жеке оқушылардың артта қалмауы үшін, үлгермеушілікті болдырмау үшін қажет. Бұл дәрістер өздерінің ұйымдастырылу формасы бойынша топтық, жеке болуы мүмкін, тіпті кеңес, әңгімелесу немесе мұғалімнің басшылығымен оқушылардың тапсырма орындауы болуы да ықтимал. Бірақ жұмыстың бұл формаларына шектен тыс әуестік тиімсіз болады. Ондай жайт оқушылардың білім алуының әлсіреуіне, тіпті қарапайым қиындықтар туындағанда мұғалімнен көмек күтуді әдетке айналдыруына әкеледі. Оқушылар бұндай жағдайда тез арада енжарлыққа көше салады.

Ал теңестіру топтары мен репетиторлық оқыту формасы ретінде сабақ формалары мен топтық және жеке дәрістерді өткізу деп ажыратылмайды. Содықтан бұларды оқушылардың жеке формалары ретінде бөліп қарастыру орынсыз болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет