Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы



бет33/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары
140616, ТАРИХ СРСП ОРЫНБЕКОВА БОТАКОЗ, кесте тарих, 55 сабақ Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру 2
^ Сынақ сабағы

Сынақ сабағы үлкен тақырыпты аяқтағанда өткізіледі. Тәжірибелі ұстаздар бұл сабақты 2 бөлімге бөледі: оқыту (15 минут) және бақылау (30 минут) сынақ сабағының бірінші бөлімі оқушыларды жеке сұраумен өтеді. Сабақтың бұл бөлімінде оқушылар өткенді қайталап, тақырыптың маңызды сұрақтарын талқылайды сынақ сабағындағы жұмыс стилін бұл тәртіпті, біле отырып, оқушылар алдын ала ықыласпен тақырыпты кітаптан, өзінің жазуларынан толығымен қарап шығып, тақырыпты оқу барысында орындалған практикалық жұмыстарын жөнге келтіреді.

Сабақтың екінші бөлігі жазбаша тапсырма орындаумен өтеді. Оқушылар жазбаша түрде біршама сұрақтарға жауап беріп, негізгі амалдарды жазып, есеп шығарады. Семинар сабақтарында, зертханалық-тәжірибелі сабақтарда қолданылатын сараланған тапсырмаларға қарағанда, сынақ сабағының тапсырмалары бүкіл оқушыларға бірдей болады. Әр бала жеке жұмыс істеп, өзіне сай баға алады.

Әрине сынақ сабағының екі бөлімге бөлінуі шартты түрде ғана. Бірінші бөлімнің сұрактары мен екінші бөлімнің жазбаша тапсырмалары оқушылардан жай ғана жауапты күтпейді, алған білімді толығымен қолданып, нақты жүйелі түрдегі жауапты талап етеді. Олар өз білімдерін типтік емес есептерді шешкенде оқу құралы ретінде пайдаланады.

Сынақ сабақтарында жүзеге асатын бақылау ерекшелігімен ажыратылады. Ол бағаларды толықтыру қызметін орындамайды. Оқушылардың алған білімдерін тексеріп, дұрыс емес болса тузеп, оқушылардың жұмысқа деген ынталарын арттырады. Бақылау оқушы мен оқытушыға білім берудің тиімділігін арттыруға қажетті. Ол оқытушыға оқушылардың өтілгенді қаншалықты жақсы меңгергенің, және оқушының білім сатысы бойынша әрі қарай қозғалуына мүмкіндік бар жоғын керсетеді. Оқушылардың үлгерімін ағындық және тақырыптық бақылау арқылы тексерулердің бірлігін сақтау да аса маңызды. Дидактикалық тақырып бойынша сабақтар жүйесінің сипаттамасы мінездемесі осы. Әрине, бұл жүйеде әр түрлі нақты тақырыпқа арналған сабақтар көп. Әрбір сабақ ерекше оқу материалға және мұғалімнің жеке оқытушылық тәсіліне байланысты. Бірақ олар өздерінің

жиынтығында, оқытушылардың қолданатын бір жүйені білдіру керек. Бұл жүйедегі әрбір сабақ органикалық түрде байланысты және басқа буындармен байланыста болатын байланыстың бір түйіні ғана. Бұл байланыста қиын оқу міндеттерін шешу бір сабақпен ғана шектелмей, оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстарын жүйелі түрде бақылайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет