^ Тақырыптық тапсырмаларды қорғау сабағы
Оқушылардың тақырыптық тапсырмалармен істеген жұмыстарын қорытындылайтын сабақты әдетте тақырыптық тапсырмаларды қорғау сабағы деп атайды. Оны жүргізу тәртібі мынадай. Сабақ мұғалімнің қысқа кіріспесінен басталады. Ол әдетте өз тапсырмасын қорғайтын оқушылармен және қорғау тәртібімен таныстырып кетеді. Содан кейін әрбір топтың басшысы ортаға шығып, тобының жеткен жетістікктері жайында әр түрлі жүйелер мен кестелерді пайдаланып баяндайды. Қорғаудың қорытындысын мұғалім шығарады.
Осы технологияға жақын болып сахналау сабағы, кішкене қойылымдарды қою
сабағы және т.б. табылады. Бұл сабақтардың мазмұны сабақтан тыс дайындалады, бірақ бастамасы ретінде семинар сабағынан алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |