Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»


Омаров Жеткізген, 10 класс



бет4/5
Дата26.08.2017
өлшемі0,74 Mb.
#29284
түріСочинение
1   2   3   4   5

Омаров Жеткізген, 10 класс,

Ш.Бекмұхамбетова атындағы Ойыл орта мектебі,

жетекшісі Қонақбаева М. Қ.
Қарулы күштер
Қазақстан – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен оның халқы ерекше жылдарды бастан өткеруде. Республикамыздың аспанында Қазақ елінің өз байрағы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. Бүгінгі Қазақстан әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл 20 жыл толды. 1992 жылғы 7 мамырда «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы» Заңға қол қойылды. Бұл күн егеменді Қазақстан Армиясының құрылған күні болып саналады. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында оңтүстік-шығыс шептерді қорғау міндеті жүктелген 200 мың адамға тарта әскер тобы қалдырылды. Оның негізгі күштері бірлестіктер, стратегиялық қарулы күштер құрамалары мен бөлімдері, жалпы әскерлік қорғаныс корпустары мен Әскери – соғыс күштерінің аралас авиациялық корпустары, сондай-ақ тылдық және техникалық жабдықтау құрмалары мен бөлімдері болатын. Бұл әскери бөлімдерді басқару үшін Қауіпсіздік кеңесі құрылды, ол кейінірек Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

1995 жылы Қазақстанда Орталық Азия батальоны құрылды. Ол Бірлескен Ұлттар Ұйымының атынан бітістіру қызметтерімен айналысады. Батальон құрамына үш мотоатқыштар ротасы зениттік-ракеталық взвод, миномент батареясы, байланыс взводы, медициналық пункт және материалдық жабдықтау взводы кірді. Қазақстан Республикасының армиясы корпустар мен дивизиялардан тұрады, олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныстың танк және авияция корпустары, радио және радиотехникалық барлау бөлімдері, Байқоңыр ғарыш айлағын, сынау орталықтары мен полигондарын жабдықтау бөлімдері бар. Қазақстанда барлығы екі жүз мыңнан астам әскери қызметкер орналасқан. Олар танктермен және бронды транспортерлермен, артиллериялық жүйелермен және әскери ұшақтармен қаруландырылған.

Мен болашақта Қарулы Күштер қатарына ілігіп, өз Отанымды қорғап, үлкен азамат иесі болғым келеді. Қазіргі Егеменді елімізде мүмкіндіктер көп, қалаған мамандық иесі болуға болады. Жақсы білім алып, осындай мамандық иесі болу. Сондықтан осы мамандықты қастерлеу, оған зор құрметпен қарау – бәріміздің абыройлы міндетіміз.

Қарулы Күштер армиясының 20 жылдығы тұғырлы, баянды болсын!


Рыскулова Айханым, 9 сыныбы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саға мектеп – бала бақшасы
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын

Б.Момышұлы
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды «Отаным» деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеясы Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» Жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деп нақты көрсеткен болатын.

Отаншылдық сезім– адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс. Ол – ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, бала бақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.

Патриоттық сезімнің нысанасы мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескеткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патротизмге тәрбиелеудің арқауы.

Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет қойылды. Қоғамды қайта құрудағы маңызды және неғұрлым өткір мәселелердің бірі – Қарулы Күштердің тағдыры болып саналады. Бұлай болуы заңды да, өйткені армия – мемлекеттің тағдырын, ішкі тұрақтылығын, қазіргі әлемдегі орны мен маңызын айқындайтын құралдардың бірі.

Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу үшін әскерге арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және ТМД аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық поцестерді талдай келе, Қазақстан Республикасы өз Қарулы Күштерін құруды қолға алды.

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақ КСР-інің Мемлекеттік Қорғаныс комитеті құрылып, кейіннен Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

Республика Президенті, еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев Республиканың Қауіпсіздік Кеңесі мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «Бізге егемендігімізді қорғау мүддесін кез келген жағдайлардағы әрекеттерге дайын, жаттықтырылған, жоғары жинақтылықтағы осы заманға сай армия қажет», - деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мыналар:



  1. Егемендікті сыйлау, мемлекеттік шекаралардың бұзылмауы, басқа мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау және олардың ісіне араласпау;

  2. Әскери салада айқындылық пен сенімділік шараларын нығайту;

  3. Халықаралық дау-дамайларды бейбіт жолмен реттеу;

  4. Халықаралық міндеттемелер мен Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын келіссөздердің өз мақсатына жетуі үшін ықпал ету;

  5. Өзара түсінушілік және өзара тиімді ынтымақтастық негізінде барлық елдермен достық қарым-қатынас орнату;

  6. Бейбітшілікті қалпына кетіруді қолдау, әскери қақтығыстардың алдын алуға бағытталған жалпы және аймақтық қауіпсіздік жүйелерін құруға қатысу.

Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтады, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешті. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.
Жалпы мақсаттағы күштер құрамына - құрлық әскерлері мен мобильдік топ күштері кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар өздеріне әр түрлі қарулар мен техникаларды біріктіреді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастықта өз орны бар абыройлы мемлекетке айналды. Еліміз үшін жаңа жетістіктер мен өршіл міндеттердің уақыты туып отыр. Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз – бәсекеге төтеп беру. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты – күшті рух пен білім. Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату. Өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Әркімнің өз күш-жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы. Бұл бүгін тұрғызылып келе жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сенімі», - деп көрсеткен болатын. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап, міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үрдісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді.

Қазақ халқының ұлылығы басым тұғыр тағылымы аясында ұлды ұлылығымен, қызды сан қырлы қылықтылығымен рухты етіп тәрбиелеу – халқымыздың, әсіресе ата-аналар мен ұстаздардың түпкілікті міндеті.

Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.

Қорыта келгенде, бүкіл әлемдегі адамзат халқының бар арманы мен мақсат-тілегі ол – бейбітшілік. Әрқашанда елімізде тыныштық, ынтымақ достығымыз, отаншылдығымыз жоғары артып, әлемде әрқашан бейбітшілік болсын!

Самбаева Әсем, 8 класс,

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының,

пән мұғалімі Таңжарықова М. С.
Елдің ерлігі ерінен танылар

Елдің байлығы жерінен танылар. Б.Момышұлы

«Туып өскен ел қымбат, ата қоныс жер қымбат», - дегендей, кіндік қаны тамған қасиетті өлені, алтын бесік асыл елді кім сүймес? Алтайдан - Атырауға, Алатаудан - Арқаға дейінгі ұлан – ғайыр аймақты мекендеген ата-бабамыз ұшқан құстың қанаты талатын сайын даланы ұрпағына аманат етіп қалдырды. Ешкімге соқтықпай жай жатқан елді, найзасына үкі таққан елді талай рет жау жағасынан алып, талай рет даланың кеңдігі мен елдің теңдігін қызғанып, қырғын соғыстар ашты. Көңілі көктем ел ағалары ел үшін, жер үшін күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылып, ат үстінде күн көрмей, қазақпен аңдысқан жауды кейін шегіндіріп, таңды-таңға жалғап, соғыс жалынын сөндірді. Кеудесінен жаны шыққанша туды жерге қоймаған ата-бабамыздың ежелден ешкімге тәуелді болғысы келмегенін - қай уақытта да соғысқа аттануға дайын тұратындығынан-ақ байқауға болады. Елдің ертеңін ойлаған батырлар жесірге пана, жетімге жаға, сөз бастаған дана, қол бастаған аға бола білді. Жеті жасында Қобыланды, сегіз жасында Алпамыс жауға қарсы шығып, жарғақ құлағы жастыққа тимей, талай жойқын шапқыншылықтарды басып-жаншып, жарқын болашақ пен тәуелсіздіктің таңы атарына сенді.

Жойқын шапқыншылықтардың бірі әрі елдің еңсесін езген Ұлы Отан соғысы 1941 жылдың жазында басталды. 1931 жылы Алманияның басшысы болып сайланған Гитлер Совет Одағына қарсы соғыс ашады. Күтпеген жерден шабуылға тап болған КСРО бірден бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, әскер жинап, есін жия бастайды. Ұлы Отан соғысында ерекшк көзге түскен аға-апаларымыз аз емес. Ұмытылмайтын ұлы есімдердің қатарында қазақтың қаһарман қызы әрі Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова да бар. Ата-анасы мен ағайын-туғандарынан ұжымдастыру науқанының алғашқы кезеңінде айырылған Әлия апамыз менің жерлесім, яғни, Ақтөбе облысынан. Ашық айқасқа ол 1943 жылы маусымда 2-Прибалтика майданының 26-атқыштар дивизиясының құрамында түсті. Ефрейтор шенінде өз дивизиясымен барлық ірі-ірі айқастарға қатысып, құралайды көзінен атқан мергендігімен дараланды. Көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның жарқын үні жауынгерлерге дем беріп, соңына ілескен солдаттар жаудың бетін қайтарды. Осы шайқаста өжет қыз ауыр жараланып, қаһармандықпен қаза тапты.

Бүгінде Әлия Молдағұлова есімінде республикамызда көшелер, мектептер, ұжымшарлар мен кеңшарлар, аллеялар мен гүлзарлар бар. Оның өшпес ерлігіе өзек етіп жазылған өлең кітаптары мен роман-хикаяттар да көп. Алматыда Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүкке ескерткіш орнатылды. Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлердің ерлігі мен қаһармандығы алдында басымды иемін. Қалыптасқан игі дәстүр бойынша, Қазақстан халқы мен Отан қорғаушылар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жарқын мерекесі қарсаңында «Отан қорғаушы» күнін атап өтеді. Аға буынның ерлік дәстүрлері төл Қарулы Күштеріміздің қатарында лайықты қызмет атқарып жүрген бүгінгі қазақстандық жауынгерлердің сабында да заңды жалғасын табуда. Осыдан 20 жыл бұрын Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Тәуелсіздіктің басты кепілі - өз жерін кез келген қолсұғушылықтан қорғауға қабілетті болу. Сол себепті азаттықтың ақ таңы атқан сәттен бастап мемлекет шешкен аса маңызды міндеттердің ішінде ұлттың қауіпсіздік қазіргі заманға және ұрысқа қабілетті армия құру мәселелері Елбасы Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші кезекті қамқорлығында болуда. Елбасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі дамыту шаралары туралы» 2003 жылғы 7 мамырдағы №1085 жарлығы төл армияның дамуының жаңа кезеңі болды. Осыған сәйкес әскерлер мен әскери басқару органдарының оңтайландырылған құрылымы құрылды. Оның жүзеге асуы ретінде құрамына төрт өңірлік қолбасшылық кіретін Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің құрылуын айта аламыз. Сондай-ақ, жоғарғы Бас қолбасшының резерві болып табылатын Аэроұтқыр әскерлері, Ракета әскерлері мен артиллерия іс жүзінде өздерінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Еліміздің тәуелсіздік алып өркендеуі, Қарулы Күштің 20 жыл бойы тыныштық күзетінде абыройлы қызмет етуі, Қазақстан Республикасын нығайту жолында ерен еңбек сіңірген Елбасы Н.Ә. Назарбаев. Ел сүйген, елін сүйген Елбасы бүгінде туған Отанға абыройлы қызмет етіп, бойындағы патриоттық сезімін, киелі қасиетін паш етіп, халыққа қалаулы азамат атанып, кейінгі буынға ағалық игі өнеге көрсете білді. Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен Сарыарқаның төсіндегі бір кездегі темір жол бекеті ару қалаға айналды.

Тәуелсіздіктің мәні - тәуелсіз ойлана білуде. Біз тарихымызды да, әдебиетімізді тәуелсіздікке жетелеуіміз керек. Ал біздің бүгінгі егемендігіміз кейінгі буынның алдыңғы өткен бабалардан ақылды немесе данышпан, тәуекелшіл, кемеңгер болғандығынан емес, қайта солардың сара жолдарын, рухани тірлігін мәңгі есте сақтап, атадан-балаға өсиет ретінде қалдыруынан туындап отыр. Көк тудың бейбітшілік төрінде желбіреп, бірліктің нышаны болғаны - көңілге тыныштық ұялатады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!!

Сәрсенова Гүлнұр, 4 класс,

Шалқар ауданы Қарашоқат орта мектебі,

жетекшісі Тәңірбергенова П. А.
Менің халқым – батыр халық
Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Оның әсем табиғаты мен кең байтақ жерін, алтын күні жарқырап, қыраны қалықтаған мөлдір аспанын ұнатамын, сүйемін. Менің Қазақстаным әлемдегі ең бейбіт мемлекеттердің қатарында. Осы кең даланы, бейбітшілікті сақтау үшін біздің қорғанысымыз мықты болуы керек, мықты да. Қазақстан әскері – әлемдегі ең батыл, ержүрек әскер. Себебі бас қолбасшы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – біздің Президентіміз. Ол өте ақылды, әділ, бейбітшілікті, халықтың тыныштығын жаны сүйетін адам. Президентіміз қиындыққа мойымайды, өзінің ойлаған мақсатын жүзеге асырады, шебер шешім қабылдайды. Мен оны құрмет тұтамын. Осындай қолбасшы басқарып отырған әскер қалайша ержүрек болмасын.

Қазақ халқы – қашан да жауынан жеңілмеген қайсар халық. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сынды батырларды өсірген халық. Әлия мен Мәншүктей қаһарман қыздары бар халық. Ендеше, мұндай халыққа кімнің батылы жетіп, қарсы тұра алады.

Осы батырларымыздың арқасында ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол қасиетті тәуелсіздікке де 20 жыл толды. Қазақстан Қарулы Күштеріне де 20 жыл толды. Бұл жылдар ішінде еліміз көп жетістікке жетті. Еліміз көркейді, дамыды, әлі де даму үстінде. Алдағы үлкен мақсат – елу елдің қатарына ену. Ол мақсатқа да жетерміз.

Менің қайсар халқыма тілейтінім – бейбітшілік және тағы да бейбітшілік. Бейбітшілікке не жетсін!


Серікбайқызы Нұргүл, 11 сыныбы

Сапақкөл орта мектебі,

жетекшісі Төкешова Б.
Отаншылдық-әр адамға керекті ең ұлы қасиет.

Ал Отаншылдық өз үйіннен басталады.Кімде-кім

ата-анасын ардақтаса,сол ата-анадан бірге туған

балалармен тату болса,өзіңнің өскен ауыл,қаласын,

туған ұлтын сыйлап,қадірлесе сол адам отаншыл

болады.Өйткені өз әке-шешен ардақтамаған,өзгенің

ата-анасын құрметтемейді

Б.Момышұлы


Біздің Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өз Отанымызды шексіз сүйіп, мақтан етеміз. Біздің Отанымыз өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы жылдан - жылға алға ұмтылған, ғылымы мен мәдениеті озық ел. Еліміздің Қарулы Күштері тәуелсіздігімізбен бірге өсіп, қуат алып келеді. Оның құрылуына, ары қарай дамуына дем беріп келе жатқан Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев екені баршаға аян. Осы ретте еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қаншалықты қиындықтарды басынан өткерсе де, олардың қорғаныс саласында айналып өтпегені түсінікті. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құру туралы шешім қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа әскери Доктринасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы жарлығымен бекітілген. Жаңа әскери Доктрина қарулы күштерді нығайту үшін нақты, қуатты серпін берді. Қазақстан Республикасының Конститутциясында Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға негізделетін Қарулы Күштері міндеттері белгіленді. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында әр аумақ өмір сүруге қолайлы, жұмыс істеп, демалуға ыңғайлы ел атанды. Сол елде өмір сүрген әрбір азаматы үшін ар-намыс мәселесі дегеніміз – халық алдындағы өзінің конституциялық міндеттерін орындауы, оның бейбіт кезде жасампаз еңбегін сенімді қорғауда, бөлімдер мен бөлімшелердің ұрысқа дайындығын барынша нығайту болып саналады. Осы жауапкершілікті әскери адамға міндеттеген. Осыдан әскер, қорғаушы деген бірегей ұғым туады. Оның түп қазығы – Отан қорғаушы. Оған патриоттық сезім орнатып, жігерлендіретін өлең, жыр, шешендік сөздер. Отанымыз жайында шығарылған ән де көп, күй де мол. Атақты би - шешендер, ақын – жазушылар, ғалымдар өсиет сөздер қалдырған. Қаз дауысты Қазбек би:

«Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт – берекең – атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат»,- деген екен.

Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Отанды сүю отбасынан басталады. Отанға деген сүйіспеншілікті патриотизм, Отанын сүйетін адамдарды патриот деп атайды. Біздің міндетіміз – болашақ Қазақстанды өркендету үшін, жақсы оқып, жан – жақты білім мен ғылым алу.

Отан – адамның түпқияны, ата – бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулы – анасына балайды. Отансыз адам болмайды. Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сенімін сыйлайды.

Ежелгі заман ойшылы, әйгілі шешен Цицерон: «Сүйіспеншілік туралы барлық түсініктеріміз «Отан» деген бір ғана сөзге біріккен», - десе, С. Киосский: «Адамның толық бақытты болуы үшін, аяулы Отаны болуы керек», - дейді. Ал немістің ұлы ақыны Ф. Шиллердің ұғымынша, «Отаннан сүйкімді ештеңе болмақ емес». Отан соғысының атағы жер жарған қаһарманы әрі әйгілі қолбасшы, қазақ халқының дана да батыр перзенті Б. Момышұлының: «Отан үшін отқа түс, - күймейсің!» - деген әмір бұйрықтай нақыл сөзі өмірдің өзінен алынып, жүректен балқып шыққаны даусыз. Өзі үшін отқа түскен ерлердің қайырымды халқы, Отан – анасы да ұмытпай, мәңгілік даңққа бөлейді.

Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды. Өлмейтін қылмыс бар, ол – Отанға опасыздық жасау. Отаншыл – Отанның абыройы үстем болуы жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын жан.

Отанның намысы үшін оттан қашпа,

Шын сүй де, сол бетіңнен қия баспа.

Тайсалма, бар, Отаныңның құрбаны бол,

Өлімің кетпес сонда, сірә, босқа.

Өмір – мен үшін бәрінен қымбат, махаббат - өмірден де қымбат, бірақ елімнің еркіндігі мен азаттығы үшін қажет болса, екеуінде құрбан етуге бармын.

Біз қазақ деген – мал баққан елміз,

бірақ ешкімге соқтықпай, жәй жатқан елміз.

Елімізден құт – береке қашпасын деп,

жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

басынан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

дәм – тұзды ақтай білген елміз.

Республикамыздың Қарулы Күштері мынадай қағидаларды үйлестіре құрылады: Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен әскери мәселер бойынша: «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және Қорғанысы жайында», «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебелері және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында және тағы да басқа заңдамалық актілерде қарастырылған. Осының барлығы бүгінгі күннің бағыт берер талаптары, бастаулары. Әрбір кәмелеттік жасқа толған жастарымыздың парызын өтеу заңдылықтары.

Парызды өтеу жастарымыздың патриоттық сезімінде.

Отанға деген сүйіспеншілік еліміздің келешегіне, оның келер ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік.

Ұлттық патриотизм – қанмен , тектілікпен бірге келеді, тәрбие барысында нығайып биіктейді. Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Отанның игілігіне үлес қосатын, ойшыл рухты азамат болып өсу міндетіміз.

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін»

деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай, жастардың жүрегінен жалын, көзінен нұр ұшқындап тұрсын!



Сұлтанова Айман, 9 класс,

28 орта мектебінің


Арманы болған бабамның,

Еркіндік бүгін төрімде

Құлпырып төсі даламның,

Рухтана түсті елім де.

Қыраным көкте шарлайды

Әйгілеп сені, туған жер.

Еркіндік жайлы, ел жайлы,

Шырқалсын мәңгі асқақ ән.

Төбемде нұрлы азат күн,

Менің де нұрлы жанарым.

Көтерген туын қазақтың,

Ұланы болам даламның!


Қазақ – қазақ болғалы, қойнауы құтқа толған сан ғасыр өтті. Алаштың айбатты арыстандары ата-бабаларымыздан қалған ұлан-байтақ жерді қызғыштай қорып, көзінің қарашығындай сақтап, жан алысып, жан берісіп, кейінгі ұрпаққа аман-сау сақтап қалды. Алтайдан Атырауға, Сарыарқадан Қаратауға дейінгі ұшқан құстың қанаты талатын жеріміз өзімізге түбегейлі бұйырды.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», Қазан төңкерісін, өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы ұжымдастыру мен сұмдық ашаршылықты, саяси қуғын-сүргінді, Ұлы Отан соғысын бастан кешкен қазақ халқы үшін бейбітшілік пен тыныштықтың бағасы өте қымбат. Сондықтан да болар, тәуелсіздіктің 20 жылын артқа тастаған егемен еліміз, қаһарман халқымыз жұмыр жерде бейбіт өмір сүруді мақсат тұтады.

Қазақстан атты ұлы Отанымыз тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, алайда өмірлік аса маңызды міндет қойды. Ол - өзінің Қарулы Күштерін құру еді. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен КСР-ң мемлекеттік қсрғаныс комитеті құрылды. Кейіннен Республикасының қорғаныс толық түрде шешуге көшуіне байланысты, ол Қазақстан Республикасының – Қорғаныс Министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз мемлекеттің заңдық құқықтарының негіздеріне және де Тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты 1992 жылдың 7 мамырында Президенттің жарлығы шықты. Бұл жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса мемлекеттің қарауына өтті. Қазақстанның Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді.

Қазақта әр заманда епті, батыл, ержүрек сарбаздар болған. Олар барлық қиындықтар мен жорық кезіндегі тұрмыс-мұқтаждығын көтеруге қабілеттілігін көрсете білген. Бүгінгі Қазақстан әскерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «даңқты өткенімізден күш ала отырып» өткенімізді рухани жалғастырушы жаңа күш екеніне кәміл сенеміз.

Ата Заңымызда: «Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті», -деп айқын жазылған. Демек, еліміздің азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызметін атқару барысында бір ғана мақсатты көздейді. Ол – Республика қызметінің түбегейлі қағидалары болып табылатын қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылыққа, бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық дамуға, отаншылдыққа адал қызмет ету. Қазақстан өзге елдер мен ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту саясатын жүргізе отырып, мемлекет аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

Отан дегенде Мұқағали ағамыздың:

Отан,Отан !

Сен болмасаң не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем.

Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды,

Отаны жоқ өмірінде оңбайды...

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды,

Тірі адамға – сол қайғы,-

деген өлеңі еріксіз ойымызға оралады.

«Отан оттан да ыстық», - деп халқымыз бекерге айтпаса керек. Олай болмаса, біздің көптеген ержүрек ағаларымыз туған жердің топырағын жау аяғына таптатпау, тәуелсіздікті сақтап қалу жолында от пен оқтың арасына кіріп, соңғы демі қалғанша күресер ме еді?! Осы тұста Несіпбек Айтовтың:

Туған Отан жағасы жыртылғанда ,

Неге керек өз жағаң жыртылмаған?

Неге керек қайратың бұлқынбаған?...

Неге керек айбатын ұмтылмаған?-

деген өлен жолдары есімізге оралады. Мына өлең шумағы жүрегі «Отан» деп соққан кез-келген азаматты бей–жай қалдырмасы анық. Солай болса, еліміздің әрбір азаматы, баладан бастап ересегіне шейін ата – бабадан мирас етіп қалған жерімізді қорғап, әрқашан елінің сақшысы болуға дайын тұруы тиіс.


Каталог: Pobeda -> photo2012 -> Socineniy2012
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»
Socineniy2012 -> Сочинение или фотографию по теме «Казахстан, армия, патриотизм»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет