СөЖ №1 Тақырыбы: Микроағзалар туралы түсінік



бет1/3
Дата22.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#182109
  1   2   3
Байланысты:
СӨЖ1 (1)

СӨЖ №1

Тақырыбы: Микроағзалар туралы түсінік


Факультет: Жануарлар биотехнологиясы мен биоинформатика
Орындаған: Жумаканова Н.Е.
Қабылдаған: Салхожаева Г.М.
Группа: ЖБТ-11

Жоспар:

  • 1. Микроағзалардың ашылу тарихы
  • 2. Табиғаттағы ашу және шіру процестері
  • 3. Жұқпалы аурулардың микробтық табиғаты туралы түсінік қалыптастыру
  • 4. Л. Пастердің ғылыми еңбектері

Микроағзалардың ашылу тарихы

  • Микробиологияның атасы ретінде саналатын, яғни алғаш микроағзаларды ашқан ғалым – Антон ван Левенгук есімді голландық ойшыл. Ол микроскопиялық линзаларды даярлау барысында 280 есе үлкейтетін оптикалық жүйені ойлап тапты. Микроскоптың көмегімен ол өте көп ашылулар жасаған. Мысалға, қан компоненттерін, қанайналым жүйесін, өсімдік ұлпаларын, жәндіктерді, балдырларды, қарапайымдыларды және т.б. зерттеп, бақылаған.
  • 1676 жылы А. ван Левенгук микроскопта бірнеше күн бойы бөшкеде тұрған жаңбыр суының тамшыларын қарап отырып, өте кішкентай қозғалатын организмдердің көп мөлшерін байқады. Мұндай тіршілік иелері таза жаңбыр суында болған жоқ.Осы жерден зерттеуші организмдердің микроптары ауадан суға түседі деген қорытындыға келді. Су тамшысында анықталған микроскопиялық тірі ағзаларды «өте ұсақ жануарлар» деп санап, оларға қарапайым жануарларға тән құрылысты сәйкес етті. Яғни микроптарда асқазан, аяқ, құйрық бар деп есептеген. Осыған орай микроағзаларды «АНИМАЛЬКУЛЬ» атады.
  • Өз бақылаулары жайында Лондонның корольдік қоғамына хат ретінде жариялаған. Ең қызық зерттеуі бір хатында ол адам ауыз қуысында мекендейтін әртүрлі бактериялар суретін анық қылып сипаттаған. Жалпы 170-тен артық хат жазып, кейін 26 танымал «микроскоийларын» өсиет етті. Тіпті алғаш су тамшысында көрген микроптары жайлы былай деген: «1676 жылы 24 сәуірде мен... суды микроскоппен қарап, ондағы көптеген кішкентай тірі тіршілік иелерін көргенде қатты таң қалдым. Олардың кейбіреулері биттің денесін жауып тұрған түктерінен қалың болмаса да, енінен 3-4 есе ұзын болды. Басқалары қалыпты сопақ пішінді болды. Сондай-ақ организмдердің үшінші түрі, құйрықты және ең кішкентай тіршілік иелері болды».
  • Қорытынды ретінде, А. ван Левенгук қоршаған орта микроскопиялық тіршіліктермен тығыз қоныстанған деген шешімге келді.

Левенгук салған сүреттемелері –
микроорганизмдардың формалары:
А - шар тәрізді
В - тізбек тәрізді
Е - диплокок тәрізді
G - спираль тәрізді
F – таяқша тәрізді
білдіреді
Антон ван Левенгуктың микроскопы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет