Аурудың таралу көздері ауру малдар және микроб спораларымен залалданған топырақ, шөп, жайылым, ақпайтын батпақты су көздері (көл, тоған т.б.) болып саналады.Ауру алиментарлық жолмен (жемшөп, су ішу, жайылу кезінде) жұғады. Бұған ауыз қуысы кілегейлі қабатының зақымдануы, ас қорыту жүйесіндегі қабыну ағымдары ықпал етеді.
Ауру қойлар тері қабатының зақымданған аумақтары арқылы жұқтырады (қырқым кезінде, піштіру салдарынан болған жарақаттар арқылы). Ауруды жұқтырғанның белгілері білінгенге дейінге жасырын кезеңі 2 күн шамасында. Ауру белгісі бірден білінеді және жедел түрде өтеді. Малдың мойнында, жақ астында, көкірегінде, жамбас, иық еттерінде (кейде ауыз қуысында) тез үлкейе бастайтын ісіктер пайда болады. Ісіктер әдепкіде қатты, ыстық, анық білінетін, ұстап көргенде мал ауырсынатын, қыртылдаған дыбыс беретін болады. Кейін барып ісіктер мұздап, ұстап көргенде мал сезінбейтін жағдайға өтеді. Ісіктерге жақын бездердің ұлғаюы байқалады. Ісіктер иық еттерінде, жамбасында болған кезде мал ақсайды. Емдеуде пенциллин, дибиомицин дәрілерін пайдаланады. Іркілдек ісікті аумақтарға 3 пайыздық карбол қышқылы немесе лизол, яки 1 пайыздық марганцовка ертініділерін жіберуге болады.
Қарасан ауруын балау Диагноз қою үшін міндетті түрде індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, өлексені көрудің нәтижелсрі ескеріледі. Жайылым маусымында бұрын сау емес территорияда, не болмаса жер қазу жұмыстары жүргізілгеннен соң, қатты жауын, сел, тасқыннан кейін малдың кенеттен өлуі топалаңнан күдік тудырады. Бұнымен қатар аурудың өте қатты өлітиюі /ыстығы көтеріліп/, күйдіргі шығу білінетіндігі ескеріледі. Сонымен бірге, өлексенің тез бұзылуы, сіресуінін білінбеуі, табиғи тесіктерінен қанды сора ағуы маңызды мәліметтер болып табылады. Бұл күдіктердің негізінде күттірмейтін жедел шаралар қолға алынады. Бірақта түпкілікгі диагноз лабораториялық зерттеулерге негізденуі керек. Зертханаға жаңа өліктің құлағының көк тамырындағы қаннан даярланған калың жағындыны жібереді. Қан алған кезде терінің тілінген орнын қариды. Жағыңдыны көленкеде кептіріп бекітпейді. Егер шыны болмаса, бірнеше тамшы қанды борға, гипске, ағаш көміріне, шақпақ қантқа тамызады. Басқа мүмкіндік болмаған жағдайда тексеруге кесіліп алынған құлақты жібереді. Ол үшін астынғы құлақтың түбін екі жерден байлап, арасынан кеседі. Тілінген жерді қарын күйдіреді