Сөж орындаған: Тоқтар Аяжан Қабылдаған: Есқожаева Ж. П21-009 Тақырыбы: Дислипопротеинемия түрлері



бет1/7
Дата27.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#170289
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тоқтар Аяжан презентация

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университеті

Биохимия кафедрасы


СӨЖ
Орындаған: Тоқтар Аяжан
Қабылдаған: Есқожаева Ж.
П21-009
Тақырыбы: Дислипопротеинемия түрлері

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім. Майлардың қорытылуы
  • Адам ағзасындағы майлардың қорытылуы
  • Хиломикрондар
  • Липопротеиндік комплекстің түрлері

  • ТӨТЛП
  • ТТЛП
  • ТЖЛП
  • ТАЛП
  • Липопротеиндік комплекстің бұзылысынан туындайтын аурулар
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Майлар ол біздің ағзамыздағы маңызды компоненттердің бірі болып табылады.

  • Липидтер ағзада келесі қызметтерді атқарады:
  • Құрылымдық жасуша мембранасының құрамына кіреді.
  • Реттеушілік, кейбір липидтер витаминдердің және гормондардың алғызаттары немесе витаминді еріткіштер және жүйке импульстерінің берілуіне қатысады.
  • Тасымалдаушылық липопротеиндер, май қышқылдарының альбуминдермен комплексі.
  • Термореттеушілік, ағзаның жылу изоляциялау қызметіне қатысады.
  • Энергетикалық – энергияның және энергия жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың шығу көзі.

Майлардың қорытылуы

  • Липидтердің қорытылуы – бұл панкреаттық липаза ферменті әсерінен майлардың гидролиздену процесі. Ересек адамдарда майлардың қорытылуы тек ішекте келесі схема бойынша өтеді: «өттің бөлінуі майлардың эмульгирленуі панкреаттық липазаның әсері». Бұл ферменттің әсері үшін келесі жағдайлар қажет: бейтарапқа жақын рН мәні, колипаза белогы. Колипаза панкреаттық липазамен бірге, ұйқы безінде синтезделіп, секреттеледі. Қажетті рН мәні (асқазаннан түскен қышқылдың құрамы) ұйқы безінен бөлінетін бикарбонатпен бейтараптанады.
  • Липидтердің ыдырауы 12 елі ішекте өтеді. Ол ұйқы безі сөлінен түсетін липаза және өт құрамындағы коньюгирленген өт қышқылдары қатысуымен атқарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет