Сөж тақырыбы: «Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж аштықтар: құжаттар, статистика, ақпарат» Орындаған: Орынбекова Б. И. Тексерген: Козгамбаева Г. Б. Алматы 2021 ж жоспар


-1923 жылдары аралығындағы қазақ жеріндегі халық саны



бет5/6
Дата29.12.2021
өлшемі257,71 Kb.
#106349
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ТАРИХ СРСП ОРЫНБЕКОВА БОТАКОЗ
140616, О ытуды йымдастыру формалары, кесте тарих, 55 сабақ Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру 2
1917-1923 жылдары аралығындағы қазақ жеріндегі халық саны:

1917 жыл – 6 218 300 адам;


1920 жыл – 4 679 795 адам;
1923 жыл – 3 786 910 адам.

Осы кезеңде Қазақстанда ғана емес, Астрахан, Царицын, Саратов, Самара, Симбирск, Уфа сияқты Ресейдің бірқатар жері де ашаршылық құрсауына түскен болатын. Бауырсақ дайындау кезінде. Павлодар обл. 20-шы жылдар.

1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.

Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары».[1]. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.

Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.

Ауылды кеңестендіру

Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді.

Иосиф Виссарионович Сталин

1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе «Қосшы» одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды.

Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тәртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады

Астық пен ет дайындау және ұжымдастыру

1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды. Ол, әсіресе Сталиннің 1928 жылы қаңтардағы Сібірге сапарының барысында Новосібір мен Омбыда сөйлеген сөздерінде РКФСР Қылмыстық Кодексінің 107-бабын жаппай қолдануды талап етуінен кейін қатыгездік сипат алды. Ол бапта тауарларды сатып алу, жасыру немесе базарға шығармай ұстау арқылы бағасын жоғарлатқаны үшін қатал жазалау қарастырылған еді. 1929 жылы 13 ақпанда БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алқалы мөжілісінде Голощекин астық дайындау ісінде өзіне жеке шешім қабылдау құкын беретін қаулы шығартты.

Астық пен ет дайындау мәжбүрлеу, жазалау және үрей туғызу арқылы жүргізілді. Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Мысалы, астық салығынан 2 жыл мерзімге босатуға жататын Түркістан облысындағы көшпелі мал шаруашылығы Талас және Созақ аудандарында астық даярлау жүргізілді. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты. Мәселен, Балқаш ауданында бар малдың басы 173 мың болса, етке өткізілуге тиіс малдың саны 300 мың болып белгіленді. Ауданның 3 жылда етке мал өткізу жоспары 160 мың бас малдан 1,5 млн бас малға, яғни 10 есеге дейін өсті. 1933 жылы 10—16 шілде күндері өткен БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алтыншы пленумында сөйлеген Х.Нұрмұхамедов мынадай деректер келтірді: «Менің бауырымның, яғни 12 жыл жалшы болған кісінің бір ғана сиыры болды. Егіншілікпен ешқашанда айналыспаған. Соған қарамастан оған 1930 жылы 5 пүт астық салығын салып, бұл астықты төлеу үшін соңғы сиырын және үйдегі мүліктерін сатуға мәжбүр болды. Өкінішке орай мұндай жағдайлар өте көп кездеседі». Сөйтіп, жергілікті жерлерде егіншілікпен айналыспағандарға астық, малы жоқтарға ет салығын салу кең өріс алды. Оны орындамаған жергілікті басшылар да, шаруалар да жазаға тартылды. Сол себепті ешкімнің ешкімді аямауы, әрқайсысы өз басын қорғау үшін жауапкершіліктен бас тарта отырып, басқаларды құрбандыққа шалу үйреншікті қалыпқа айналды.

Сталиндік-сібірлік тәсілді негізге алған Голощекин астық пен ет дайындау науқаны барысындағы қателіктерін кулактар мен байларға қарсы күрес желеуімен бүркемеледі. Азық-түлік дайындау науқаны шаруалардың шаруашылығына ғана емес, өз өмірлеріне де қауіп туғызды. Партия басшыларының қатыгез саясаты жергілікті жерлерде үрей отын шашты. Өйткені партияның арнайы және жергілікті өкілдері 107-баппен соттау, түрмеге камау әрекеттерін кең жүргізді. Ал 1932—1933 жылдары азық-түлік даярлау барысындағы жазалау шараларын қатаңдатқан, негізінен, ату жазасын белгілеген бірнеше құжат жарық көрді.

1932 жылғы 7 тамызда қабылданған «Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұжымдар мен кооперацияның мүлкін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы» заңы жазалаушылық әрекеттерді одан әрі өршіте түсті. Ол заң бойынша ату, немесе жазасын жеңілдетіп, мүмкін жағдайда мүлкін төркілеп 10 жылға түрмеге отырғызу жазасы белгіленген еді. Осылайша қанқұйлы саясат ұстаған басшылар қарапайым халық күйзелісін шегіне жеткізді. Алдымен мал, одан соң адамдар жаппай қырылды. Торғай облысында, мәселен 1931 жылғы 100 мың бас малдан 1933 жылы бар-жоғы 4 мыңы ғана қалды.

Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 1218 мың шаруа қожалықтары болған. Ұжымдастыру аякталған соң 1933 жылдың ортасында оның 628 мыңы ғана қалды.

Байлар мен кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлау мәселелеріне байланысты Өлкелік партия комитеті жанынан жасырын үштік құрылды. Үштіктің 1930 жылы 23 қаңтарда өткен алғашқы жасырын мәжілісінде жаппай ұжымдастыру болатын аудандардан кулак қожалықтарын жер аударуды екі бағытта жүргізу — Қазақстанның ішінде және Қазақстаннан тыс жерлерге жер аудару көзделді. Осы жұмысты ұйымдастыру үшін округтерде де оперативтік үштіктер құрылды. Олардың құрамына округтік партия комитеттерінің хатшылары, округтік атқару комитеттерінің төрағалары, ОГПУ-дің басшы қызметкерлері кірді. Оларға кулак отбасыларын есепке алуға 10-ақ күн уақыт берілді. Қысқасы, барлық жұмыстар шұғыл, асығыс және қатал түрде жүзеге асырылды.

Партия, кеңес және ОГПУ органдары және олар арандатқан шолақ белсенділер өз халқына қарсы аяусыз соғыс жариялады. Әсіресе Өлкелік партия комитеті жанынан құрылған бай-кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлаған, құрамында Құрамысов, Альшанский және Асылбеков бар комиссия ерекше белсенділік танытты. 1930 жылы ақпан айында байлар мен кулактардың қожалықтары жер аударылатын құла-дүз, жері құнарсыз тоғыз аудан белгіленді. Олар темір жолдардан, өнеркәсіп орындарынан, шекарадан әлдеқайда қашық, елсіз-сусыз, шөл және шөлейт, бұрын халық тұрмаган аймақтар болатын. Алғаш бұл аудандарға шамамен 24 мың бай-кулак қожалықтары жер аударылатын болып белгіленді. Жер аударылатындардың әрбір жаңа ауылы 50 үйден аспауға тиіс болды.

1932—1933 жылдардағы ашаршылық

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.

Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.

Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.

Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді:

«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».

Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы — большевиктік эксперименттің нәтижесі осы еді.

Ашаршылықтың көп аймақтарды қамтуы

Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды.

1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары Түркістан АКСР-і құрамындағы Сырдария және Жетісу губернияларын қоспағанда және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды

Азамат соғысынан кейінгі салғыртты салықпен алмастыру шаруалардың жағдайын жақсартпады. Керісінше, қатты қыстан жем-шөпсіз қалып, қолда бар малдары қырылып қалған олардың жағдай одан әрі ауырлай түсті. Оның үстіне көктем кезінде салынған егіске өнімнің шықпауы да диқаншылықпен айналысқандарды әбден күйзелтіп, сергелдеңге салды. Орынбор, Бөкей, Ақтөбе, Орал және Қостанай  губернияларындағы 1130 000 десятина егістік жердің  700 000 десятинасына егін шықпай, 60%-тен жоғары алқап  жаңбырдың болмауынан күйіп кетті. Қалған 430 000 десятина жерден тек 2½ млн пұт астық ғана алынды . Сөйтіп аталған губерниялар астықсыз қалды. Осы губерниялардың ішінде Ақтөбе губерниясының жағдайы нашарлап, аштардың қатары күннен-күнге көбейе түсті .

1921 жылдың 1 шілдесінде губерния ретінде құрылған Ақтөбе өңірі солтүстігі Орынбор қаласымен, ал оңтүстігі Арал теңізімен шектесіп, көлденеңінен 300 шақырымды, ал жалпы көлемі 209 450 шаршы шақырымды алып жатты. Осы территорияда мекендеген 536 445 адамның 67%-ін қазақтар, ал 32%-ін орыстар мен татарлар құрады. Губернияның оңтүстігіндегі қазақтардың басым көпшілігі жердің шөлді және шөлейтті болуына байланысты тек мал өсірумен шұғылданса, ал солтүстіктегі құнарлы жерлерге қоныстанған Украина шаруалары малмен, егіншілікпен айналысты. Өлкенің ең басты байлығы малдың терісі мен жүні болды. Дегенмен азамат соғысы тұсында басқа губернияларға қарағанда өлкеде астық өнімі мол болып, ашыққан Түркістанды нанмен, ұнмен қамтамасыз етіп отырған .

1920 ж. күзінде губернияның статистикалық бюросының ауыл-шаруашылығы санағының толық емес қорытындысы бойынша Ақтөбе губерниясында 46,849 шаруашылық болып, ондағы 237446 адамның 120655-ін  ерлер де, 116791-ін әйелер  құраған. Мал басына келсек, осы шаруашылықтарда 4 жастан  жоғары 74, ал 4 жасқа дейінгі 880 жұмысқа жарамды жылқы болса, 51857 жұмыс көлігі,  107580  сиыр, 119452 қой, 28869 шошқа өсіріп, 5547,5  десятина жерге қара бидай, 202075,62 десятинаға бидай, 35092,71 дес. арпа, 17492,44 дес. сұлы, 62717,78 дес. тары, 398,3 дес. қарасора мен зығыр, басқа да 4638,95 десятинаға астық түрлері, барлығын қосқанда  327968,30 десятинаға егін егілген еді .

Дегенмен 1920 жылы басталған жұт мал басының кемуіне, қазақ шаруашылығының күйреуіне алып келді. Мұрағат дерегіне сүйенсек, осы жұттан 1920 жылдың өзінде қазақтардың 65%-нің, ал орыстардың 45%-нің малдары қырылып, губернияның оңтүстігіндегі егіншілікпен айналысқандар астықсыз қалған. Жердің қарсыз болғанына қарамастан 1921 жылы 242  310 десятина жерге астық егілсе де, олардың 221 074 десятинасы қуаңшылықтан, шегірткенің жеп қоюынан жарамсыз болып қалған, ал қалған жерінен тек 198 685 пұт қана астық алынды.

Қазақстанда аштық пен жұт нышаны біліне бастаған тұста 1921 ж. 6 шілдеде Қазақ Орталық Атқару комитеті съездері Кеңесінің 2-ші сессиясы алқасында елдегі аштық пен жұттан  адам мен мал шығынының көбеюіне байланысты көшпелі және жартылай көшпелі қазақ тұрғындарына ет, тері, жүн және майға салықты жой турасында шешім қабылдады. Сөйтіп көшпенді шаруаларға қолдарында бар артық тері, жүн мен малдарды еркін түрде сатуға мүмкіндік берілді.

Губернияны жайлаған аштықты ауыздықтау Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің мәжілістерінің негізгі мәселеге айналды. Мәселен, 13 шілдеде Беркімбаевтың төрағалығымен өткен мәжіліс барысында кооператив ашу арқылы ашыққан тұрғындарға азық-түлік даярлау мәселесі көтеріліп, құрамында Ақтөбе губерниялық қоғамдық бөлімінің меңгерушісі Қамбаров, губерниялық атқару комитетінің мүшесі Құлымбетов және Қырғыз (қазақ) халық азық-түлік комиссариатының өкілі Владычкин бар комиссия құрылып, оларға губернияның жалпы жағдай туралы барлық статистикалық материалдарды жинақтап, тез арада кооператив құру арқылы ашыққандарға көмек көрсету қажеттігін тапсырылды. Ал 14 шілдеде болған мәжілісте Түркістан республикасына нан мен астық сатып алу үшін ұйымдарға рұқсат қағазын беру және дайындалған астықты ашыққандарға тарату үшін кооперативтік бірлестіктерге беру мәселесі қарастырылып, осы іс-шараларды жүзеге асыру бірден қолға алынды. Өкінішке орай аштар тарапынан азық-түлік таратушылардың қолындағы тамақты тартып алуға әрекет жасау фактілері белең бере бастады. Мәселен 15 шілдеде ашыққандар Ақбұлақта, 18 шілдеде Темірде, 19 шілдеде Ақтөбеде азық-түлік таратушыларға шабуылдаған және қоймаларды тонаған. Ашыққандар тамақ жоқтығынан саршұнақты ұстап жеу, шөппен немесе өлген малдың өлексесімен қоректенген.

1921 жылдың 21 шілдесінде губерниялық атқару комитетінде өткен мәжіліс барысында І-ші Ақтөбе губерниялық съезінің қаулысына орай ашыққандарға көмек көрсету комиссиясын құру мәселесі қаралып, құрамында губерниялық атқару комитетінің төрағасы, губерниялық азық-түлік комиссары және саяси бюро меңгерушісі бар үштік комиссия құрылды [10]. Дегенмен бұл комиссияның ұйымдастыру жұмыстары алғашқы кездерде өте әлсіз болды. Оның үстіне аштықпен қарсы күреске елдегі қарақшылық топтар үлкен кедергі келтірді. Олармен күресуге милицияның қауқары жетпеді және оларға халық үлкен сенімсіздікпен қарағандықтан көмек қолын соза қоймады. болатын.

Аштықпен күресуде Ақтөбе губерниялық атқару комитеті мен оның төралқасы жанынан 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында 10 комиссия құрылды. Аштарға көмек көрсету комиссиясынан (2-шілдеде құрылған) басқа халықты қоныстандыру және орналастыру жөніндегі комиссия 2-шілдеде құрылып, оның құрамына губерниялық егіншілік бөлімінің меңгерушілері еніп, төрағалығын Назаров атқарды. Жұқпалы ауруларға (эпидемия) қарсы күрес жүргізу комиссиясы 5 шілдеде құрылып, оның төрағалығы Н. Бондаренкоға жүктелді. Бұл комиссияның соңынан іле-шала 12 шілдеде қосымша сүзек жұқпалы аурумен күресу комиссиясы құрылып, құрамына губерниялық саяси бюро меңгерушісі және аудандардың өкілі Попов, губерниялық денсаулық сақтау бөлімінен Клоченко, әскери дәрігер Суслов енді. Ал 13 шілдеде құрылған азық-түлік даярлау комиссиясына губерниялық одақ меңгерушісі Қамбаров, губатқару комитетінің мүшесі Ұ. Құлымбетов және қазақ азық-түлік халық комиссариатынан Владычкин мүше болды. 

Орынбор губерниясынан мүліктей және ақшалай қаражат қабылдау комиссиясының құрамына губерниялық әлеуметтік  қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі Ұ. Құлымбетов, губерниялық финанстық бөлімнің меңгерушісі Ларионов, губерниялық одақтан Панченко, губерниялық азық-түлік комиссариатынан Ющенко және Халық шаруашылығы кеңесінен бір өкіл енді.

16 шілдеде құрылған балалардың жағдайы мен өмірін жақсарту комиссиясының құрамында губерниялық халықты қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі К. Арынғазиев, губерниялық  азық-түлік комиссариатынан Соловьев, денсаулық бөлімінен Попов, губерниялық жұмысшы, шаруа бөлімінің меңгерушісі Киленко, құқық қорғау бөлімшесінен Афанасьев болды.

Артын ала әкімшілік комиссиясы (3 тамыз), станция бойларында жиналып қалған  жолаушыларды түсіру, тарату, орналастыру комиссиясы (10 қараша), рақымшылық жасауды (амнистия) іске асыру комиссиясы (18 қараша), сонымен қатар кеңестерді сайлау бойынша губерниялық сайлау комиссиясы (13 желтоқсан) құрылды.  Бұл комиссиялардың міндеттері айқындалып, атқарған жұмыстары жөнінде апта сайын, ай сайын губерниялық атқару комитетіне ақпар беріп тұру жүктелінді. 

Елдің жағдайы төтенше ашком мәжілістерінде ашық түрде айтылып, алда істелінетін іс-шаралар мәселесі нақты қарала бастады. Тез арада ашыққандар үшін тамақтандыру пункттерін ашу, аштыққа ұшырамаған губерниялардан жылу сұрау, халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, Түркістаннан нан сатып алуға рұқсат ету, күйсіз, үйсіз қалған балаларға арналған балалар үйін көбейту, салық сияқты мәселелер қаралды.

Губернияның уездік атқару комитеттері аштық басталысымен-ақ оған ұшырағандарға көмек көрсету мақсатында уездік комиссия құрып, ауылды жерлерге мүшелерін аттандырып, мән-жайды анықтап, ашыққандарға азық-түліктей және киім-кешектей көмек көрсету ісіне белсене кірісті.

Жаз айының басында аштықтың губернияда меңдеп кеткені сонша Ақтөбе стансасында қол жайып, қайыр тілеген ересектер мен үй-күйсіз балалардың қатары көбейіп кеткен. Оның үстіне Ақтөбе губерниясындағы жұмысшылар мен орыс шаруаларының да жағдайлары күннен-күнге төмендеп, өз мекен-жайларын тастап, астықты Украина, Түркістан Республикасына қарай боса бастады.

28 шілдеде Қазақ ОАК Төралқасында болған жиылыс барысында азық-түліктің жетіспеуіне байланысты Түркістан республикасына экспедиция ұйымдастыру арқылы тауарға астық айырбастап әкелуге рұқсат етілді. Сонымен қатар жеке кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдеріне өз бетімен  Түркреспубликасына баруға тыйым салынып, азық-түлік айырбастап әкеліге баратын экспедиция жұмысы қатаң бақылауға  алынатыны ескертілді.

Осы жылдың 1 тамызынан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары ресми түрде аштыққа ұшыраған аудандардың қатарына жатқызылды. Ақтөбе губерниясынан Ақтөбе, Ақбұлақ, Можар, Темір, Ырғыз, Шалқар, Ойыл, Қарабұтақ уездері аштыққа ұрынды.

1921 жылдың 5 тамыздағы ҚКСР Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Ақтөбе өңірі ашыққан губерния қатарына жатқызып, РКФСР ХКК-не хабарлау мәселесін көтерді. Осы күні Ақтөбе және Орынбор губерниялық атқару комитетінің 1921 жылы азық-түлік салығынан босату туралы қаулысы қаралды және губернияларды Ресейдің ашыққан Повольже губерниясымен теңестіру мәселесін ХҚК-не қою жөнінде шешімі қабылданды.

Губернияда ашыққандар мен сүзек, тырысқақ, оба, іш ауруы сияқты жұқпалы аурулармен ауырғандардың қатары жаз айында көбейіп, өлгендердің саны арта түсті.  Сонымен қатар халық арасында ауру жаппай тарай бастады. Осыған орай губернияның барлық аудандарында тамыз айында жұқпалы аурулармен күресу жолында аудандық атқару комитеті жанынан төтенше санитарлық үштік құрылып, олар арнайы ауруханалар, барактар құру ісімен, аурулады орналастыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен айналысты. Мәселен, 46110 адамы бар Ырғызда тырысқақ ауруымен ауырғандарға 100 адамдық барак ашылып, Ырғыз қазынасының жеке қорынан 1000000 сом ақша бөлінген. Дегенмен, қажетті дәрі-дәрмектің жетіспеуінен уезде тырысқақ ауруынан 78 адамның қайтыс болғаны тіркелді. Құрамында уездік атқару комитетінің төрағасы, Басқарма комитетінің 1 өкілі,  уездік комитеттен –1, комсомол жастар одағынан – 1, Кәсіподақ комитетінен –1, барлығы 5 адам мүшесі бар Ырғыз уезіндегі аштарға көмек көрсету төтенше уездік комиссиясы болыстық жерлерде құрылған аштар комиссиясымен бірлесе ашыққандарға, ауарғандарға көмек көрсетуді негізгі міндетіне алып, өз күштерімен тамақтандыру және дәргерлік пункттерін ашуға тырысты. Тамақтандыру пункттерін өзен бойларына ашып, өзеннен аулаған балықпен қамтамасыз етуге тырысты. Мәселен, аудандағы Жаланкөл, Сүркөл, Қожакөл өзендерінің бойында тамақтандыру пункттері ашылып, аталған үш өзеннің балығымен 300 адам тамақтандырылған. Ашкомның қаражатына балық аулайтын аулар сатып алынып, күніне 15 пұттан жоғары балық ауланған.

Дегенмен Ырғыз уезіндегі (уезд бойынша халықтың саны 46110 адам) 2110 ауқатты тұрғындар көктем шығысымен Қазалы және Перовскі уездеріне үдере көшті және көшу үдерісі жалғаса түскен. Уезде аш, малынан айырылған кедейлер ғана қалды. Осыған орай Ырғыз ауданында жергілікті аштықпен күресу кооперативтері құрылып, Ырғыз қазына қорынан ашыққандарға нан сатып алу үшін сол кооперативтерге 20000000 рубль ақша бөлінді. Сонымен бірге 18-20 тамызда Хиуаға нанға айырбастау үшін 200 түйеге  тауар тиеп жіберу  жоспарланды

Үдере көшкен ауқаттыларды ауданға кері қайтару барысы қолға алынды. Нәтижесінде ішінара қақтығыстар да туындап, адам өліміне алып келген. Осындай бір операция кезінде бір милиционер мен көшкіндерден үш адам өліп, жеті адам жарақаттанған.

Аштарға деп берілген азық-түлік дұрыс бөлінбеді, әрі жетпеді. Оның үстіне  губернияның есебі бойынша егістіктен алған 198 685 пұт астық қыркүйек айына дейін ғана жетіп, жергілікті тұрғындардың 30%-нің қолында ғана болмашы астығы болса, ал 70%-і мүлдем астықсыз қалған. 

Губерния уездерінде тұратын 2/3 орыс шаруалары астық шықпауынан алдағы қыстан қорқып, үдере көшуімен, қазақ шаруаларының да отбасымен тамақ іздеп қаңғып кетуінен кей болыстар қаңырап бос қалды. Бірінші дүниежүзі соғысы кезінде тұтқынға түскен, Ақтөбе уезіне қарасты Георевский, Новоросиийский, Астрахан болыстықтарында тұратын герман-австрия әскерлері аштықтан жағдайларының ауырлауына байланысты көршілес уездерге қарай көшуі толқыны басталды [21]. Оның үстіне губернияда қарақшылық әрекеттер бой алып, шаруалардың қолында бар малдарын тартып алып кету жиіледі. Осыған орай 21 тамызда губерния уездерінің атқару комиеттері төрағалары қатысқан съезде тез арада  үдере көшкендерді тоқтату, оларға арнап асханалар ашу, қаңырап қалған болыстардың мөрі мен істерін ауданға қайтару, қарақшылыққа қарсы күрес жүргізу қажеттігі жөнінде шешім қабылданды және оны орындау үшін әр уезге уәкілдер жіберілді.

Үкімет тарапынан салынған тыйымға қарамастан Латвияның Лифляндия, Курляндия және Двина, Режецск, Витевск губернияларынан Орынбор, Ақтөбе губернияларына қарай эшолондар арқылы босып келе жатқаны шаруалардың легі де байқалды [23].

Тамақ іздеп республикадан тысқары аймақтарға босқандардың жағдайы да күннен күнге ауырлай түсті. Қол жайып, қайыр тілеген ауыл балалары Ақтөбе қаласында үйреншікті көрініске айналды. Аштан қырылған сәбилердің мүрделері далада, қала көшелерінде шашылып жатты. Губернияда панасыз қалған балалардың қатары күннен-күнге көбеюіне байланысты 11 тамызда Ақтөбе губерниялық комитеті жанындағы балалардың өмірі мен тұрмыстық жағдайын жақсарту комиссиясының мәжілісі өтіп, ата-анасыз қалған балаларға арнап паналау үйін ашу, Ақтөбе станциясында босқын балаларға арналған тамақтандыру пунктін және сол пункттің жанынан 500 баланы уақытша паналата алатын жатақханалар ашу жөнінде қаулы қабылданды. Сонымен қатар губернияның Азық-түлік комиссариатына ашылатын балалар үйіне қажетті 18000 құрғақ тамақпен қамтамасыз ету мәселесін ұсыну көтерілді.

Қуаңшылықтан астықтың шықпауына байланысты азық-түлік салығын төлеуге кедей шаруалардың шамалары келмеді. Осыған орай РКФСР БОАК-нің 1921 жылғы 18 тамызындағы жарлығымен Орынбор, Орал, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларының шаруалары азық-түлік салығынан босатылып, тек дәулетті адамдардан салық жиналды.

Қуаншылыққа ұшыраған губернияларындағы жайлымдар мен пішенді шөптердің түбірімен күюінен мал басының күрт төмендеп кетті. 1922 ж. 1 қаңтардағы келтірілген мәлімет бойынша, Ақтөбе губерниясында соғысқа дейінгі уақытпен салыстырғанда жылқыдан – 23 %, ірі қара мал (сиыр) – 32 %, түйеден – 31 %, қой мен басқадай ұсақ малдардан – 6,2 % қана қалған.

Аштықты ауыздықтауда 1921 жылдың қыркүйегінен бастап губерниялық ашком жергілікті тұрғындардан қаражат іздестіру негізінде  саудагерлерге салық салу және сахналық қойылымнан түскен пайданың 20 %-ін алу, халықтан жылу жинау, сонымен бірге етке салықты жою қолға алды және Орталық комитеттің 25 тамыздағы жеделхатына сәйкес 1922 жылғы егіске қажетті тұқым жинау мақсатында 5 қыркүйекте Ақмола және Жетісу губернияларына арнайы экспедиция ұйымдастырды.

Қыстың ерте түсуі, әрі азық-түліктің тамақтандыру пункттері мен асханаларға дер кезінде жеткізілмеуінен аштардың көпшілігі ыстық тамақпен қамтамасыз етілмей қалған жәйттер жиіледі. 1921 ж. 10 қазанында Ақтөбе губерниялық атқару комитетіне Ақтөбе уездік атқару комитетінің төрағасы Сартаевтан мәлімдеме түсіп, онда суықтың түсуінен Ақтөбе стансасында топталып қалған қоныстанушылардың жағдайларының аса ауыр екендігін жеткізе отырып: «Менің тексеруім бойынша, Ақтөбе стансасында әртүрлі губерниялар мен уездерден келген ашыққандардың саны 200 мың жанға жетіп, далада ешқандай да жүксіз, қаражатсыз қалуда. Асханадан тек жас балаларға ғана түстік берілуде, ал ересектер тағдыр тәлкегіне қалуда. Ашыққандар өздерін Жетісу өлкесінің оңтүстігіне жіберуді немесе азық-түліктей көмек беруді сұрайды. Аудандық атқару комитетінің қарамағында ақша да, нан да жоқ, сонымен бірге аудандық атқару комитеті баракка айналды. Таңертеңнен кешке дейін 500-дей аштар табалдырығын тоздыруда. Ешқандай да көмек ала алмаған аштарды өлім күтіп тұр», - деп тез арада шара қолданбаса, стансада аштан өлгендердердің мүрделеріннен аяқ алып жүре алмай қалу мүмкіндігін ескертті.

Оның бұл мәлімдемесін сол күні губерниялық атқару комитеті мүшелері  мен оның бөлімдерінің меңгерушілері қатысқан мәжілісте Попович те растап,  вокзал маңына 200 мыңдай аш, жалаңаш адамдар жиналып өлгендердің қатары көбейіп бара жатқанын жеткізді. Осыған орай мәжіліс қаңғыған аштарды үйлерге орналастыру және тез арада азықтай көмек көрсету, ауруларға дәрігер жіберіп, ауруханаларға орналастыру жөнінде қаулы қабылданды.

15  қазанда Аштарға көмек көрсету комиссиясы қолда бар қаржыны бөлу, тамақтандыру пункттер мен балалар үйін ашу және олардың жағдайларын жақсарту мәселелерін қолға алып, станцияларда жиналып қалған қоныстанушыларды  қайтаруда теміржолдарда тәртіп орнату, 21 қазанға дейін 150 адамды қондыра алатын арнайы жатын орындар даярлауды және Ақбұлақ стациясында Ойылдан Ақтөбе станциясында Темір, Қарабұтақ, Шалқар, Ырғыздан келгендер үшін және Ембіде аштарға арнап тамақтандыратын  асханалар ашу, балалар үйіндегі барлық ауру балаларды арнайы жай даярлау және отынмен қамтамасыз ету, 315 миллион ақшаның 200 млн. Түркістаннан астық сатып әкелуге, Можарскийге 90 млн., Ақбұлаққа 15 млн., Шалқарға 10  млн., Ырғызға 10 млн., Қарабұтаққа 5 млн., Ойылға 20 млн., Темірге 20 млн., Ақтөбеге 15 млн. бөліп беруді қолға алды.

Аштықтың күшейе түсуі мен қажетті азық-түлікті тиімді бағаға сатып алу қиындығына байланысты жергілікті және шеттен келген алыпсатарлар аудан халқы арасында «барлық азық-түлік тауарлары мен аудандағы бар ірі қара мал ашыққандар үшін алынып, таратылып беріледі» деген қауесет таратып, соның нәтижесінде шаруалар малдарын сатып, соя бастаған. Мұндай жағдай Можарский уезінде орын алып, осыған орай уездік атқару комитеті уезге қарасты болыстық, ауылдық, селолық аштарға көмек комиссиясы мен аудандық, болыстық атқару комитеттеріне және селолық, ауылдық кеңестердің арандатушылық әрекеттер бой алуына байланысты тыныштық сақтап, түрлі қауесет таратып жүрген ішкі жауларға қарсы бірлесе күресіп, оларды ұстауға көмек көрсетуге шақырған бұйрығы жарияланды.

Темір уездік атқару комитетінің төрағасы Темірбековтің Ақтөбе губерниялық атқару комитетіне 17 қазанда жіберген апталық мәлімдемесінде күн сайын уезге келуші ашыққандардың легі ұлғайып, азық-түлік жетіспегендіктен басқа өңірге қарай көшу үдерісі бел алғандығын жазған. Оның көрсетуінше, ашыққандар уезд орталығы Темірге қарай ағылып, асханаларды жағалаған. Қала асханасы күніне 500-дей ғана аштарды тамақтандыруға шамасы келді. Балалар үйі нанмен қамтамасыз етілмей, өлім аузында жатқандар көбейді. Сонымен бірге уезде азық-түлік бөлу барысында қазақтар мен орыстар арасында жанжал туындаған.

1921 ж. 20 қазанынан астап Ақтөбе губерниялық атқару комитеті ашыққандарға көмек апталығын жариялады.

Түскен мәліметтерге қарағанда 1 қарашаға дейін губернияда 12 жасқа дейінгі 125 322 бала мен 44 733 оқушылардың 87 725-і тамаққа зәрі болса, 350 682 ересек жұмыскерлер мен жұмысқа жарамсыз 50 019 қариялардың 286 490-ы ашыққан. Жалпы губернияда ашыққан 374 215 адамның 178 226-ын ерлер, 195989-ын әйелдер құраған. Ұлттық құрамға бөлсек, 280 946 қазақтар, 93269 орыс, украиндар ашыққан. Ал 12 қарашада БОАК-нің Аштарға көмек Орталық комиссиясына Ақтөбе губерниялық комитетінің төрағасы М. Ряховтан түскен ақпарда да губернияның 536 445 адамның 374 215-і ашығып (олардың 87 725-і балалар, 286 490-ы ересектер), көпшілігі өсімдік тамырлары, аққу етін талғажау еткендігі айтылды. Оның көрсетуінше, аштыққа әсіресе қолдарындағы күнкөріс болып отырған малдарынан айырылған қазақтар ұшыраған.

Губерниядағы қиыншылықтарға, қаражаттың жоқтығына қарамастан аштарға көмек комитеті қолда бар мүмкіндігімен ашыққандарға арнап тамақтандыру орындарын көбейтуге тырысты. Қалада ашылған 13 асхана бір күні 4300 дейін аштарды тамақтандыра алды. Тұрғындарды азық-түлікпен ішкі түрде қамтамасыз ету мақсатында етке, нанға және тауар қорын құру үшін шикізатқа арналған салық салынды. Ақтөбе өңірінен жинақтап алынған 100 000 пұт тұзды астыққа айырбастау мәселесі де қолға алынды.

Қазақ ОАК-нің төтенше аштарға көмек беру комитеті губернияға 1981 (10 қарашаға дейін) пұт қара бидай мен 315 миллион (14 қазанға дейін) ақша бергізді. Дегенмен губерниялық ашком 1. Тұрғылықты халықтың қолмен алған тұзын астықты губернияларға тауарға айырбастау; 2. Түркістан ОАК-гі Аштарға көмек Орталық комитетінің көмегі арқылы Түркістанда дайындалған астықты әкелу үшін тез арада вагондарды даярлау; 3. Тез арада айырбас үшін мал мен шикізатты Түркістан мен басқа астықты губернияларға жіберуге вагондарды даярлау; 4. Балалар үйі 300%-ке толып кеткені үшін және оларды тамақтай, киімдей, отандай қамтамасыз ете алмағандықтан астықты губернияларға ашыққан балаларды жіберуге маршруттық поездарды даярлау; 5. Станса маңайында Ақтөбе губерниясы мен Повольжеден келген 4839 аштардың топтасып, ашығып өлуінен олардың өліктерін жинауға мүмкіндік болмай тұрғандығынан тамақтандыру пункттеріне азық жіберу; 6. Ашыққандардың бәрін аштар тізіміне енгізу; 7. Ақтөбе губерниясына деп жіберілген барлық азық-түлік жүктерін Орынбор мен Орынбор губерниясына жіберуді тоқтату мәселелерін көтеріп, көшірмесі Аштарға көмек беру Орталық комиссиясына және РКФСР Халкомының жанындағы Қазақ өкілеттілігіне жіберді.

Балалар үйінің жағдайы аса ауыр болды. Ақтөбе губерниялық денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісі атына Романов балалар үйінен түскен мәлімдемеде суықтан, аштықтан балалардың арасында өлімнің көбейіп, үш аптаның ішінде 108 бала аштықтан және жұқпалы аурудан әлсіреп өлгендігі айтылды. Балаларға тек бір уақыт қана ыстық тамақ берілген. Оның өзі құнарсыз болғандықтан, әрі беріліп жатқан нанның сапасыз болуы балалардың әлсіреуіне және жұқпалы ауруды тез қабылдауына алып келген. Сонымен қатар балалар үйінің қызметкерлерінің арасынан 15 адам сүзек ауруын жұқтыртқан

Ақтөбе губерниялық аштарға көмек комиссиясы төрағасының орынбасары Беркімбаевтың берген есебінше, 1921 жылдың 1 тамызына дейін Түркістан республикасына 12177, ал Украинаға 4219 аш балалар көшірілген екен. Ал 1 тамыз бен 20 қараша аралығына дейін Түркістан республикасына 4254 қазақтар, Ресейге 3845 орыс, Польшаға 1348 поляк, Литваға 18 латыш, Австрия мен Германияға 38 әскери тұтқындар, барлығы 9293 адам көшірілген.

Ел басына түскен қиындықты ауыздықтауға губерниялық аштар комиссиясы губерниялық атқару комитетінен 64 000 000 сом ақша алып, тауар айырбастау қорын құрды. Соның нәтижесінде қорға тұрмысқа аса қажетті 128 282 арш. мануфактура, 25 жәшік сіріңке, 150 пұт сабын, 12 жіп, 145 дана шелек, 45 дана леген, 200 дана бірінші санаттағы тері, және 5000 тері өнімі алынды. Осы қор тауарларын ашыққандарға үлестіру мақсатында құрамында ашком, губерниялық одақ және шаруалардан өкілдері бар губерниялық экспедиция құрылды. Ашком жергілікті халыққа өз араларынан қаражаттарына астық дайындауға қатысты қор құруды ұсынды. Нәтижесінде бұл қорлардан есепке дейінгі аралықта 16 973 пұт астық жинап, оның 8 957-ін губерниялық ашком қорына берген.

Кейбір уездердің ашкөмі қаражат пен азық-түліктің жетіспеуінен көрші губернияларға көмек сұрап жүгінуге мәжбүр болды. Мәселен, Орынбордағы аштарға көмек беру комиссиясы төрағасының орынбасары Сергеевтен Ақтөбе губерниялық ашкомына Ақбұлақ уезінің (ауданы) өкілі Канауылов уездің ауыр жағдайын айтып арызданып келгендігі, егер уезді өздіктерінен қамтамасыз ете алмаса, Орынбор губерниялық ашкомы қосып алуға әзір екендігін айтқан жеделхат түскен.

Қазақ өлкелік атқару комитетінің шешіміне сәйкес әр губернияда берілетін құрғақ азық-түлік мөлшері белгіленді. Ақтөбе губерниясы атқару комитетінің 14 қарашадағы нұсқауы бойынша 1921-1922 жж. губерниядағы контенттерге азық-түлік түрліше мөлшерде бөлінген. Мәселен, губерниялық Халық шаруашылық кеңесі кәсіпорнына тамақ мөлшері – 635 фунт, ұн мөлшері – 90, ет мөлшері – 5, май мөлшері – 1 фунттан, қаржы бөліміне кәсіпорнына тамақ мөлшері – 43 фунт, ұн мөлшері – 60, ет мөлшері – 5, май мөлшері – 1 фунттан, ауруларға тамақ мөлшері – 385 фунт, ұн мөлшері – 25, ет мөлшері – 8, май мөлшері – 1½, жарма – 6 фунттан берілсе, ал ашыққандарға тамақ мөлшері – 2000 фунт, ұн мөлшері – 7, жармадан – 4 фунттан беріліпті. Әр мекемеге берілетін тамақ мөлшері қызметкерлеріне қарай бөлінсе керек.

Елді жайлаған ашаршылықтың әсері мал ұрлығы, тонаушылық, жеке қарулы қақтығыстарды тудырды. Топтасқан қарақшы топтар бар болса шаруаның жалғыз малын немесе ашкөмнен берілген құрғақ азығын тартып алумен айналысты. Ашығып отырған қарапайым шаруаның оларға қарсы шығуынажәне үкімет орнына шағымдануына дәрмені жетпеді. Осы жағдайға сәйкес 22 қарашада Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің аудандарда белең алған қарақшылық (бандиттік) әрекеттерге қарсы күрес жүргізу жөніндегі бұйрығы жарық көріп, бұл мәселе барлық аудандарды милиция мен қылмыстық істер бөлімінің қатаң бақылауына алынып, қарақшылық әрекеттерге барғандар ұсталып, заң жүзінде жазаланатын болды.

Аштық алқымдап, өлім-жітім көбейген кезде губернияға шетелдік ұйымдар көмек қолын созды. АРА ұйымы (Американская Администрация помощи (АРП) немесе АРА), Нансен комитеті, халықаралық Қызыл Ай, әртүрлі діни миссиялар, Еуропалық Джойнт комитеті және т.б. гуманитарлық бағытта біршама іс-шараларды жүзеге асырды. Негізінде АРА ұйымы ашыққандарға көмек көрсету туралы Ресеймен жасалған келісім бойынша іске кіріскен болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет