Үшінші ашаршылық – 1929-1933 жыл. Оның себебі – Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, сондай-ақ көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын тіршілік көзінен айырып, жаппай және күшпен отырықшыландыру науқаны. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл жылдары 2,4 миллион адам аштықтан қырылған. 1930-1931 жыл аралығында 1 миллион 70 мың адам Қытай, Иран және Ауғанға қоныс аударған. Оның 414 мыңы кейін елге оралған.
1921-1922 жылы Қазақстанда не болды? Қанша адам қырылды?