Жаңа туған нәрестелерде мұрын қуысы өте тар, қуыс түбі ересектерде қарағанда төмен орналасады. Төменгі мұрын жолы дамымаған, жоғарғысы нашар дамыған, ортаңғысы жақсырақ дамыған. Барлық мұрын жолдарының дамуы 14-15 жасқа қарай аяқталады. Мұрын аймағындағы қуыстар бітелген күйде болады. Торлы сүйек қуысы 2 жасқа қарай дамыса, маңдай және сынатәрізді қуыстар жаңа туған нәрестелерде болмайды, олар 1-2 жас аралығында пайда болады, жоғарға жақсүйек қуысы нашар дамыған, 9 жасқа қарай жақсы дамиды. Сондықтан жас балаларда фронтит, гайморит аурулары болмайды.
Мұрын қуысының шырышты қабықшасының құрылысы (схема) Мұрын қуысының респираторлық бөлімінің эпителийі Нейросенсорлы жасушалар