3.Тыныс алу жүйесі түрлері.
Жоғарғы тыныс алу: мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы.
Төменгі тыныс алу: көмей, кеңірдек, бронхы.
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі
: Мұрын
: Көмей
: Кеңірдек
: Өкпе
Өкпе құрылысы: 1-оң жақ өкпенің төменгі бөлігі, 2-оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі, 3-оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі, 4-айыр без, 5-кеңірдек, 6-қалқанша шеміршек, 7-тіл асты сүйегі, 8-көмей сіңірі, 9-жүзік тәрізді желбезек, 10-париетальды өкпеқап, 11-сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігі, 12-сол жақ өкпенің төменгі бөлігі, 13-кішкене тіл, 14-жүрек ойығы, 15- үлпершекпен жабылған жүрек
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері болады.
Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді:
ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары – мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхлар.
түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;
Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:
Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпител қабықпен және көп қан тамырлары мен жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене температурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады (фагоцитоз), қорытудан артылған шаң-тозаңдар эпителий түктері (кірпікшелер) арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.
жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |