СөЖ. Тақырыбы: Тыныс алу және оның жас ерекшеліктері. Орындаған: Алихожа Н. Рысбек Е



бет3/3
Дата04.04.2023
өлшемі131,27 Kb.
#173733
1   2   3
Байланысты:
ннн ррр

Көмей қызметі


Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршек тұрады. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді.

Кеңірдек және бронхылар қызметі



Бронхиола мен альвеола

Кеңірдек және бронхы ағашы
Кеңірдек ңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның қандай қозғалысы болмасын ауаны ұстап қалмайды Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде омыртқасы түсында кеңірдек екі бронхыға бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ұштарындағы жіңішке тармақтары – бронхиолалар өкпе көпіршіктері – альвеолалармен аяқталады.

Бронхиолалар өкпе көпіршіктері – альвеолалармен аяқталады.


Өкпенің қызметі


: Қан тамырлары
: Артерия қантамырлары

Қанның өкпе альвеолаларында ауамен қанығу процессі

Альвеолалардағы газ алмасу
Кіші қан айналымы арқылы өкпеге веналық (көк) қан түседі, бұл жерде оттегімен қанығып, көмір қышқыл газынан ажыратылып, алқызыл түсті артериялық айналады. Көмір қышқыл газы өкпе көпіршіктері (альвеолаға) өтіп, дем шығару кезінде ағзадан шығады. Артериялық қан ары қарай үлкен қан арқылы дене мүшелеріне өтіп, олардың жасушаларын ауамен қамтиды, оны тұтыну барысында жасушалардан көмір қышқыл газы бөлініп шығып, қан қайтадан веналық (көк) болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Краткая медицинская энциклопедия, 1-том. Москва – 1990.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет