ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі
(1856-1960 жж.) Бұл кезеңде ғылыми басқару бір жүйеге келтіріліп, басқару мектептері, концепциялары қалыптасты. Ғылыми басқару концепциясы, негізін салушы Ф. Тейлор, оның еңбектері «Ғылыми менеджмент ұстанымдары» (1911), «Фабриканы басқару» (1903). Ол менеджментті нақты заңдары мен ережелері, принциптері, жоспарлауы бар ғылым ретінде қарастырды. Ф. Тейлор еңбектерінің құндылығы сол оның теориясы бойынша өнеркəсіпті кеңейту, жұмысшылардың еңбегін ынталандыруды жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру. Ф. Тейлор жəне оның қолдаушылары еңбек операцияларына талдау жасай отырып, оны жетілдірудің түрлі əдістерінің негізін қалады. Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915 жж) - американдық инженер, менеджмент пен еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негізін қалаушы, еңбекті ғылыми басқару жүйесі кейіннен Тейлоризм деп аталды. Ф. У. Тейлордың айтуы бойынша: ғылыми басқарудың басты идеясы- əр адамның іс əрекеті ғылыми негізде құрылуы керек, соған сай əр қызметкерді қажетті дағдыларды меңгерту үшін оқыту керектігін айта отырып, ғылыми басқарудың келесі принциптерін ұсынады: орындалған əрбір жұмыс ғылыми тұрғыдан талданса, ондай жұмысты орындаудың ең озық əдісі анықталатын болады;кез келген жұмысты орындау үшін кəсіби маман керек, ол үшін қызметкерлердің білімін көтеру керек; қызметкер еңбегін ынталандыру арқылы еңбек өнімділігінің артуына, шығармашылықпен еңбек етуге, еңбекке деген құлшынысты, белсенділікті туғызуға жағдай жасалады; менеджерлер жеке адамдармен серіктес болғанда ғана жұмыс ғылыми негізде орындалады; менеджерлер мен қызметкерлердің жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Менеджер жұмыстың күрделі түрін орындайды: жоспарлау жəне бақылау, ал белгіленген мақсаттың жүзеге асуын қызметкерлер орындайтын болады. Тейлор өз жүйесінің мəнін білім арқылы басқару, еңбектегі үйлесімділік, серіктестік, əр жұмысшының жағдайын жасау екендігін жəне өнеркəсіптегі билікті сол сала бойынша маманданған адам (менеджер) жүзеге асыру керектігін айтты.
Классикалық- əкімшілік басқару концепциясы, ұйымды басқарудың
жалпы мəселелері мен принциптерін жасауға бағытталды. Оның көрнекті
өкілі «ғылыми менеджменттің атасы» Анри Файоль (1841 - 1925 жж.) —
француздың тау-кен инженері, менеджмент теоретигі. Файоль теориясы
бойынша басқару жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау функцияларынан
тұратын үрдіс. Сондай-ақ ол басқарудың 14 принципін ұсынды: еңбекті
бөлу, билік жəне жауапкершілік; бір басшылықтың болуы; тəртіптілік,
марапаттау; басқарудың орталықтан жүргізілу; иерархия, тəртіп; əрекет
бірлігі; ұйым қызығушылықтарын жоғары қою; əділеттілік; жұмысшылардың
тұрақтылығы; инициатива; корпоротивті рух; жұмысшылардың бірлігі,
татулығы, үйлесімділік, күштің бірлігі. Г. Эмерсон «Өнімділіктің он екі
принципі» (1911) атты еңбегінде өнеркəсіпті басқарудың принциптерін
құрастырып, ұсынады. Оның көзқарасы бойынша еңбек игілікті болуы керек.
Адамдық қатынастар концепциясы, адам ресурстарын көтеру,
адамды ынталандыру, топтың жеке адамға ықпалы, əлеуметтік əсер етуге
негізделеді. Джордж Элтон Мэйо ( 1880-1949) —американдық психолог,
өнеркəсіп басқаруды зерттеуші, менеджменттегі «адамдық қатынастар
мектебінің» негізін салушы. Мэйо концепциясының негізгі қағидалары:
топтық тəртіпке бағытталу, бағыныштылық пен бюрократиялық ұйымдастыру адамның табиғаты мен оның еркіндігімен үйлеспейді, басшылар өнімдерге емес, адамдарға назар аударуы керек. Э.Майо өнеркəсіптегі əлеуметтік құрылым мəнін анықтап берді. Американдық психолог, ізгілендіру психологиясының негізін салушы Абрахам Маслоу (1908-1970ж) қажеттілік пирамидасы моделін ұсынды. А. Маслоу тұжырымдамасы бойынша адам əрекетіне ықпал ететін оның қажеттіліктері дейді, яғни еңбек өнімділігі жұмысшының жалақысын көтеруден емес, оған деген басшылықтың, əріптестердің, жалпы ұжымның қарым-қатынасынан артады.
Достарыңызбен бөлісу: |