Пайдаланылған әдебиеттер:
Белоусов В.М. История развития концепций менеджмента.М.: Знание, 2001.
Семенова И.И. История менеджмента: учебное пособие для вузов.М.: Юнити- Дана, 2000. – 222 с.
Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. /Пер. с англ. М.: Дело, 2000 – 704 с.
Менеджмент. / Под ред. М.М. Максимцова, А.В. Игнатьевой. М., 1998.
Турманова, К. Б. Менеджменттің даму тарихы және оның қоғамдағы рөлі 2018. — № 44.1 (230.1). — С. 17-21
Қазіргі таңда жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру мақсатында
еліміздің білім беру жүйесі нəтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті.
Жаңа білім беру моделінің жекелеме элементтері нақты білім беру
тəжірибесінде көрініс тапты, жаңа оқу орындары, жаңа бағдарламалар мен
оқулықтар, білім берудің жаңа əдістері мен технологиялары пайда болды.
Бүгінгі қоғамның талабының бірі – жалпы білім беретін, бастауыш
мектептердің педагогикалық үрдісін менеджмент негізінде басқару.
Осындай өзгерістерге орай білім беру жүйесін басқару парадигмалары да
жаңғыртылуда.
Басқару парадигмасы (парадигма латынша paradeigma – үлгі)–
ғылыми концепцияға негізделген негізгі идея, ғылым дамуының белгілі
кезеңінде ғылыми қауымдастық тарапынан қабылданған болжамдардың
мəнін түсіндіру жəне ғылыми тану үрдісінде пайда болатын мəселелерді
шешу үшін үлгі, модель, стандарт (қалып) ретінде пайдаланылатын
теориялық жəне əдіснамалық ережелердің жиынтығы. Басқару тəжірибесінің
жинақталуына байланысты басқару парадигмалары өзгеріске ұшырап
отырады. Соңғы жылдары басқару- ұйымдастыру мəдениетіне, басқарудың
жаңа əдістері мен қағидаларына, менеджердің көшбасшылық сапаларына
бағытталған.Қазіргі басқару парадигмасында тиімді (рационалды) басқару
қағидасы басшылыққа алынады.
Қазіргі басқару парадигмасы: «ашық жүйенің» құрылуы; басқарудың əдістерін жетілдіру; басқаруды орталықсыздандыру; əкімшілік-орындаушылық командалардың тиімді түрлері, мақсатты - бағдарлы жобалау; жаңашыл-бейімді білім беру жүйесін басқару арқылы қарастырылады. «Ашық жүйенің» құрылуы негізінде, мектеп сыртқы ортаға сай бейімделіп, қаржылық, əлеуметтік, мəдени, саяси, ғылыми-техникалық өзгерістерге дайын болуы қажет. Мектептің сыртқы ортаға бейімделу жетістігі мұғалімдердің кəсіби біліктіліктеріне, шығармашылық қызметтеріне, ой- өрісінің тереңдігіне, қарым-қатынас мəдениетіне, билік құрылымына, басқару əдістері мен формаларына жəне басшының осы жұмыстарды ұйымдастыра алу құзыреттілігіне тікелей байланысты. Басқару əдістері ішкі жəне сыртқы орта жағдайларда таңдалып, жұмыстың тиімділігіне қарай қолданылады.
Педагогикалық үрдіске қатысушылардың дербес таңдаулары арқылы шығармашылық өсуге жағдай жасалып, жұмыстың жаңа тəсілдері енгізілетін болады. Басқаруды орталықсыздандыру (децентрализация) арқылы басшы, өз міндеткерліктерін, əкімшілік кеңестің мүшелеріне жолдайды, ұжым боп шешім қабылдауға жағдай жасайды. Əкімшілік-орындаушылық командалар, қаржылық, əлеуметтік, психологиялық əдістерді қолдану арқылы, мектептің сыртқы жəне ішкі мəселелерін дербес шешетін болады. Мақсатты - бағдарлы жобалау қызметі маңызды мəселелер бойынша нақты іс-əрекеттерді ұйымдастыру жəне қалыптасқан жағдайды өзгертуді жүзеге асырады. Жобалау, нақты есептер, ғылыми негіздер бойынша болашақтың моделін қамтамасыз етеді, əсіресе ашық жүйелерде. Жобалық ойлау педагогикалық жүйелерді басқару парадигмасының өзгерісінде өзекті орында болып отыр.
Адамдарды басқару өнері ежелгі заманнан қалыптасып, ғасырлар бойы
жетілдіріліп, бүгінде заманауи түрге еніп отыр. Менеджменттің теориясы мен
практикасының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |