СөЖ тапсырмасы Тапсыру мерзімі Ескерту


Бихевиористік мінез-құлық концепциясы



бет5/8
Дата02.12.2022
өлшемі34,9 Kb.
#160922
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СӨЖ1-5 менеджмент

Бихевиористік мінез-құлық концепциясы (1950 жылдан күні бүгінге
дейін), адамдардың еңбек етуде ішкі потенциалды мүмкіндіктерін қолдану,
ұйымды құру мен тиімді басқаруға негізделеді. Бихевиоризм - адамның
сыртқы орта ықпалдарына қарсы жауап ретіндегі əрекет-қылығын қарастыратын психологиялық теория, оның негізгі формуласы: S-R ықпалжауап (стимул-реакция). Басқарудағы бихевиористік концепция еңбек
барысында адамдардың ішкі потенциалды мүмкіндіктеріне ықпал етуге сол
арқылы жағымды мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған. Крис Арджирис өз еңбегін ұйымдастыруды дамыту мен менеджерлерді оқытуға
арнап, əрбір адамның бойындағы психологиялық энергия көзін дұрыс бағыттау керектігін айтады. 1960 ж. «Т-тобын» - тренинг тобы құрды. Мақсаты: тұлғааралық қатынастар мен дағдыларға үйрету. Əлеуметтік психолог Ренсис Лайкерт (1903-1981)- «Жүйе-4» əзірледі, ол жүйе бойынша
ұйым адамдарды ынталандыру негізінде құрылып, мына жағдайлар арқылы
көрініс береді: мақсат белгілеу, шешім қабылдау, бақылау, орталықсыздандыру.
IY кезең- Ақпараттар (сандық) кезеңі (1960 ж.- бүгінгіге дейін).
Сандық концепциялар кибернетика мен сандық машиналардың шығуымен байланысты болды. Басқаруға сандық тəсілдерді енгізумен байланысты тұжырымдар Р. Акофф, Л. Берланфи, Э. Бир, А. Гольдбергер, Р. Каллиен, П. Клейн, Р. Люс, Д. Форрестер т.б. еңбектері мен зерттеулерінде
тұжырымдалады. Э.С.Бир – кибернетиканы басқару саласында алғаш қолданушы болды. Ол басқаруды тиімді ұйымдастыру ғылымы деп атады. П.
Ф. Друкер (1909-2005жж.) – ХХғ. менеджмент теоретигі, инновациялық
экономика теориясы мен кəсіпкерлік қоғам теориясын қалыптастырды. Бұл
теория жаңа ақпараттық қоғамның идеясына негізделген.
Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы өнеркəсіп революциясы кезінде
туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде, фабрикаларда адамдарды
жұмыспен қамту жəне оларды біріктіріп, жұмысқа бағыттау қажеттілігі
туындап, міне, сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны үйретіп, оқытып,
кəсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған. Олар – алғашқы
менеджерлер болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет