дидактикалық, бұл жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқутəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін
ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы жəне
мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе
бірліктері ретінде қамтиды;
2. тəрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне
мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі
тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады;
3. оқушылардың өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер:
сыныптағы өзіндік басқарым, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші
жүйешелер);
4. мектептің əкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тəрбие
жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін ұйымдастыру
жүйешелерінен құралады.
СӨЖ 3: Мектепте басқарудағы инновация бойынша табысты көшбасшыны әзірлеу.
Ғалым Ш.Т.Таубаева: «Югославия ғалымдарының келтірген үлгілерінен жаңалықты оқыту формасына, əдістемесіне, білім беру құралдарына, оқыту мазмұнына, алған білімді бағалауына, білім беру мақсаты мен міндетіне, тəрбие жүйесіне, мұғалім мен оқушы қатынасына байланысты жіктеуге болатындығын айқын көруге болады», — деп көрсетеді.
Ғылыми шығармашылық ізденістің тек басында не аяғында немесе ол тұтас педагогикалық процеске толығымен енеді. Сондықтан педагогикалық инновация үздіксіз ғылыми-зерттеу қызметін талап етеді.
Мұғалімнің инновациялық іс-əрекетке даярлығын қалыптастырудағы инновациялық білім мазмұны жаңа білімді меңгерудің, оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі формалары мен əдістері арқылы жүзеге асырылады.
Мұғалімдерге педагогикалық инновациялық білім берудің формаларына: арнайы инновациялық курстар, семинар-конференциялар, педагогикалық тренингтер, инновациялық педагогикалық оқулар мен форумдар, ғылыми жобаны қорғауға арналған əр түрлі байқаулар мен жарыстар жəне т.б. жатады. Инновациялық білім беру əдістеріне: əңгімелесу, пікірлесу, талқылау, жаттығу, сұрақ-жауап, миға шабуыл жəне т.б. эвристикалық əдістер жатады. Инновациялық білім беру құралдары: аудио-, бейнеқұралдар, компьютер, интерактиві тақта, Интернет, компьютерлік-мультимедиалық құралдар, электрондық оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешен, медиатека, инновациялық ақпараттық қор, инновациялық веб-сайт жəне т.б.
СӨЖ 4: Мұғалімнің басқару іс-әрекетінің тиімділігін бағалау мақсатындағы негізгі қадамдар.
Педагогикалық кәсіптік шеберліктің негізі - кәсіптік білім. Мұғалімнің кәсіптік білімі - біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға арналады. Яғни білімнің мазмұны, оны оқыту әдісі, оны ұйымдастыру принципінде.
Мұғалім педагогикалық қызметте әрбір баланың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі сенімсіз балаларға айрықша көңіл аударып, оқушылардың нерв жүйесінің жеткілікті қалыптаспағанын ескере отырьш, олардың көңіл-күйінің, белсенділігінің жоғары болуына мүмкіндік туғызу керек.
Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып басқаруда мұғалімдердің ең алдымен өз эмоциясын дұрыс басқарып, одан кейін оқушыларды жағымды эмоцияға тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.
Педагогтың оқу-тәрбие процессі үстінде, аудиторияда, сынып оқушылары алдында өз дене бітімін, қозғалыс-қимылын дұрыс бағыттап ұстап білуі педагогикалық шеберлік тәсілдерін жүзеге асыруға байланысты. Дене бітімін бір қалыпты сымбатты, тұрақты ұстаған мұғалімнің өз ісіне сенімді, ойы тиянақты, айтатын сөзін абыржымай тиянақты мазмұнды бере алатындығын сипаттайды. Өз күшіне, өз біліміне, өз іс-әрекеттеріне сенімділігін білдіреді.
Оқушы сенің бет-пішініңнен, қөзқарасыңнан сенің айтайын деген ойыңды, мақұлдауыңды, не мақұлдамауыңды, қолдамауыңды, не қолдауыңды танып біледі.
Мұғалім сыныпта сабақ үстінде оқушыларды тегістей көзбен шолып карауға, барлығын көз алдына ұстауға дағдылану керек. Көзбен сынып оқушыларымен байланыс жасап отыру керек. Көзбен оқушыны бейсауат іспен шұғылдануға мүмкіндік бермейтіндей етіп өзіңе көзбен тартып отыру керек.
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады. Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады. Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады.
Болашақ ұстаздар өз ісінің әрбір қыр- сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.
СӨЖ 5: Педагогикалық практика барысында қатысқан сабақтың біріне талдаудың әртүрлі үлгілеріне сүйеніп жан-жақты талдау жасаңыз.
Еуразия гуманитарлық институтының «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті Ақжігіт Назгүл педагогикалық практикасының қорытынды есебіне мысал. Алдағы уақытта белгілі бір мектепте педагогикалық практика өтетініміз мәлім. Осыған байланысты алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізу қажет. Яғни бөлінген сынып бойынша оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары және тәрбие жұмысының жопарын алып, танысып, жеке пәндер әдістемесі бойынша әдістемелік папка дайындау.
Сондай-ақ алғашқы аптада бақылау жұмыстарын жүргізу:мектеп басшылығымен, ондағы жұмыс жасайтын мұғалімдермен, білім алып жатқан оқушылармен танысу. Мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысу. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасау, бақылау жұмысын арнайы күнделікке жазып, толтыру. Сынып құжаттарымен танысып, күнделікті мәліметтерді толтырып отыру. Арнайы сабақтар бойынша өткізілетін тақырыптарға жоспар құру.
Практика кезінде оқу-тәрбие жұмыстарына жауапкершілік танытып ат салысу:сабақты түрлендіріп, жаңа технологияны пайдалана отырып өткізуі, көрнекіліктер қолдану, олардың эстетикалық талапқа сай болуы, мұғалімдердің ашық сабақтарына және өзара сабаққа қатысу, бағалау тапсырмалары үлгілерімен танысып, балл қою кестелерін түсініп, мұғаліммен бірге бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастыру, ата-аналар жиналысына қатысу, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |