СӨжо бойынша әдістемелік ұсынысты оқытушы М. А. Есдаулетпен және оқытушы А. Е



бет1/5
Дата05.06.2017
өлшемі0,65 Mb.
#17564
  1   2   3   4   5
Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық Университеті

СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік ұсыныс

«Халықаралық экономика» пәнінен

Мамандық: 050506 – Экономика,

050507 – Менеджмент, 050510 – Мемлекет

және жергілікті басқару, 050511 – Маркетинг,

505090 – Қаржы, 050508 – Есеп және аудит



Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы

ҚАРАҒАНДЫ – 2007
СӨЖО бойынша әдістемелік ұсынысты оқытушы М.А.Есдаулетпен және оқытушы А.Е.Қуаныштаевамен 050506 – Экономика, 050507 – Менеджмент, 050510 – Мемлекет және жергілікті басқару, 050511 – Маркетинг, 505090 – Қаржы, 050508 – Есеп және аудит мамандықтарының жұмыс оқу жоспарының негізінде құрылды.

Экономикалық теория және ХЭ кафедра мәжілісінде қаралды

« 31 » тамыз 2006 ж. Хаттама 1
«Экономикалық теория және ХЭ»

кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., профессор Жетпісбаева М.Қ.

Оқытушылар туралы мәліметтер: Экономикалық теория және ХЭ кафедраның оқытушысы Есдаулет М.А. «Экономикалық теория», «Микроэкономика» «Макроэкономика» «Халықаралық экономика», «Экономикалық саясат», «Әлемдік тауарлар нарықтары» пәндерінен дәріс және семинар сабақтар жүргізеді. Оқытушы Қуаныштаева А.Е. «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Халықаралық экономика», «Экономикалық теория» пәндерінен семинарлық сабақтарды жүргізеді.

Офисі: Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы, оқытушылар аудиториясы № 266

тел: 44 16 24 (143)

Қарағанды қ. Академиялық көшесі 9



СӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныс

СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі мәселелері қарастырылады. Семинарлық сабақтын жоспары, негізгі және қосымша әдебиет тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына дербес түрде жауаптар дайындар. Әрбір сұрақты қысқаша дайындау барысында, негізгі ережелер мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғанан кейін өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтардын көмегімен өз білімдерінді тексеріндер. Дербес талдай алмаған сұрақтарыңды жазып алып, дәрісте оқытуға немесе СӨЖО процесіне қойындар.

СӨЖ тапсырмалары дәрісте орындалуы керек. Ал дәрісте дербес оқылып қарастырылған білімдер тереңдетіліп, тереңдетілуі керек.

Алайда семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан могитрант өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол СӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.


СӨЖ формалары мен мазмұның өңдеу.

«Халықаралық экономика» курсының ерекшелігі СӨЖ – дің кең формалар жиынын ашады. Атап айтсақ, мынадай формалар:

- оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

- семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

- белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

- магистірлік рефераттарды, баяндамаларды өзара рецензиялау;

- курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

- күрделі есептерді шығару;

- статистика мәліметтерін талдау;

- кәсіпорын іс - әрекетін модельдеу;

- топтық жобаға қатысу;

- таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

- глоссарий жасау;

- тақырып бойынша шолу жасау;



Олардын кейбіреулерінің мазмұны:

Тақырып бойынша шолу жасау – басым мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылатын тақырып бойынша 1- 2 беттік қысқаша шолу жасау.

Глоссарий –мүмкін болса шет тіліне аударып,қазақ және орыс тіліндегі термендер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі, ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарий қүру макроэкономиканың түсініктік аппараттық білімнің қалыптасуына және оны пайдалануға қатысты дағдыларды өңдеуге ықпал етеді.

Реферат – СӨЖ – дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде крсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді. Рефератты оппенирлеу неғұрлым қызықты да шығармашылық жұмыс болып табылады. Осы жұмыс нәтежесінде пікір – талас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.

Коллоквиум – білімді нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар – тәртіп бойынша, спецификалық құрылымға ие, сондықтан жауаптар жинақталған материалды талдау негізінде ғана беріле алады.

Эссе – бұл сын, публицистика сияқты түрлі жанрларда өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселерге қатысты өз ойларын баяндау.

Дәріс конспектілерін талдау, өткен материалды өңдеу бағдарламалық материалды игерге, теориялық білімдерді бекітуге ықпал етеді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты – пратикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді пайдалану дағдылары мен ептіліктеріне ие болу.

Мақсаттар ағашын құру – ол үшін тыңдаушыларға мәселені таңдап, мақсаттарды деңгейлер бойынша белгілеу, барлық деңгейдегі тапсырмаларды анықтау, кәсіпорынның ұйымдық құрылымдарының орнын анықтап, жұмыс сапасын өлшеуіштер мен тапсырма формасын таңдау ұсынылады.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру, тыңдаушының қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру критериі бойынша бағаланады.

Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз кейсін жаза алады.

Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет.

Топтық жоба – топта 3-5 адамнан құрылып, әрбіреуі өз жобасын өңдеуі керек.

Жеке жоба – неғұрлым дайын тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.

СӨЖ-ді тиімді ұйымдастыру үшін арналған тыңдаушыға ұсыныстар.



Өткен материалды әрі қарай өңдеу. Өтілген дәріс материалын әрі қарай өңдеу өзіндік жұмыстың неғұлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзге де өзіндік жұмыстарды орындауда жеңіл болады. Алғашқы сабақтан бастап, өтілген дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәрістер материалдарын түсіну мен семинарлық және лабораториялық сабақтар материалдарын меңгерудің қажетті шарты болып табылады.

Материалды әрі қарай өңдеуге кірісе отырып, мыналар қажет болады:



  • жұмыс орнын анықтау;

  • егер үйде жұмыс жасауға арналған жағдайлар болмаса, университет немесе қалалық кітапхананың оқырмандар залының қызметіне жүгіну;

  • дәріс конспектісі болу;

  • курс бағдарламасы болу;

  • ұсынылатын әдебиет болу (оқулық, есептер).

Жұмыс жасау әдісі:

  • дәріс материалын жаңа оймен өңдеген жөн (оны кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұны ұмытылып қалуы мүмкін);

  • конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап, қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізген тиімді;

  • тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсініп, есте сақтағанға дейін жалғаса беруі қажет;

  • тақырыппен жұмыс оқулықтарда кеотірілген мысалдар мен есептерді талқылаумен аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оны оқытушыдан кезекті дәрісте сұрау.


Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Тапсырманы орындаудың әдістемесі:

  • аталмыш тапсырмаларды орындауды осы тақырып бойынша дәріс материалын өңдегеннен кейін ғана бастауға болады;

  • есепті шығаруға кірісе отырып, оның шартын мұқият оқу керке;

  • шығару жоспарын ойластыру;

  • есепті шығару барысында қолданылатын формулаларды анықтау;

  • формулаға кіретін шамалардың мәндерін түсіну;

  • алдымен шешімді жалпы түрде жүзеге асырып, содан кейін сандық мәндерді әріптік шамаларға қою;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелерінің өлшем берліктерін көрсету;

  • шешімнің дұрыстығына талдау жасау.

Коллоквиумдарға дайындалу. Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін игеру дәрежесін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:



  • коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек.

Бақылау жұмыстарына дайындалу. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

  • магистранттардың ағымдық үлгерімін тексеру;

  • топ магистранттарының дайындығын айқындау;

  • үлгірімділігі төмен тыңдаушылармен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру.

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу қажет;

  • теориялық материал, негізгі формулаларды, есепті шығару әдістерін қайталау керек;

  • оқулықтағы мысалдар мен есептерді және семинар сабақтарында қарастырылған есептерді қайта қарастыру.

Егер магистрант алғашқы дәрістен бастап өткен материалмен жүйелі жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық туғызбайды.

Жобаларды орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау барысында кафедраларда тапсырмалармен бірге берілетін әдістемелік нұсқамаларды басшылыққа алу қажет.

Тапсырманы орындау тәртібі:



  • өзіндік жұмыстар графигімен бекітілген мерзімнен кешіктірмей тапсырмаларды орындауға кірісу;

  • егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына қайтып оралып, оны толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу;

  • егер осыдан кейін қиындықтар туындаса, онда оқытушыға консультацияға келу;

  • алынған шешімді талдау;

  • тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережесін тексеру керек;

  • тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

  • тапсырма графикпен (орын) бекітілген мерзімнен кешіктірмей қорғалуы керек, себебі ол академиялық берешек болып есептеледі.

Өзіндік жұмысқа берілген уақыт шектелген, сондықтан өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылуға, саналы демалуға үйрену қажет. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның өзіндік жұмыс әдістемесін тыңдаушыларға үйретуге қатысты жауапкершілігі артады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет