СӨжо бойынша әдістемелік ұсынысты оқытушы М. А. Есдаулетпен және оқытушы А. Е



бет4/5
Дата05.06.2017
өлшемі0,65 Mb.
#17564
1   2   3   4   5

Әдістемелік нұсқама. Дайындыққа берілген әдебиеттерден бастау керек. Экономикалық интеграцияның алдын-алу шарттары мен мақсаттарын оқыңдар. Интеграциялық бірлестіктің типтерін қарастырыңыздар. Глобализация процесі даму деңгейіне байланысты елдердің экономикасына әсерін талдау.
10 ТАҚЫРЫП. Халықаралық валюталық-қаржы жүйе
СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Келесі тақырыптарға рефераттар жазыңдар: «ҚР ұлттық валюта жүйеснің құрылуы және проблемалары», «Халықаралық қаржы ұйымына Қазақстанның қатысуы», «Валюталық тәуекелділік және сақтандырудың негізгі әдістері»

5. Тақырып бойынша глосарий құру.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Халықаралық экономикадағы валюта-қаржы жүйесіне анықтама беріңдер.

  2. Валюта және оның түрлерін сипаттама беріңдер.

  3. Әлемдік валюта жүйесінің даму кезендерін айтыңыздар.

  4. Генуэзск, Бреттон-Вуд және Ямайка шеңберінде болған конференциядағы сұрақтарды сипаттаңдар.

  5. Қалқымалы валюталық курстың жүйесінің артықшылығын айтыңыздар.

Тапсырма

    1. Төменде теңгеге сұраныс кестесі көрсетілген:




Теңгенің бағасы(долл)

152,00

152,10

152,20

152,30

152,40

152,50

Теңгегесұраныс көлемі

200

190

180

170

160

150

а) Үкімет валюталық бағамды 1 тг. = 152,40 долл. Деңгейінде бекітті делік. Ал бұл деңгейдегі ұсыныс көлемі 180 млн. тг. Осы кезде Үкімет теңгені сатуы не сатып алуы керек пе? Егер сату не сатып алу керек болса, онда қандай көлемде?

ә) егерде үкіметке теңгені доллармен сатып алу керек болса, қажетті долларды қай жерден ала алады?

3. Төменде ҚР теңгесі үшін ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс кестесі берілген:



Теңге бағасы (долларға шаққанда)

Теңгеге сұраныс көлемі(млн. теңге)

Ұсыныс көлемі (млн.теңге)

0,6

300

400

0,5

320

370

0,4

340

340

0,3

360

310

0,2

380

280

а) Доллардың валюталық курсының тепе-теңдік көлемі қанлай?

ә) ҚР теңгенің валюталық курсының тепе-теңдік көлемі қанлай?

б) Валюталық нарықта доллардың қандай көлемі сатып алынады?

в) валюталық нарықта ҚР теңгенің қандай көлемі сатып алынады?

Тест сұрақтары

1. Ямайкалық валюталық жүйе шегінде резервтік валюта статусы бекітілген:

A) АҚШ долларымен;

B) Жапондық йенамен;

C) ФРГ маркасымен;

D) фунт стерлингпен;

E) СДР-арнайы өзара байланыс құқықтары.

2. Халықаралық несиенің пайда болуы:

A) ертеде;

B) құл иеленушілік құрылымда;

C) өндірістің капиталистік әдіс таныңда;

D) алғашқы қауымдық құрылыста;

E) ХХ ғасырдың басында.

3. Халықаралық несие келесідей экономикалық категориялармен байланысты:

A) Жұмыс күші;

B) баға;


C) ақша;

D) пайда;

E) еңбек ақы.

4. Ең ірі халықаралық ұйым:

A) ЮНКТАД;

B) МОТ;


C) БҰҰ;

D) ЭКОСОС;

E) МАР.

5. Еуропалық валюталық жүйе қай уақыттан басталып күшіне енді:



A) 1974 жылдың басында;

B) 1990 жылдың тамызынан;

C) 1986 жылдың желтоқсаннан;

D) 1979 жылдың қыркүйегінен;

E) 1987 жылдан.

Әдістемелік нұсқама. Семинарлық сабаққа берілген әдебиеттерден оқу керек. Берлген тақырыпқа көп өзіндік жұмыс жасау керек. Халықаралық валюта-қаржы жүйесін негізі құрауыштарын оқыңдар. Содан кейін әлемдік валюта жүйесін қарастырыңдар. Тіркелген және қалқымалы валюта курстарын салыстырыңыздар.
11 ТАҚЫРЫП. ВАЛЮТАЛЫҚ КУРС ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ.
СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Келесі тақырыпқа мини-презентация дайындау: «Валюталық курс»

6. Келесі тақырыптарға рефераттар дайындау: «ҚР валюталық саясаты», «Әлемдік резервтік валюталар»

7. Тақырып бойынша глосарий құру.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Бір бағаның қалыптасуы заңын түсіндіріңіз?

  2. Сатып алу мумкіндігінің паритеті дегеніміз не?

  3. Абсолютті ППС теориясының күшті, әлсіз жақтарын атаңыз?

  4. Қай уақытта валюталық курсты есептеу барысында ППС теориясын пайдаланған дұрыс?

  5. Тым қатты бағаланған және дұрыс бағаланбаған валюта курсын қалай түсінуге болады?

  6. Актив көзқарасы тұрғысынан валюта курсын анықтаудың мәні неде?

  7. Шетел инвестициялардың ережесін қалыптастырыңыз?

  8. Пайыздық ставка мөлшері дегеніміз не және шарты қандай?

  9. Фишер эфектісінің мәні қандай?

  10. Валюталық курста ақша теориясында ақша ұсынысы қандай параметрлер бойынша анықталады?

  11. Баумол-Тобин моделіне сай ақша сұранысы қалай аталады?

  12. Ақша билігінде ақша сұранысына деген бақылау құралы қандай?



Тест сұрақтары

1. Шетелде ставка мөлшері 8% құрайды, күтілетін айырбас курс 28 тг/долл., Егерде ағымдағы курс - 27,8 тг.долл., болса, онда депозиттің долларға қатынасы ретінде күтілетін табыс:

А) 8,7%;


В)7,3%;

С)15%;


D)1%.

2. Баланстанған портфелді моделіне сай ҰБ-тағы несие-қаржы саясаты қысқа мерзімде... әкеледі

А) ұлттық валютаның құнсыздануына, ағымдағы операция балансының жақсарылуына, таза шетел активінің көбеюіне;

В ағымдағы операция балансының, ағымдағы операция балансының нашарлануы, таза шетел активінің төменденуіне;

С) ағымдағы операция балансының, ағымдағы операция балансы мен таза шетел активі өзгеріссіз қалады;

D) ұлттық валютаның құнсызданады, ағымдағы операция балансы өзгермейді, таза шетел таза шетел активі көтеріледі.

3. Егер де ұлттық экономикада ақша айналымы 40% өссе, көршілес мемлекеттегі инфляция деңгей-40% дейн төмендеді. Сонда монетаристердің көзқарастары бойынша бұл

А) айырбас курсы өзгеріссіз;

В) ұлттық валюта 80% қымбаттады;

С) ұлттық валюта 40% дейін арзандады;

D) ұлттық валюта 2,2 есе арзандады.
Есеп

Шетелдік актив нарығында пайыздық мөлшерлеме 6% құрайды, ағымлағы айырбас курсы-30тг/долл., күтілетін айырбас кусы-30,6 тг/долл., құрайды. Мемлекеттік қарыз 1500000тг. Бюджет дефицитін қаржыландыру үшін өкімет қосымша мемлекеттік обдигацияларды 300 000 тг шығарды. Яғни өкіметтік бағалы қағаздар көлемі 10%, қаржы нарығындағы қауіп-қатер 4%-ке өсті. Қандай пайыздық мөлшерлеме активті ішкі нарықта қалыптасады?



Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына берілген әдебиеттерден оқу керек. Берілген тақырыпты оқу кезінде өзіндік жұмысты талап етеді. «Валюталық саясат», «валюталық курс», «валюталық паритет» категорияларын оқу керек. Валюталық курс теориясына көп көңіл бөліңіздер.
12 ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ НАРЫҚТАРЫ
СӨЖ тапсырмалар

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Келесі тақырыптарға рефераттар жазыңдар: «ҚР валюталық нарық FOREX», «Валюталық биржалар»

6. Тақырып бойынша глосарий құру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


  1. Әлемдік валюталық нарықтың мәні неде?

  2. Әлемдік валюталық нарықтың әлемдік аймақтық нарықтан қандай айырмашылығы бар?

  3. Валюталық нарықтың пайда болуына қандай факторлар әсер етті?

  4. Қазіргі замаңғы валюталық нарықтың қандай негізгі ерекшеліктерімен сипатталады?

  5. Әлемдік валюталық нарық қандай қызметтерді атқарады?

  6. Халықаралық қаржы дериваттар нарығының мәні неде?

  7. Қаржы дериваттар нарығының құрылымы қандай?


Тапсырма

1. Банк арқылы валюта нарығында келесі курстар квоталанады:






Сату

Сатып алу

Нью-Йорк

1,6285

1,6295

Лондон

1,6305

1,6315

А) егер де тарнсакциялық шығындар 1%,0,1%,1,01% құраса, екі жақты арбитражды құруға болады ма?

Б) Нью-Йорктегі сатып алынған немесе Лондонда сатылған әр фунтына арбитражист қандай пайдаға ие болады?

В) егер де арбитражиста 3 млн. долл. болса, онда ол арбитражлық операцияның бірінде қандай табыс алады?

2. Немістер өзгермеген көлемде импортты тауарды сатып алғанда ұнатады делік. Егер бұл қылық шетелдіктерге де қатысты болса, онда долларға қатысты евроның 10% девальвациясы болса, Германиядағы баланс ағымының операциясы жақсырады ма?

Тест сұрақтары

1.Қаншылықты ұлттық валюта курсының импорт көлемі мен басқа шарттар қысқартылса, соншалықты:

А) осы өнімге сұраныс қисығы төмен;

Б) экономиканың тауар импортына дегентәуелділігі төмен;

В) қымбаттаған импорт тауарының орнына ұлттық өндірушілердің өз өнімін шығаруға мүмкіндігі зор;

Г) А және Б дұрыс.

2. Қысқа мерзімде ұлттық валютаның девальвациялануы таза экспорт көлемі:

А) ұлғаяды;

Б) қысқарады;

В) алдында көтеріледі, кейін төмендейді;

Г) алдында төмендейді, кейін көтеріледі.

3. Егер де валюталық курсты тұрақтандыру мақсатында ҰБ валюта нарығында интервенция жүргізетін болса, онда ақша ұсынысының өзгерісін бодырмау негізінде ол:

А) тізім мөлшерін көтереді;

Б) міндетті резерв нормасын көтереді;

В) ішкі актив көлемін ұлғайтады;

Г) ішкі актив көлемін ұлғайтады.

4. Басқа актив немесе пассив доллары жоқ негізінде 1000 долл. сату ол:

А) валюталық спекуляция;

Б) хеджирленуі;

В) девальвация;

Г) ревальвация.

5. Валюта курсын ұстап тұру негізінде ҰБ арнайы бекітілген валюта нарығында валюта резервін сату ол:

А) ұлттық валюта курсы өзінің төменгі деңгейінен төмен болуы;

Б) ұлттық валюта курсы өзінің жоғарғы деңгейінен төмен болуы;

В) төлем баланс тізімі оң сальдосына келді;

Г) нақты бір нәрсені айту қиын.



Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына дайындалу барысында берілген әдебиеттерден оқу керек. Бірінші кезекте «валюталық курс», «валюталық паритет», «дериват», «хеджирлеу» категорияларына көңіл бөліңіздер. Валюта сауда формаларын сипаттаңдар. Валюталық нарықтың түрлерін оқыңдар.

13 ТАҚЫРЫП. Төлем балансы
СӨЖ тапсырмалары

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру

3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.

4. Тест сұрақтарына жауап беру.

5. Келесі тақырыпқа реферат жазыңдар: «Төлем балансы және елдің экономикалық»

6. Тақырып бойынша глосарий құру.

7. Төлем балансы реттеу моделінің концепциясы бойынша дискуссияға дайындалу.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Шетел әлемімен мемлекеттердің экономикалық келісім шарт жасасу барысында неліктен төлем балансында екі рет жазу пайдаланылады?

  2. Неліктен экспорт импорттан жоғары болған жағдайда берілген мемелеттегі тауарға деген сұранысы әлемдік деңгейге жетеді және мемелекеттегі экономикалық жағжай жақсарады дейді

  3. Ағымдағы операция мәні неде?

  4. Бір уақытта мемлекет ағымдағы операция балансының тапшылығы мен төлем бансының оң сельдосын игере ала ма?

  5. Бюджеттік тапшылық ағымдағы операция балансының нашарлануына алып келеді ме?

  6. Төлем балансының бастапқы қалдығының өзгеру әдісін айтыңыз?

  7. Қандай макроэкономикалық факторлар төлем балансына әсерін тигізе алады?

  8. Төлем балансына инфляция қалай әсер ете алады?

  9. Төлем балансының материалдық негіз болып не табылады?


Тапсырма

1. Қазақстан Қытайға 2 млн.т. мұнай сатады. Қазақстандық төлем балансында бұл келісім былай делінеді:

А) Кредит экспорттаушы тауар бойынша импорт бойынша дебет;

В) экспорт бойынша кредит және ағымдағы статьяда қысқа мерзім бойынша дебет;

С) экспорт бойынша кредит және ағымдағы статьяда ұзақ мерзім бойынша дебет;

D) экспорт бойынша кредит және түрлі актив статья бойынша дебет;

2. Экономикада келесі белгілермен айқындалады:

А) ағымдағы операция балансы = 50

В) капитал есебінің балансы = -60

С) міндетті резерв = +10

D) осында төлем балансында пассив және актив бар ма?

Е) берілген мемлекеттегі экономикасына валюталық резерв пен операция қандай әсерін тигізеді: бағыттап тұрушы немесе ұстап тұрушы?



Тест сұрақтары

    1. Төлем балансының бөлімі боп не табылады?

А) еңбек ресурсының балансы;

В) халықтың шығын мен табыс балансы;

С) несие және капитал қозғалысының балансы;

D) А және В дұрыс;

Е) Барлық жауап дұрыс емес.

2. Қызмет балансына не жатпайды :

А) шетел инвестиция операциясынан түскен түсім;

В) транспорттық тасымалдаушыдан түсім және төлем;

С) сақтандыру түсімімен төлем;

D) түрлі байланыс түрінен түскен түсім мен төлем;

Е) халықаралық туризм мен төлем.

3. ХВҚ әдістемесі бойынша төлем балансында «ағымдағы операция» статьясына жатады:

А) қысқа мерзіммі капитал;

В) керекті уақытта өте тез қаржыландыру;

С) шетелдік арнайы органдарында қалыптасатын валюталық резерв міндеттемесі;

D) инвестициядан табыс;

Е) дұрыс жауап жоқ;

4. Төлем баланс күйіне не әсер етпейді:

А) экономикалық циклды тербеліс;

В) әскери шығынлар мен экономикалық милитаризациясы;

С) халықаралық саудада өзгерістер;

D) өндірістік емес шеңберінің дамуы;

Е) керекті уақытта өте тез міндеттемелер.

5. Төлем балансын реттеудің материалдық емес мәні боп не табылады:

А) мемлекеттік меншік оның ішінде алтын валюталық резерв;

В) жекеменшік;

С) мемлекеттік бюджнт арқылы қайта бөлу негізінде ұлттық табыстың өсуі;

D)капиталды экспорттаушы ретінде мемлекеттің экономикалық қатынастарында белсенді қатысу;

Е)нормативті акт көмегімен сыртқы экономикалық операцияның регламентациясы.
Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына берілген әдебиеттерден оқу керек. «Төлем баланс» және құрылымына анықтама беріңіздер. Елдің төлем бансқа әсер ететін факторларды оқыңдар. Төлем балансты реттеу және қаржыландыру әдістеріне көп көңіл бөліңіздер.
СӨЖО сапасын бағалау саясаты:

Рейтинг-шкала


Бақылау формалары

Балдар

1. Ағымдық бақылау

10-20

2. Аралық бақылау

15-35

3. Үй жұмысына қатысты бақылау

5-10

4. Қорытынды бақылау

20-35

Барлығы

50-100


Білімді бағалау критериялары:

Бағалау шкаласы

Критериялар

Рейтинг 0-49

Балл 0

Әріптік эквивалент F

Қанағаттансыз баға



Бағдарламалық материалды толық білмеу; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеу және ірі қателіктер жіберу

Рейтинг - 50-74

Балл - 1-2,33

Әріптік эквивалент - D, D+,C-, C, C+

Қанағаттансыз баға



Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; онда бағдарламалық материалды жеткілікті түрде түсінбеу анықталады; теориялық ережелерді интерпредациялауда жекелеген қателіктер жіберіледі; материалды репродуктивті түрде ғана баяндау байқалады; өзіндік қорытындылар мен жалпылаулар жоқ.

Рейтинг - 75-89

Балл - 2,67-3,33

Әріптік эквивалент – B-, B, B+

Баға - жақсы



Жауап толық, дұыс; негізгі идеялар білімі қарастырылатын қайнар көздер білімі көрсетілген. Графиктер құрып, талдау жасай білу. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық, қорытындылар жасай білу ептілігі. Тәжірибелік жағдайларды талдау үшін теориялық білімді пайдалана білу. Бірақ баяндауда анықсыздықтар бар

Рейтинг - 90-100

Балл - 3,67-4,0

Әріптік эквивалент – A-, A

Баға - өте жақсы



Жауап толық, дұрыс; негізгі идеялар, қарастырылатын қайнар көздерді білу. Графиктер құрып, оларды талдай білу ептілігі. Микроэкономикалық жағдайлардың математикалық модельдерін дұрыс құру және бағалай білу ептілігі. Қосымша әдебиетті пайдалану. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық білдіру, қорытынды жасау ептілігі.

Айыппұлдық балдар төмендегілер үшін:

- сабақтарға келмеу, кешігіп келу, – 10% жалпы рейтингтен

- тапсырмаларды үнемі орындамау – - 10% жалпы рейтингтен

Ынталандыру балдары төмендегілер үшін:

- СӨЖО бойынша белсенді жұмыс – +10% жалпы рейтингтен



- СӨЖО бойынша сабақтан қалмау – + 5% жалпы рейтингтен.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Киреев А. Международная экономика: в 2 ч. – М., 1998.

  2. Овчинникова Г.П. Международная экономика – Санкт – Петербург, 1998.

  3. Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. – М., 1997.

  4. Линдерт П.Х. Экономика мирохозяйственных связей – М., 1992. гл. 2,3,4,5.

  5. Миклашевская Н.А., Холопов А.В.Международная экономика – М., 2004.

  6. Кодекс. Таможенный кодекс РК, Алматы 2002

  7. Закон РК. О введении в действие таможенного кодекса РК, ВЭД в Казахстане. 2002 №40 С. 55-57.

  8. Долан Э.Дж., Кэмпбелл К.Д., Кэмпбелл Р.Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная поли­тика. – С.-Пб., 1994.

  9. Пугель Т., Линдерт П. Международная экономика. -М., 2003.

  10. Сак Дж., Ларрен Ф. Макроэкономика. Глобальный подход. – М., 1996.

  11. Xэррис Дж. М. Международные финансы. – М., 1996.

  12. Мировая экономика: учебное пособие. / Под ред. И.П. Николаевой. М.: 2005 г.

  13. Мировая экономика и международный бизнес. Учебник. / Под ред. В.В. Полякова. М.: 2005 г.

  14. Родионова И.А. Мировая экономика. СПб.: 2005 г.

  15. Колесов В.П. Международная экономика. М.: 2004 г.

  16. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика: Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2000. 88-бет

  17. Бұғыбаева Р.О. Халықаралық экономикалық қатынас. Оқу-тәжірибелік құралы. – Қарағанды, 2004ж. – 189б.

  18. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар:/Оқу құралы/: - Алматы: Экономика, 1998 – 177б.

  19. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы/ Жалпы редакциясын басқарған Р.Е. Елемесов. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 389б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономивческие отношения. М., Т: ИВЦ «Маркетинг» 1997

  2. Рыбалкин В.Е. Международные экономические отношения. 1998

  3. Фаминский И.Г. Основы внешнеэкономических заний

  4. М. Тодара Экономическое развитие - М., 1997 .

  5. Приписнов В. Основные сдвиги в мировой хозяйственной конъюнктуре – МЭ и МО, 2000, 8.

  6. Эльянов А. Развивающиеся страны накануне третьего тысячелетия: тенденции и проблемы – МЭ и МО, 2000, 8.

  7. Рыбалкин В. Международные экономические отношения – М.. 1999.

  8. Барр Р. Политическая экономия – М., 1995.

  9. Краткий статистический ежегодник Казахстана Алматы 2005.

  10. Бейсембаев К., Избасаров А., Долдоханова, Дюйсебаева Б. К вопросу о реалиях вступления Казахстана в ВТО // Аль-пари 2003,3-4

  11. Есентугелов А. На пути вступления Казахстана в ВТО нет серьезных преград //Аль-пари 2003, 3-4

  12. Вступление Казахстана в ВТО и реализация его транзитно-транспортного потенциала //Саясат 2004,1

  13. Буглай В.Б. Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения. – М., 2001.

  14. Портер М. Международная конкуренция – М., 1993.

  15. Фомичев В.И. Международная торговля: учебник – М., 1998

  16. Фишер С., Дорнбуш Р. Шмалензи Р. Экономика – М., 2001

  17. Ильясов Д. Экспортоориентированная модель – развития: возможность применения для Казахстана - Экономика и статистика. 2004/1.

  18. Садыбеков Б. Пути повышения экспортного потенциала – Экономика и статистика. 2004/1

  19. Оболенский В. Россия в международном разделении труда: вечный поставщик энергоресурсов – МЭ и МО. 2004/6


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет