Солтүстік Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы


-бап. Жер пайдаланушы ретіндегі шаруа (фермер) қожалығының



бет6/18
Дата21.04.2017
өлшемі11,09 Mb.
#14463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

10-бап. Жер пайдаланушы ретіндегі шаруа (фермер) қожалығының

құқықтары

  1. Шаруа (фермер) қожалығының:

  1. жерді ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мақсатында пайдалана

отырып, онда дербес шаруашылық жүргізуге;

  1. ауыл шаруашылығы дақылдары мен өзге де екпе-көшеттерді егу

мен отырғызуға, жер учаскесін пайдалану нәтижесінде өндіріліп алынған ауылшаруашылық өнімін және оны сатудан түскен табысты меншіктенуге;

  1. жер учаскесінде бар құм, саз, қиыршық тас және басқа да көп

кездесетін пайдалы қазбалар, шымтезек, орман алқаптары, жер үсті және жер асты суларын өз шаруашылығының мұқтаждары үшін белгіленген тәртіпте пайдалануға, сондай-ақ жердің өзге де пайдалы қасиеттерін кәдеге жаратуға;

  1. жер учаскесі мемлекет мұқтажына алып қойылған (сатып алынған)

жағдайда шығындардың толық көлемде өтелуіне;

  1. жер учаскесінің нысалалы мақсатына қайшы келмейтін құрылыстар

мен ғимараттарды меншік құқығымен тұрғызуға;

  1. жерді суландыру, құрғату, және өзге де мелиорациялық

жұмыстарды жүргізуге, белгіленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптарға сай келетін тоғандар мен өзге де суаттарды салуға құқығы бар.

  1. Уақытша жер пайдалану кезінде осы баптың 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге шектеу жасауы мүмкін.

  2. Шаруа (фермер) қожалығына бекітіліп берілген жер учаскесінде

аң аулауға, балық аулауға, дәрілік шөп, жидек, саңырауқұлақ және басқа да табиғат өнімдерін жинау мен өзге де қызметке осы шаруашылық басшысының келісімімен ғана рұқсат беріледі.

  1. Шаруа (фермер) қожалығы өз өнімін дербес пайдаланады, оны ішкі және сыртқы рыноктарда сатады.

11-бап. Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану жөніндегі

міндеттемелері

Шаруа (фермер) қожалығы:



  1. өзге берілген жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға;

  2. топырақ құнарлылығының төмендеуіне жол бермеуге;

  3. ауыл шаруашылық өнімін өндірудің табиғат қорғау технология

ларын қолдануға және жер қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға;

  1. өз қызметінің нәтижесінде экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге;

  2. жер учаскесінде құрылыс салуды жүзеге асыру кезінде қолда-

нып жүрген сәулеттік-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптарды (нормаларды, ережелерді, нормативтерді) басшылыққа алуға;

  1. басқа жер пайдаланушылар мен жер учаскелері меншік иелерінің құқығын бұзбауға;

  2. сервитуттарды жер туралы заңдарда белгіленген тәртіппен беруді қамтамасыз етуге міндетті.

12-бап. Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану

құқығын тоқтату

  1. Жер учаскесін немесе оның бір бөлегін пайдалану құқығы:

жер пайдалану құқығынан бас тартқанда;

жер пайдалану құқығын басқа адамға бергенде;

шаруа (фермер) қожалығының міндеттемелері бойынша жер пайдалану

құқығына төлеттіріп алу қабылданғанда;

жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынғанда (сатып алынғанда);

жер учаскесі берілген мерзім біткенде;

мақсатына сай пайдаланылмаған немесе заңдарды бұза отырып пайдалан- ылған жер учаскесі алынып қойылғанда;

жерлер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа жағдайларда алынып қойылғанда;

жер учаскесі тәркіленгенде тоқтатылады.


  1. Жер учаскесін шаруа (фермер) қожалығынан тиісті нысанасына

орай мақсатқа сай пайдаланылмаған жер ретінде жер пайдалану құқығы берілген сәттен бастап үш жыл ішінде алып қоюға болмайды. Бұл кезеңге жерді игеруге қажетті уақыт, сондай-ақ дүлей апаттарға немесе мұндай пайдалануға жол бер- мейтін басқа да жағдайларға байланысты мақсатына сай пайдалана алмайтын уақыт кірмейді.

III-тарау. ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ



13-бап. Шаруа (фермер) қожалығындағы еңбек

  1. Шаруа (фермер) қожалығындағы жұмыстарды орындауға жалдау

(еңбек келісімі немесе шартты, келісім-шарты) бойынша жұмыс істейтін азаматтар тартылуы мүмкін.

  1. Шаруа (фермер) қожалығында жалдау туралы шарт жасасу

тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен белгіленеді.

  1. Шаруа (фермер) қожалығының мүшелері мен қожалыққа жалданып

жұмыс істейтін азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.

  1. Шаруа (фермер) қожалығының басшысы Қазақстан Республикасы-

ның тиісті әлеуметтік және медициналық сақтандыру, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарында өзінің тұрғылықты жері бойынша сақтандырушы ретінде тіркеледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және басқа органдарға қолданып жүрген заңдарға сәйкес өз табысынан белгіленген тәртіппен қаржы еңгізеді.

  1. Шаруа (фермер) қожалығында жұмыс істеген уақыт еңбек

кітапшасы не Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қантарға дейін жүзеге асырылған сақтандыру жарналарының төленгенін растайтын құжаттар негізінде жалпы және үздіксіз жұмыс стажына есептеледі.

  1. Шаруа (фермер) қожалықтарының мүшелеріне, сондай-ақ

жалданып жұмыс істеген азаматтарға зейнетақы тағайындау мен төлеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгіленген тәртіп пен шарттар бойынша жүргізіледі.

14-бап. Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің шарттары

  1. Шаруа (фермер) қожалығы өз шығындарын алынатын табысының есебін жабады.

  2. Шаруа (фермер) қожалығының өндірістік, коммерциялық және өзге де қатынастары шарт негізінде жүзеге асырылады.

  3. Шаруа (фермер) қожалығының қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа жағдайларда, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан араласуға тыйым салынады.

15-бап. Шаруа (фермер) қожалығының банк шоттары

Шаруа (фермер) қожалығы банк шоттарын ашуға және банктегі өз ақшаларына иелік етуге құқылы.



16-бап. Шаруа (фермер) қожалығына салық салу

  1. Шаруа (фермер) қожалығына салық салудың тәртібі мен ережелері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

  1. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің және қожалықта шарт

Бойынша жұмыс істейтін азаматтардың табыстары табыс туралы мәлімдемелерінде толық көрсетілуге тиіс.

17-бап. Шаруа (фермер) қожалығына кредит беру және оны сақтандыру

  1. Шаруа (фермер) қожалығы қолданып жүрген заңдарда белгіленген

тәртіп пен ережелер бойынша мүлкі мен жер пайдалану құқығын кепілге салып кредит алуға құқылы.

  1. Шаруа (фермер) қожалығы сақтандыру туралы қолданып жүрген

заңдарға сәйкес жалға алынған және жеке меншік өндіріс құрал-жабдықтарын, сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдарының егісін (екпелерін), көпжылдық екпелерді, шығарған өнімдерін, шикізатты, материалдарды жойылуы немесе зақымдануы жағдайынан сақтандыруды жүзеге асырады.

18-бап. Шаруа (фермер) қожалықтарын мемлекеттік қолдау

  1. Қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және

орта есеппен алғанда жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны алпыс мың мәрте есептік көрсеткіштен аспайтын шаруа (фермер) қожалығы:

  1. Мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш жыл ішінде жылжымайтын

мүлікке құқығын тіркеу үшін ақы төлеуден босатылады.

Шаруа қожалықтарын мемлекеттік тіркеу тіркелу үшін ақы төлемей, келіп тіркелу сипатында болады;



  1. Табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға

қарсы реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөнінде қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарда көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады;

  1. мемлекет қатысатын екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай шот ашылады;

  2. бухгалтерлік және статистикалық есептерді жеке кәсіпкерлер ретінде оңайлатылған тәртіппен береді;

  3. салық заңдарына сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықтың белгіленген сомасы, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі бойынша төлейді;

  4. шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін

мемлекеттік мұқтаждар үшін тапсырыстарды орналастыру кезінде басым құқықты пайдаланады;

  1. шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде

тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте белгіленген шекте жеңілдікті жағдайларда статистикалық және ақпараттық қызмет (қаражат), сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологиялар;

  1. шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрлардыдаярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.

  1. Ауыл шаруашылығын дамытуға қаражат жұмсайтын инвесторлар

үшій тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіп пен жағдайда мынадай жеңілдіктер мен преференциялар қолдануы мүмкін:

  1. мемлекеттік нақты гранттар;

  2. келісім-шарт жасалған кезден бастап табыс салығының, жер

салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын 5 жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай-ақ одан кейінгі 5 жылға дейінгі кезеңге табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту;

  1. инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізат

пен материалдар импортына кеден бажын салудың толық немесе ішінара босату.

  1. Жеңілдіктер мен преференциялардың мөлшері тікелей

инвестициялардың көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін-өзі өтеуіне, экономика секторының басымдығына және басқа жағдайларға байланысты айқындалады.

  1. Мемлекттік отандық шаруа (фермер) рыногын дамыту мен қорғауға жәрдемдеседі.

  2. Шаруа (фермер) қожалықтарын дамытуды мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

19-бап. Шаруа (фермер) қожалықтарының бірлескен қызметі

  1. Шаруа (фермер) қожалықтары ерікті негізде кооперативтерге,

қоғамдарға және басқа да бірлестіктерге бірігіп, кооперативтік, шаруашылық серіктестіктерінің және басқа да ұйымдардың қызметіне қатыса алады.

  1. Шаруа (фермер) қожалығы өз қалауы бойынша кез келген ұйымнан шығуға құқылы.


20-бап. Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтатудың

ережелері мен тәртібі

  1. Егер қожалықтың қызметін жалғастырғысы келетін бірде-бір

қожалық мүшесі, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа (фермер) қожалығының қызметі тоқтатылады.

  1. Шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі тоқтатылған кезде

ортақ мүлікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың біреуіне үлес бөліп беру ортақ мүлік құқығындағы әрбір қатысушылардың үлесі алдын ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Үлестік меншіктегі мүлік оған қатысушылар арасында бір-бірімен

келісім бойынша бөлінуі мүмкін.

  1. Шаруа (фермер) қожалығының қызметін тоқтату кезінде мүлікті

және жер пайдалану құқығын бөлудің шарттары мен тәртібі азаматтық заңдармен реттеледі.

  1. Шаруа (фермер) қожалығының қызметін жүзеге асыру нәтижесінде

туатын мүліктік, жер даулары мен өзге де даулар сот тәртібімен қаралады.

21-бап. Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдардың

бұзылғаны үшін жауаптылық

Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдардың бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

Қазақстан Республикасының Президенті

№ 214-I ҚРЗ

Ақмола, 1998 жылғы 31 наурыз

2 ҚОСЫМША

Ауылшаруашылығы дақылдарын экологиялық сынау және бастапқы

тұқым шаруашылығы

Бір сортта жоғарғы өнімділікті, бейімділікті, орнықтылықты, иілімділікті. біртектілікті, дәннің жоғарғы технологиялық сапасымен, аурулар және зиянкестерге төзімділігін жинақы түрде біріктіру қиынға түседі. Ақмола облысының жағдайында өндіріс үшін жаздық жұмсақ бидайдың жоғары өнімді сортарын жарату және таңдау маңызды міндет болып есептелінеді.

Сорт үлгілерін экологиялық зерттеулердің басты міндеті, объективті және дәлді, жалпыламалы түрде бағалап және ең өнімді, өнімдерінің сапасы құнды және басқа да нышандары бойынша жақсы сорттарды анықтап оларды аудандастыру және өндіріске еңгізу болып табылады. Осы жұмыстың мақсаты, Ақмола облысының кәдімгі қара топырақтырына бейімделген, келешегі бар жаздық бидайдың сорттарын және нөмірлерін морфо-биологиялық және статистикалық әдістермен анықтау және дәлелдеу.

Қойылған мақсаттар келесідей міндеттерді орындағанда ғана шешіледі: жаздық бидай дәндірінің генотиптерін құрастыруға бағыттайтын морфо-биологиялық нышандардың негізгі элементтерін анықтағанда.

Морфо-биологиялық белгілер, өнімдер және оның құрылымының элементтерінің арасындағы корреляциялық тәуелділікті айшықтау.

Экологиялық жоспардың жағдайы бойынша жаздық және күздік бидай- лардың жақсы өнімімен сипатталатын, ертеде тіркелген сорттарға қарағанда жоғарғы өнімді жаңа селекциялық сорттары және нөмірлері зерттелді.

Зерттеулік материал болып Солтүстік Зауралдың АШҒЗИ-ның жаздық бидай селекциясы бөлімінің жаздық жұмсақ бидайды конкурстық сорт сынауының кеңейтілген сорттары мен нөмірлері саналады. Барлығы 21 генотип зерттелді, ал стандарт есебінде Казахстанская скороспелая сорты алынды.

Тәжірибе жұмыстары 2009 жылы Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің тәжірибе танабында алғы егісі сүрі жерде жүргізілді. Мөлдіктердің көлемі 3м2, 3 қайталымды, сорттарды орналастыру кездейсоқ тәсілімен болды. Себу жұмыстары оңтайлы мерзімде 28 мамырда және сабу мөлшері 3,0 млн. өңгіш тұқым 1га, қолмен себілді.

Фенологиялық бақылау және есептеу жұмыстары Мемлекеттік сорт сынау (1985) әдісімен атқарылды.

Түйіндік тамырлар саны 21 өсімдікте, 3 қайталымда 10 сортта және нөмірлерде, әрбір пісу топтарынан, өсімдіктердің өсу кезеңдерінде анықталды.

Өнім құрылымының элементтерін және өнімді сараптау 21 өсімдікте, 3 қайталымда келесідей көрсеткіштермен анықталды: өсімдіктер саны, өңгіш сабақтар саны, өсімдіктегі дәндердің орташа саны, 1000 дәннің массасы. Әрбір сорттар мен нөмірлердің дәндерін жинауды, олардың 14% ылғалдығында және 100% тазалығында жүргіздік.

Эксперименталды көрсеткіштер математикалық статистика әдісімен өңделді, санағанымыз: корреляция еселіктері.




  1. Кесте – Жаздық жұмсақ бидайдың түйін тамырларының саны, дана (2009ж.)





  1. Кесте – Жаздық жұмсақ бидай сортүлгілерінің өсу кезеңдері

аралығының ұзақтылығы (күндер)



Сорт, номер

Өнімділік,

ц/га


Кезеңдердің

ұзақтылығы



Вегетац. кезеңі

Өскіндер

масақтану



Масақтану



пісу



1

Казахстанская р/сп стандарт

15,0

49

61

110

2

Тюменская26

34,8

51

59

110

3

WW31258хЛют78

33,0

51

59

110

4

Икар

32,4

49

61

110

5

Лютесценс 70

31,6

52

59

111

6

Авиада

29,5

53

59

112

7

Серебрина

28,9

52

59

111

8

Омская 36

25,9

51

59

110

9

Тюменская27

25,7

52

59

111

10

Новосибирская 29

25,6

50

59

109

11

Рикс

24,5

51

59

110

12

Ильинская

24,3

49

61

110

13

Тюменская28

22,7

51

59

110

14

Авиада 2

22,3

51

59

110

15

Красноуфимская 100

21,1

51

59

110

16

СКЭНТ-3

19,1

49

61

110

17

Новосибирская 15

18,0

50

61

111

18

Ирень

17,9

51

59

110

19

Тюменская 25

17,7

51

59

110

20

Радуга

14,1

49

61

110

21

Аделина

11,9

52

59

111

Орташа

24,0

51

60

111

Жаздық жұмсақ бидай генотиптерінің түйіндік тамырларының саны өсімдік-тердің өнімділігіне нақтылап нұсқан келтірмейді (r=0,27).

Ақмола облысының жағдайында жаздық жұмсақ бидай генотиптерінің өсу кезеңдерінің аралығы, көктеу-масақтану (51күн) құрастырды, ал масақтану-пісу (60 күн).

Өнімділіктері бойынша Радуга (34,8), Рикс (33,0), Тюменская 26 (32,4), Авиада 2 (31,6), Красноуфимская 100 (29,5) сияқты сортүлгілері айшықталды.

Дән өнімділігінің сандық нышандарын салыстырғанда, 1000 дәннің массасы (r=0,74) және масақтағы дән санының (r=0,69) аралықтарында тығыз корреляциялық қатынастың барлығы анықталды.



Айшықталған Радуга сортүлгісінің өзіндік құны, стандарт Казахстанская р/сп. 1/3 салыстырғанда, төмен болды және тиімділігі салыстырмалы түрде 150%-ға тең.

Жаздық жұмсақ бидайдың пісуі әртүрлі топтарының сорттарын сынақтау.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет