Солтүстік Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы



бет3/18
Дата21.04.2017
өлшемі11,09 Mb.
#14463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Бақылаулық сұрақтар:

  1. Бидайдың сорттық нышандарын атаңыз.

  2. Бидайда масақтың қандай пішіндерін айшықтайды.

  3. Масақтың толықтығын қалай анықтайды.

  4. Бидай дәнінің қандай пішіндерін айшықтайды.

  5. Масақшалық қабыршықтың килдік тістерінің пішіндері қандай.

  6. Масақшалық қабыршықтың қандай иықшалары болады

  7. Сортты анықтағанда вегетациялық нышандарды атаңыз.

2.5 Арпаның сорттық нышандары



Масақтың пішені. Көпқатарлы арпалар көлдеңінен қарағанда тікбұрыш, шаршы, ромб және алты қырлы пішіндес болып келеді.

Масақтың ұзындығы. Өсу жылына байланысты тез өзгеріп отыратын өлшем. Борпылдақ пішінділердің масақтары тығызмасақтылардан ұзындау болады, ал екі қатарлылардың масағы, алты қатарлылардікінен ұзындау болып келеді. Бірақ та, масақтың ұзындығы өнімділікті көрсетпейді, егер дәндердің саны мен 1000 дәннің массасын көрсетпесек.

Масақтың тығыздығы (d) – негізгі сорттық пішін болып есептелінеді және масақша діңгегінің 4 см ұзындығы, масақша мүшелерінің санына байланысты. Масақтың пішіндеріне байланысты келесідей сорттық топтарды анықтайды: масақ өте борпылдақ (д ≤ 8), борпылдақтау (d=9-11), орташа тығызды (d-12-14), тығызды (d-15-19), өте тығыз (d-20 одан да көп).

Қылтықтары. Қылтықтың айырмашылығы сортты анықтауға үлкен көмек береді. Ол үшін түсін, ұзындығын, тісшелігін, дөрекілігін, енін, гүлдік қауыздардың қылтыққа ауысуын т.б. еске алу керек. Қылтықтың орнына үш қанатты қалақтар, яғни фуркалар өсуі мүмкін. Сорттарды анықтағанда фуркалардың орналасуын ескеру қажет (барлығында немесе ортаңғысында ғана). Гүлдік қауыздың қылтыққа ауысуы тездеу немесе жайлап, мұндай жағдайда қылтықтардың түп жағы жалпақтанып, қылқандарды құрастырады.

Дәннің белгілері. Дәннің пішіні іш жағынан анықталады. Ол ұзынша, эллипс немесе ромб тәріздес болуы мүмкін.

Дәннің түсі. Арпа дәндерінің түсі өзгермелі келеді. Қауызды формаларында көбінесе қамыс-сары, ақ-сары, қара, сия көк және қызғылт сары түстері кездеседі. Ал қауыссыз дәндері сары, қоңыр-сары, қоңыр, сия көк, қара және жасыл болады.

Дәннің ірілігі. 1000 дәннің массасы және натура салмағына байланысты. Өте ұсақ (1000 дәннің масасы 30г дейін), ұсақ (31-35г), орташа ірі (41-45г) және өте ірі (45г жоғары).

Гүл қауызы жұқа, әжімді немесе дөрекі, жылтыр болады. Қауыздың массасы мен тазартылған дәндердің массасының қатынасы қауыздылықты көрсетеді. Осыған байланысты мынандай қауыздылық болады: өте жоғары (12% жоғары), орташа (10-11% төмен), төмен (10% төмен). Гүл қауызының жүйкесінің тілшелігі – айқын сорттық белгі. Дәннің қылшығы негізінен бауырында болады. Оның ұзындығы – өте маңызды сорттық белгі.

Масақ діңгегі мүшелерден тұрады. Ол жіңішке және жалпақ келеді, ұзын және қысқа болады. Оның ұзындығы масақтың тығыздығын көрсетеді. Діңгектің бүйірі түкті және түксіз болады.

Масақша қауызы жіңішке (1 мм кем), жалпақ (1-2 мм) және өте жалпақ (3 мм артық), түкті және түксіз болады.

Вегетативтік белгілері – өскін түсі, түптің пішіні, түптенуі, жапырақтануы, өсімдік биіктігі, мұртшаның өзгешілігі, пішіні, көлемі және түсі, жапырақ қабығында, масақта және жапырақта балауыздың өңезі пайда болу шырайы, тілше көлемі мен пішіні.

Бұта пішіні. Толық түптенгеннен кейін жатып қалатын, тік тұратын және аралық пішінді бұта айырады.

Өскіндердің түстерін 2-3 нақтылы жапырақтар пайда болғанда, түптену кезеңінің басталуына дейін анықтайды. Көбінесе жапырақтың түсі жасыл, бірақ олар көгілдір түске ауысқандай болады. Кейбір жағдайларда көгілдір түс, тек жапырақтың шетінде ғана болады (ашық-жасыл, жасыл, қоңыр-жасыл, көкшіл-жасыл).



Өсімдіктің жапырақтануы. Жапырақтанудың көрсеткіштері жапырақтың ұзындығы, жалпақтығы, саны және оның массасының сабақ массасына қатынасы. Көп қатарлы, екі қатарлы, жалаңаш дәнді, қауызсыз, және тығыз масақтары арпалардың жапырақтары жалпақтау болады.

Сабан. Жуандығы, түсі және буындардың түсі мен жуандығы. Сабан биіктігіне қарап юиік өсетін (90 см биік), орташа өсетін (61-90 см) және тапал өсетін (60 см-ге дейін) сорттарға бөледі.
Егістік арпаның аудандастырылған сорттары

Целинный 30. Авторлары: Хориков О.С., Кравченко Н.А., Терещенко Р.И. және т.б. А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-да жекелей сұрыптау әдісімен Целинный 5*Неполегающий гибридтық популяцияларын будандастыру арқылы алынған. Популяциялық сорт. Негізгі түршесі медикум (90%) және нутанс (10%).

Масақтары екі тармақты, қылтықты, сары, борпылдақ (4 см масақшалық білікке 10-11 мүшеліктер келеді), ұзындығы 8-9 см. Қылтықтары ұзын, дөрекі, сары түсті. Дәні сары, эллипс тәріздес, ірі, 1000 дәннің массасы 48-50 гр. Дәндегі ақуыз және лизиннің көлемі аудандастырылған Донецкий 8 сортымен бірдей.

Целинный 30 сортын азық-түліктік және малазықтық үшін де пайдалануға болады, орташа пісетін сорт, шашылуға және қуаңшылыққа төзімді. Жатып қалуға төзімділігі ортадан жоғары, тозаңды қара күйеге аздап төзімді. Жоғары өнімділігімен айшықталанады.

Аталған аймақтарда сортты өсіру технологиясы орташа пісетін және орташа кеш пісетін сорттармен бірдей.

Сорт Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында 1991 жылдан бері аудандастырылған.
Донецкий 8. Авторлары: Прохожей И.Д., Тарасенко Т.Е. Донецк мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасында күрделі будандастыру тәсілімен шығарылған (552-54* жергілікті Түрік сорты (К-5829). Медикум түршесі. Масақтары екі тармақты, қылтықты, сары, дәні қауызды, қылтығы тегіс. Қылтықтары ұзын, тегіс, сары қамыс тәріздес. Дәні сары, эллипс тәріздес, ірі және өте ірі. 1000 дәннің массасы 49-54 гр., стандарт Донецкий 4 және Донецкий 6 сорттарының дәндерінен 2-4 г ауырлау. Жатып қалуға стандарттық сорттар сияқты орташа төзімді. Сорт орташа піскіш. Вегетациялық мерзімі 79-90 күн, стандарттық сорттар мен бірдей, болмаса 1-3 күн ерте піседі. Қара күйемен орташадан жоғары және күшті залалданады. Сортсынақтық учаскелерде берген өнімділігі 36-47 ц/га, стандарт Донецкий 4 және Донецкий 6 сорттарынан 0,5-4,0 ц/га артық. Шаруашылықтық өндірістік сынақтарда өнімділігі 18-41 ц/га болды, бұл дегеніміз жоғарыда аталған сорттардан 1-3,5 ц/га өнімді артық бергені.

Сорт Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарында аудандастырылған.


Кедр. Краснояр АШҒЗИ-да будандастыру тәсілімен шығарылған (Винер*Биртита). Түршесі – нутанс. Масақтары қамыс – сары тәріздес, ұзындығы 6-8 см, борпылдақ, тығыздығы орташа. Масақ қауызының ұзындығы орташа, жақсы толған, қандауыр тәріздес. Қылтықтары тістілі, орташа дөрекі, сары қамыс тәріздес, масақтан 1,5-2 есе ұзын. Сорт орташакеш піскіш. Вегетациялық мерзімі Донецкая 8 стандарттық сорттартынан 2-4 күн кеш піседі, қуаңшылыққа төзімділігі стандарттан кемдеу. Сортсынағыш учаскелердің берген бағасы бойынша жатып қалуға төзімділігі 4-5 балл, яғни Донецкая 8 сортымен бірдей. Қара күйемен стандарт сияқты орташадан жоғары және күшті залалданады, гельмитоспориозбен және сабақтық татпен – орташадан жоғары, күшті залалданады. Дәні қамыс - сары, ұзынша, төменгі жағы жалаңаш, ірі. 1000 дәннің массасы 49,9-53,4 гр. Дәннің толықтылығы Солтүстік Қазақстан облысында – 85%, Көкшетау өңірінде 83% болса, Донецкий 8 сорты екі облыстарда 83-93%. Құрғақшылық жылдары дәннің толықтылығы көп кемиді. Арпа жармасының шығымы (42,3-43,1) бойынша, стандартпен бірдей. Сорттың наубайханалық қасиеті, негізінде жақсы, кейде өте жақсы. Солтүстік Қазақстан облысында дәндегі ақуыз мөлшері 14,3%, Көкшетау өңірінде – 13,5%, гектардан шығатын ақуыз 282 және 332 кг, яғни Донецкий 8 сортынан 28 және 30 кг артық. Кедр арпасы бағалы жармалық сорттар қатарына енеді.

Сорт Солтүстік Қазақстан және Ақмола (Көкшетау өңірінде) облыстарында аудандастырылған.


Целинный 91. Авторлары: Хориков О.С., Кравченко Н.А., Терещенко Р.И. және т.б. А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-да шет ел селекциясының сорттарын (Neru jefetx ww 6394) будандастырудан шығарылған. Медикум түршесі. Орташа піскіш, мал азықтылық бағытта шығарылған. Бұта пішіні тік тұратын, сабақтарының жуандылығы орташа және биіктігі (60-90 см). Қамырланып пісу кезеңінде сабақтылық буындар антоцианды түсте болады. Масақтары екі тармақты, қылтықты, сары, ұзындығы орташа және толықтылығы да орташа. Қылтықтарының ұзындығы орташа, тегіс, түстері сары-қамыс тәріздес.

Дәні эллипс тәріздес, ірі. 1000 дәннің массасы 45-50 гр. Аудандастырылған Донецкий 8 сортынан масақтарының жақсы толықтылығымен, гүл қауызының жалпақтылығымен айрықшыланады, түсі күрең-сары өсімдік. Целинный 91 сорты жо-ғары өнімділікті өзінің жақсы өнімді түптенуі және 1000 дәнінің массасы арқылы алатын сорт. Сорттың экологиялық жақсы иілмелілік қасиеті бар. Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарындағы сортсынаулардың мә-ліметтері бойынша, осы сорт стандарттан 6 ц/га өнімді артық беретіні дәлелденген. Тозаң қара күйемен және қатты қара күйемен залалдануы бойынша аздап залалданатындар тобына жатады. Целинный 91 сорты шведтік және жасырынды сабандылылық зиянкестермен зақымдануға төзімді.

Аталған аймақтарда сортты өсіру технологиясы орташа пісетін және орташа кеш пісетін сорттармен бірдей.

Сорт Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 1996 жылдан бері аудандастырылған.


Целинный 5. Авторлары: Ломак И.Ф., Скулкина Т.А. және т.б. А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-да Омский 13709-ды (Ресей) жергілікті К 6857 (Түрік) арпасымен будандастырумен шығарылған сорт. Медикум және нутанс түршелерінің популяциясы. Масақтары екі қатарлы, қылтықты, сабан түсі сары, дәні қауызды, қылтығы тегіс (медикум) және тісті (нутанс), бұл көрсеткіш әр жылы әр түрлі. Дәні эллипс тәріздес, ірі. 1000 дәнәнің массасы 55-60 гр. Сорт орташа піскіш, құрғақшылыққа өсуінің алғашқы кезеңінде (түптену, түтікке шығу) төзімді, себуден толық пісуіне дейін 84-90 күн керек, швед масасымен аздап зақымданады.

Жармалық сапасы жақсы және орташа. Өнімді сорт, Шығыс Қазақстан облысының Зырян МСУ-де 1978-1982 жылдары орта есеппен 35,0 ц/га, ал 1982 жылы 42,6 ц/га өнім алынған.

Өсіру технологиясы осы аймақтар үшін, кәдімгідей.

Сорт Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында 1975 жылдан бері аудандастырылған.


Медикум 85. Авторы А.А.Грязнов, Қостанай АШҒЗИ-да будандық популяция- дан сұрыптау тәсілімен шығарылған (Одесский 36* жергілікті Эфиопиялық сорт). Медикум түршесі. Сорт орташа піскіш. Вегетациялық мерзімі 70-88 күн, Донецкая 8 стандарттық сорттартымен бірге немесе 2-3 күн кеш піседі. Жатып қалуға, шашылуға төзімді сорт. 1000 дәннің массасы Донецкий 8 сортынан 1,5-2,0 гр ауырлау, ақуыз көлемі стандартпен бірдей 14-17% немесе одан 1,1% көптеу.

Қазақстандық совхозтехникумында және «Заречное» ТӨШ-да шаруашылықтық өндірістік сынақтарда өнімділігі әдеттегідей 30,5 және 21,0 ц/га болды, бұл дегеніміз аудандастырылған Донецкий 8 сортынан 3,2 және 2,8 ц/га артық деген сөз болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Қазандық, Қызылту және Щучье сортсынаулық учаскелерінде Медикум 85 сортың өнімділігі стандарттан 3,0-тан 6,9 ц/га дейін артық болды. Қостанай облысында Медикум 85 сорты жаздық арпаны салыстырғанда стандарттық сорт болып есептелінеді.

Аталған аймақтарда сортты өсіру технологиясы кәдімгідей.

Медикум 85 сорты Ақмола (Көкшетау өңірі), Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 1989 жылдан бері аудандастырылған.
Омский 87. Сібір АШҒЗИ-да шығарылған. Медикум түршесі (масақтары қамыс – сары тәріздес, борпылдақ, қылтықтары тегіс, дәні қауызды, сары). Сорт орташа кеш піскіш, вегетациялық мерзімі 64-80 күн, стандарттық сорттардан 2-3 күн кеш піседі. Жатып қалуға, қуаңшылыққа төзімді сорт. 1000 дәннің массасы 45,0-54,4 гр., ақуыз көлемі 12-13%, Донецкий 8 сортынан кемдеу.

Бағалы сорттар қатарына кіреді. Тозаңды қара күйемен өте күшті залалданады, (8,5%-ға дейін), сондықтан нақтылы түрде тұқымдарды себу алдында дәрілеу басты міндет болып есептелінеді.

Көкшетау өңірінде (3 аймақ), Ақмола және Шығыс Қазақстан (Семей) (2,4 аймақ) облыстарында суарылмайтын жерлер үшін аудандастырылған.
Одесский 115. Одесса қаласының селекция-генетикалық институтында, гиплоидия әдісімен шығарылған. Түршесі – нутанс (масақтары сары, борпылдақ, қылтықтары тісті, дәні қауызды, сары. Сорт орташа піскіш. Вегетациялық мерзімі 76-82 күн, 1000 дәннің массасы 43,7-57,9 гр., қуаңшылыққа төзімділігі 4 баллмен бағаланады, Донецкий 8 сортымен бірдей. Тозаңды қара күйемен залалдануы стандартпен бірдей, кейде көптеу (2,4%-ға дейін, стандартта -1,6% ), сабақтылық татпен 48%-ға дейін (стандартта 14%).

Тозаңды қара күйемен қолдан залалдандырғанда, стандарт орташа залалданса, бұл сорт күшті залалданады, сабақтылық татпен задалдануға күшті бейімді.

Сыра өндірісіне пайдаланатын сорттардың тізіміне еңгізілген.

Солтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған.



Харьковская 99. В.Я.Юрьев атындағы өсімдікшаруашылығы, селекция және генетиканың Украинаның ҒЗИ-да шығарылған. Медикум түршесі (масақтары сары, борпылдақ, қылтықтары тегіс, дәні қауызды, сары). Орташа пісетін сорт, жатып қалуға және қуаңшылыққа төзімді. Негізгі аурулармен залалдануға өте берік, тозаңды қара күйемен қолдан залалдандырғанда беріктілігі орташа, стандарт сияқты септориозға орташа, аласа қара күйемен залалдануы орташадан төмендеу (22% дейін), ал (стандартта 50%). Дәні ірі, 1000 дәннің массасы 49,6 гр.

Сыра өндірісіне пайдаланатын сорт.

Сорт Ақмола облысында (Көкшетау өңірінде) аудандастырылған.
Гранал (Безостая 1). Авторы: А.А.Грязнов. Қарабалық тәжірибе стансасында сұрыптау тәсілімен шығарылған. Интерме түршесі. Масағы ұзын (6-14см), жоғарғы жағы сүйірлеу, борпылдақ және тығыздығы орташа, дәні қауызды, эллипс тәріздес, ірі, түктілігі шаш тәріздес. 1000 дәннің массасы 43-49 гр. Масақ қауызы қылтықсыз. Кейбір жылдары қысқа қылтық тәріздес біліктер пайда болуы мүмкін, бірақ олар қайтадан сепкенде жоғалып кетеді.

Сабағы – орта бойлы сабан (120 см-ге дейін), жатып қалуға төзімді.

Орташа кеш пісетін сорт, вегетациялық мерзімі 68-79 күн. Дәніндегі ақуыз мөлшері орта есеппен 15,9%, стандарт Донецкий 8 сортымен бірдей. Тозаңды қара және қатты күйеге төзімді. Тамыр шірігі қоздырғыштарына төзімді. Қылтықты сорттардан пайдалы айырмашылығы, бұл сорт балауызданып піскенде 5-7 күн бойы сабағы жасыл түрлі қалпын сақтай алады, бұл дегеніміз осы сорттың сабаны келешекте жақсы малазықтылық қасиеттерін сақтайды деген сөз.

Ақмола облысында аудандастырылған.


Бақылаулық сұрақтар:

  1. Арпаның сорттық нышандарын атаңыз.

  2. Арпа масағының тығыздылығы қалай анықталынады.

  3. Арпа дәнінің қандай пішіндері кездеседі.

  4. Арпаның жасунақтылық дәрежесі.

  5. Сортты анықтағандағы арпаның вегетациялық нышандары.


2.6 Егістік сұлының биологиялық ерекшеліктері және сорттық нышандары

Дәннің түрі – сұлыға апробация қолданғанда, басты белгі. Оны масақшадағы алғашқы толыққан дәнге байланысты анықтайды.

Дәннің келесі қабылданған түрлері:



  1. Мәскеулік (пробштейский) – жуан жемісті, дәні ірі, ұзын, жалпақ, жуан, төбесі доғал, сәл бүкірлеу, ішкі гүл қабыршығы ашық.

  2. Харковтік (лейтевицкий) – жіңішке жемісті, дәні жіңішке, дәннің арқасы аздап бүкірлеу, тегіс, ұшы доғал ұзынша. Дәнегі гүл қабыршағының ұзындығынан 2/3 бөлігін толтырады. Ішкі гүл қабыршағы ашық.

  3. Шатиловтық. Дәні қысқа, ұшы сүйір, жоғары қарай қысылады, жұмыртқа пішіндес, екі жағы ісіңкі. Екінші дәннің білігі ұзын.

  4. Ұзын қабықты. Дәні ұзынша пішінді, харьков түріне қарағанда ұзын, төбесі үшкір, өте ұзын.

  5. Инелі. Дәні жіңішке, қысыңқы арнасы тегіс, дәннің төбесі үшкір ұзын, ішкі гүл қабыршығы сәл ашылған немесе жабық.


Бірінші дән негізінің түктілігі.

Көптеген сорттардың дәндері негізгі жағында түксіз болады, кейде біреңсараң түктер кездеседі. Сондықтан сұлының апробацияға берілген масақтағы масақшасының түкті не түксіз екенін анықтау үшін гүл шоғырына бірнеше масақша алу керек.



Шашақгүл түрі. Пішіні бойынша сыпыртқы қомақты және бір жақты болады. Бірақ сыпыртқы типы әр түрлі болады. Сондықтан сыпыртқының қомақты түрі сорттық белгісін көрсетеді.

Шашақгүл бірнеше түрлерге бөлінеді:



  1. Жартылай қысыңқы – масақша бұтақтары шұғыл бұрылған және біліктен 30-40 градустық бұрылыс жасайды. Бұл сыпыртқы типі ең өнімді болады.

  2. Қомақты – мұның сыпыртқы бұтақтары негізгі біліктен 60-70 гра-

дустық бұрыш жасайды, сыпыртқының мұндай түрлері қазіргі көп өсірілетін сорттарда байқалады. Жартылай қысыңқы және қомақты сыпыртқыларды айыру қиын. Бір сыпыртқының негізгі білігімен бұтағының арасындағы бұрышы көп өзгеріп отырады және пісу кезеңінде болады, өйткені дәні піскен кезде бұтақтары төмен салбырайды, сол кезде бұрыштық көрсеткіштері анықталады.

Далалық апробация кезіндежартылай қысыңқы және қомақты сыпыртқыларды айыру қиын, неге десеңіз, баулардағы шашақгүлдер түстік түрлерін жоғалтады.



  1. Бұтақтарының көлденең орналасуына қарай (бұрышы 90 градус) жетілген сыпыртқы бұтақтары сәл иілген. Бұл типке Шатилов сұлысы жатады.

  2. Иілген – сыпыртқысы борпылдақ, аз өнімді, бұтақтары иілген (90˚-тан) көп. Шашақгүлдің иілген түрін, бұтақтарының көлденең орналасқан түрлерінен айыру қиын.

Сабақ буынының түктілігі. Сабақ буындары өзінің барлық беті бойынша түкті болмайды, тек олардың шеті (жоғарғы, төменгі) және буын жанындағы сабағы түкті болады.

Көптеген сорттардың сабақ буындары түксіз және бір ғана қылтанағы болады, буынның жаппай түктілігі сұлының ешқандай сортында байқалмайды.



Дәннің қабықтылығы – сұлыда қабықтылық 23%-дан 40% аралығында ауытқып отырады. Сонымен қатар ол қылтықтығында, климатқа және өсіру жағдайына байланысты болады. Жағдай жақсы болған сайын, қабықтылық азаяды.

Жұп дәнділік – қажетсіз құбылыс, олар сұлының өсуінде кездескен жағымсыз жағдайлардан болады

Үш дәндік. Бұл көптеген сорттарда ылғалды жылдары және топырақ құнарлығы жоғары болғанда байқалады. Бұл жақсы көрсеткіш, өйткені мұнда төменгі дәндері (бірінші және екінші) күшті дамиды.

Егістік сұлының аудандастырылған сорттары

Синельниковский 14. Жүгері БҒЗИ-да сұлының поляк үлгісінен жекелей сұрыптап шығарылған. Түршесі мутика (дәні ақ, қылтықсыз, дәні қабықты). Шашақгүлдері жартылай қысыңқы, ұзындығы орташа. Дәні аралық түрге жатады. Төменгі дәннің негізі жалаңаш. Дәні орташа ірі. 1000 дәннің массасы 29-25 гр. Қабықтылығы орташа және ортадан жоғарылау (29-32%).

Сабаны орташа биік және жуандығы орташа, жатып қалуға төзімді. Түптенуі тік тұрған. Ортаща піскіш, қуаңшылыққа төзімді. Тозаң күйесіне төзімді. Швед масасымен аздап зақымданады. Жоғары өнімді. Ылғалдылықты жақсы көреді, бірақ құрғақшылық жылдары да өнімділігі жақсы.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Сильма. Щвецияның селекциялық институтында Палу*Саксо сортарын будандастыру арқылы алынған. Түршесі мутика. Ақ дәнді, қылтықсыз. Батыс еуропалық ендіктегі экологиялық топқа жатады. Сыпыртқысы жартылай қысыңқы, масақша қабыршақтары қысқа және жалпақ. Масақшасының көпшілігі қос дәнді, кейде әлсіз қылтықты, қылтықтары тік, жіңішке, негізінің түсі қара және сәл бұратылған.

Дәні жуан жемісті түрге жатады. Дәні ірі. 1000 дәннің массасы 30-32 гр. Қабықтылығы орташа (27-30%).

Сабанның ұзындығы орташа (90-100 см), жатып қалуға төзімді, сабақ буындары мен жапырақ қынабы жалаңаш.

Орташа мерзімде піседі, ылғал сүйгіш, қуаңшылыққа төзімділігі нашар. Өзек таты және тозаң күйесімен орташа залалданады.

Сорт аздап шашылады, біздің аймақта өнімді құрастыруы тұрақтылы еместігі байқалынады.

Солтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған.


Скакун. Ульянов МАТС-да Фрезер*Астер гибридтық популяцияларын жекелей сұрыптау әдісімен алынған. Мутика түршесі. Түптену түрі тік, сабағының жуандығы орташа, берік. Жапырақтары аралық типті, түксіз, күрең-жасыл түсті. Түптену кезеңінде түсі балауыз өңезді болып түрленеді. Масақша қабыршақтарының ұзындығы орташа, анық көрінеді. Шашақгүлдері жартылай қысыңқы, ақ-сары түстілеу, ұзындығы орташа. Қылтықтары нашар – 5-10%. Дәні жуан жемісті түрге жатады. Иілімділікті. Өнімділігі жақсы.

Орташа ерте – орташа пісетін сорт. Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында 74-92 күнде піседі. Стандарт Синельниковский 14 сортынан 1-5 күн ерте піседі. Жатып қалуға төзімділігі орташадан жоғары – жоғары, стандарттан 0,5-1,0 балл артықшылығы байқалады. Шашылып қалуға төзімділігі орташадан жоғары – жоғары. Қуаңшылыққа төзімділігі орташа.

Дәндері ірі. 1000 дәннің массасы 30,3-40,4 гр., стандарттан 1,2-5,8 гр ауыр. Мемлекеттік комиссияның орталық зертханасының мәліметтері бойынша ақуыз мөлшері 10,8-15,6%, стандарттан 0,5-1,0% аздау. Қауыздылығы орташа – 25-28%.

Тозаң күйесімен аз залалданады, өзек татымен залалдануы орташа, сабақтылық татпен залалдануы орташадан жоғары – күшті, ал стандарттың залалдануы күшті болғанда.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Битик. А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-да будандық популяциядан 36/HI шығарылған. Мутика түршесі. Толық піскенде масақтары қомақты, ұзындығы 15-22 см., балауызданып пісу кезеңінде дәнділігі жақсы, түсі ақтан, ақшыл-сарыға дейін ауысады. Масақшаларының көпшілігі қос дәнді, қылтықсыз. Құрғақшылық жылдарында да, қылтықтар пайда болмайды. Осы қасиеті бұл сорттың басқа сорттардан басты айырмашылығы болып есептеледі.

Дәндерінің көлемі орташа, дәннің төменгі негізі жалаңаш, ұзынша формалы, сәл бүкірлеу. 1000 дәннің массасы 27-34 гр. Қауыздылығы 23,0-25,0%. Сабақтарының қалыңдылығы орташа, қуыс, берік. Өсімдіктер биіктігі 120 см-ге дейін жетеді. Түптену түрі тік.

Жапырақ тақтасының көлемі орташа, ашық-жасыл түсті. Орташа пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі 70-93 күн. Жатып қалуға төзімді, шашылуы нашарлау. Тозаң күйесімен аз залалданады. Сорттың бағыты малазықтылық. Келесідей микроаймақтарда өсіруге ұсынылған: қуаңшылық далалықты оңтүстікті қара топырақтарда және құрғақ далада.
Бақылаулық сұрақтар:


  1. Сұлы дәнінің қандай типтері кездеседі

  2. Сұлы масақтарының типтері, оларды сипаттау.

  3. Егістік сұлының қауыздылығының %-ы.

  4. Сұлының сорттық нышандарын атаңыз.

  5. Дәннің москвалық типіне сипаттама беріңіз.

2.7 Тарының биологиялық ерекшеліктері және сорттық нышандары



Тамыр жүйесі - шашақ, топырақ тереңдігіне және жан жағына 1м шамасында таралып бойлайды.

Сабағы 45-230 см, бұтақсыз немесе бұтақты целиндр тәріздес, іші қуыс, көлденең аса ірі емес, науасы бар, жапыраққа қарағанда көбірек нәзік сирек немесе қалың түкті қылшықтары бар. Бір бұтада 1-5 жемісті сабақтар бар. Бұтаның шашақтану-түптену кезеңдегі түрлері – ұйық тармақты, шараңқы тармақты және өте шараңқы тармақты.

Гүл шоғыры – шашақбас, ұзындығы 10 см-ден 60 см-ге дейін.

Масақша – сағақта орналасқан жалаңаш, сопақ, жұмыртқа тәріздес, домалақша ұшты, жоны қырлы, қылтықсыз.

Жемісі – дәнек, қауызды, көлденең сызықсыз, домалақ, сопақ, ұзынша, өте ұсақтан іріге дейін, 1000 дән массалары 4-9 г.

Ботаникалықтан басқа биологиялық, және шарауашылықтық нышандар сорттарды сипаттаудың негізі болып табылады.



Бұлар: шашақгүлдің ұзындығы, пішіні, ірілігі, қабықтылығы, дән натурасы, жарма шығымы, опырылғыштығы, ядроның (жарма) консистенциясы және түсі, өсімдіктің биіктілігі, сабақтардың қалыңдылығы, буынаралықтың саны, жоғарғы буынаралықтың ұзындығы, сабақтың жапырылуға, жатып қалуға төзімділігі, пісу кезінде дәннің шашылмалығы, аурулар мен зиякестерге, қуаңшылыққа және төмен температураларға төзімділігі, өсу-даму кезеңінің ұзақтығы.

Шашақбастың ұзындығы. Ерекшеленетін сорттар: қысқа шашақбастылар, ұзындығы – 17-19 см-ге дейін, қысқалау – 19-24 см., ұзын шашақбастылар – 24 см-ден артық. Шашақбастың ұзындығы өсу жағдайларына байланысты күшті өзгеріп отырады.

Дән пішіні. Дәндер шар тәрізді, сопақ, сопақ-ұзынша пішінді болып келеді. Шар тәрізді дәндердің қалыңдығы, жалпақтығы, ұзындығы бірдей, дәннің төбесіндегі гүлдік қауыздары айырылған. Дәннің ұзындығының көлемдері: ұзындығы – 2,3-3,1 мм, жалпақтығы – 1,7-2,5 мм және қалыңдығы – 1,2-2,1 мм.

Дәннің ірілігі елеуіштен еленіп анықталады. Ірілері – тесігінің диаметрі – 1,8 мм елеуіштен өтпегендері, орташалары 1,5-1,7 мм-ден өтпегендері, ұсақтары – 1,4 мм-ден өтпегендері.

1000 дәннің массасы, егер 7 гр-нан артық болса – ірі дәнділер, 5-6,9 гр – орта дәнділер және 5 гр-ға дейінгілері – ұсақ дәнділер қатарына жатады.

Дәннің қабықтылығы. Дәннің қабықтылығына қарай мынадай сорттар болады: төмен немесе аз қабықтылығы төмен – 10-15%, орташа қабықты – 15-20% және жоғары қабықты 20%-дан жоғары. Дәннің опырылғыштығына қарай былай бөлінеді: жеңіл опырылатын (тары тартатын машинадан өткізгенде 1-2% опырылмаған дән қалса), орташа опырылатын (опырылмаған дән 3-4%), қиын опырылатын (опырылмаған дән 5% жоғары) болса.

Жарма шығымы. Жарма шығымына қарай: төмен 75%-ға дейін, орташа 76-79% және жоғары 80%-дан жоғары жармалық сорттары бар. Жарма шығымы көбірек беретін сорт ірі, тегістелген, нашар қабықтылығы мен дән пішіні шар тәрізді. Сопақ дән нашар түлейді және оның қалдығы көп болады.

Ядро консистенциясына қарай тары шыны тәрізді; жартылай шыны тәрізді және ұнтақты болып бөлінеді.

Ядро түсі. Ядро түсі сары, ақшыл сары және ақшыл сары кремді және ақшыл кремді ағарыңқы және ағарыңқы сұр дақты болуы мүмкін. Ядроның ашық сары түсті каратиноидты заттың көп жиналуына байланысты.

Ботқа дәмділігі балмен бағаланады: 5-өте жақсы, 4-жақсы, 3-орташа және 2-нашар.

Өсімдіктің биіктілігі. Өсімдік бойына байланысты сорттар ұзын бойлы – 100 см-ден жоғары, орташа бойлы – 70-100 см және қысқа бойлы – 70 см-ден төмен болып келеді.

Сабақтың жуандығы. Сабақ жуандығы бойынша: жуан сабақты, 5 см биіктіктегі диаметрі 0,6 см жуан, орташа жуан 0,4-0,5 см және жіңішке сабақты 0,4 см-ден кем.

Буынаралық саны. Буынаралық саны бойынша сортты былай ажыратады: көп 8-ден жоғары, орташа 6-8 және буынаралықтары аз санды 2-5.

Жоғарғы буынаралықтың ұзындығымен ең соңғы жоғарғы буынның шашақбастан негізіне дейін сортқа былай бөледі: ұзын (20-25 см), орташа (17-20 см) және жоғары буын аралығы өте қысқа (10-14 см).

Шашылу деңгейіне қарай сорттарды былай бөледі: аз шашылатын, орташа шашылатын және көп шашылатын.

Өсу-даму кезеңінің ұзақтығына қарай тарының сорттарын былай ажыратады: өте ерте (40-60 тәулік), ерте (60-80 тәулік), орташа (80-100 тәулік), кеш пісетін (100-120 тәулік) және өте кеш пісетін (120 тәуліктен көп).
Саратовское 3. Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ-да ВНИС 29*Сангвинеум 1113*Саратовское 853*Скороспелое 66 сортымен қаракүйе түрлеріне төзімділігін 2 рет қанықтыру жолымен алынған.

Авторлары: В.А.Ильин, М.И.Комарова, И.П.Унгенфухт, Е.Н. Золотухин, Ю.Я.Кожемякин.

Түршесі сангвинеум, шашақбасы иілген, дәні қызыл. Орта бойлы өсімдік – 59-75 см, берік, орташа жуан, жатып қалуға берік. Жапырақтануы жақсы, түптенуі нашар. Сібсебасы тығыз, біршама ұзын 21,5 см-ге дейін, иілген бұтақтары мықты. Шашылуға берік. Дәні дөңгелек, ірілігі орташа, қызыл түсті. 1000 дәннің массасы 6,8-7,2 г. Натуралық салмағы 725-746 г/л. Қауыздылығы 17-18. Дәннің бірыңғайлығы 88, шығымы 31,6 г. Сорттық ерекшелігі – қара күйеге берік.

Жоғары өнімді, орташа өнімділігі 10-23,6 ц/га, ең жоғары өнімі Батыс Қазақстан облысының Бурлинск сорт телімінде – 40,6 ц/га болды. Орташа піскіш, 70-80 тәулікте піседі. Эталон болып саналатын Саратовское 853 сортымен салыстырғанда технологиялық және жармалық сапасы бірдей. Жарма шығымы 75. Ботқа түсі сары, дәмі жақсыдан өте жақсыға дейін. Өміршеңдігімен, піскіштігімен ерекшеленеді. Қостанай, Павлодар, Орал және Ақмола облыстарында аудандастырылған.


Шортандинское 7. Авторлары: Бекк Э.П., Коробкина Л.А., Блудшая Т.П. және т.б. А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-да будандық популяциядан жекелей сұрыптауда, Шортандинское 3 және Саратовское 3 сорттарын шағылыстырудан алынған.

Түршесі сангвинеум, шашақбасы иілген, дәні қызыл, сопақша-ұзыншалау түрлі, іріліктері орташа, 1000 дәннің массасы 5,0-7,3 гр. Натуралық салмағы жоғары (705-753 г/л). Қауыздылығы орташа (17,2-19,8%). Орта бойлы өсімдік – 70-80 см, кейбір ауа райы жақсы жылдары 100-120 см-ге дейін өседі. Сабақтарының жуандылығы 3-5 мм деңгейінде болады, аздап түтіктенген. Жапырақтануы жақсы, түптенуі нашар. Сібсебасы тығыз, біршама ұзын (20-22 см-ге дейін), иілген бұтақтары мықты. Шашылуға берік. Негізгі сабақтағы буынаралық саны – 5-6. Жапырақтары жасыл, көлемдері орташа, жалаңаш келген. Өсімдік жапырақтарының түстерін толық жетіліп піскенге дейін сақтайды.

Орташа пісетін сорт (егістен пісіп жетілгенше 86-91 күн керек), Саратовская 3 сортынан 2-3 күн ерте піседі, қара күйемен тозаңдануға берік. Дәннің опырылғыштылығы орташа. Дәннің шығымдылығы жоғары (80-84%). Жармасы сары түсті, шынылы және жартылай шынылы, ботқасы шашылымды. Көп жағдайларда ботқасының тәмі жақсы. Қуаңшылыққа төзімділігі жоғары. Сорт ылғалдылықты жақсы сезінеді.

Шортандинская 7 азық-түліктік бағыттағы сорт. Сондай ақ, оның вегетациялық массасының жоғары өнімділіктеріне байланысты, бұл сортты мазақтылық мақсаттарға да пайдалануға болады.

Тары дақылының әрқашандық жақсы өнімдерін алу үшін, осы дақыл себілетін танаптардың топырақтарын жақсы өңдеп дайындап, ұсақ тұқымды дақылдарға керекті агротехникалық жағдайларды жасау керек. Міндетті түрде танап топыра ғын егісті себер алдында, содан кейін себкеннен кейін де тығыздау қажет.

Себу мезгілі 25 май – 2 июнь аралығында. Сорт Ақмола облысында 1994 жылдан бері аудандастырылған.


Кормовое 66. А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-ның Көкшетау филиалында, Черносемянное 1 сортынан тұқымдық-топтық сұрыптаумен алынған. Авторы: Хасенов У.Х. Кокцинеум түршесі (шашақгүлдері шашыраңқы тармақты, тұқымдары күрең түсті).

Түптері ықшамды жинақы. Сабақтары 57-89 см, биік, орташа дөрекілеу. Түптенуі 3-6 сабақ. Жапырақтарының ұзындығы 24-35 см, жалпақтылығы 1,7-2,3 см, орташа дөрекілеу келген, орналасулары қиғаш бұрышты.

Жапырақтануы 45-61%. Шашақбасы сабан-сары түсті, шашыраңқы, ұзындығы 21-36 см, тығыздылығы орташа. Тұқымдары сопақша келген, күрең түсті, 1000 дән массасы 5,3 гр.

Орташа пісетін сорт. Көк азық есібінде өсу-даму кезеңі 43-49 тәулік, шаруашылықтылық – тұқымдық жағдайда 66-67 тәулікте өсіп жетіледі.

Көкшетау өңірінде аудандастырылған.
Кормовая 89. Авторлары: Бекк Э.Т., Коробкина А.А., Блудшая Т.П. А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Түршесі ауреум (шашақбасы қысыңқы, дәні сары). Сабақтары нәзік, жапырақтануы жақсы, күшті түктенген, ұзындықтары 57 см-ге дейін жетеді. Жапырақтары қандауыр тәріздес, жалпақ (1,6-1,8 мм), жалаңашты, түстері жасыл.

Шашақбастары қомақты, ұзындықтары 24 см-ге жетеді. Масақшалары эллипс, масақша қауыздары жұмыртқаша-үшкірленген тәріздес. Дәндері сопақша, түстері сары. 1000 дәннің массасы 6,7-8,0 гр.

Шаруашылықтылық жағдайда орташа есеппен 89 тәулікте пісіп жетіледі. Көк азық есібінде өсу-даму кезеңі 44 тәулік. Сорт орташа піскіш.

Өнімді сорт, аудандастырылған аймақтардың сорт сынау учаскелерінде тұрақты жөғары өнімділіктерімен ерекшеленді.

Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында 1993 жылдан бері аудандастырылған.
Омское 11. Сібірлік АШҒЗИ-да шығарылған. Түршесі флявум (шашақбасы шашыраңқы, дәні сары). Дәні дөңгелекше-шар тәріздес. 1000 дәннің массасы 6,8-7,6 гр. Қауыздылығы 17-18%.

Өсу-даму кезеңі 87-105 тәулік. Қуаңшылыққа төзімділігі орташа, жатып қалуға төзімді. Қара күйемен тозаңдануға берік.

Технологиялық және жармалық сапалары жақсы. Толымдылығы 75%, жарманың шығымдылығы 76-78%. Ботқасының түсі және тәмі 4-4,5 балл. Ақуыз мөлшері 13-14%.

Солтүстік Қазақстан облысында 1994 жылдан бері аудандастырылған.


Бақылаулық сұрақтар:

  1. Тарының морфологиялық құрылысы.

  2. Тарының сорттық нышандарын атаңыз.

  3. Тары дәнінің қандай пішіндері кездеседі.

  4. Тары дәнінің омырғылғыштығын қалай анықтайды.

  5. Тары дәнінің қауыздылығы.

  6. Жарма шығымына қарап қандай сорттарды ажыратады.

  7. Тарының шашылу дәрежесі.

  8. Буынаралықтарының санына қарап қандай сорттарды ажыратады.

  9. Тарының тіркелген сорттарын атаңыз.


2.8 Дәнді дақылдар тұқымдарын өсіру технологиясы.

Тұқым шаруашылығы технологиясы ғылым мен техниканың және жергілікті жердің жағдайларын ескеретін алдыңғы қатарлы тәжірибелердің арқасында құрастырылынады, сондықтан ол тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтың басты құжаты болып есептелінеді.

Тұқым өндірісімен шұғылданатын әрбір шаруашылықта, өздік аймақтылы жағдайларға сәйкес тұқым шаруашылықтылық технология, ол дегеніміз әртүрлі дақылдарды, сорттарды және репродукцияларды өндіру үшін жасалған, керекті технологиялық карталар құрастырылып жасалуы керек. Технологиялық карталар жыл сайын жанарған техникалардың саны, тыңайтқыштар, пестицидтер және сол сияқты аймақтық институттар немесе тәжірибе станцияларының жаңадан берген ұсыныстарына сәйкес өзгеріп отыруға тиіс. Жаңа сорттарды өндіру үшін жасалған технологиялық карталарды құрастырғанда, олардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру керек, сондықтан осы сорттың авторы – селекционердің немесе сол сорт шығарылған мекеменің тұқым шаруашылығы бөлімінің кепілдемесін қолдану қажет.

Алғыегістер. Егістіктер суарылмайтын жағдайда жаздық бидай, арпаның тұқымдық егістері үшін ең жақсы алғыегістік – таза сүрі жер болып есептелінеді. Сүрі жердерден басқа тұқымдық мақсаттағы жаздық бидай, арпа үшін алғыегіс есебінде, отамалы дақылдарды (жүгері, картоп және т.б.), астықбұршақты, тары, қарақұмықты, сүрі жерден кейінгі бидайды пайдаланады. Тұқым өндірісінде, алдында бидай себілген танапқа қайтадан бидайды себу, ерекше жағдайларда ғана болуы мүмкін, егерде бола қалса, былтырғы себілген сорт тұқымының репродукциясы сол танапқа қайтадан себілуі керек.

Атмосфералық ылғалдар жеткілікті аудандарда жоғарыда аталған алғы-егістермен қатар көпжылдық шөптердің аудара жыртылған танаптары да жақсы алғыегіс болып саналады. Бидай мен арпаның тұқымдық егістерін суарғанда, оларды көпжылдық шөптердің аударыла жыртылған жері, екпе сүрі жер, отамалы (жүгері, қант қызылшасы, картоп), астықбұршақтылар (ас бұршақ, соя), бақшалық және көкөністік дақылдар себілген танаптарды пайдалануға болады.

Сұла дақылы алғыегіске сондай қатты талап қоймайды, бірақ оларды да жақсы алғыегістерде (таза және екпе сүрі жер, көкөністер және бақша дақылдары, тары, қарақұмықтардан кейін себуге болады, бірақ қара сұлымен ластанған танаптарға себуге мүлдем болмайды.

Тары дақылы үшін алғыегістер - көпжылдық шөптердің аударыла жыртылған жері, таза сүрі жер, картоп, астықбұршақты дақылдар және сүрі жерге себілген бидайлар.



Тыңайтқыштар. Жаздық бидай, арпа тыңайтқыштарды сіңіруден жақсы әсерлер алады. Қоректілік заттарға олар егуден түтікке шығу кезеңдерінде көп сұранысты. Солтүстік Қазақстан жағдайында негізінен фосфор жетіспейді және сол сияқты соңғы жылдары топырақта азоттың жетіспеушілігі де байқала бастады. Калийлік тыңайтқыштар бұл жақта топырақта оның құрамының жеткілікті болуына байланысты, сіңірілмейді.

Оңтүстік өңірі облыстарының топырақтары негізінен ашық-қоңыр, сұр топырақты болып келеді, олардың құрамында аз мөлшерде органикалық заттар және жалпылық азот болады, сондықтан суарылмайтын ашық-қоңырлы топырақты жерлерде бидай, арпа дақылдары үшін сіңірілетін тыңайтқыштардың жобалық мөлшері – N30 P40 K30 деңгейінде болады. Ал суарылатын сұр топырақтардағы тыңайтқыштардың сіңірілетін мөлшерлері – N60 P90 K60.

Сұлы органикалы және минералдық тыңайтқыштардың сіңілгеннен кейінгі әсерлерін жақсы пайдалана біледі. Сол сияқты тары да сіңірілген органикалық тыңайтқыштардың да кейінгі әсерін жақсы пайдалана біледі. Сонымен қатар барлық аймақтарда негізгі тыңайтқыштардан басқа, себу кезінде тұқымдарман қатар жүйектерге түйіршіктелген фосфаттарды 10-15 кг/га ә.з. мөлшерінде сіңірген өте дұрыс.

Себу. Жаздық бидайдың себу кезеңі топырақты-климаттық жағдайға, вегетация кезеңіндегі жауған жауын-шашынның саны және бөлшектенуіне, аязсыз кезеңнің ұзақтылығына, сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне және егіншіліктің мәдени деңгейіне байланысты болады.

Республикамыздың солтүстік облыстарында жаздық бидай, арпа, сұлы және тарыны ерте мерзімде себу, олардың өнімділіктерін көп кемітеді, осының бәрі аталған аймақтың климатының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Қысты күні түсетін қардың мөлшері аз және қыс өте суық, осыдан барып топырақ 2-2,5 метрге дейін қатып қалады да, көктемде тез ери қоймайды. Көктем суық және созылмалы. Май-июнь айларында күшті құрғақшылық болады, тек июль-август айларында ғана жауын-шашынның максимумдылық мөлшері түседі. Климаттың өзіндік ерекшеліктері жаздық бидай және сол сияқты арпа, сұлы және тарының себу мерзіміне де ықпалын тигізеді, неге десеңіз осы дақылдардың ылғалды ең күшті қажет ететін мерзімі, жаздың екінші жартысына дәл келеді, ол июль айы, ал пісіп жетілу кезеңі күзгі суықтар басталғанша бітеді.

Бидай ерте себілсе, баяу өседі, селдір болады, арамшөптермен ластанады, әсіресе қара сұлымен және түптену-түтікке шығу кезеңдері жаздың ертелік құрғақшылықтарына тап болады. Республикамыздың Солтүстік өнірі облыстарында бидайды себудің ең қолайлы мезгілі майдың 18 мен 30 арасы, себуді кеш пісетін және орташа пісетіндерден бастап, ылғалдары бар және арамшөптерден таза танаптарда ерте пісетін сорттармен аяқтаған жөн. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ерте себу мерзімі (апрелдің аяғы-майдың басы), батыс және оңтүстік облыстарда, топырақтың жоғарғы тұқымды сіңіру қабатының тез кеуіп кетуіне байланысты, жаздық бидайды ерте мерзімдерде сеуіп тастайды.

Арпа – ерте мерзімде себілетін дақыл. Топырақтың жоғарғы температурасы бұл өсімдіктің бастапқы өсу кезеңінде, әсіресе тамыр жүйесінің дауына кері әсерін тигізіп, сапалы тұқымдардың өнімділігін кемітеді, сондықтан Солтүстік Қазақстан облыстарында арпаның ең қолайлы себу мерзімі мамырдың аяғы - маусымның басы, бұл мерзімге дейін өскен арамшөптерді толық құрту мүмкіндігі туады. Ал, Павлодар облысында мамырдың 24-26 аралығы, Қостанайда 25 мамырдан – 5 маусым аралықтары. Оңтүстік облыстарда арпаны ерте, танапқа шығуға бірінші мүмкіндік туғанда, бастап сепкен дұрыс.

Тарыны себуді топырақтың 10 см тереңдігі, +12+15˚С жылынғанда бастайды. Солтүстік облыстарда себудің қолайлы мерзімі 25 мамырдан - 1 маусымға дейін, оңтістікте 15 сәуірден - 12 мамыр аралығы, ал шығыс пен батыста 25 сәуірден – 24 мамырға дейін себу қолайлы болады.

Себу мөлшері. Солтүстік облыстар үшін жаздық бидайдың нұсқаулық себу мөлшері: кәдімгі қара топырақтарда 3,0-3,5 млн/га өңгіш тұқым, оңтүстілікте 2,5- 3,0 млн/га, қоңыр топырақтарда 2,0-2,5 млн/га өңгіштік тұқым. Ал оңтүстік облыстарда суармалы жерлерде 4,0-6,0 млн/га өңгіштік тұқым.

Ең құрғақшылықты аудандарда арпаның себу мөлшері – 2,6-3,5 млн/га өңгіш-тік тұқым, ылғал көлемі жеткілікті аудандарда – 3-4 және жақсы қамтамасызданған, суарылмайтын және суарылатын жерлерде – 4,0-5,5 млн/га өңгіштік тұқым.

Сұлының себу мөлшері әртірлі топырақты-климаттық аймақтарға, ылғалдың көлеміне және топырақтың құнарлығына байланысты – 2,5-4,5 млн/га өңгіштік тұқымдар.

Тарыны жаппай сепкенде 2,0-2,5 млн/га өңгіштік тұқым себеді, құнарлы, ылғалмен қамтамасызданған топырақтарда – 4,0-4,5, ал құрғақшылық аудандарда кең қатарлап сепкенде – 1,5-2,0 млн/га өңгіш тұқым себеді.

Жаздық бидайды кәдімгідей қатарлап, тар қатарлап себеді, ал Солтүстік Қазақстанда – қатар аралығы 22,3 см-ге себеді, осылай сепкенде ғана өте сапалы тұқымдарды алуға болады. Тұқымдардың себу тереңдіктерін, топырақтардың ерекшеліктеріне, себу мерзіміне, ауа райының және басқа да жағдайларға байланысты 4 см-ден 8 см-ге дейін тереңдікті таңдайды. Арпаның жақсы себу әдісі – тар қатарлап себу, қатараралығы 7,5 см, және сол сияқты жаппай себу болып табылады, қатараралығы 15 см.

Сұлыны топырақтың құнарлылығы және ылғалмен қамтамасызданғандығына байланысты кәдімгідей қатарлап себеді, қатараралықтары 15; 23 см.

Егінді сеуіп болғаннан соң, әрбір учаскенің шетінде далалық маңдайтақтаны қояды, онда көрсетілетіндер: бригаданың нөмірі, танаптың нөмірі, дақыл, сорт, егістің репродукциясы, гектар есебіндегі аумағы.

Егістерді күтіп бағу. Көптеген аймақтарда астық тұқымдас дақылдарды күтіп бағу, оларды таптап тығыздаудан басталады. Бұл әдіс біріншіден танаптардың жерлерін тегістейді және көк өскіндердің бір кіседей тез және біркелкі өсуін қамтамасыз етеді, сондай ақ, бақашық қандаласымен және басқа да зиянкестермен (топырақтағы осындай зиянкестердің үйшіктері бұзылады) күресудің тиімділігін арттырады. Осыдан бастап егістерді жаз бойы күтіп бағу операциялары, жоғары өнім алуға және сорттық тазалықты сақтауға бағытталады.

Сонымен қатар, технологиялық карталарда егістерді тырмалау (малалау), кең қатарлы себілген дақылдардың қатараралықтарын өңдеу, арамшөптер, зиянкестер және аурулармен күресу үшін химиялық отауды қолдану жоспарланады.

Тұқым шаруашылығының басты операциясы есебінде, түрлілік және сортық отауларды жүргізу болып саналанады. Түрлілік отаудың көмегімен сорттық егістерден басқа түрлердің өсімдіктері жойылынады. Түрлілік отауды масақтану кезеңінің аяғында, яғни қоспаларды табу жеңіл болғанда жүргізеді. Осы кезде жаздық бидайдағы күздік қара бидай, арпадағы сұлы, болмаса керісінше, қоспалар анықталынып отаулау арқылы жойылады.

Сорттық отаулар – дегеніміз, өсіп тұрған егістіктер арасынан осы дақылды, немесе басқа сорттарды отау. Бидай және арпаның сорттық отауын масақтанудың соңғы кезеңінде өткізеді – бұл кезде қоспалар қылтықтар және түктер (бидайларда) бойынша жойылады, бірақ негізгі отауды кештеу – қамырланып піскен кезеңінде, сол кезде қоспаларды масақтардың түсіне қарап жояды.

Сұлының сорттық отауын сүттеніп піскен кезеңінде, қоспаларды шашақбастардың пішіндеріне қарап жойады. Тарының сорттық отауын шашақбастанудың соңында өткізеді, осы жолы негізгі сорттан шашақбастарының түсі мен пішіндері басқа барлық өсімдіктер жойылады. Сонымен қатар сорттық отау кезінде арамшөптер де жойылады және ауру өсімдіктер танаптардың шетіне шығарылынып жойылады.

2.9 Дәнді дақылдар тұқымдарын жинап алу және оларды сақтау.

Күздік және жаздық ерте пісетін дақылдардың пісіп-жетілуінің өздік ерекшеліктері бар. Күздік дақылдар біркелкі піседі, қамырланып піскенде шашылмайды, бірақ көп уақыт тік тұрып қалса, немесе дестелерде көп жатып қалса дәндерін жоғалта бастайды. Бөлектеп жинауды қамырланып пісе бастағанда бастайды, ал тік оруды – толықтай піскен кезіңде жүргізеді.

Жаздық бидай піскен кезінде шашылып қалуға бейімді. Өнімді жинап алу бөлектеп жинаумен қамырланып пісе бастағанда бастайды, ал тік оруды – толықтай піскен кезінде жүргізеді.

Арпа пісіп жетілуі біркелкі. Масақтар толық піскенде төмен қарай салбырап иіледі және жұмсақтанады, сондықтан көп тұрып қалған жағдайларда шашылуға өте бейімді.

Бөлектеп жинауды егістіктің сабақ жиіліктері қалың және биік болғанда қамырланып пісу кезеңінің орташаланған кезінде бастайды, тік оруды – сабақ жиіліктері селдір болған жағдайда, егістік толық піскенде тез жинап алу керек.

Сұлы дақылының біркелкі піспейді және сол сияқты әр шашақгүлінің пісуі де әртүрлі болып келеді. Бірінші болып шашақгүлдің үстіңгі дәндері піседі, содан кейін ортаңғылары, ең соңында төменгі дәндері пісіп жетіледі. Сондықтан егісті бөлектеп жинауды шашақгүлдің ортасында орналасқан дәндері қамырланғанда бастайды.

Тарының да пісуі шашақбастың үстінгі дәндерінен басталынады және осы ерте піскен ірі дәндер тез шашыла бастайды. Бөлектеп жинауды шашақбастардың 75-80% піскенде бастайды және оны 90-95% піскенше тез арада 3-4 күннен қалтырмай жинап алады. Тарыны шабу биіктігі 12-15 см-дің деңгейінде болуы керек.


Ерекше есте сақтайтын жағдай, басқа сорттарды немесе басқа дақылдарды жинауға кіріспей тұрып, жинайтын комбайндар және басқа да жинағыш машиналарды, тасымалдағыштарды, ыдыстарды мұқиятты түрде тазалауымыз керек.

Егер егістік сорттардың әртүрлі репродукцияларымен себілген болса, жинауды олардың жоғарғыларынан бастайды да, содан кейін әрмен қарай біртіндеп төмендеп отырады.

Жинап алу кезінде тұқымдардың жарақаттануын кемітуге ерекше көңіл бөлінеді. Тұқымдардың жарақаттануын ескертудің негізгі әдісі – жинағыш комбайндарды дұрыс реттеу және жинап алу технологиясын қатаң түрде сақтау. Барабандардың айналу жылдамдығы әртүрлі дақылдар, жағдайлар үшін бірдей болмайды, сондықтан оны әрдайым қадағалап, реттеулерді жиілеп өткізіп тұруымыз қажет.

Тұқымдарды сақтау. Сорттық тұқымдар әрбір тұқым шаруашылықтық, элита – тұқым шаруашылықтық мекемелерде сақталынады және сонда өңделініп, тұқымдық стандарт деңгейіне жеткізіледі.

Сорттық тұқымдарды дұрыс сақтау олардың егістік және өнімділік сапасын толықтай сақтаумен қатар, кейде әртүрлі деңгейде жақсартып та отырады.

Сақтай мерзімі екі этаптан тұрады: дайындылық – тұқымдық массаны жинаудан бұрын тағайындап және жинап алынған өнімді өңдеу және тұрақтылық – дайындалған, маңызды тұқымдық материалды мамандандылылған қоймаларда сақтау. Көбінесе тұқымдар сақтаудың бірінші этаптарында көп бүлінеді (тасымалдау, қырмандарда уақытша сақтағанда), яғни тұрақты сақтауға берер кезде.

Тұқымды сақтау мерзімі. Көктемгі егіске керекті тұқым 7-9 ай сақталынады, өтпелі қордың тұқымдары – 1 жыл, сақтандандыру қоры – 1-3 жыл және одан да көп уақыт, ал осы жылы жиналып, соңынан себілетін күздік дақылдардың тұқымдары – 1-2 ай сақталынады.


Бақылаулық сұрақтар:

  1. Дәнді дақылдардың суарылмайтын жерлердегі тұқымдық егістерінің жақсы алғы- егістері.

  2. Дәнді дақылдардың суарылатын жерлердегі тұқымдық егістерінің алғыегістері.

  3. Дәнді дақылдарды жинаудағың пайдалау ерекшеліктері.

  4. Қазақстанда тұқымдық жаздық бидай себудің оңтайлы мерзімі.

  5. Қазақстанда тұқымдық жаздық арпа, сұлы себудің оңтайлы мерзімі.

  6. Қазақстанда тұқымдық дәнді дақылдардың ұсынылған себу мөлшері.

  7. Тұқымдық тарыны себу мерзімі.

  8. Дәнді дақылдарды себу әдістері.

  9. Дәнді дақылдардың сорттық отауын жүргізу мерзімі.

  10. Дәнді дақылдардың егістерін күтіп-баптау шаралары.

  11. Дәнді дақылдарды жинаудың мерзімдері және әдістері

  12. Сорттық тұқымдарды сақтау ерекшеліктері.

  13. Тұқымдарды сақтау кезеңдерін атаңыз.

  14. Тұқымдарды сақтау кезеңдері.


2.10 Жүгері

Жүгері – ең маңызды және барынша өнімді жемазық, өсімдіктің жер бетіндегі барлық құрылымдары жақсы мал азығы болып есептелінеді, өнімділігі өте жоғары және қай жағынан болсын пайдалымды дақыл. Оның дәнінде орта есеппен 85-87% құрғақ заттар, 7-12% сіңімді ақуыз, 3-6% май, 1 кг астығының құндылығы – 1,35 азықтық өлшемге тең келеді.

Жүгері – негізгі сүрлемдік дақыл болып табылады. Оның 100 кг сүрле- мінде, өсіп-өну кезеңіне байланысты 14-тен 25-ке дейін а.ө., сіңімді ақуыздың мөлшері 1,2-1,6 кг. Жүгерінің егістік аумақтарының негізі (90%) еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде шоғырланған және негізінде

сүрлемге және көк балаусаға арналған.

Жүгерінің қазіргі уақытта өндірісте негізінен өсірілетіндері, олардың будандары және будандық жеке түрлері.

Жоғары өнімді будандарды әдейлеп алынған ата-аналық пішіндерді тозаңдандырудың нәтижесінде алынады. Аналық өсімдіктерде дән құрастырылады, ал аталықта – тозаңдар, олар аналық өсімдіктерді тозаң- дандыру үшін керек.

Будандық тұқымдарды өсіргенде ата-аналық пішіндер ретінде өздігінен тозаңданатын сорттармақтар алынады. Оларды қыстаулық түрде өздігімен тозаңдату нәтижесінде алуға болады және келесі ұрпақтарда бағытталған сұрыптаудан алынады. Өздігімен тозаңданған сорттармақтардың өнімділіктерін бағалау үшін туыс емес пішіндермен тозаңдандыруды пайдаланады. Олар қысқа мерзімнің ішінде әртүрлі сорттармақтарды бағалайды және жақсы пішіндерді таңдап алуға көмектеседі.

Будандарды ата-аналық пішіндеріне байланысты келесідей түршелерге бөледі:

Сортаралық будандар – жұпыны, өздігімен тозаңданған екі сортаралық- тарды будандастырудан алынған; үш сортаралықтар – өздігімен тозаңданған екі жұпыны сортаралықтарды будандастырудан алынған; екі сортаралықтар - екі жұпыны сортаралықтарды будандастырудан алынған; бес сортаралықтар, бес өздігімен тозаңданған сортаралықтар қатынасқанда алынады.

Будандық жеке түрлер – будандық күшті (гетерозис) ұрпақ беретін бірнеше пішіндердің ерікті түрде қайталама тозаңдану немесе будандасуынан алынған күрделі будандық пішіндері.

Жүгерінің элиталық тұқымдарын өсіру. Суперэлита, элита және будандық жеке түрлердің тұқымдарын ғылыми-зерттеу мекемелерінде өсіріп шығарады. Жүгерінің ұрықтылық сорт тармақтарының кәдімгі тұқымдарын өсіру, келесідей сатылардан тұрады:

Сұрыптау питомнигі. Тұқымдық питомниктің ең тәнтілі өсімдіктерінің тұқымдарымен үш-төрт жылдарда бір рет арақашықтық алшақтатуды сақтамай өсірілінеді. Өздігімен тозаңданған өсімдіктерінің собықтарынан алынған тұқымдарының жартысын бөлек жүйектерге себеді, ал қалғандарын келесі жылға дейін сақтап қояды. Әрбір 10-20 ұрпақтан кейін стандарт есебінде осы сорт тармағының элитасының бір қатарын себеді. Сол себілген әрбір ұрпаққа тиянақты түрде фенологиялық бақылау жүргіземіз және олардың өнімдердегі собықтарына қарап тәнтілігін бағалаймыз.

Тұқымдық питомникті басқа питомниктерден және жүгері егістерінен арақашықтық алшақтатылған танаптарда отырғызады. 3-4 жылдық көктемдік егістердің бірінші жылғы егістігін сұрыптау питомниктерінде сыналған және тәнтілігімен сипатталған және собықтардан алынған өздігімен тозаңданған сортаралық тұқымдардың қалдықтарымен себеміз. Келесі 2-3 жыл бойы тұқымдық питомниктен ең тәнтілі ұрпақтарынан таңдап алынған тәнтілі собықтардан алынған тұқымдармен себеді. Әрбір ұрпақтың тұқымдарын бөлектеген жүйектеде арақашықтық алшақтатуды сақтамай себеміз. Вегета-циялық кезең бойы, тәнтілі емес өсімдіктерді және ұрпақтарды жоямыз. Осылай жоюды гүлдену басталғанша бітіреміз. Егістерді жинау кезінде да-лалық апробацияның мәліметтеріне сүйеніп тәнтілі емес ұрпақтарды олардың нышандарына және собықтардың нышандарына қарап, және негізгі типтен, ұрпақтан, көбейту үшін қалдырғандардан ауытқыған собықтарды қосым- шалап жоямыз. Тәнтілі ұрпақтардың өнімдерін бір топқа қосамыз, осы тұқымдар өздігімен тозаңданған сортаралықтардың суперэлитасы деп аталанады.

Элита питомнигін суперэлитаның тұқымдарымен отырғызады (тұқым- дық питомниктің тәнтілі ұрпақтарының қосылған өнімдері). Биологиялық ластанудың нәтижесінде (басқа пішіндермен айқас тозаңданғандар) пайда болған тәнтіліемес буданды өсімдіктер жойылынады.


Жүгерінің тұқым шаруашылығы

Жүгері сүрлем өндіруді арттыру үшін ең басты керекті дақыл болып есептелінеді. Өнімділіктерді арттыру және жүгерінің жалпы түсімін көбейту үшін жергілікті жердің жағдайларына, сортсынау учаскелерінде барлық жағынан бағаланған және сол немесе басқадай ауылшаруашылықтылық аймақта қолдануға рұқсат етілген ең өнімді будандарды пайдаланудың маңызы өте зор.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде орналасқан жүгеріні астыққа өсіретін аймақтарда, бұл дақыл басқа дақылдарға қарағанда өнімді 2-2,5 есе артық беретіндігі бәрімізге аян.

Республикамыздың солтүстік және шығысында пайдалануға жүгерінің негізінен ерте және орташа пісетін будандары рұқсат етілген, олар осы өңірдің жағдайында сүрлем үшін өсіріленеді және сүрлемдік шикізатты дайындаудың технологиялық стандартына сәйкес пісіп-жетіліп үлгереді.

Қазақстанда жинақталған жарты ғасырлық тәжірибелерге жүгінсек, жүгеріні астық және сүрлемге өсіру технологиясы оның сорттарына емес будандарына арқа тұтатындығы дәлелденген. Қазіргі уақытта дүние жүзінде жүгерінің тұқымдары жоғары өнімді будан түрінде ұсынылған, олар әрбір алынған ауылшаруашылықтылық аймақтарының топырақты-климаттық дәлелденген жағдайларына және шаруашылықтық сараптанған тұрғылықты шарттарына бейімделген. Элиталық тұқымдарды өндіру негізінде будандық күшке сүйенген.

Будандардың бірінші ұрпақтарының өсуінің қуаттылығын арттыру және өмірге бейімділіктерін, өнімділіктерін күшейту немесе будандық күш дегеніміз тірі табиғаттың заңдылы түрдегі құбылысы болып табылады. Солтүстік және шығыс Қазақстанда жүгеріні астық технологиясымен өсір- генде де ерте немесе өте ерте пісетін топтарға жататын будандар пайдалануға тиіс және оларға қажетті белсенді температура жиынтығы 1700...1900˚С-тан аспағаны дұрыс. Олардың бағалы-шаруашылықты нышандары, атап айтқанда: өнімділіктері жоғары, жатып қалуға төзімді, механикалық жинастыруға икімді және тұқым шаруашылығы экономикалық пайдалы болғаны керек. Сонымен қатар, бұл өңірдің ерте пісетін будандары айтарлықтай суыққа және қуаңшылыққа төзімді болғаны абзал.


Жүгерінің буданды тұқымдары

Буданды тұқымдар бір сортты немесе сорттармақты басқа сорттың жай буданы немесе сорттармағының тозаң түйірімен будандастырудан пайда болады.

Жүгері будандары тұқым шаруашылығының мәнін түсіну үшін, оның гүлденуінің ерекшеліктерін және тозаңдануын білуіміз керек. Жүгері – бір үйлік өсімдік, бірақ гүлшоғырлары бөлек, яғни бір гүлшоғыры тек аталықтар, ал басқалы тек – аналықтар. Жүгерінің аталық және аналық гүлдері бір өсімдікте орналасқан, бірақ оның әр бөлектерінде.

Жүгерінің аталық гүлдері аталық гүл шоғырында-сіпсебаста (шашақ-султан) жиналған және олар сабақтың басында орналасқан. Сіпсебастың әрбір бұтақшаларында масақшалар бар, олар жұптасып орналасқан, олардың біреуі аяқты, ал екіншісі отырған. Әрбір масақшада екі гүл бар, олар екі гүлдік қабыршықтан және үш гүлаталықтан тұрады. Гүлаталық жіпшеден және екіұялы тозақтықтан тұрады. Гүлденген кезінде тозақтықтар жарылады және олардан тозақтар шашылатын болады.

Жүгерінің аналық гүлдері сабақтың орта кезінде, собықпен жапырақтар қолтығында орналасқан. Собықтар түрлері өзгерген бірнеше жапырақша-лармен оралған. Аналық гүлдерінің түйіні (гүланалық) аталық гүлдердің тозақтарымен ұрықтанады. Әрбір аналық гүлдік түйіннен-орауыш астынан

өте ұзын жіпті бағаналар пайда болады, олар шашты түктермен жабылған.

Зерттеулер және тәжірибелермен анықталғандары, жүгерінің будандық тұқымдары тек бірінші ұрпақтарында ғана, яғни келесі жылы ата-аналық пішіндерді будандастырғаннан соң, жоғары өнімдерді береді. Сондықтан, жүгері өндірісін будандық тұқымдармен қамтамасыз ету үшін жылда жүздеген мың гектар будандастыру учаскелерін отырғызуымыз керек. Осыған байланысты, Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарын жүгерінің керекті будандылық тұқымдарымен қамтамасыздандыру, әзірге жүгері тұқым шаруашылығының ең басты міндеті болып табылады.

Ұрықсызданған тектес тұқымдарды өндіру.

Ұрықсызданған будандардың тұқым шаруашылығының ең басты міндеті бастапқылық ата-аналық өздігімен тозаңданған сорттармақтардың сапасын бақылау.

Осы мақсатпен жүгері будандарын шығаратын селекциялық орталық- тарда әрдайым (үш жылда бір рет) сұрыптау питомниктерін орналастырады. Егістік үшін тұқымдық материалдар тұқымдық питомниктен тандалынып алынады немесе ұрықсызданған өздігімен тозаңданған сорттармақтардан (егерде жұмыс жаңадан басталса) алынады. Келесі жылы питомник үшін осы сорттармақтардың тәнтілі қос туысы (ұрықсызданған және ұрықтанған) таң-дап алынады. Үшінші жылы көбейтілген собықтардың бірінші жылғылары-ның жартысынан тұқымдық питомник отырғызылады, осылардан таңдап алынған жұптар қайтадан тәнтілікке және ұрықсыздыққа тексерілінеді. Тек-серіс бойынша қатаң түрде жарамсызданған жұптар және туыстар жойылады. Тәнтілі туыстардың өнімдері екі бөлек топтарға біріктірілінеді: ұрықсызданған суперэлита және ұрықтанған суперэлита болып. Төртінші жылы және одан кейінгі жылдары да, жыл сайын элита питомнигі отырғыз- ыланады, сондағы ұрықсызданған және ұрықтанған өсімдіктердің супер элитасының ата-аналары кәдімгідей салыстырмалықта 4:2 болып кезектеседі. Вегетация кезеңінде ұрықсызданған және ұрықтанған өсімдіктердің қатары- нан тәнтіліемес өсімдіктер жойылады. Ұрықтанған сіпсебасты өсімдіктер, ұрықсызданған өсімдіктер қатарынан гүлдену басталғанша жойылады. Ұрықсызданған сорттармақтардың ластануын болдырмау үшін, аталық ұрықтанған тектестерді – тозаңдатқышты өсімдіктердің балауызданып піскен кезеңінде, апробациядан кейін жойады. Егерде, элиталық тұқымдар алу керек болса, түптегіш сорттармақтың ұрықтанған тектестерін, яғни олардың егістерін көбейту үшін бөлек учаскелерге отырғызады. Осындай учаске жүгерінің басқа егістерінен кем дегенде 500 м қашықтықта аластатып себіледі.



Сорттың ұрықсызданған тектес тұқымдарын өндіру

Бастапқы өсімдіктердің ата-тектілігін сынау питомнигінде сорттардың ұрықсызданған және ұрықтанған тектестері үш жылда бір рет отырғызамыз. Ол жұп болып отырғызыланады, сосын олардың бір қатары өздігімен тозаңданған өсімдіктер сортының жеке түрінің ұрпақтары болып есептелінеді, ал басқасы - өздігімен тозаңданған өсімдіктер мен сорттардың ұрықсызданған өсімдіктерін будандастырудың өнімі болады. Бұл будандар

тек ұрықсыздықтың толықтай көрінгенінде ғана бағаланады. Тұқымдық питомник өздігімен тозаңданған ұрпақтар мен ұрықсызданған өсімдіктер- дің қалған тұқымдарымен себіледі, олар тексерулік сынауда да ұрықсызданған болады және бірең сараң жартылай ұрықтанған өсімдіктер де болып қалады. Себу де жұп ұрықсызданған қатарлармен және ұрықтанған өздігімен тозаңданған аталық өсімдіктермен жүргізіледі. Гүлдену кезеңінде ұрықсызданғандықтың толықтылығын тексереміз, пайда болған ұрықтанған кейбір өсімдіктерді жойамыз, ұрықсызданған ұрықтанған қатарларлардың собықтарын жеке жинайды және екі топқа біріктіреді: ұрықсызданған және ұрықтанған сорттың суперэлитасы. Элита егістерін себу де будандастыру учаскесіндегідей. Ұрықтанған пішінді балауызданып піскен кезеңінде жи- найды және оларды танаптан шығарып тастайды. Бекітетін ұрықсызданған сорт пішінінің элита тұқымдарын көбейту (сорттың ұрықсызданған тектес 1 –ші репродукциялық тұқымдарын алу үшін) бөлек учаскеде жүргізілінеді.

Ұрықсызданған сорттың элиталық тұқымдарын көбейту тұқымшаруа- шылықтық мекемелерде жүргізілінеді.



Ұрықсызданған будандарды өндіру

Қазіргі уақытта еліміздің аумағында пайдалануға будандардың екі типі ұсынылған – техастілік және молдавандылық, олардың өздігімен тозаңданған сорттармақтары оларды будандастырғанда бірдей әсерленбейді. Сондықтан болар ұрықсызданған негізде шығарылған будандар екі топқа бөлінеді: техастілік «Т» және молдавандылық «М» типті ұрықсызданған болып. Тұқымдық құжаттарды толтырғанда «ұрықсызданған» деген сөзді қосады.

Сорттармақтың, сорттың немесе буданның аттарына, егер олар ұрықтанғандылықты қалпына келтіргіштер (восстанователь) болса «В» деген әріпті қосамыз, ал тұқымдық құжаттарды толтырғанда «восстановитель» деген сөзді қосады.

Егер «восстановитель» ұрықсызданған молдавандылық типке алынған болса, буданның атына «МВ»6 ал техастілікке «ТВ», және бекітілген ұрықсызданғандарға «зМ», «зТ» дегендер қосылады.

Ұрықсызданған сорттармақтың будандарының санына байланысты, сорттармақтың - бекітілген ұрықсызданғандарға, және сол сияқты ұрықтанғандылықты қалпына келтіргіштер және әдейлеп таңдап алынған жеке түрлерге жүгерінің ұрықсызданған будандарына тұқым шаруашылы- ғының үш кескіні қолданылады:

а) ұрықтанғандылықты толықтай қалпына келтіру;

б) ұрықтанғандылықты жартылай қалпына келтіру;

в) араластыру кескіні.

Будандастырудың араластыру кескіні келесідей ұрықсызданған будан- дарды өсіру үшін қолданылады, яғни олардың аналақ пішіндері ұрықсызданған, ал аталықтар буданның ұрықсызданған өсімдіктерінде ұрықтанғандылықты қалпына келтіре алмайды. Сондықтан араластыру кескіні бойынша өсірілген будандық тұқымдар, өндірістік егістерде сол буданның ұрықтанған пішінді тұқымдардан аздап (көбінесе 50%) қосылмаса, пайдалануға болмайды. Будандық тұқымдарды ұрықсызданған негізде өсір- генде «араластыру» кескіні уақытша болып табылады және өздігінен тозаңданған сорттармақтың ұрықтанғандарын қалпына келтіргіштердің жеткілікті санын өсіру үшін керек.
Жүгері будандарын сорттық сынау

Сорт сынаудың міндеті астықтық және сүрлемдік бағыттағылардың негізгі шаруашылықтық және биологиялық қасиеттерін салыстырып бағалау, олардың жақсыларын аудандастыру және өндірісте пайдалануға рұқсат беру болып табылады.

Мемлекеттік сорт сынау келесідей әдістемелер мен өткізіледі, жүгері массасын сүттеніп-балаузданып піскен кезеңіңде (сүрлемдік бағытта) және толықтай піскен кезеңінде (астықтық бағытта), өнімнің көлемін және оның сапасын сипаттайтын көптеген параметрлерін салыстырып бағалауды қарастырады.

Будандарды өнімділіктеріне қарап салыстырады. Ерте пісетіндігі және басқа көрсеткіштерін, стандарттық будандармен, пайдалануға ұсынылған және соған жақын тұрғандармен ерте піскіштікті (ФАО класы) салыстырады.

Жүгеріні дәнінің пішіні және оның ішкі құрылысы, әсіресе эндосперма- сына байланысты оларды түр тармақтарына бөледі.

Тіс тәрізді жүгері – дәні ірі, ұзынша, аттың тісі сияқтылығымен ерекше- ленеді. Эндоспермалары бүйірінен мүйіз тәрізді, дәннің ортасында және төбесінде ұнды. Тіс тәрізді будандар басқаларына қарағанда, өнімді.

Кремнийлі жүгері – дәндері негізінен ұсақ, төбесі домалақ, қатты, жылтыр бетті, біркелкі боянған. Эндосперманың мүйіз тәрізді бөлігі жақсы дамыған және дәннің айналасында дамыған, ал ұнды эндосперма дәннің ортасында ғана және аз мөлшерде болады.

Крахмалды жүгері – крахмал-патока, спирт-арақ және май шығару өндірісінде пайдаланады. Дәннің эндоспермасы борқы, ұнды, домалақ пішінді крахмалды дәндерден тұрады, тек жіңішке шынылы қабаты қабықтың астында орналасқан. Сондықтан осы түршеге Қазақстанның көптеген жергілікті сорттары кіреді.

Қантты жүгері - эндоспермасы шынылы, әжімденген, дәнінің басқа түршелерден айырмащылықтары өте көп.

Эндосперманың ұнды бөлігі жоқ немесе аздаған мөлшерде ұрықтың маңайында орналасқан. Қантты жүгерінің дәнінде көп мөлшерде май және ақуыз болады. Дәндердің сүттеніп піскенде кезеңінде қанты мол молады, консервирлеуге қолданылады, және сол сияқты тамақ есебінде пайдаланады.



Жарылмалы жүгері – дәні ұсақ, қатты, жылтыр, күшті дамыған мүйіз тәрізді эндоспермасы бар. Тек ұрық маңында әлсіз дамыған ұнды крахмал бөлігі бар. Басқа түршелермен салыстырғанда ақуыз көлемі біршама артық. Жарылмалы жүгерінің дәні – азықтық өндіріс үшін бағалы шикізат.

Қабықты жүгері – дәні жақсы дамыған жолақты қабыршықтармен жабылған. Аз тараған пішін, тек коллекциялық питомниктерде ғана кездеседі. Дақыл есебінде кездеспейді.
Жүгерінің биологиялық және сорттық нышандары

Жүгері дақылы әртүрлі ерекшелікті бар сорттар мен будандарды құрастырады және олардың айырмашылық нышандарын сипаттау:



  • вегетациялық кезеңнің ұзақтылығы,

  • собықтардың көлемі және пішіні (целиндрлі, конустәріздес, аздап- конустәріздес),

  • дәндерінің көлемі және пішіні (домалақ, ұзынша, сопақша келген),

  • собықтағы дәндердің қатар саны,

  • дәндердің қатар аралықтарындағы қарықтар,

  • біліктер мен собықтардың даму деңгейі

  • өсімдіктердегі жапырақтар және собықтар саны

  • өсімдіктің биіктігі

  • собықтың орналасуы

  • түптенуі

  • ауруларға төзімділігі

  • өнімділігі

Осы аталған нышандар дақылдың өсіп-жетілу жағдайларына байланысты

және айқас тозаңданудың арқасында тез өзгеріп отырады. Сондықтан, да- қылдарды далалық және қоймалық апробациялағанда, аталған нышандарды еске алмайды. Жүгерінің сорттық нышандары будандарды шығарғанда және оларды зерттеу мен сынағанда ғана есепке алынады. Жүгерінің сорттық егістерін апробациялағанда есепке алынатын негізгі нышандары: дәннің пішіні және консистенциясы, дәннің және собық діңгегінің түсі. Осы аталған нышандар жүгерінің сорттүршелерінде сипатталанады.


Жүгерінің тіркелген сорттары

Алатау 107 ТВ – Сорт В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ЕҒЗИ-да шығар- ылған. Сорт түрінің дәні сары кремнийлі және собық діңгегінің түсі ақ түсті сортотип түріне жатады. Үшлиниялы будан. Өсімдіктің биіктігі 210-220 см. Негізгі сабақта 14 жапырақ қалыптасады. Собығының пішіні конустәріздес, ұзындығы 22 см. Собық піскен кезде оның массасы 68-72%-ды, стандарт Молдовское 215 СВ-да орта есеппен 39%-ды (36,0-42,0%) құрайды. Қуаң-шылыққа төзімді сорт. Жақсы дамыған өнімділікті будандық күші бар. Собық массасы 210 гр. 1000 дәннің массасы 230-250 гр. Ерте пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі 118 тәулік. Өнімділігі орташа. Аудандастырылған ай- мақтарында 43,5 ц/га дейін құрғақ заттарды берді. Сүрлемдік дақыл есе- бінде 1992 жылдан бері Ақмола, Қарағанды және Батыс-Қазақстан облыс- тарында тіркелген.

Алтай 250 МВ – Сорт В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ЕҒЗИ-ты және Зыр- яновск МСС-да шығарылған. Сорт түрінің дәні сары тіс тәрізді және собық діңгегінің түсі қызыл түсті сортотип түріне жатады. Екі линия аралық будан. Өсімдіктің биіктігі 250 см. Негізгі сабақта 16 жапырақ қалыптасады. Собығының пішіні аздап конустәріздес, ұзындығы 22 см. Собықтың массасы 243 гр. 1000 дәннің массасы 334 гр. Орташа ерте пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі 120 тәулік. Сорт 1994 жылдан бері Ақмола және Павлодар және тұқымшаруашылығы үшін Алматы облыстарында тіркелген.

Сары-Арка 150 АСВ - Сорт В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ЕҒЗИ-да шы- ғарылған. Сорт түрінің дәні сары кремнийлі және собық діңгегінің түсі ақ түсті сортотип түріне жатады. Екі линия аралық будан. Өсімдіктің биіктігі 220 см. Негізгі сабақта 15 жапырақ қалыптасады. Собықтың массасы 226 гр. 1000 дәннің массасы 315 гр. Ерте пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі ориги-наторлардың мәліметтері бойынша 85 тәулік, сорт учаскесінің мәліметтері бойынша 105-125 тәулік, ал көк балауса үшін 100-117 тәулік. Оригинаторлардың мәліметтері бойынша дәнділік өнімділігі – 54,9 ц/га. Дәннің жинау алдындағы ылғалдылығы 29,3%. Бөртпе қаракүйеге және сабақтық шіріктілікке төзімді, ыстыққа және қуаңшылыққа төзімділігі стандарттан жоғары. Сорт 1994 жылдан бері Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстарында тіркелген. Астық, жемазықтық жарма және сүрлем ретінде өсіруге ұсылынады.

Целинный 160 СВ - сорт В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ЕҒЗИ-да шы- ғарылған. Сорт түрінің дәні сары кремнийлі және собық діңгегінің түсі ақ түсті сортотип түріне жатады. Екі линия аралық будан. Өсімдіктің биіктігі 253 см. Негізгі сабақта 14 жапырақ қалыптасады. Собықтың массасы 236 гр. 1000 дәннің массасы 317 гр. Собығының пішіні конустәріздес, ұзындығы 18 см. Ерте пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі оригинаторлардың мәліметтері бойынша 94 тәулік, сүрлемдік көк балауса үшін 76-111 тәулік. Өнімді сорт.

Сорт учаскесінің мәліметтері бойынша дәнділік өнімі 41,7-58,1 ц/га, құрғақ заттар 39,0-ден 77,0 ц/га дейін. Дәннің жинау алдындағы ылғалдылығы 29,2-33,3%. Құрғақ заттардың көлемі 15,8-ден 35,9%-ға дейін. Сорт 1993 жылдан бері Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында тіркелген.

Агротехника ерекшеліктері. Жүгерінің тұқымдық егістерін құнарлықтары жоғары суармалы жерлерде, жақсы алғыегістерде (көп жылдық шөптен кейін жыртылған жер, күздік бидай, астық бұршақ тұқымдастар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары) - нан кейін орналастырады. Тұқымдық егістерді астықтылық жүгеріден кейін орналастыруға болмайды, неге десең, қодрен, яғни жерге бұрын түскен дән, алайын деп отырған тұқымдарымызды биологиялық түрде ластандыруы мүмкін. Көбейту немесе жүгеріні будандастыру танаптарын міндетті түрде арақашықтылықты (300 м) сақтап орналастырады. Сонымен қатар себілетін тұқымның құжаттарына да көңіл аударуымыз керек.

Топырақты негізгі өңдеулер. Жүгеріге жағдайға байланысты топырақты қайырмалы (28-30 см) әдіспен және сыдыра жыртып өңдеуге болады, мұның өзі алғы дақылдармен, аңыздың ластануымен, ылғал қорымен, органикалық тыңайтқыш еңгізу қажеттілігімен анықталанады.

Егісті себу алдындағы өңдеулерге жататындар: сүдігер жерлерді ерте көктемде тырмалау және 2-3 рет жазықтілгіштермен өңдеу (танаптардың лас- тануына байланысты) және бірмезгілде малаланып бұдырды таптағыштармен тығыздайды. Тамырсабақты және тамырөркенді арамшөптермен ластанған танаптарды топырақтық гербицидтермен өңдегеніміз дұрыс.

Себу. Аймақтың және өңірдің жағдайына ыңғайланған мерзімдерде себу қажет. Жүгері тұқымының сіңіру тереңдігіндегі топырақ температурасы +10˚С-тан жоғары болғанда, ал өздігімен тозаңданатын, өңгіштіктері төмендеулерді +13˚С-тан жоғары болғанда бастаған абзал. Тұқымды сіңіру тереңдігі топырақтың ылғалдылығына, жүгерінің пішініне (будандық тұқымдарға қарағанда, өздігімен тозаңданатындарды 2-3 см-ге кем тереңдікке) байланысты 4-тен 12 см-ге дейін сіңіруге болады. Дегенмен, қандай жағдайлар болсын, басты мәселе топырақтың ылғалдылығына байланысты.

Себу әдістері. Пунктирлі, қатараралықтары 60 және 70 см, осылай болғанда гектарына 40-нан 60-ға дейін өсімдіктер болады. Ерте пісетін пішін- дерде себу мөлшерін көбейтеді. Тұқымдарды себу үшін СУПН-8 сепкішін, егістік кешендерді пайдаланады. Будандастыру танаптарында, және сол сияқты залалсызданған пішінді көбейту танаптарында, ата-аналық пішіндерді есептеп отырып аналық ұрықтылық өсімдіктердің собықтарын толық түрде тозаңдандыру үшін есептеп себеді және олардың сіпсебастарын жұлып алып тастайды.

Жақсы түрде тозаңдану үшін жүйектерді басылымды желдің бағытына көлденеңдетіп орналастырады.

Егістерді күтіп баптау. Жүгері егістерін әрқашан топырақтары борқы және арамшөптерден таза күйде ұстайды. Ол үшін егістік көктемей тұрып топырақтарды тырмалайды және жүгерінің биіктігіне, топырақтың тығызды- ғына және ластануына байланысты 2-4 рет қатараралық өңдеулерді жүргізе- міз, болмаса гербицидтерді қолданамыз. Барлық тұқымдық егістерде міндетті түрде сорттық отауларды жіргізу керек. Бірінші отауды 6-8 жапырақ кез-еңінде, ал соңғысын гүлдену кезеңінің басталу кезінде жүргізген дұрыс болады. Әсіресе аталық пішінді қатарларды өңдеу қажет. Жүгерінің ең жоғарғы өнімдерін дақылдың барлық вегетациялық кезеңдерінде ылғалдың көлемі жеткілікті болғанда ғана алуға болады. Дақылдың суару режімін ауа райы және топырақтың жағдайына қарап және жер асты ыза суларының тереңдіктеріне байланысты жасайды. Вегетациялық кезеңінде 4 ретке дейін егістерді суарады, біріншісін шашақтануға біржарым-екі жұма қалғанда, екіншісін – шашақтану және сіпсебастары гүлденгенде, үшінші және төртіншісін дәннің құрылып және толықсыған кезінде өткізеді.

Басқа дәнді дақылдарға қарағанда жүгері қоректілік заттарға сұранысты. Ол тұқымдардың балауызданып піскен кезеңіне дейін дейін ең көп мөлшерде қоректілік заттарды сіңіреді. Фосфор және азот азды немесе көпті мөлшерде, тек бірқалыпты деңгейде тұқым піскенге дейін, ал калий болса – вегетациясының бірінші жартысында сіңірілінеді.

Жүгерінің тұқымдық егістерін суарған жағдайларда тыңайтқыштар жүйесінің атқаратындары: негізгі тыңайтқыштар (жыртудың алдында), себу алдында (жырғыштармен өңдеудің алдында немесе себумен бірге), және өсімдіктің өсуінің ертеректегі кезеңдерінде үстемелі қоректендіруді жасайды.

Өсімдіктерді жинап алу. Тұқымдық жүгеріні дәндердің толықтай піскен кезінде жинауды бастайды. Жинап алуды кештету, өнімдердің кемуі және алынған тұқымның егістік сапасының азаюына апарып соғады.

Ата-аналық будандарды өсіретін будандастыру танаптарында, және сол сияқты залалсызданған пішінді көбейту танаптарында, алдымен тиянақты түрде аталық пішінді өсімдіктердің бірде-бір собырларын қалтырмай (бір- ден, жүгерінің гүлденуі бітісімен) жинап алады. Осындай әдіс, аналық өсім- діктерде ең сапалы тұқымдардың құрастырылуына жақсы жағдайларды жасайды.
Бақылаулық сұрақтар:


  1. Жүгерінің будандары қандай түршелерге бөлінеді.

  2. Будандық жеке түрлерге анықтама беріңіздер

  3. Жүгерінің элиталық тұқымдарын өсіргендегі сатыларды атаңыз

  4. Сұрыптау питомнигі қалай отырғызылады

  5. Тұқымдық питомнигі қалай отырғызылады

  6. Жүгерінің негізгі түршелерін атаңыз

  7. Жүгерінің түршелерін анықтағанда қандай нышандар ескеріледі

  8. Жүгерінің ЦМС дегені не. Кім бірінші болып ЦМС ашты.

  9. Жүгерінің ЦМС не үшін керек

  10. Жүгерінің ЦМС-нің типтестігін атаңыз.

  11. Будандылық тұқымдарды қалай алады

  12. Жүгерінің қоректік режімге сұранысы

  13. Жүгерінің жақсы алғыегістері

  14. Жүгеріні себу мерзімі, ол неге байланысты.

  15. Сорттық отауларды қай уақытта жүргізеді.

  16. Жүгеріні тұқымға жинау ерекшеліктері.

  17. Республикамыздың солтүстік және шығысында пайдалануға рұқсат етілген будандар, пісіп-жетілудің қандай топпарылық.

  18. Республикамыздың солтүстік және шығысында пайдалануға рұқсат етілген будандар, пісіп-жетілудің қандай топпарына жатады.

  19. Республикамыздың оңтүстік және батысында пайдалануға рұқсат етілген будандар, пісіп-жетілудің қандай топпарына жатады.

  20. Жүгерінің будандық тұқымдарын қалай алады.

  21. Жүгерінің будандық тұқымдары қандай ұрпағында ең жақсы өнімділікті береді.

  22. Ұрықсызданған будандардың тұқымшаруашылығының негізгі міндеттері.

  23. Ататекті өсімдіктердің ұрықсызданған және ұрықтанған тектес сорттарын сынау питомниктерін орналастыру кезеңдері.

  24. Жүгері будандарын сорттық сынаудың міндеттері.


2.11 Қарақұмық.

Қарақұмық – бағалы жармалық дақыл. Қарақұмықтың жармасы өзінің азық-түліктік маңызы бойынша, негізгі жармалардың ішінде бірінші орынды алады. Ол қоректілік заттарға бай, дәмдігі өте тәтті, адам ағзасында жеңіл түрде сіңімді. Қарақұмық жармасының құрамында ақуыз 13-15%, крахмал 70-71%, қант 2,0-2,5%, май 2,5-3,0%, жасунақ 1,1-1,3% және әртүрлі күлдік элементтер 2,0-2,2% болады.

Ботаникалық сипаттама:

Қарақұмық – қарақұмық (Polgonaceae) тұқымдасына жатады. Ол келесі негізгі белгілермен сипатталынады.

Гүлі – қос жынысты, 8 аталық орналасқан, ал ортасында 3 бағаналы 3 тозаңды аналық бар. Гүл ұзын, қолтық гүл сидамдарында орналасқан, саусақ тәріздес, ал сабақтың ұшар басында гүл шоғыры қалқан тәрізді, бір өсімдікте 300-500 кейде 1000-ға дейін гүлдер қалыптасады. Гүлдің түстері ақ немесе ақшыл қызғылт болады. Гүл серігі сыпыртқы тәрізді бас бөлікті. Айқас тозаңданатын өсімдік.

Жемісі үш қырлы жаңғақша. Жемістері 4 қырлы және көп қырлы және де өте сирек екі қырлы болады. Жемістерінің қырларымен қабырғаларының сипатына қарай қанатты, қанатсыз және аралық пішінді болып келеді.

Дәні. Тығыз, көкшіл жемісті қабықша жабылған. Ол сортына, өсу жағдайына, пісу кезеңдеріне байланысты ашық сұр, қара-сұр, қара-қоңыр түсті болады. Қабық тұқымды тығыз жауып жатады, бірақ бірігіп кетпейді, сондықтан жарылғанда жеңіл ажыратылады.

Сабақ бос, қабырғалы, жалаңаш. Буынаралықтарының саны әртүрлі сортына қарай 6-дан 20-ға дейін. Биіктігі 50 см-ден 120 см-ге дейін. Түсі көбінесе жасыл, бірақ қызыл дақтары болады. Сабақтың төменгі бөлігінде топырақ жақсы ылғалданғанда сабақ тамыры пайда болады, ол сидамдарының бүршектерін қалыптастырады.

Жапырақ. Жапырақтың үш түрлі пішіні бар: екі қос жарнақты жапырақтар олар өсе бастағанда олар домалақ бүйрек тәріздес, содан кейін жүрекше-үшбұрышты пішіндес сағақты жапырақ дамиды, солар сабақтың және бұтақтың ұшына қарай ауыса келе отырмалы жебе тәріздес болады. Жапырақтың сабаққа байланған жерінде оралма бар, ол сабақты жапырақ сағағымен орап тұрады. Жапырақ негізінде кейде антоциан дағы жақсы көрінеді.

Жапырақтың көлемі түрі және консистенциясы, сонымен бірге өсімдік жапырақтануы сортқа және өсіру жағдайына байланысты. Кеш пісетін сорттарда, тез пісетіндерге қарағанда, жапырақ саны көбірек болады. Олар ірілеу, сопақша, қатпарлы, жүйелігі мол.

Сорттық нышандары:

Қарақұмық морфологиялық белгісі, биологиялық қасиеті және шаруашылыққа қолданылуына қарай екі түр тармағына бөлінеді.



  1. Кәдімгі қарақұмық – кең игерілген мәдени өсімдік.

  2. Көп жапырақты қарақұмық, татарлық қарақұмық егістіктеріндегі

арамшөп өсімдіктері.

Кездесетін сорттар кәдімгі қарақұмыққа жатады.

Кәдімгі қарақұмық өсімдігінің биіктігі 150 см дейін болады жиі 50-100 см. Сабақ нашар немесе орташа жапырақты, бұтақаралық саны 6-11, біріншілері салыстырмалы ұзын, сабақтағы буындары нашар түптелген. Жапырақтары ірі емес, жуан, дөрекі, үшбұрыш пішіндес. Жапырақтың жоғарғы бетіндегі жүйкесі кейде сәл қызыл түске боялған. Гүлдері орташа, қалқанды гүл шоғырына жиналған, ақ, ақшыл-қызғылт, сирек қызыл түсті. Жемісінің сипаты бойынша кәдімгі қарақұмық екі түршеге бөлінеді:

а) алята жемісі қанатты. Қанаттары өткір және жақсы білінеді.

б) аптера түршесі. Жемісі қанатсыз.
Қарақұмықтың тіркелген сорттары

Шортандинская крупнозерная. Авторлары: Бекк Э.Г., Коробкина Л.А., Блудшая Т.П. Сорт Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-да, Татар АШҒЗИ-нан алынған ертепіскіш, суыққатөзгіш, дәндері ірі будандық пішіндерінен жаппай сұрыптау әдісімен шығарылған. Түршесі алята. Өсімдік орташа бойлы, биіктігі 60-80 см. Сабақтары жасыл, жуандықтары орташа, буын саны 6-8. Жапырағы салыстырмалы ірі, тегіс. Гүлдері ақ, ақшыл-қызғылт, ірі. Жемісі қанатты, түсі қарадан ашық-күреңге ауысқандай, ірі. 1000 дәннің массасы 30-35 гр., стандарт Богатырь сортынан 7-10 гр ауыр. Дәннің қауыздылығы орташа (21-ден 23% дейін). Орташа пісетін сорт, егуден толық пісіп жетілгенше 80-83 тәулік, яғни стандарттан 5-7 күн ерте піседі. Жатып қалуға және шашылуға төзімділігі орташа. Технологиялық және жармалық сапасы жақсы. Дәннің толымдылығы жоғары (78,7-80,8%), жеңіл жарылады. Жарма шығымы 68-3-69,8%, стандарт көрсеткішінен 6,9-7,1% артық деген сөз. Жармасының түсі ақ, ботқасы ашық-күрең түсті. Тамақтылылық бағасы 4-5 балл. Шортандинская крупнозерная сортының ҚазАШҒЗИ-ның тәжірибелік егістерінде көрсеткен өнімділік көрсеткіштері, стандарттың деңгейімен бірдей. Ақмола облысының жағдайында стандарт Богатырь сорты 5 жылдың ішінде 3 рет қысқа мерзімдік бозқырауларға ұрынды, ал Шортандинская крупнозерная сорты осы жылдары қауіпсіз толық пісіп жетілді.

Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарында аудандастырылған.


Богатырь. Сорт Орлов мемлекеттік АШ тәжірибе стансасында дәннің ірілігі бойынша жаппай сұрыптау әдісімен шығарылған. Авторлары: В.Н.Хохлов, П.И.Лисицын, Г.В.Копелькиевский. Алята түршесі. Өсімдіктің сабағы 55-75 см. Жапырақтануы жақсы. Сабағы жасыл, төменгі бөлігі кейде, қызыл түске боялған, буын саны 10-12. Жапырағы ірі, жалпақ, жуандығы орташа, тегіс, төменгі жағындағы жүйкесі нашар түктелген. Гүлдері орташа ірі, ақ, бүршікте ақшыл-қызыл. Жеміс қанатты, қоңыр, ірі. 1000 дәннің массасы 25,3-26,4 г. Дәннің натурасы 540-682 г/л, қауыздылығы 19,8-18,4%.

Жатып қалуға және шашылуға орташа төзімді. Орташа піскіш сорт, 74-81 күнде піседі. Жоғары икімді, жылуға және ылғалға жоғары талап қояды. Технологиялық және жармалық сапасы жоғары. Дәні ірі, жеңіл жарылады, бірыңғайлы жоғары. Жарма шығымы 65-75%. Ботқа дәмі жақсы. Бағалы сортқа жатады.

Қазақстанның барлық облыстарында аудандастырылған.

Сумчанка. Сорт Сумы МАТС-да, Шатиловская 5, Богатырь, Краснострелецкаяларды Детерминатная 75-87 сортымен будандастырудан шығарылған. Түршесі алята. Өсімдіктің биіктігі орташа 60-75 см. Сабақтары қырлы, қызғылт-жасыл, жақсы жапырақтанады. Жапырақтары жүрекше-үшбұрышты пішіндес, антицианды дағы аздау. Гүлдері ірі, ақ, жоғарғы жағы қалқанды гүл шоғырына жиналған. Жемістері үшқырлы, олардың қырлары мен шеттері өте анық көрінеді. 1000 дәннің массасы 27,5-31,4 г. Натурасы жоғары 600-667 г/л. Қауыздылығы 19-22, жарманың шығымдығы 71,3. Сорт жатып қалуға және шашылуға төзімді. Ерте пісетін сорт, пісуі біріңғайлы 69-83 тәулікте пісіп жетіледі. Технологиялық және жармалық сапасы жоғары. Дәні ірі, жеңіл жарылады, бірыңғайлы жоғары. Жарма шығымы 74-78%. Ботқа шығымы 28-49, дәмі өте жақсы. Бағалы сортқа жатады. Сорт жаздың екінші жартысында болатын жауындарды жақсы пайдалана біледі, дәнді қарқынды түрде құрастырады, гүлшоғырының ерекше құрылысына байланысты дәнділігі өте жоғары болып келеді.

Қостанай, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстарында аудандастырылған.


Курская 87. Сорт Курскінің МТС-да шығарылған. Түршесі алята. Дәндері сопақша, ірілігі орташа, қанаттары орташа жетілген. Орташа пісетін сорт 86-87 тәулікте стандарт Богатырь сортымен бірге піседі. Өсімдіктің биіктігі 78-84 см., жатып қалуға төзімді. Технологиялық және жармалық сапасы жоғары. Жарма шығымы 78%, дәннің толымдылығы 73-76%, қауыздылығы 19%, 1000 дәннің массасы 25-26 гр. Ботқаның дәмі 4,8 балл. Ақуыз мөлшері 15-16%. Сорт сапасы бойынша бағалы. Сорт өсу түрі, бірқалыпты гүлдеуі, дәнқұрастыруымен, және жақсы дәнділігімен морфологиялық жетілуін аяқтауымен сипатталанады.

Ақмола және Павлодар облыстарында тіркелген.

Қазақстандағы қарақұмықтың егістік көлемі 0,35 млн. га-ның шамасында, соның ішінде тек Павлодар облысында 0,2 млн. га себіледі. Орташа өнімділігі әртүрлі облыстарда 4-тен 12 ц/га дейін өзгеріп отырады.

Қарақұмықты дақылдардың ауысу кестесін сақтай отырып, жақсы алғыегістерде орналастырады. Оның алғыегістері – сүрі жер, сүрі жерден кейінгі жаздық бидай, отамалы және дәндібұршақ дақылдары. Тұқымдық егістерді минералдық тыңайтқыштар (NP) сіңірілген сүрі жерлерде орнастыру керек.

Қарақұмық егістері үшін топырақты өңдеу, сыдыра жыртулық егіншілік аймағының агротехникасымен бірдей. Себу әдісі қатарлап себу, қатараралықтары 15-18 см, себу мөлшері 50-60 кг/га (2,5-3,0 млн. өңгіш тұқым 1 га). Ал, кең қатарлап (45 см) сепкенде, себу мөлшері – 2,5-2,7 млн. өңгіш тұқым 1 га. Себу мезгілі мамырдың соңғы бескүндігі. Тұқымдарды себу тереңдігі ауыр саздақ топырақтарда 3-4 см, құрылымды қара топырақтарда 4-5 см, жеңіл құмдақ топырақтарда 5-6 см. Сеуіп біткесін танаптарды таптағышпен тығыздаймыз. Қарақұмықтың жоғары өнім беруінің басты мәселесі, есептелген тәртіппен 1 га егістікке тозаңдатқыш араның 2-3 балұясын орналастыруымыз қажет.

Қарақұмық егістерінде жеңіл немесе орташа тырмалармен, көк шықпай тұрып малалауды жүргіземіз. Қатараралықтары кең себілген егістерде, жазықтілгіштермен жүйектер аралығын өңдейміз. Қарақұмықты бөлектеп жинау әдісімен, өсімдіктердің 70-75% күреңдене бастағанда, бастырады. Сондай-ақ бастыру кезінде барабандардың айналымын минутына 500-700 айналымдарға дейін кемітеміз.


Бақылаулық сұрақтар:

  1. Қарақұмықтың сорттық нышандарын атаңыз.

  2. Масақтарының ұзындығына байланысты қарақұмықтың сорттары.

  3. Қарақұмықтың шашылу деңгейі.

  4. Вегетациялық кезеңінің ұзақтылығына байланысты қарақұмық сорттары.

  5. Қарақұмықтың халықтық-шаруашылықтық маңызы.

  6. Қарақұмықтың температураға сұраныстылығы.

  7. Қарақұмықтың бозқырауларға төзімділігі.

  8. Қарақұмықтың ылғалмен қамтамасыздануға қатынасы.

  9. Қарақұмықтың топыраққа сұранысы.

  10. Қарақұмық үшін жақсы алғыегістер.

  11. Қарақұмықты тұқымға себудің мөлшері.

  12. Қарақұмықтың қай кезеңінде сорттық отауды жүргізеді.

  13. Қарақұмықты суармалы жағдайда суару мөлшері.

  14. Қарақұмықты жинау ерекшеліктері.




  1. Бөлім. Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдарын өсіру

технологиясы және сорттардың морфобиологиялық ерекшеліктері
Қазақстанда өсірілетін негізгі дәнді бұршақ дақылдарына жататындар: асбұршақ, қытайбұршақ, ноқат және атбұршақ. Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары адам және малдарға керекті ақуызға және құнды амин қышқылдарына өте бай. Қытайбұршағының тұқымында көп мөлшерде май, минералды заттар және витаминдер болады, сондықтан олар тамақтық зат есебінде өте бағалы болып есептелінеді.

Көптеген дәнді бұршақ дақылдары қоректілігі жоғары шөп, көк балауса, мал азықтылық ұн, сабан және мекенді береді. Мысалы, бұршақтылардың сабанында 8-15% ақуыз бар, бұл дегеніміз дәнді дақылдардың сабанындағы ақуыз көлемінен 3-5 есе артық екендігін көрсетеді. Асбұршақ, атбұршақ, ноқаттар сүрі жерде болатын дақылдар есебінде өте маңызды. Дәнді бұршақ дақылдарының бағалы маңыздарының бірі, олардың тамыр жүйесінің азотсіңіргіштік қабілеттері бар. Дәнді бұршақ дақылдары тамыр түйнектерінде жиналған түйін бактерияларындағы азотты атмосфералық азотпен қосып, топырақтың құнарлылығын арттырады. Сондықтан барлық дәнді бұршақ дақылдары – басқа дақылдар үшін өте жақсы алғыегіс болып есептелінеді.


3.1 Асбұршақ

Асбұршақ – Қазақстанда өсетін негізгі дәнді бұршақ дақылы, оның көлемі 130 мың.га. Ол бағалы азық-түліктілік және малшаруашылығы үшін жоғары ақуызды мал азығы болып есептелінеді. Асбұршақ азық-түліктік бағдарламада жарма есебінде кеңінен танымалы және одан ұн жасау үшін де пайдаланады. Асбұршақтың ұнын, бидай және күздік қара бидай ұндерының қоректіліктігін жоғарылату және дәмділігін жақсарту үшін 10% көлемінде қосып отырады. Асбұршақтың дәні ақуызға бай (26-30%, крахмалдың көлемі 48%, көптеген минералдық тұздар, витаминдер) бар. Асбұршақтың мал азықтылық маңызы зор. Оның дәні жақсы құрама жем.

Асбұршақ жемін басқа жемшөптермен араластырғанда, олардың қоректіліктерін өте жақсартады. Асбұршақтың көк балаусасын жүгеріге, күнбағысқа қосқанда дайындалған сүрлемнің қоректілігі артады. Асбұршақ пәлегі және шөбі мал азықтылық сапасы бойынша бидайық және беде дақылдарының шөптерінен кем емес, ал көк балаусасы және шөптерінің өнімділіктері далалық шөптердің өнімдерінен көп есе артық болады. Жайлы жағдайларда асбұршақ дақылы өзінің өсу-даму кезеңінде топырақта, 1 га жерде 40-50 кг азотты жинай алады, сондықтан ол жақсы алғыегіс болып саналанады. Бұл дақыл ылғалдылығы жеткілікті аудандарда – республикамыздың солтүстік және шығыс облыстарында келешегі бар дақыл есебінде қолданыланады.

Биологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ – жаздық өсімдік, өсу-даму кезеңі 60-тан 120 күн аралығында. Асбұршақ суыққа төзімді дақыл. Тұқым +1-2˚ жылылықта өне бастайды, ал жалпылама өнуі +5+7˚болады, тұқымның өңгіштілік қуаты (84-96%) температура 20-25˚С болғанда көрінеді. Асбұршақтың өскіндері қайталымды суықтарды салыстырмалы түрде -5-7˚С-қа дейін шыдайды.

Асбұршақ ылғалға өсу кезеңдерінде әр түрлі қарайды, бірақ ылғал сүйгіш дақыл. Асбұршақтың тұқымы бөрту кезінде өзінің салмағының 100-120% мөлшерінде ылғал сіңіреді. Өсімдік әсіресе шашақтану-гүлдену кезеңдерінде ылғалды көп тілейді. Сондықтан, асбұршақ – ерте себетін дақыл болып есептелінеді. Асбұршақ топыраққа сондай жоғары талап қоймайды. Ең жақсысы бұршаққа жеткілікті мөлшерде фосфор, калий және ізбесі бар саздақ құмдақ топырақтар. Құмды, сортаң, батпақтанған, қышқыл топырақ асбұршақ өсіруге жарамсыз. Ең қолайлы топырақ рН 6,8-7,4, бұларда түйнекті бактериялар белсенділігі жоғары. Асбұршақ қара-қоңыр топырақта жақсы өсіп дамиды.

Асбұршақ – ұзақ күннің өсімдігі, бірақ кейбір түрлері оңтүстіктік қысқа күнде де жақсы өседі. Бұл – жарық сүйгіш өсімдік, қысқа мерзімде көп түрде көк балаусаны құрастырады. Солтүстік облыстарда оның өсіп жетілуі қысқарған түрде жүреді.

Құрғақшылық жағдайларда бұршақты төмендеу орналсқан жерлерде, немесе суармалы жерлерде сепкен дұрыс.



Агротехника ерекшеліктері. Елімізде асбұршақты дәнді-парлы ауыспалы егісінде пардан кейінгі бидайдан соң екінші үшінші дақыл ретінде орналастырады. Өз тарапынан асбұршақ бидайға жақсы алғы дақыл болады. Оны бұршақ тұқымдас өсімдіктерден және бұршақтан кейін себуге болмайды.

Асұршаққа топырақты қайырымсыз құралмен өңдеген жөн. Себу алдындағы топырақ өңдеу бидайға дайындалатын технологияға ұқсас. Егістік үшін МСТ-қа сәйкестенген тұқымдарды қолданады. Себілетін тұқымдар екпестен бұрын жылы-ауалы әсер алады және ауруларға қарсы тұқымдарды дәрілейді.

Асбұршақ фосфор-калийлік тыңайтқыштарды жақсы қабылдайды, алайда әрбір жекелеген жағдайда тыңайтқыш енгізу нормасын есептеу жолымен анықтаған жөн.

Себу. Асбұршақ ерте пісетін дақыл. Жақсы себу әдістері – жалпылама, қарарлап және тарқатарлап себу. Еліміздің оңтістік облыстарында ерте пісетін дақылдармен бірдей, яғни ерте мерзімде сепкен дұрыс. Солтүстік Қазақстанда асбұршақты себудің оптималды мерзімі 20-27 мамыр, ал Шығыс Қазақстанда мамырдың бірінші онкүндігі.

Себу мөлшері аймақтың ылғалдылығына байланысты: суармалы оңтістік және оңтүстік-шығыс облыстарда – 1,2-1,4, суарылмайтын ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда – 1,0-1,2, Солтүстік және Шығыс Қазақстанның ылғалдылығы жеткілікті жерлерінде – 0,9-1,2, ал далалық аудандарда – 0,6-0,8 млн/га өңгіш тұқым.

Тұқымды сіңіру тереңдігі Солтүстік және Батыс Қазақстанның ауыр топырақтарында – 6-7 см, механикалық құрамды қара топырақтарда – 8-9 см, жақсы жағдайлы және суармалы жерлерде – 6-7 см.

Егістерді күтіп баптау. Сондай ластанған топырақтарда себер алдында және сепкеннен кейін де тырмалау керек. Суармалы аймақтарда құрғақшылық жылдары егістерді суаруды толықтай көктеу – гүлдеу кезеңдерінде, және сонымен қатар бұршақбастар пайда болғанда және дән толысу кезеңінде жүргізеді. Ластанған егістерде міндетті түрде түрлілік және сорттық отау жасайды. Қиынбөлінетін дақыл – пелюшка, оны асбұршақтық егістен бірінші рет шанақтану кезеңінде, екінші рет – гүлдену кезеңінде және үшіншісін – жинаудың алдында дән толысу кезеңінде жұлып тастау қажет.

Жинап алу. Асбұршақты жинаудың жақсы әдісі – бөлектеп жинау. Дестеге түсірудің оптималды кезеңі төменгі бұршақбастар күреңдене бастағанда. Шабу биіктілігі 5-6 см. Дәннің ылғалдылығы 14-15% болғанда, бастыруды жүргізеді.
Егістік асбұршақтың тіркелген сорттары.

Таловец 50. В.В.Докучаев атындағы ОҚ белдеуі АШҒЗИ-да бірнеше рет будандандастырудан шығарылған. Түршесі вульгаре, түршелігі глаукоспермум (көкшіл тұқымды). Өсімдіктің пішіні кәдімгідей, сабақтары күрең жасыл түсті, түйін аралық сандары 12-15, бірінші гүл шоғырына дейін 9-12. Асбұршақтың жапырағы күрделі: сағақтан, 2-3 жұп жапырақшадан, түр өзгерістеріне ұшыраған жапырақ болып табылатын дара санды мұртшалардан тұрады, осылардың көмегімен асбұршақ кез келген біреуге сүйеніп тік өсе береді. Жапырақтардың негізінде жартылай жүрек тәрізді пішіндері ірі жапырақ серіктері орналасқан. Жапырақтар мен сабақтар балауыз тұтымен көмкерілген. Гүлдері ірі, ақ жапырақтардың қолтығында біреуден, немесе екеуден орналасқан. Өсімдіктегі бұршақбастардың саны 6, ең көп дегенде 14. Жемісі көп тұқымды бұршаққап, түзу, мұқалған ұшымен аяқталады. Тұқымдары домалақ, орташа мөлшерлі, ашық-жасыл түсті. 1000 дәннің массасы 266 гр. Ақуыз көлемі 22,6%. Вегетациялық кезеңі 63-72 тәулік. Жатып қалуға төзімділігі орташадан жоғары, аскохитоз, тамыр шіріндісімен залалдануы орташадан жоғары, шіркейлермен орташа зақымданады.

Ақмола облысында (Көкшетау өңірінде) тіркелген.


Омский неосыпающийся. Сорт Сібір АШҒЗИ-да шығарылған. Омский 7* Неосыпающийся 1Х будандарынан жекелей сұрыптаудан алынған. Шашылып қалмауға өте төзімді. Эвадукум түршесіне жатады. Сабағының ұзындығы 87 см. Төменгі бұршаққындардың орналасу биіктіктері 26-38 см. 1000 дәннің массасы 157-172 г. Ақуыз мөлшері 21-23%. Сорт орташа пішкіш, вегетациялық кезеңі 68 күн, Неосыпающийся 1 сортынан орташа есеппен 3 күн кеш піседі. Сортты астық және мал азығына да пайдалануға ұсынылған.
Неосыпающийся 1. Ворошиловтың МАШТС-да, Рамонский 77*Приекульский 349 будандық комбинацияларын бірнеше рет жекелей сұрыптаудан алынған. Эвадукум – түршесі. Сабағы жұпыны, күрең-жасыл түсті, ұзындығы орташа (67-83 см). Барлық түйін аралығының саны 14-22, бірінші гүл шоғырына дейін 12-16. Жапырақтары 2-3 жұп жапырақшадан тұрады, пішіні жұмыртқа тәріздес, күрең-жасыл түсті. Бөбешік жапырақшаларың көлемі орташалау, жартылай жүрек тәрізді пішінді. Гүлшоғыры – қосжапырақты шашақгүл, гүлдерінің түстері ақ. Бұршақбастары орташа, түзу, кейде аздап майысқан, доғал, 4-5 тұқымдылық. Тұқымдары қызғылт түсті, тегіс, дөңгеленген. 1000 дәннің массасы 180-240 г.

Дәмділік сапасы және бөлшектенуі жақсы. Тұқымдағы ақуыз мөлшері 23-25%. Сорт ортаща піскіш. Аурулар мен зиянкестерге төзімділігі орташа. Шашылып қалуға өте төзімді.

1979 жылдан бері Қазақстанның барлық облыстарында аудандастырылған.
Рамонский 77. Бүкіл Ресейлік ҒЗИ-да Виктория Гейне*А-579 будандық популяцисын сұрыптаудан шығарылған. Түршесі – вульгатум. Сабақтары жұпыны, биіктілігі 60-80 см. Барлық түйін аралықтарының саны 12-18, бірінші гүл шоғырына дейін 11-13. Жапырақтары 2-3 жұп жапырақшадан тұрады, пішіні жұмыртқа тәріздес, ашық-жасыл түсті. Бөбешік жапырақшаларың көлемі орташалау, жартылай жүрек тәрізді пішінді. Гүлшоғыры – 1-3 жапырақты шашақгүл, гүлдерінің түстері ақ. Бұршақбастары орташа, түзу, кейде аздап майысқан, мұқалған ұшымен аяқталады, 3-7 тұқымдылық. Тұқымдары ашық-қызғылт түсті, тегіс, дөңгеленген. 1000 дәннің массасы 220-240 г. Тұқымдардың бөлшектеніп пісуі жақсы. Аурулар мен зиянкестерге төзімділігі орташа. Орташа піскіш сорт.

1962 жылдан бері Қазақстанның барлық облыстарында аудандастырылған.


Мал азықтылық бұршақ.

Укосный 1. Сорт БОЖҒЗИ-да, Тернопол облысынан алынған нұсқаны жекелей сұрыптаудан шығарылған. Түршесі – вульгатум. Сабақтарының биіктілігі 1 м-ге дейін жетеді, жасылдау-күреңше түсті балауыз тұтымен түстенген. Жапырақтануы күшті. Бөбешік жапырақшаларың көлемі ірі, жартылай жүрек тәрізді пішінді, антициандары жоқ. Жапырақтары 3-4 жұп жұмыртқа тәріздес, шеттері тегіс келген, жасыл жапырақшадан тұрады. Гүлдері ақ түсті, көлемдері орташа, гүлшығырында бір-екеуленіп орналасқан. Бұршақбастары түзу, күрең-сары түсті, 4-5 тұқымдылық. Тұқымдары дөңгелек, тегіс, ашық-қызғылт түсті, тұқымкіндігі ашық түсті. 1000 дәннің массасы 140-150 г.

Сорттың тұқымдық және көк балаусалық өнімділігі жақсы, орташа піскіш, вегетациялық мерзімі 90-100 күн. Бұршақтың дән қоңызымен зақымдануы аз, бактериозбен зақымдануы орташа, татпен залалдануға төзімділігі өте жоғары. Гүлдену кезеңіне дейін қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, гүлденуден пісіп жетілуге дейінгі шыдамдылығы орташа.



Кормовой 24. Сорт Молдованың АШҒЗИ-да СібірАШҒЗИ-нан алынған № 50 үлгісін жекелей және топтық сұрыптаудың арқасында шығарылған. Авторлары: В.А.Гордиенко, И.Д.Ткаченко және Е.Г.Ветрова. Түршесі грандисименсум. Бұршақбастары түзу, ұзындықтары 5-6 см, шеттері доғалданып келген. Бұршақбастағы дәндердің саны 4-6. Піскен бұршақбастардың түсі сабан-сары болып келеді. Тұқымдары дөңгелек пішінді, тегістеу келген, ашық-қызғылт кішкене ақшылттау түспен әрленген. Рубчигі ашық түсті. 1000 дәннің массасы 250-270г. Сабақтары жатып қалуға бейімделген, биіктіліктері 150-155 см, жасыл түсті. Барлық түйін аралықтарының саны 18-21, бірінші гүл шоғырына дейін 12-17. Жапырақтануы орташа. Жапырақтары 2-3 жұп жапырақшадан тұрады, пішіні жұмыртқа тәріздес, шеттері тегіс келген ашық-жасыл түсті. Гүлдері ірі, түстері ақ, жапырақтардың қолтығында біреуден, немесе екеуден орналасқан.

Сорт орташа піскіш. Көктегеннен кейін 100-110 күнде пісіп жетіледі. Антракнозбен және аскохитозбен залалдануы күшті. Қуаңшылыққа төзімділігі орташадан жоғары. Солтүстік-Қазақстан облысының МСС учаскесінде алынған тұқымдық орташа өнімділігі 16ц/га (жылдар бойы ауытқуы 4-тен 33 ц/га дейін) және шөптік өнімділігі 23,1 ц/га.


Карабалыкский укосный. Сорт Қарабалық МАТС-да, ВИР № 1208 үлгісінен жалпыламалап сұрыптаудан шығарылған. Түршесі вульгатум. Сабақтарының биіктілігі 70-90 см. Барлық түйін аралықтарының саны 13-22, бірінші гүл шоғырына дейін 10-15. Жапырақтарының түсі күрең-жасыл, 2-3 жұпты жұмыртқаша-ұзынша келген ұсақша жапырақшалардан тұрады. Бөбешік жапырақшалары жартылай жүрек тәрізді пішінді. Гүлдері ақ, жапырақтардың қолтығында біреуден, немесе екеуден орналасқан. Бұршақбастары түзу, мұқалған ұшымен аяқталады, ұзындықтары 4,5-6,0 см, 5-9 тұқымдылық. Тұқымдары сары-қызғылт түсті, сопақтау келген пішінді. 1000 дәннің массасы 103-139 г. Рубчигінің түсі тұқымындай.

Сорт кеш піседі, вегетациялық кезеңі 92-110 күн. Аурулармен залалдануға төзімді. Өсімдік битімен зақымдануы орташа. Өнімділіктері өте жоғары.


Бақылаулық сұрақтар:

  1. Негізгі дәнді бұршақ дақылдарын атаңыз.

  2. Дәнді бұршақ дақылдарының халықтылық-шаруашылықтық маңызы.

  3. Дәнді бұршақ дақылдарының агротехникалық маңызы.

  4. Егістік асбұршақтың температураға сұраныстылығы.

  5. Асбұршақтың өсіп-жетілу кезеңіндегі ылғалға сұраныстылығы.

  6. Асбұршақты сорттық тұқым үшін өсірудегі жақсы топырақтар.

  7. Егістік асбұршақтың ауыспалы егістегі орны.

  8. Асбұршақ үшін топырақты өңдеу ерекшеліктері (негізгі, көктемдік және себу алдындағы).

  9. Асбұршақты тұқымға себу мерзімі.

  10. Асбұршақтың себу мөлшері және ол неге байланысты.

  11. Қай кезеңде түрлік және сорттық отауларды жүргізеді.

  12. Асбұршақты тұқымға жинаудың ерекшеліктері.

  13. Қазақстандағы асбұршақтың тіркелген сорттары.


3. 2 Қытайбұршақ.

Қытайбұршақ – жан-жақты пайдаланатын дақыл ретінде ерекшелінеді. Тұқымның құрамына 30-52% айтарлықтай ақуыз, 17-27% май және 20%-дай көмірсуы, минералды тұздар, витаминдер кіреді.

Қытайбұршақтың ақуызы өте жоғары сіңімді, суда жақсы ерулігімен ерекшелінеді; жоғары дәрежілі амин қышқылдарының көлемі бойынша, басқа дәнді бұршақ дақылдарынан артық болып келеді. Қытайбұршақ дақылы диабет ауруларымен ауыратын адамдарға емдәмділік азық-түлік есебінде пайдалануға ұсынылады. Қытай-бұршақтан әртүрлі азық-түліктік тағамдар жасалынады (май, маргарин, тоң май, сүт, ұн, кондитерлік заттар, тартылған ет және т.б.). Ол және сол сияқты ақуыздары аз астық жемшөптік құраманың және сүрлемділік малазықтары үшін негізгісі болып саналынады. Мал азығы есебінде күнжара, шрот және қытайбұршағы ұны да есепке алынады. Қытайбұршағының көк балаусасын бұршақбастар және дәннің то-лыға бастаған кезеңінде жинап алғанда, бұдан өте құнды мал азығы алынады.

Қытайбұршақ жақсы алғыегіс, ол топырақты азотпен байытады және отаулық дақыл есебінде танаптарды арамшөптерден тазартуға көмектеседі.



Биологиялық ерекшеліктері. Қытайбұршақ – қысқа күнділік, жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымның өнуіне қажетті минималды температура +8˚С, қолайлы температура 20-25˚С. 30˚С-ден жоғары температура оның өсіп-жетілуіне зиянды әсерін тигізеді. Қытайбұршағының қалыпты өсіп, дамуы мен пісуіне керекті белсенді ауа температурасының жиынтығы 1700 – 3200˚С. Ол басқа дәнді бұршақты дақылдарға қарағанда көктемгі бозқырауларға төзімсіз. Бұл дақыл әсіресе көктеу және гүлдену, дәнді құрастыру және толықтыру кезеңдерінде жоғары жылылықты талап етеді. Көктеу және бүрленудің бастапқы кезеңдерінде топырақтағы ылғалдың жетіспеуі, оның одан әрі өсіп-жетілуіне керісінше әсерін тигізеді.

Қытайбұршақ – жарық сүйгіш дақыл, алайда ерте пісетін сорттарға күннің ұзақтығы әсер етпейді. Бұл дақыл өздігімен тозаңданатын, бірақ кейбір сорттарында айқас тозаңдану да байқалынады. Ол әртүрлі топырақтарда өсе береді, бірақ ол үшін жақсысы – саздақ және құмды қара топырақтар, сор және сортаң, ашщы және батпақтанған топырақтар жарамайды.



Агротехника ерекшеліктері. Ауыспалы егісте қытайбұршақты – бидай, жүгері, қант қызылшасы, күріш және көкөністерден кейін орналастырады. Бұл дақылды бір орында қатарынан екі жыл орналастыруға болмайды, қаныққан ауыспалы егісте, оны бір орында 2-3 жылдан кейін, тіпті 4-5 жылдан кейін қайтарған орынды.

Топырақты өңдеу. Топырақты-климаттық жағдайларға байланысты жақсылары, (27-30 см) тереңдікті жырту немесе жырғалау болып есептелінеді. Отамалы және кеш орылатын дақылдардан соң, топырақты орынсыз сыдырғылаудың қажеті жоқ.

Тыңайтқыш. Алғыегісте, бұрын себілген дақылдарда органикалық тыңайтқыштар сіңірілінеді. Сондай ақ, фосфорлы және калийлік тыңайтқыштар қолданамыз. Азоттық тыңайтқыштарды қытайбұршағы үшін сіңіруге болмайды. Басқа дәнді бұршақ дақылдары сияқты, бұл дақыл микроэлементтерге тәнімді, әсіресе молибденге. Молибдендік тыңайтқыштармен тұқымдарды себетін күні нитрогинмен қосып бірақ жасайды да, себеді.

Себу. Себу мерзімі топырақтың тұқым сіңіретін тереңдігінде жылудың 10-12С-қа дейін жетуімен анықталады, еліміздің оңтүстік аудандарында күнтізбелік себу мерзімі сәуірдің 25-нен 10 мамырға дейінгі аралық, шығыста мамырдың - 12-23, ал батыста – мамырдың бірінші жартысы, солтүстік өңірде – мамырдың соңғы онкүндігі. Себу әдісі кең қатарлап, қатараралықтың ені 60 см. Себу мөлшері 250-500 мың өнгіш тұқым 1 га. Республикамыздың оңтүстігінің суармалы аймақтарында екіқатарлы-сурытпақтап себкенде 400-500 мың., ал солтүстік және шығыс облыстарда – 300-350 мың., Орталық, Шығыс және Солтүстік Қазақстанның далалы аудандарында – 250-350 мың. өңгіш тұқым 1 га.

Тұқымдарды себу тереңдігі 5 см, ал топырақта ылғал қоры жетіспеген жағдайда 6-7 см және одан да тереңірек себіленеді.



Егістерді күтіп бағу. Егісті сепкеннен кейін, жеңіл топырақты танаптарда сақиналы шпорлы таптағыштар мен тығыздау керек. Содан кейін өскіндердің шықпай немесе көктеп шыққаннан кейін де, нақтылы жапырақтар пайда болған кезеңінде малалау-тырмалау қажет. Егістердің ластану деңгейіне байланысты қатараралық өңдеулер жүргізіледі. Суарылған жағдайларда вегетация бойынша 3-4 рет суару керек, суару мөлшері 600-700 м3 су 1 га жерге.
Сорттар. Гибридная 670. Сорт Қазақ ҒЗИ-да шығарылған. Сорт орташа піскіш, вегетациялық кезеңі 130-135 күн. 1000 дәннің массасы – 176-200 гр. Дәнінде 37,2-43,9% ақуызы бар. Төменгі бұршаққаптарының орналасу биіктігі – 20-21 см. Бұршаққаптары аз жарылады. Өнімдігі жоғары. Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелген.
Казахстанская 200. Сорт Қазақ ҒЗИ-да шығарылған. Кеш пісетін сорт, вегета- циялық кезеңі 148-150 күн. Дәндері орташа ірі, 1000 дәннің массасы 145-165 гр. Дәндегі протеин көлемі 37,2-38%. Төменгі бұршаққаптарының орналасу биіктігі – 20-21 см. Бұршаққаптары аз жарылады. Өнімдігі жоғары. Алматы және Шымкент облыстарында тіркелген.
Аврора. Сорт қытайбұршақтылық БҒЗИ-да шығарылған. Ерте пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 95-104 күн. Өсімдіктің биіктігі 60-тан 80 см аралығында. Төменгі бұршаққаптарының орналасу биіктігі – 8,3 см, 1000 дәннің массасы 170 гр. Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.
Букурия. Сорт Молдованың АШҒЗИ-да жекелей сұрыптау әдісімен алынған. Ерте пісетін сорт, өсімдіктердің биіктігі 70-80 см, төменгі бұршаққаптарының орналасу биіктігі – 12-13 см, 1000 дәннің массасы 168 гр. Алматы облысында тіркелген.
Скынтея. Сорт Молдованың АШҒЗИ-да жекелей сұрыптау әдісімен алынған. Орташа пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 116 күн. Өсімдіктердің биіктігі 52-79 см, төменгі бұршаққаптарының орналасу биіктігі – 9,1 см, 1000 дәннің массасы 151 гр. Жамбыл облысында тіркелген.
Бақылаулық сұрақтар:

  1. Қытайбұршақ дәнінің химиялық құрамы.

  2. Қытайбұршақты халықтық шаруашылықта пайдалану.

  3. Қытайбұршаққа керекті температура режімі.

  4. Қытайбұршақтың ылғалға қатынасты шешушілікті кезеңі.

  5. Топыраққа сұраныстылығы.

  6. Қытайбұршақтық жақсы алғыегісі.

  7. Қытайбұршақ үшін тыңайтқыштарды қолданудың ерекшеліктері.

  8. Қытайбұршақты себудің оңтайлы мерзімі.

  9. Қазақстандағы қытайбұршақтың себу мөлшері және әдістері.

  10. Қытайбұршақ егістерін күтіп баптау ерекшеліктері.

  11. Қытайбұршақты жинаудың мерзімі және әдістері.

  12. Қазақстанда тіркелген қытайбұршақ сорттарын атаңыз.


3.3 Егістік ноғатық.

Ноғатықты, асбұршақ секілді азық-түлік есебінде, бірақ негізінде жоғары белокты жемазықтық дақыл ретінде пайдаланады. Дәнінде 26,4-34,3% протеин бар. Ноғатықтың ақуызы толықтылы және жеңілсіңірімділі болып келеді. Оның көк балаусасында жасунақтың көлемі аз, және олардың мөлшері өсу деңгейінде, піскенше аздап азайып отырады. Осы жағдай, бұл дақылды 30-35 күнге дейін малазығына пайдалануға мұрша береді. Ноғатықтың, бұршақты өсімдік ретінде агротехникалық маңызы бар. Оның тамырларында асбұршаққа қарағанда 4-5 есе көп түйнектер бар, сондықтан олар мол мөлшерде өнімді арттырады.

Ноғатық – дәнді дақылдар, картоп және майлы дақылдар үшін жақсы алғыегіс болып саналынады. Бұл дақыл жасыл тыңайтқыш ретінде себілгенде, жақсы агротехникалық маңызын білдіреді, және ноғатық жақсы бал шырынды өсімдік.



Биологиялық ерекшеліктері. Ноғатық – жаздық дақыл, вегетациялық кезеңі 65-90 күн, ұзақ жарық күннің өсімдігі. Ноғатық жылылыққа жоғары талап қоймайды: тұқымдары 2-3˚С өне бастайды, бірақ өте шабан түрде. Ең қолайлы өсу температурасы 20-22˚С. Оның өркендері -6˚С көктемдік қайтармалы бозқырауды жеңіл көтереді. Ноғатық ылғалға көп сұранысты емес. Қуаңшылыққа төзімділігі бойынша ноқатқа қана берілімді. Бұл дақыл көктемгі қуаңшылыққа төзімсіз, жауын-шашын жауғаннан кейін жақсы өсе бастайды. Сонымен қатар, ноғатық пісер кезеңінде қуаңшылықты жеңіл көтере біледі. Қуаңшылыққа төзімділігі әсіресе гүлдену және дәннің толықтану кезеңінде көрінеді. Ноғатық суаруды іздейді. Топыраққа бұл дақыл сұранысты емес. Дақыл жеңіл сазды және құмды топырақтарда жақсы өседі, бірақ жақсы жағдайлар қара топырақтарда ғана болады. Сол сияқты, бұл дақыл өздігімен тозаңданатындар қатарына жатады, бірақ кейде айқас тозаңдану да байқалынады.

Агротехника ерекшеліктері. Ноғатық дақылы үшін жақсы алғыегістер – сүрі жерден кейінгі, және отамалы дақылдардардан кейінгі күздік және жаздық дақылдар. Құрғақшылықты аудандарда, ноғатықтың жоғарғы репродукциялық тұқымдық егістерін сүрі жерлерде орналастыру керек.

Ноғатық – өзі күздік, жаздық бидайға, жүгеріге, тары және отамалы дақылдар үшін жақсы алғыегіс болып табылады.



Топырақты өңдеу. Ноғатық егілетін танаптарға міндетті түрде негізгі терең өңдеулер, ал қыста қартоқтату жүргізіледі. Егу алдында танаптарды тұқымды себу тереңдігіндей қылып культиваторлармен жырғалайды және міндетті түрде тырмалайды, ал күшті қопсыған топырақтарды – бір мезгілде сақиналы шпорлы таптағыштармен таптайды.

Ноғатық егілетін жерге минералдық тыңайтқыштар сіңіріледі: 1 га, 3ц. мөлшерде суперфосфат, және 1-ден 1,5ц-ге дейін аммиак селитрасы.



Егу. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс облыстарда ноғатықты ертекөктемде себеді (сәуір-мамыр). Солтүстік Қазақстанда мамырдың екінші онкүндігінде себеді.

Себу тәсілі жаппай қатарлап, далалық құрғақшылықты аудандарда – қатар аралығы 30 см. Себу мөлшері 0,8-1 млн. өңгіш тұқым 1 га. Тұқымды сіңіру тереңдігі 5-7 см, ал топырақ кеуіп кеткен болса 8-10 см.



Егістерді күтіп баптау. Құрғақшылықты аудандарда егістерді сақиналы шпорлы таптағыштармен таптайды. Ноғатық егістігінде арамшөптерге қарсы егін көктегенге дейін және өсімдік биіктігі 5-6 см болғанда малалау жұмыстарын жүргізеді, 3-6 жапырақ кезеңінде қатараралық топырақ өңдеу басталады. Суармалы жерде 2-4 рет топырақтың ылғалдылығына байланысты, қарық бойынша суару керек. Суару мөлшері 500-600 м3 су 1га.

Тұқымдарды бөлектеп жинайды. Егісті жинаудың бірден-бір қиындылығы ылғалдың көптігінен вегетациялық массалар көбінесе жатып қалады.



Сорттары. Кинельская 7. Кинелдік мемлекеттік селекциялық стансасында шы- ғарылған. Сорт орташа піскіш, вегетациялық мерзімі 70-100 күн. Құрғақшылық және қуаңшылыққа төзімді. Өнімді сорт. 1000 дәннің массасы 175-230 г. Аурулар мен зиянкестерге төзімді.

Шығыс-Қазақстан облысында тіркелген.



Степная 287. Сорт В.В.Докучаев атындағы ОҚ белдеуі АШҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде піседі, вегетациялық мерзімі 80-100 күн. Құрғақшылық пен қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 дәннің массасы 160-180 г. Өсімдіктің татпен және аскохитозбен залалдануы орташа, зиянкестермен зақымдануы аздау.

Алматы және Ақтөбе облыстарында тіркелген.


Бақылаулық сұрақтар:

  1. Ноғатықты халықтық шаруашылықта пайдалану.

  2. Ноғатықтың дәнінде қанша ақуыз бар.

  3. Агротехникалық маңызы.

  4. Ноғатықтың тұқымдары өскіндегенде температураға сұранысы.

  5. Ноғатықтың топырақ ылғалдылығына қатынасы.

  6. Ноғатық үшін жақсы алғыегіс.

  7. Ноғатық үшін топырақты өңдеудің ерекшеліктері.

  8. Ноғатықты сепкендегі себу мөлшері және мерзімі.

  9. Ноғатықтың сорттық тұқымдарын жинаудың мерзімі және әдістері.

  10. Қазақстандағы ноғатықтың тіркелген тұқымдары.


3.4 Ноқат

Ноқат – азық-түліктік және жемазықтық дақыл. Тұқымында көп мөлшерде ақуыз 23%, май 5% және АЭЗ (азотсыз экстративтік заттар) 47-60%, жасунақ 2,4-12,8%, күлдер 2,3-4,9% бар. Ноқатты азық-түлікке пісірілген күйінде пайдаланады, одан кофенің сурагатын дайындайды. Ноқат – құрғақшылықты және жартылай құрғақшылықты далалық және орманды далалық аудандардың өсімдігі.

Ноқаттың басты бағалы қасиеті оның қуаңшылыққа төзімділігі. Қуаңшылыққа – ең төзімді дәнді бұршақ дақыл ретінде, ноқат болашағы зор дақыл, өнімділігі жөнінен барлық дәнді бұршақ дақылдарынан ол көш ілгері тұрады.

Ноғатық – күздік және жаздық бидай, жүгері, тары және дәнді жемдік дақылдар үшін жақсы алғыегіс болып саналынады.



Биологиялық ерекшеліктері. Ноқат – жылу сүйгіш өсімдік, асбұршаққа және жасымсыққа қарағанда жылылықты, әсіресе гүлдену және пісу кезеңінде, көп тілейді. Тұқымдары 2-5˚С температурада өне бастайды, ол бозқырауға төзімді, өркендері -10˚С бозқырауға үсімейді. Гүлдену және бұршаққаптардың байлану кезеңіндегі салқын жауынды ауа райы оның өнімділіктерін кемітеді.

Ноқат – ұзақ күнділік өсімдік, вегетациялық кезеңі салыстырмалы түрде қысқа болып келеді ( 60 күннен 115 күн дейін). Өздігімен тозаңданатын өсімдік. Оның топыраққа талғамы жоғары: қара және қоңыр топырақта жақсы өседі де, ашық-қоңыр, әсіресе сортаң, құмдылау жерлерде нашар өседі.



Агротехникалық ерекшеліктері. Құрғақшылықты аудандарда ноқаттың тұқымдық егістері үшін жақсы алғыегістер – таза сүрі жер, ылғал қоры жеткілікті болса және суарғанда - күздік және жаздық дәнді дақылдар.

Топырақты өңдеу және тыңайтқыштар. Жел эрозиясы бар құрғақшылықты аудандарда топырақтарды жазықтілгіштермен өңдейді, қыста қар тоқтатылынады. Көктемде ылғал жабады. Барлық аймақтарда ноқаттың егістеріне, негізгі өңдеулерде фосфорлық тыңайтқыштар, яғни тұқымдармен бірге түйірленген суперфосфат, аз мөлшерде – азотты және калийлік тыңайтқыштар сіңірілінеді.

Ерте мезгілде егу – Алматы облысында – сәуірдің бірінші онкүнділігінде, Жамбылда – наурыздың аяғы, Ақтөбе, Орал және Шығыс-Қазақстанда – сәуірдің аяғы-мамырдың басы, Солтүстік Қазақстанда – мамырдың екінші онкүндігі. Себу әдісі, ылғал қоры жеткілікті аймақтарда қатарлап, құрғақшылықты аймақтарда кең қатарлы, қатар аралықтары 45-60 см. Себу мөлшері кең қатарлап сепкенде 0,4-0,5 млн/га өңгіш тұқым, ал қатардағы әдіспен сепкенде 0,7-0,8 млн/га өңгіш тұқым.



Егістерді күтіп баптау. Сеуіп біткеннен кейін арамшөптермен күресу үшін 4-5 күн аралығында, танаптарды себу бағытына көлденеңдетіп малалайды. Көктегеннен кейін де 3-5 жапырақ кезеңінде, егістерді малалайды. Кең қатарлап себілген өсімдіктердің қатар аралықтарын, олардың ластануына және тығыздалуына байланысты 2-3 қатараралық өңдеулер жүргіземіз. Суарылған жағдайда 2-3 рет суару керек: толығымен көктегенде, гүлденудің алдында және дәннің толығу кезеңінде.

Жинап алу. Ноқат бір мезгілде пісіп жетіледі, бұршаққаптары жарылмайды, міне осы ерекшеліктеріне байланысты оны толық піскен кезде тікелей комбайнмен орып бастырады.
Сорттары: Волгоградский 10. Сорт Волгоград АШИ-да шығарылған. Түршесі транскауказико-карнеум. Тұқымдары дөнгеленіп келген, сырты тегіс, түсі лимонды-сары болып келеді. Бұршаққаптары бір-екі тұқымды. Орташа пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі, орташа есеппен 78-86 тәулік. Қуаңшылыққа төзімді, жылылыққа сұранысты. 1000 дәннің массасы 227-268 г.
Юбилейный. Сорт Краснокут МСС-да шығарылған. Түршесі транскауказико-карнеум. Орташа пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі, орташа есеппен 78-95 тәулік. Жоғары өнімді сорт. 1000 дәннің массасы 260-315 г. Тұқымындағы ақуыз мөлшері 25,6-26,8%. Сорт көктемгі бозқырауларды жақсы көтереді, қуаңшылыққа, аскохитозға төзімді, фузариозбен аз залалданады.
Краснокутский 123. Сорт Краснокут АСС-да шығарылған. Түршесі бруннеум. Тұқымдары бұрышталған, дөңгелекке ұқсас, ірі, сұр түсті, әжімденген. Гүлдері сия көк-қызыл-қызғылт, біреуден тұрады. 1000 дәннің массасы 256-333 г., ақуыз мөлшері 17,3-23,3%. Орташа пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі, орташа есеппен 82-107 тәулік. Қуаңшылыққа өте төзімді, ауруларға төзімділігі орташа.
Бақылаулық сұрақтар:

  1. Ноқаттың халықтық-шаруашылықтық маңызы.

  2. Ноқаттың жылуға сұранысы.

  3. Ноқаттың жақсы алғыегістері.

  4. Ноқаттың тыңайтқыштар жүйесі.

  5. Ноқаттың тұқымдарын себу мерзімі және мөлшері.

  6. Ноқаттың егістерін күтіп бағу.

  7. Ноқатты жинаудың ерекшеліктері.

  8. Ноқаттың тіркелген сорттары.

4. Бөлім. Картоп дақылдарының тұқымдарын өсіру



технологиясы және сорттардың морфобиологиялық ерекшеліктері
Картоп – әмбебап бағыттағы дақыл. Бұл негізгі азық-түлік, крахмалды-сірнелік, спирт өндірісі және сүтті сиыр, шошқа және құстар үшін мал азықтылық маңызы бар дақыл. Оның түйнегінде орта есеппен 14-22% крахмал, 1,3-3,0% ақуыз, май 0,2-0,3%, 1,0%-дай жасунақ, күлді заттар 0,8-1,0%. Құрғақ заттар құрамы орта есеппен 25%. Республика бойынша орташа өнімділігі 124 ц/га, ал оның Көкшетау өңіріндегі өнімділігі 140 ц/га.
4.1 Биологиялық ерекшеліктері және сорттық нышандары

Картоп сорттарын анықтау үшін, оның айырмашылықтық нышандарын: түпті, сабақты, жапырақты, гүлді, түйнекті және көк өскінін зерттеу керек, неге десең бұл нышандар сыртқы ортаның әсеріне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар, олардың бақылаудағы өзгерулері әртүрлі, олар өсіру орнына және өсетін жылдың жағдайларына байланысты болады. Мына аталанатын нышандар: түйнектің, гүлдің, өскіннің түстері көбіне тұрақты, ал басқаларының (түп және түйнек пішіндері) өзгерулері сондай, кейбір жағдайларда сорттарды апробациялауда қолданауға да болмайды.



Түп. Түптердің ең басты сорттық айырмашылықтық нышандырына жататындар: жапырақтануы, жапырақтардың сабақтарға орналасу бұрыштары, түптің пішіні, сабақтар мен жапырақтардың кеңістікте орналасуы және олардың айтарлықтай ұзындықтары. Сорттар күшті-орташа және аз жапырақтанған болып келеді. Күшті жапырақтанған болып саналатындарда, олардың сабақтары жапырақтармен жасырынып көрінбейді, аз жапырақтанған сорттардың сабақтары көрініп тұрады. Бірақ көп сорттар үшін, аталған нышан аралықты болып келуі де мүмкін. Түптің пішіні бойынша сорттардың жинақы, жайылған және жартылай жайылған түрлері болады. Кейбір сорттарда, әсіресе ерте пісетіндерде (Приекульский ранний), өсіп-жетілуінің соңғы кезеңдерінде жатып қалуға бейімділіктері байқаланады, сондықтан түп жайылған пішінді болады.

Сабақтар. Сабақтың ең негізгі нышаны болып оның бояуы, қанаттылығы, қырлылығы және сол сияқты сабақтардың саны және олардың кеңістікте орналасуы саналынады. Сабақтың бояуы, гүлдердің бояуы сияқты қызыл-көкшіл және көк-көгілдір түске боянады, бірақта хлорофилдің болуы осы айырмашылықтарды күшті жасырады: қызғылт түстер күреңге, көкшіл-көгілдірлер қаралау түске айналынады. Бояушты түсі жоқ болғанда, сабақтардың түсі жасыл болады. Жаздың аяғында күн сәулесінің әсерінен сабақтардың түстері тым қарқынды болғандықтан, жас өсімдіктерді ескілерімен салыстыруға болмайды. Сабақтардың қанаттары да сорттық нышан болып табылады. Олар түзу және толқын тәріздес, боялған және боялмаған, жалпақ және жіңішкелеу (көп сорттарда) болып келеді, бірақ бұл нышандар мінездеме беруге жетіспейді және тұрақты емес. Көп сорттардың сабақтары үшқырлы, тек кейбіреулерінде ғана көп қырлы болып келеді, сондықтан бұл нышанды сортайқындағыш деп есептеуге болады. Сабақтардың саны бойынша сорттар аз және көп сабақты болып бөлінеді. Сабақтардың тармақтанулары бойынша сорттардың кішті, аз және мүлде тамақтанбайтындар деп бөлуге болады. Сорттар сабақтарының кеңістіктегі орналасу жағдайларына байланысты түзу және бүгілген деп бөледі.

Жапырақ. Басты сортайқындағыш нышан болып есептелінеді. Картоптың жапырақтары қарапайым, үзік дара қауырсынды-қиықты. Олар жапырақтың негізгі бөлігінде орналасқан бірнеше жұп бөліктерден (3-7), бөлікшелерден және төбесіндегі дара өте кіші бөлікшеден тұрады.

Жапырақтың тіліміне байланысты үш негізгі деңгейді анықтайды:



  1. Шамалы – бөліктер бір жұп, бөлікшелер жоқ;

  2. Орташа – бөліктер екі жұпқа дейін, бөлікшелер аз;

  3. Қатты – бөліктер екі-үш жұпты, бөлікшелер көп.

Жапырақтардың барлық нышандарының ішінен тармақтануды атауға болады (күшті, аз), түстері (күрең жасыл, ашық-жасыл).

Гүл шоғыры ұзын гүл тұғырында орналасқан бірнеше (2-3, кейде 4) шиыршықтан тұрады. Картоп сорттарының бәрі гүл шоғырын түзе бермейді. Гүлсидамдарды ұзындығы және бояулары бойынша бөледі.

Картоптың гүлі сортайқындағыш нышандарға бай: күлтенің түсі (ақ, қызғылт-көгілдір және көк), бояудың қарқындылығы, бұйралылығы. Гүлдері қосжынысты, бірігіп өскен тостағанша жапырақша мен бес әбден бірікпеген күлтеше жапырақшаларды біріктіреді. Тостағаншаның түсі жасыл немесе бояуланған болып келеді және түкті немесе түксіз болады.

Гүлшанағының пішіндері дөңгелек, сапақша және ұзынданған болып келеді. Көптеген сорттардың тозаңдықтары түзу және сүйірлеу болады, олардың түстері сарғылттау, сары, сары-жасыл болып келеді. Жеміс беретін сорттардың, тозаңдықтары әрқашан сарғылттау, тозаңдары көп болады. Гүланалықтардың қысқа немесе ұзын бағаналы тозаңдары болады. Тозаңдар бағаналарының пішіндері түзу немесе бүгілген болып келулері мүмкін. Түйіндердің пішіндері сопақша, грушатәріздес, аралықты болатындары кездесіп тұрады.

Түйіндерді түстеріне, пішіндеріне, қабықтарының сипатына, көзшелердің құрылысына және жеміс етінің түсіне қарап бөледі. Ең тиянақты нышан болып түйнектің түсі саналанады. Түйнектің сыртқы түсі ақ, сары, қызыл, қызғылт-күлгін болады. Сорттарға байланысты түстері біркелкі болып келеді, бірақ көзшелердің тұсында анықтала бастайды. Түйнектердің пішіндері әртүрлі болып келеді: домалақ, сопақ, ұзынша-сопақ, домалақтау-сопақ және т. б. Кейбір сорттардың көзшелерінің саны аз және көп те болады және олардың түйнектің бетінде орналасуы да әртүрлі болып келеді. Түйнектердің қабықтары тегіс және бұжырлау болады.

Жеміс етінің түстері: ақ, сары, көк-көгілдір, ақ-сары, қызыл, күлгін болады және оның ұзындық қимасында түтікті сақина шоғын көруге болады.

Жартылай этиолирленген өскіндерді тек түстерінен ғана айырады. Сондықтан, сорттардың нышандары 2 негізгі топқа бөлінеді: көкшіл-көгіл- дір және қызғылт-сиякөк өскіндер. Жарықтақ өскіндер бояуларының түстері хлорофилдің арқасында тығылып отырады. Сипаттағыш нышан болып негізі және төбесі есептелінеді, әсіресе пішіні бойынша, түктілігі және жарықтылық өскіндерінің түстері болады. Жарықтылық өскіндерден әртүрлі нышандарды айыруға болады: кеш пісетін сорттардың негіздері шар тәрізді, төбесі сүйірленген пішінде болады; ерте пісетіндерде – негізшелері домалақ, төбесі доғалсүйірленген немесе жартылай жайылған, өте күшті түктенген болады. Тәнтілі сорттық нышан болып түйнектердің өсіулері де саналанады (өте шабан, тез). Кейбір сорттарда барлық көзшелер бірақ шығады, ал бас- қаларында шығу төбесінен басталынады. Картоптың барлық сорттық нышандарын зеттеудің арқасында анықталғаны, негізінде өзгермейтіндері: түйіндер, өскіндер, гүлдер түстерінің сипаттары әрқашан белгілі түрді тәу- елділікте болады. Қызыл түсті түйнектердің өскіндері тек қызғылт-сиякөк болуы мүмкін, ал гүлдері қызғылт-сиякөк және ақ түсті болады.

Ақ түсті түйнектердің өскіндері тек көкшіл-сиякөк, ал гүлдері көк, көкшіл-сиякөк, ақ түсті болады. Ал қызғылт-сиякөк өскін болғанда – гүлдері

көкшіл-сиякөк, ақ түсті болады. Көк түсті түйнектердің өскіндері тек көкшіл-сиякөк, ал гүлдері көк, көкшіл-сиякөк, ақ түсті болады. Түйнектерінің түстері боялған сорттардың жапырақтарының тармақтары және сабақтары да сол түсті болады. Картоп сорттарын апробациялауды шілде айында, гүлденеу кезеңінде, өсімдіктер жақсы дамыған және олардың нышандарының барлығы анық көрінгенде жүргізген дұрыс. Есте болатын жағдай, сорттарды анықтағанда барлық нышанды ескерген дұрыс (мысалы, түйнекке қарап сортты анықтауға болмайды). Түсті тек жас, жаңа ғана ашылған гүлден айырамыз, неге десең олар күннің көзіне күйіп, түстерін өзгертуі мүмкін. Жапырақтардың пішіндерін және қиықтарын анықтау үшін оларды сабақтың ортасынан алу керек.

Тіркелген картоп сорттары.

Кокшетауский ранний. Сорт . А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ-ның КФ-да шығарылған. Өте ерте пісетін сорт. Түптерінің өсу тік, жинақы, биік. Сабақтары аздап жайылыңқыраған. Жапырақтардың көлемі орташа, шеттері қаттытілінген, күрең-жасыл түсті, тарамданулары орташа. Гүлденуі молынан, ұзаққа созылымды. Гүл шоғыры жинақы, көпгүлді. Жеміс құрастыруы молынан. Түйнектері ақ, сопақ-домалақша, көзшелері ұсақ болын келген. Түйнектің массасы 116-175 г. Крахмалдың көлемі – 12,4-17,5%. Дәмділік бағасы 4,2 балл, стандарт Приекульский ранний мен бірдей. Сорт жақсы сақталанады. Ылғалды шірікке төзімді, паршамен аз залалданады.

Көкшетау өңірінде тіркелген.


Акша. Сорт Қостанайдың АШҒЗИ-да шығарылған. Орташа кеш пісетін, әмбебап бағытты сорт. Түптері жинақы, биік, сабақтары көп, жайылымы аздау. Жапырақтары ірі, шеттері шамалытілінген, күрең-жасыл түсті, тарамданулары анық көрінеді. Гүлденуі молынан, ұзаққа созылымды. Түйнектері ақ, домалақша столонның батқан ізі бар. Қабықтары тегіс, көзшелері көп, тереңдіктері орташа, боялмаған. Жеміс етінің түсі ақ, кесілгенде қараймайды. Түйнектің массасы 102-167 гр., Лорх-стандарттан 60-65 гр ауыр. Ақуыздың көлемі 13,2-23%, стандартпен бірдей. Дәмділік бағасы 4,4 балл, стандартта 4,8. Сорт механикаландырылған жинауға жарайды, күздік-қыстық мерзімдерде жақсы сақталанады – сақталымы 94%. Рак ауруына төзімді. Фитофторозбен залалдануы орташа, стандарт сияқты, вирустық аурулармен күшті, ал парша, ооскорозбен және ризоктониозбен – аз залалданады.

Қостанай облысында тіркелген.


Приекульский ранний. Сорт Приекуль селекциялық тәжірибе стансасында Кобблер*Юнель сорттарын будандастырудан шығарылған. Түптері жақсы жайылымды, тез жатып қалады. Сабақтары ұзын емес, жасыл, негізгі бөлегінде аздап антицианмен боялған. Қолтықты өркендері жоқ. Жапырақтары күрең-жасыл түсті, шеттері шамалы қиылған. Бөлшектері ірі жалпақсопақша. Төбесіндегісі дөңгелек, негізшелері жүрек тәріздес, көлемі бойынша қырындағылармен бірдей деуге болады. Гүлдеуі мол, бірақ көп тұрмайды. Гүлшоғыры үлкен емес, жасыл түсті, қос шиыршықтан тұрады, жинақы. Тостағаншалары кішкентай, ұштары өткірлі біз тәріздес. Күлтелері ақ. Тозақтық жұптары конус тірізді, тозақтары ірі. Біліктері жуан, тік, тоз- ақтылық жұптардан аздап биіктеу. Түйнектері ақ түсті, ұсақ көзшелері бар, домалақ, домалақтау-сопақ пішінді. Жұмсағы ақ түсті, крахмалдығы орта- дан төмен, дәмдік сапасы жақсы, сақталуы қанағаттанарлық, кескенде аздап қарайады. Сорт өте ерте піскіш, асханалық. Өнімдігі жоғары. Тауарлық түй- індерінің массасы 100-120 г. Қрахмалдылығы 10-16%. Далалық жағдайда фи- тофторозбен залалдануы жоғары, вирустық аурулармен, паршамен залал- дануы кәдімгідей. Көкшетау өңірінде аудандастырылған.

Шортандинский. Сорт А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ мен Қазақ- тың картоп шаруашылығы ҒЗИ-да Агнес сортынан клондық сұрыптау әдісімен шығарылған. Түптері биік, жапырақтануы сенімді. Сабақтары жуан, тік, бояу түстері өң бойы жақсы. Қанаттарының жалпақтығы орташа. Жапы-рақтары ірі, шеттері шамалы қиылған. Гүлденуі мол, ұзаққа созылады. Гүл-шоғырлары жинақы, ұзын гүл тұқырына орналасқан. Тостағаншасы орташа көлемді, аздап түктенген. Күлтелері ақ түсті, ірі. Тозақтық жұптары конус тірізді. Тозақтары орташа, сары түсті. Біліктері жуан, тік, тозақтылық жұптардан аздап биіктеу. Өнімі ортадан жоғары, аурумен әлсіз залалданады, қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Түйнектері ақ, домалақ пішінді, көзшелері орташа тереңдікте, жұмсағы ақ түсті.

Сорт орташа піскіш, асханалық. Өнімділігі 399-484 ц/га. Тауарлық түйіннің массасы 75-137 г. Крахмалдылығы 23%-ға дейін. Ақмола облысында аудандастырылған.

Картоптың шыққан жері Оңтүстік Америка (2 мың жыл бұрын). 150 астам оның жабайы түрлері бар, көбісі Оңтүстік және Орталық Америкада өседі.

Картоп маңызды ауылшаруашылықтық дақылдар қатарына жатады. Дүние жүзіндегі өсімдікшаруашылығы өнімдері өндірісінің ішінде ол бидай, күріш және жүгерімен қатар бірінші орындарда тұр. Картоптың түйіндерінде 25% құрғақ заттар, соның ішінде 14-22% крахмал, 14-23% ақуыз, 1% –дай жасунақ, 0,2-0,3% май және 0,8-1,1% күлдік заттар бар. Картоп С,В126, РР және К витаминдеріне бай. Әсіресе картоптың жас түйнектері витаминге бай – жан-жақты пайдаланатын дақыл. Түйнектерінде крахмал, жоғары сапалы ақуыз және витаминдерді сақтағасын, картоп адам өмірінің маңызды тамағы болып есептеледі, Европаның асүйінде 200-ден астам тағамдар дайындалады.

1 кг картоп 900 калорий жылу береді. Картоптың ақуызына (туберин) 20 аминокислоттың 14 кіреді.

Картоп – жануарлар үшін жақсы мал азық. Органикалық заттардың қо-рытылуы бойынша (83-97%) өсімділіктік мал азықтарының ішінде мал азықтылық тамыржемістімен бірінші орынды бөліседі. 100 кг картоп 25,5 а.ө. (жас түйнектері) құрастырады.

Картоптың түйіндері спирттік крахмал үшін жақсы шикізат – патока, декстринділік, глюкозалық, каучуктік және басқа өндірістер үшін керек. Картоптың 1т крахмалдылығы 17,6% түйнегінен 112 л спирт, 55 кг көмір-қышқылы, 0,39 л сивуштік май және 1500 барда немесе 170 кг крахмал және 1000 кг ұн алуға болады.

Картоптың агротехникалық және агроэкономикалық маңызы зор. Ол өскен жерлер арамшөптерден таза және борқы болып қалады, сондықтан ол көптеген ауылшаруашылықтық дақылдар (дәнді дақылдар, дәндібұршақтық, жүгері) үшін жақсы алғыегіс болып табылады.

Жоғары өнімділігі, экологиялық икемділігі, ерте пісетін сорттарының барлығы, картопты сақтауыштық дақыл есебінде маңыздылығын көтереді (қуаңшылықты аймақта, маусым айының құрғақшылығын жақсы көтереді).
Картоптың өсу және өнуінің ерекшеліктері

Картоп – көпжылдық шөптесін өсімдік, ол вегетативті түрде (түйнек, көзше және бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады.

Картоптың барлық өсу кезеңі шартты түрде 3 бөлімге (кезең) бөлінеді:

I кезең – көктеуден басталып гүлденуге дейін ( биомассалары өседі, түйнектің өсімі шамалы);

II кезең – гүлденуден бастап пәлектерінің өсуі тоқтағанша, яғни солуына дейін;

III кезең – пәлектің өсуі тоқтайды, табиғилық солу. Түйнектердің өсуі жалғасады, бірақ сондай II кезеңдегідей емес, баяу.

I кезеңнің ұзақтылығы сорттың пісу тобына байланысты, яғни ауа райының жағдайларына байланысты ерте пісетіндерде 27-36 тәулік, орташа-пісетіндерде 38-42 тәулік, кештерде 46-48 тәулік. II кезеңнің ұзақтылығының айырмашылығы да сондай, ерте пісетін сорттарда, өнімнің қарқынды жи- налуы ұзақтылығы 26-28 тәулік, орташа ерте пісетіндерде 34-36 тәулік, ал ор-таша және кеш пісетіндерде 43-45 тәулік. Мысалға, осындай заңдылық III ке-зеңде де сақталанады. Түйнектердің құрастырылуы үшін II кезеңнің берері мол, осы кезеңде соңғы нәтиженің 65-75% жиналады.

Сол кезеңдердегі болған ауа райының жағдайы өнімнің деңгейін анықтайды. Кейбір жылдары түйнек өнімінің орташатәуліктік өсуі 2,5-2,8 т дейін жетіп қалады, ал кейде, салыстырмалы қысқа кезеңнің ішінде 1,0-1,5 т дейін өседі.


Картоптың биологиялық ерекшеліктері

Картоп қоңыржай климаттың өсімдігі және тұрақты мол өнім темпера- турасы айтарлықтай жоғары емес орта кіндік аудандарда алынады. Картоп өсу процестерін топырақтың 7-8˚С-да ақырындатады, ал +25˚С-тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді. Түйнектер өсуін топырақтың темпера- турасы 4-5˚С болғанда бастайды, топырақтың температурасы көтерілген сайын, оның өсу де артады. Топырақтың қолайлы температурасы 18-20˚С болғанда, өскіндер 10-12 тәулікте көріне бастайды. Тыныштық күйін өткен түйнектер топыраққа отырғызғаннан кейін +3-5˚С температурада өне бастайды. Бірақ бұл температура оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды. Әлбетте, картоптың тамырлары температура 7˚С-тан жоғары болғанда пайда бола бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы топырақ температурасы 16-19˚С, бұл дегеніміз ауаның температурасы 21-25˚С-қа сәйкес келеді. Түйнектердің өнуі температура төмендеген сайын, тежеленеді, ал 2˚С мүлдем тоқтайды. Топырақтың жоғары температурасы өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 42˚-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал, -1-1,5˚ суықтық- та және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып кетеді және өліп қалады. Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1000-1400˚С, орташа пісетіндерге 1400-1600˚С, ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін 1800-2000˚С.

Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Оның ылғалға сұранысы өсіп-өнуіне байланысты өзгеріп отырады. Дақылдың ылғалға барынша қа- жетсіну кезеңі жаппай қауыздану-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді (ылғалдың жетіспеуі өнімді тым төмендетеді).

Орташа есеппен транспирация коэффициенті 430-570 (167-659) өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу үшін 150 л су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ құнарлығы мен механикалық құрамына байланысты өзгереді: құнарлы саздақ топырақ 85-100 л, құнарсыз құмдақ топырақта 160-200 л дейін көтеріледі. Қорытындылап айтқанда (100-140 ц/га) өнім алу үшін, вегетациялық кезеңде 300 мм ылғал түсуі қажет. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа-райы қалыптасса (қуаңшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысылып өседі, әрі жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді.

Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топыпырақтың борпылда- ғына, оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап қояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптың тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режімі тығыздығы 1,0-1,2 г/см3 қара және қоңыр топырақта жасалады.

1 т түйнектер өнімін құрастыру үшін топырақтан N-5 кг, Р2О5-2 кг, К2О-9 кг, Са -4 кг, Мgо – 2кг алады. 1 т түйнектер өнімдерінде N-4,8 кг, Р2О5 -2,2 кг, К2О -10,3 кг сақталынады.

Картоптың өсіп-өну кезеңінде үстеп қоректендіру тыңайтқыш негізгі түрде, немесе отырғызған кезде еңгізілмеген жағдайда пайдаланады. Үстеп қоректендіруді қатараралықтарды өңдегенде жүргізген жөн. Ол үшін жеңіл еритін минералдық тыңайтқыштың әрқайсысын 15-20 кг/га әсер етуші зат мөлшерінде енгізген дұрыс.

Картоп – жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, бүршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондықтан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтаның жан-жақты жарықталуын қамтамасыз ету қажет, ал фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мүмкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен қамтамасыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты.

Нақтылы жағдайда бір гектарда 40-50 мың м2 жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең қолайлы деп есептеледі. Картоптың көптеген сорт- тары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлденуіне қарай ұзақ күнді өсім- діктер қатарына жатады. Қазақстанда тіркелген сорттарының вегетациялық кезеңдерінің ұзақтылығы 60-90 тәулік (ерте және орташа ерте пісетіндері).

Агротехника ерекшеліктері. Картоптың азықтық, ылғалдылық және ауа режіміне қатты сұранысы, ол үшін алғыегістің алатын орнын анықтайды. Далалық ауыспалы егісте жақсы алғыегістер: көп жылдық шөптердің өңделген жерлері, тыңайтқыш сіңірілген күздік және дәнді бұршақты дақылдар, қант қызылшасы және майлы зығыр. Көкөністік ауыспалы егісте: тамыржемістілер, қырыққабат, қияр. Картоп үшін топырақты негізгі өңдеуді күзде бастайды, әсіресе танаптар ерте босағанда, дәнді дақылдардан кейін танапты сыдырғылау немесе тырмалау (БИГ-3) керек, олар арамшөптерді, зиянкестерді арандату және жою үшін жүргізіледі. Содан кейін сүдігер жерді дайындаймыз, ол үшін 27-30 см тереңдікте, шашылған органикалық тың- айтқышты (көң 30-40 т/га) қайырмалы соқалармен өңдейміз. Фосфорлық және калийлік тыңайтқыштарды жартылай дозасымен осы күзде сіңірген жөн, ал қалған жартысын көктемде қырқаларды (жоталар) тілгенде бірақ сіңірген дұрыс. Азоттық тыңайтқыштарды көктемде сіңірген өте дұрыс болады.

Қырқаларды тілуді күзде – қазанның бірінші жартысында немесе көктемде тұқымдарды отырғызуға 1-2 күн қалғанда немесе отырғызумен бірге жүргізеді. Қырқаларды тілуден бұрын танапты жазықтілгіштермен өңдейді. Қырқаларды тілу үшін КОН-2,8, КРН-4,2Г, КГФ -2,8 культиватор- ларын қолданады.

Отырғызуға тек қана нақты сортқа тән ауруға ұшырамаған түйнектерді іріктеп алу керек. Осы мақсатпен отырғызар алдында картопты сұрыптап іріктейді, шірігендерін, пішінін өзгерткен және жарақаттанғандарын аласта- ды. Түйнектерді тазалаған кезде оларды ірілігіне қарай (30-50, 50-80г және одан жоғары) сұрыптайды. Әртүрлі іріліктегі түйнектерді араластырып отырғызуға болмайды. Өйткені мұның өзі өркендердің әр кезде, созылыңқы пайда болуына әкеліп соғады және бұталар селдір болып қалыптасады да өнім кеміп кетеді.

Массасы 50-80г бүтін түйнектер отырғызуға ең қолайлы деп есептеледі.

Ашық және тиімді дайындау әдістерінің бірі отырғызар алдында түйнек- терді күн көзіне қыздыру болып табылады. Ауа райы жылы болғанда (+12-16˚С) отырғызардан 5-7 күн бұрын түйнектерді сақтау орындарынан далаға арнаулы алаңдарға шығарып қалыңдығын 30-50 см асырмай жайып тастайды.

Түйнектерді дәрілеуді отырғызардан 1-2 күн бұрын қырмандарда жалда, контейнерлерде, немесе арнаулы картоп отырғызатын машинаға асып қойылатын құралдармен жүргізіледі. Фотофторозға және ризоктониозға қарсы бенлатты – 50% сл. – 0,5-1,0 кг/т; витаваксты 200 – 75% с.п. 2 кг/т. дейін; сол сияқты кешенді препараттар Текто – 45%к.с., Рапкол – 46% с.п. қолданады.

Картоп отырғызуды мүмкіндігінше ерте 10-12 см топырақ тереңдігінде жылу 6-7˚С-қа жеткенде бастаған жөн. Мұндай мүмкіндіктер аймақ жағдайында орташа пісетіндерді мамырдың бірінші, ал ерте пісетіндерді ма- мырдың екінші онкүнділігінде жүргізген дұрыс болады.

Суармалы жерлерде картоп жиі отырғызылады – гектарына 50-57 мың. өсімдік (70*25, 70*28 см) ал суарылмайтын жағдайда 40-45 мың. өсімдік (70*35, 70*40 см). Тілінген қырқаларда отырғызғанда саздақ топырақта тереңдігі 6-8 см, ал құмдақ топырақта 8-10 см. Суармайтын жағдайда өсірі- летін картопты тегіс немесе жартылай қырқаларға 12-14 см тереңдікке отырғызады.

Ерте кезде жүргізілетін ең қарапайым және тиімді әдісі картоп көгі шыққанға дейін және шыққаннан кейін алқапты малалау болып табылады. Малалауды картоп отырғызғаннан кейін 5-6 күннен соң кірісу керек және 6-7 күннен кейін қайталау керек, ал үшіншісін картоп көгі шыққаннан кейін жүргізу керек. Қатараралықтарды өңдеуге қырқаларға отырғызылған картоп көгі шыққанша, ал тегіс жерде отырғызылғанда картоп көгі анық байқалғанда кірісуге болады. Ластануына, ылғалдануына және топырақ тығыздығына қарай өсіп-өну кезеңінде бірнеше қатараралық өңдеу жүргізіледі. Егер алғашқы культивация 10-14 см тереңдікке қатардағы қорғаныс алаңын ең аз мөлшерде қалдырып жүргізсе, кейінгілерді 3-4 см таяз КОН-2,8П және КРН-4,2 культиваторларымен жүргізеді. Суармалы жерлерде және суарылмайтын, бірақ топырақ ылғалдылығы мол жағдайында әрі өсімдік биіктігі 15-17 см жеткенде картопты түптеуге кіріседі.

Картоп плантациясында арамшөптермен күресу үшін агротехникалық шаралар мен гербицид пайдалануды қабаттастырып жүргізу керек. Мысалы, фитофторозаға қарсы фунгицид Родимил 72% с.п. – 2,5 кг/га, көктер шыққаннан кейін 4-6 соң жүргіземіз, және картоп гүлдегенше 7-10 күн сайын фунгицид Даконил 75% сл. – 1,8-2,4 кг/га жүргіземіз.

Колорада қоңызына қарсы, бірінші бүркуді олардың топырақтан жаңа шыға бастағанда жүргіземіз. Ал олардың үлкендері жалпылай пайда болғанда бүркулерді қайталаймыз. Осы үшін Каратэ 5% к.э., Децис 2,5% к.э., Кинмикс 5% к.э. қолданамыз.

Түйнектердің пісуін тездету, жинау кезінде олардың жарақаттануын азайту және жинағыш машиналардың жұмыс жағдайын жақсарту ниетпен 5-7 күн бұрын жапырақ-сабақтарын ұсақтағышпен (КИР-1,5) 10-15 см биіктікте шауып тастайды. Сабақ, жапырақтарды дисикация әдісімен 12-14 күн бұрын тұқымдық түйнектерді, ал тауарлылықтарды 5-7 күн бұрын бүрку арқылы жоюға болады.

Картоп жинау – оны өңдірудегі барлық жұмыс жиынтығының ішінде көп еңбек сіңіруді талап ететін операция. Картоп өсіруге кететін барлық шығынның 50-60 пайызы осыған жұмсалады. Азық-түліктік картопты түйнектердің толық физикалық пісуі жеткен кезде, яғни сабақтары мен жапырақтары солып қураған кезде жинай бастайды және жинауды қыркүйек- тің екінші онкүндігінде бітірген дұрыс. Картопты жинау үшін SE-75-40UB, DK-1500 сияқты комбайндарды қолданады. Тұқымдық картопты қазғызтар- мен қопарып, қолмен жинаған дұрыс.

Осы заманғы қоймаларда негізінен екі сақтау әдісі қолданылады – үйіп тастап активті желдету және контейнерлік.

Картопты сақтағанда үш кезеңді анықтайды:


  1. емдеулік – 10-15 күн, сақтау температурасы 15-18˚С, ауаның салыс-

тырмалы ылғалдылығы 85-90%. Желдету қойманың ауасымен жүргізіледі.

  1. салқындату кезеңі – қойма температурасын 3-4 жұма бойы 0,5-10˚С

дейін төмендетеді, желдету сартқы ауамен. Ылғалдылығы 85-95%.

  1. сақтаудың негізгі кезеңі – қарашадан мамырға дейін. Оңтайлы тем-

пература сортқа байланысты +1,5 - +5˚С, ылғалдылығы 85-95%.

Қоймаларда күнделікті түрде картоптың сақталуын және температура режімін қадағалап отырамыз. Температураның оңтайлық деңгейден төмендеп болмаса жоғарлап кетуі картоп тұқымының сапасын төмендетеді.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет