Солтүстік Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы



бет5/18
Дата21.04.2017
өлшемі11,09 Mb.
#14463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Бақылаулық сұрақтар:

  1. Шөптердің сорттары және түрлерінің сорттық тұқымдарын өндіруді ұйымдастыру қандай құрылымдардан тұрады.

  2. Тұқым шаруашылығының жүйесі туралы ұғым.

  3. Тұқым шаруашылығының кескіні туралы ұғым.

  4. Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығының керекті бөлімдері.

  5. ҚР-да неше мемлекетті-қожалық шаруашылықтар аралықты тұқым шаруашылық- ты бірлестіктер бар.

  6. 1976 жылы құрылған, шөптердің тұқым шаруашылығының жүйесі.

  7. Мал азықтық шөптердің элиталық тұқымдарын сортжаңарту процесінде өсірудің кескіні.

  8. Сорт сақтау питомнигінің міндеті.

  9. Алдын ала көбейту питомнигінің міндеті.

  10. Суперэлита питомнигінің міндеті.

  11. Элита питомнигінің міндеті.

  12. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер және олардың ауылшаруашылығы үшін маңызы.

  13. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің морфологиялық ерекшеліктері.

  14. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің сорттары.

А) Жоңышқа

Б) Эспарцет

В) Түйежоңышқа

15. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдарын жоңышқаның денгейінде

өсіру технологиясы.


  1. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер және олардың ауылшаруашылығы үшін

маңызы.

  1. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің морфологиялық ерекшеліктері.

  2. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің сорттары.

А) Қылтықсыз арпабас

Б) Еркекшөп

19. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің тұқымдарын қылтықсыз арпабастың

денгейінде өсіру технологиясы.

20. Біржылдық астық тұқымдас шөптер және олардың ауылшаруашылығы үшін

маңызы.


21. Біржылдық астық тұқымдас шөптердің морфологиялық ерекшеліктері.

22. Біржылдық мал азықтық дақылдардың сорттары.

А) Судан шөбі

23. Біржылдық шөптерді тұқымға өсіру технологиясы

24. Мал азықтық шөптердің тұқымдарын жинау және сақтау.

25. Мал азықтық шөптердің тұқымдарының сапасын бақылау.


7. Бөлім. Көкөніс дақылдарының сорттық тұқымдарын көбейтудің



кескіні және әдістемелері

7.1 Суперэлита және элита тұқымдарының өндіру

Тұқым шаруашылығы – бұл ауылшаруашылығының мамандандырылған саласы, оның міндеті таза сорттылықты, биологиялық және өнімділік сапасын сақтап сорттық тұқымдарды көбейту.

Ғылыми-зерттеу мекемелері, соның ішінде селекциялық стансалар, аудандастырылған сорттардың сорттық тұқымдарын өсіруді қамтамасыз етуге шамалары жетпейді, сондықтан олармен толықтай қамтамасыз ету үшін міндет тұқым шаруашылығы саласына жүктеледі.

Тұқым шаруашылығының кескіні – бұл дегеніміз мамандандырылған учаскелердің жиынтығы, сол жерде сұрыптау жолымен және көбейтумен сорттар жинақталады. Тұқым шаруашылығының кескіні жоғары сорттық және өнімділік сапасын сақтап тұқымдарды өсіретін әдістер мен әдістемелерді құрастырады.

Олар дақылдың биологиялық ерекшеліктерімен, шаруашылықта себіле- тін аумақтарымен, өнімділіктерімен және көбейту еселігімен, себу мөлшері- мен, ұйымдастыру, техникалық және экономикалық жағдайларымен анықталанады.

Жоспар бойынша элита тұқымын көбейту үшін тұқым шаруашылықтық мекемелерге таратып береді. Элита тұқымының өндірісі оның шығарылатын жеріне жақын қашықта болса, онда ол сорттың бағалы нышандарын және сорттық жағдайларын сақтау да жеңіл болады. Тұқым шаруашылықтық мекемелерде элитаның тұқымдарынан келісімді репродукциялық тұқымдарды шығарады. Сол репродукцияларды шығарғанда аймақтылық принципті, тұқым шаруашылықтық шоғырлануды және тұқым шаруашы- лықтық мекемелердің жағдайларын да ескерген жөн.

Тұқым шаруашылықтық мекемелерде көкөніс, бақша дақылдарының және мал азықтылық тамыржемістілердің сорттық тұқымдарын белгілікті репродукциялық тұқымдарға дейін өсіреді.

Элитадан алынған сорттық тұқымдар, бірінші репродукциялық тұқым деп аталанады. Тұқымдық кешендерде көбейтілген бірінші репродукциялық тұқымдар, екінші репродукциялық тұқымдарды береді. Содан кейінгі көбей-гендер үшінші репродукциялық тұқымдар деп саналынады.

Кейбір көкөністік дақылдардың тұқымдарына келесідей сорттық тұқымдарды өсіретін кескін қолданылады. Бірінші репродукциялық тұқым- дар үшін келесідей дақылдардың элиталық тұқымдарын көбейтеді: аққауданды қырыққабат, ақ, савойлық, брюсельдік, пекиндік қырыққабат, бұрыш, фазалис, баялды, шомыр, шалған, тарна және қияр және томаттың тұқымдарын.

Үшінші репродукциялық тұқымдар үшін келесідей дақылдардың элиталық тұқымдарын көбейтеді: асбұршақ, атбас бұршақ, үрмебұршақ, мал азықтық қызылша, шалқанның тұқымдарын. Қантты жүгерінің тұқымы көп рет репродукцияланады.

Осы аталған кескінде тұқымдар көбейтілсе, онда тұқымдар пайдалы түрде көбейген болады, және сол сияқты бірінші репродукциялық тұқымды алу үшін элитаны пайдаланамыз, ал екінші репродукция үшін бірінші репродукцияның тұқымын пайдаланамыз.

Өздік тұқымдық сапасын төмендеткен тұқымдарды, тұқымдық көбейту процесстері кезінде басқадай өнімділігі жақсы, сорттылықтары таза сорттармен айырбастауды сортайырбастау деп атайды.

Элита тұқымдарын, суперэлита тұқымдарынан өсірілген өсімдіктерден ғана алынады.



Суперэлиталық және элиталық тұқымдар деп, әдейлеп селекциялық-тұ- қымдылық және агротехникалық әдістермен, мемлекеттік стандарттың сұра- ныстарына сәйкестендіріліп өсірілген және сол сорттың ұрпақтылық қасиеттеріне және тұқымдық және егістік сапасына сай келетіндерді атайды.

Суперэлита және элита тұқымдары келесідей сұраныстарға сай болуы керек:



  • ұрпақтарында сорттық нышандар мен қасиеттерді сақтай білу;

  • сорттық тазалығы бойынша бірінші категорияға, ал егістік сапасы

бойынша – бірінші класқа сай болуы;

  • карантиндік аурулары жоқ егістерден, болмаса танаптардан жиналған

болуы керек. Осы талаптарға сай емес суперэлита және элита тұқымдары, бірінші репродукцияға ауыстырылынады.

Негізінен суперэлита тұқымдарын өндіретіндер болып, тұқымдылық сұрыптау әдісі есептелінеді, яғни онда таңдап алынған өсімдіктерді бағалап, ескеріп және жақсы тұқымдарды таңдап алуға әбден болады.

Суперэлиталық тұқымдарды өсіру үшін таңдап алынған жақсы ұрпақтар- ды (семья) біріктіреді.

Ұрпақтылық сұрыптауда нәтижелі өсімдіктер саны дақылды көбейту коэффициентіне, суперэлита тұқымдарын өндіру жоспарына және сорттың генетикалық құрамына байланысты болады. Олар бірнеше ондықтан бірнеше жүздікке және мыңдыққа дейін болуы мүмкін.

Элита тұқымдарын сорттың шаруашылықты-бағалық нышандарын және қасиеттерін сақтауға қолайлы жағдайларда ғана өсіреді. Элита тұқымдарын өсіргенде, олардың жоғарғы сорттық сапаларын сақтау үшін қатаң түрде сорттық агротехниканы, өсімдіктерді оңтайлы және тегістелген агротехникалық әлпетте өсіріп, биологиялық және механикалық ластануға жол бермей, арақашықтылық бөлектеуді бұлжытпай сақтап, аналықтарды сақтауға оңтайлы жағдайларды жасап және егістік үшін жоғары сапалы пісіп жетілген тұқымдарды пайдаланған абзал.

Туыстық сұрыптау әдісімен суперэлитадан алынған элита тұқымдарын өсіргенде, барлық құнды өсімдіктер (жемістер, бадандар, қаудандар, тамыр-жемістілер және т.б.) қолданылады.

Элитаның сорттық тазалығын егістерді апробациялап бағалайды, оны селекционер болмаса элита шығаратын мекеменің семеновод-апробаторы бағалайды.

Элиталық тұқымдардың егістік сапасын мемлекеттік тұқымдық инспекция бағалайды.

Элиталық тұқымдарды пломбыланған қос қабатты ыдыстарда сақтайды және іске асырады. Осы элиталық тұқымдар топтарының тұқымдық үлгілері оларды толықтай пайдаланғаннан кейін де 2жыл бойы сақталуға тиісті.
7.2 Екіжылдық және көпжылдық көкөністік дақылдардың

сорттары және тұқымдарды өсіру технологиясы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

Екіжылдық көкөністік дақылдардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, жіктеу.

Қауданды қырыққабат. Қырыққабаттың өсірілетін түрлерінің барлық әртүрлілері Brassica туыстарына, айқышгүлділер тұқымдастарына жатады.

Қауданды қырыққабат – екіжылдық өсімдік, бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, жапырақтарын және қауданын, екінші жылы гүл өркендерін, бұршаққындарын және тұқымдарын қалыптастырады.

Түрдің ішінде үш түршелер ерекшеленеді:

Жерортатеңіздік – жайшылықты қауданды пішіндермен ұсынылған. Түршелер екі топ сорттүрлерін біріктіреді: қауданды және жартылайқауданды.

Шығыстық – жергілікті жеке түрлерді және Кіші Азия, Иран, Орта Азия- да өсірілетін сорттарды біріктіреді.

Европалық – жартылай қалыптасқан түрше, жапырақтары және қаудан пішіндері құрылыстарының әртүрлілігімен ерекшеленеді.

Осы Европалық түршенің ішінде алты географиялық сорттиптерінің топтары бөлініп шықты.

Сабағы өмірінің бірінші жылы жуан, қысқа, қалың жапырақтанған, бу- ынаралықтары да қысқа.

Екінші жылы айтарлықтай жіңішке сабақ шығады, биіктігі 1-2 м-дей, жапырақтар саны 35-50-дей болады.



Жапырақтары өте ірі, сағақты, сабақ бойымен жоғарғылары отырған, көтеріңкі түрдегі әр шамадағы жертағанды құрастырады.

Қаудан әртүрлі сорттарда көлемі және пішіні бойынша айщықталады. Ерте пісетін сорттарда қауданның диаметрі 10-20 см, орташа және кеш пісетіндерде 25-45 см және одан да көп болады.

Гүл шоғыры – ұзынша келген шашақгүл, кейде ұзындығы 60-80 см-ге дейін жетеді, 150-дей қабылетті гүлдері болады.

Гүлдері – қосжынысты, көлемдері орташа.

Жемісі – ұзындығы (15 см дейін) болатын екі ұялы бұршаққын.

Тұқымдары – дөңгелекше, үстіңгі қабаты аздап ұяшықтанған.

Түсі – қара сұрдан, қара-қоңырға дейін. 1 г-да 290-340 тұқым болады.

Қырыққабаттың өсу кезеңінде гүл шоғырларын құрастыра бастағанда, бұл дақылға ауа температурасының белгілікті мерзімділік кезеңде төмендегені яғни суығаны қажет және оның ұзақтылығы сорттың биологиялық ерекшеліктеріне, өсімдіктің жасына және температура режіміне байланысты болады.

Көп сорттардың өсімдіктері температураның төмендегенін 6-8 жапырақтылық кезеңінде сезіне бастайды және сол кезеңде сабақтардың диаметрі 6 мм-ге дейін жетіп қалады. Оның жақсы шынықтырылған жерсіндірілген көшеттері өткінші 5-6˚С бозқырауға шыдайды. Кеш пісетін сорттарының қаудандары күзде температура -6˚С дейін төмендегенде де шыдайды. Ал, температура жоғарылаған сайын өну процесі де жеделдей түседі, өсуге ең оңтайлы жылылық 15-18˚С.

Қауданды қырыққабат жарық сүйгіш өсімдік. Қалыпты өсуі және дамуы , күннің ұзақтығы 17-18 сағатқа жеткенде жақсы өнеді.

Сәбіз. Сәбіз шатыршагүлдер тұқымдастарына жатады. Батыстық мәдени сәбіздің түр тармағы 3 түршелерге бөлінеді: каротинді сәбіздер (сорттиптері Нантская, Шантане, Геранда, Валерия); сары сәбіздер (сорт Лобберихская) және ақ сәбіздер (ақ жербасты сорт).

Шығыстық мәдени сәбіздің түр тармағы 5 түршешеге бөлінеді: сары сәбіздер, көгілдір сәбіздер, қара сәбіздер, қызғылт сәбіздер және қызғылтсары сәбіздер.

Сәбіз – екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақтың дегелегін және тамыржемісті, өмірінің екінші жылы – тұқымдық түп және тұқымдарды құрастырады. Сабақтары қуыс, дөңгелек немесе қырлы, түкті, биіктігі 0,5-1,5м, кейде 2м болады.

Гүл шоғыры – шатыр тәрізді, олар бөлектенген шатыршалардан тұрады. Шатырда 10-60 гүл болады.

Гүлдері – ұсақ, қосжынысты. Аталық және аналық гүлдері де кездеседі. Тозаңдануы желдің және жәндіктердің көмегімен жүреді.

Дәні – ұсақ, ұзынша сопақ пішінді, түкті, тығыз қабықты.

Сәбіз – айқастозаңданатын энтомофильді өсімдік. Гүлденуі анылықтар-ды отырғызғаннан 45-65 күннен кейін, ортаңғы сабақтың шатыршасынан пайда болады. Содан кейін келесі қатардағы шатыршалары гүлдей бастайды. Бір шатыршаның гүлденуі 4-5 күнге созылады, гүл шоғыры 10-15 күн шамасында, барлығы гүлдену 25-30 күнге созылады. Тұқымдар 60-65 күннен кейін тұқым бүрі тозаңданғасын пайда болады. Әртүрлі топтардың арасындағы алшақтылық қашықтығы 100-300м болуы керек. Өсімдіктердің өзі мен өзінің тозаңдануы аз болады. Айқастозаңданғанда шатыршада 1000-2000 дейін тұқымдар пайда болады.

Қызылша. Қызылша сәбіз тұқымдастарына жатады. Beta туысы. Ол туыс екі түрге бөлінеді: кәдімгі және жапырақты болып. Классификация бойынша мәдени қызылшаның европалық түр тармағы 3 топтық қызылшаның түршелеріне бөлінеді: мал азықтық, асханалық және қанттық болып.

Қызылша – екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақтың дегелегін және тамыржемісті, өмірінің екінші жылы – жапырақтарды, сабақтарды гүл- дерді және тұқымды құрастырады. Тұқымдық бұта. Бұталары тік тұрған, жартылай тұрған. Орташа есеппен биіктігі 1м-дей болады. Жапырақтары сағақты, жалпақ, үш бұрышты немесе ұзынша келген, шеттері кедір-бұдырлы. Гүл шоғырындағы гүлдері бір-біріне жақын орналасқан, жемістері тұтасып, шоғырмақ деп атайтын жеміс шоғырын құрастырады.

Гүлдері – қосжынысты, ұсақ, жасылдау түсті.

Жемістері – қауашық жеміс, піскен кезде қатаяды да шоғырмақ түсті гүл шоғырын құрастырады, әр шоғырмақта 2-4 тұқым болады.

Қызылшаның дәндері бүйрек пішінді, қызғылт-күрең түсті жылтыр қабықшамен жабылған.

Қызылша – желдің көмегімен айқастозаңданатын өсімдік. Ол бір-біріне тез ұшып барады, мысалы қанттылықтікі, мал азықтылыққа, болмаса керісінше, кейде табиғи пішіндердікі де ұшып келеді. Сондықтан селекциялық жұмыстарда бұлардың арасына 100-300м-дей болатын арақа- шықтылық алшақтылықты сақтауымыз керек.Тозаңдық түйірлерінің аналық ауызда өсіп шығуы гүлденудің бірінші 2-3 күндерінде қуатты түрде болады.

Қызылшаның гүлденуі тамыржемістіні топыраққа орналастырғаннан 50-60 күннен кейін басталады, және оның ұзақтылығы сыртқы дүниенің жағдай- ларына байланысты 30-50 күн аралығында тұқым бүрінің тозаңдануы жүреді де тұқымның пісуіне дейін 60-65 күн өтеді. Жалпылай гүлдену күннің бірінші жартысында байқаланады, соңына қарай тежелденіп және мүлдем тоқтайды.
Екіжылдық көкөніс дақылдарының сорттары

Қырыққабат

Бірінші нөмерлі Грибовский 147 Бұрынғы Грибовскінің көкөністік селекциялық тәжірибелік стансасында Нөмер бірінші Диннер сортынан туыс- тық сұрыптау әдісімен алынған. 1949 жылдан бері барлық республикаларда, өлкелерде және облыстарда аудандастырылып келеді. Ең көп тараған сорттардың бірі.

Сорттың маңызы – ертелік өнім үшін және оны балауса күйінде пайда- лану үшін өсіреміз. Вегетациялық кезеңі 91-109 тәулік. Қаудандарының пісуі бірқалыпты. Жарылуға (шытынуға) бейімді және гүлназарлыққа төзімсіз. Сақтағандағы сақталғыштығы нашар. Ыстыққа төзімсіз және қуаңшылыққа төзімсіз, сондықтан суармалыққа өте сұранысты. Килмен залалдануға өте төзімсіз. Қаудандары ірі емес, олардың тығыздылығы орташа. Ішкі зігірігінің ұзындығы орташа 44-59см, оның жалпақтығы 2,9-3,9см. Қаудандардың кескіні ақ түсті, жапырақтарының шеттеріне қарай аздап жасылданған. Дәмділік сапасы жақсы. Дегелектері ұсақ 40-60см, жапырақтары көтеріңкі. Сыртқы зігірігі қысқа 8-17см. Жапырақ шеті тегіс, отырыңқы. Жапырақ тақтасы ұсақ, ұзындығы 18-33см, ені 20-22см, дөңгелек, жайпақ немесе аздап бүгілген. Шеті тегіс, аздап әжімденген. Түсі жасыл. Қауданның пішіні домалақ және өте қысқа домалақша; кейбір қаудандарының пішіні домалақ жоғарғы жағы сопақша болып келген. Қауданның орташа диаметрі 10-20см, орташа салмағы 0,6кг. Орташа индексі 0,95-1,1.



Слава 1305. БОҒЗИ көкөніс дақылдарының селекция және тұқымшаруашылығында Слава Энктойзена голландия сортын жеке және жаппай сұрыптау арқылы алынған.

1940 жылы – тіркелген, ең көп тараған сорт – оны тұздау үшін және балауса күйінде күздік-қыстық кезде пайдалану үшін өсіреміз. Вегетациялық кезеңі 130-145тәулік. Орташа пісетін сорт және осы орташа пісетін сорттардың ішінде ең өнімдісі. Әртүрлі топырақты-климаттық аймақтарда жақсы өседі, бірақ ылғалды жақсы көреді. Қауданының жарылуы (шытынуы) Слава Грибовской 231 салыстырғанда аздау, бірақ қауданның тығыздығы бойынша одан төмендеу. Қаудандарының қыстық сақтауда сақтанғыштығы орташа /1қантарға дейін/. Килмен күшті залалданады. Жоғарғы ылғалдылық және жоғарғы температура жағдайында қаудандардың шіруі ауруымен залалданады, және сол сияқты түтіктік бактериоз ауруына да төзімсіз. Тасы- малдауға төзімдігі орташа.

Тауарлық қауданының орташа салмағы – 4,3кг /жекешелік ауытпаушы- лығы 2,2-ден 7,6-қа дейін/. Ішкі зігірігінің ұзындығы орташа – 58,45% /жекешелік ауытпаушылығы 31,8-дан 90%-ға дейін/. Қаудандардың кескіні ақ және ақ-сары түсті. Дәмділік сапасы жақсы.

Қаудандардың тығыздығы орта есеппен 3,6-4,6 балл. Дегелегінің көлемі орташа, оның диаметрі 70-80см. Жапырақтары жартылай көтеріңкі. Сыртқы өзектерінің бойы орташа 22,4см /жекелік ауыспашылығы 16-дан 31см-ге дейін/. Төменгі жапырақтары аздап адырбұдырлы немесе тегіс, сағақтары қысқа /ұзындығы орта есеппен 8-10см/, отырыңқы. Тақтасы сопақша, жалпақ-ланцеттіден жалпақ дөңгелек пішінді; тақтасының ұзындығы орта есеппен 34см / жекелік ауыспашылығы 24-дан 47см-ге дейін/, жалпақтылы орташа есеппен 38см / жекелік ауыспашылығы 28-ден 42см-ге дейін/. Жа- пырақ тақтасының беті аздап майысқаннан майысқанға дейін. Шеттері адыр-бұдырлыдан күшті адырбұдырғыға дейін, тығыздығы орташа.

Түстері сұрғылт-жасыл немесе жасыл. Балауыздылық реңі орташа және аздау. Тәнтілі қаудандары дөңгелек және дөңгелекті-жайпақ, бірақ сорттың ішінде жайпақтары және сопақша-дөңгелекті жоғарғы жағы сүйірленген. Қауданының орташа диаметрі 23,7см /17,5-тен 31,5см-ге дейін/, орташа индекс 0,9 0,85-тен 0,94-ке дейін.

Лебяжинская местная улучшеннная. Батыс-Сібірдің көкөніс-картоптық тәжірибе стансасында шығарылған. Вегетациялық кезеңі 145-170 күн. Оны тұздау үшін және балауса күйінде күздік-қыстық кезде пайдалану үшін өсіреді. Ылғалдың көлемі жеткілікті болғанда барлық қаудандар керектідей көлемге жетеді. Қаудандарының тығыздылығы орташа және жақсы. Ішкі зігірігінің ұзындығы орташа – 56-67%, оның жалпақтылығы орта есеппен 4,3см /жекешелік ауытпаушылығы 3,5-тен 5,5-ке дейін/. Қаудандардың кескіні ақ және ақ-сары және сарғыштау түсті. Дәмділік сапасы жақсы.

Барлық өнімнің ішінде тауарлық қауданының шығымы 93%. Жинауға дейінгі қауданының жарылуы (шытынуы) көп емес, тек кейбір жылдары қау- дандардың жарылуы 1,1-тан 5,6-қа дейін болып қалады. Тым үлкен қаудан- дардың да саны сонша көп емес, кейбір жылдары 0,7-ден 2%-ға дейін болып тұрады. Қауданның орташа салмағы 2,4кг, кейбір жылдары 1,4-тан 3,3кг-ға дейін өзгерістер болады. Қауданның тығыздылығы орташа есеппен 4 балға бағаланады, қаудандар кейбір кезде өте тығыз болады /5 балл/ және орташа тығызды /3 балл/ болады.

Дегелектің диаметрі орташа 74-80см. Сыртқы зігірігінің биіктігі орташа, кейбір өсімдіктердің зігірігі қысқалау және биіктеуге жақындау болады. Төменгі жарырақтарының шеті тегіс немесе адыр-бұдырлы, сағақтарының ұзындығы орташа және қысқа, немесе жапырақтары кейде отырыңқы болады. Жапырақ сағағының ұзындығы орта есеппен 11-12см, жекешелік ауытпаушылығы 8-ден 14см-ге дейін болады. Жапырақ тақтасы сопақша немесе дөңгелек және жалпақ-сопақша, көлемі орташа /орташа ұзындығы 29-39см, орташа ені 35-42см/, тегіс болмаса майысқандау болады. Жапырақтың ткандары аздап кейде орташа әжімденген болады. Жапырақтардың шеттері бұдырлы, ал кейде тегіс болады.

Түстері сұрғылт-жасыл немесе ақшыл-сұр-жасыл. Балауыздылық реңі орташа және аздау. Қаудандарының пішіні дөңгелек және дөңгелекті-жайпақ, бірақ сорттың ішінде жайпақтары және сопақша-дөңгелекті жоғарғы жағы сүйірленген. Қауданының орташа диаметрі 22-24см /жекелік ауытпаушылығы 15-тен 31см-ге дейін/, орташа индекс 0,85-0,98.


Сәбіз

Нантская 4. Сорт Грибовскінің көкөністік селекциялық тәжірибелік стансасында, сәбіздің Нанттық үлгілерінің будандастарын жекелік және туыстық сұрыптап, тозаңдандыру арқылы алынған. Кеңес үкіметі дәуіріндегі асханалық сәбіздің ең көп тараған және айтымды сорты болып есептелінеді.

1943 жылы тіркелген. Сорт биологиялық иілімділі, сондықтан оның аудандастырылған аймақтардағы сыйысымдығы айтарлықтай орнықты. Асханалық сорт ерте көктемде болмаса кешті күзде себуге жарайды. Оны жаз және күз айларында тағам ретінде пайдалану үшін осы аталған себу мерзімдерінде себеді және консерві тағы басқадай өңдеулер үшін пайдаланады. Орташа ерте пісетін сорт. Оның көктеуінен жалпы техникалық жинауына дейін 100-120тәулік керек. Баулы тауарды 58-60 тәуліктің ішінде алуға болады. Тауарлық тамыржемістердің шығымы жалпы өнімнің 58-ден 92%-ға дейінгісін құрастырады.

Сорттың негізгі кемшілігі, топырақтың ылғалдануы біркелкі болмағанда

оның тамыржемістерінің жарылуға бейімділігі, осы жағдай ғана сорттың тауарлылығын кемітеді. Қыстық сақтауға ол өте жоғары талап қояды, сондықтан оны қыстың бірінші жартысында азыққа пайдаланған дұрыс. Аймақтың жағдайында Нантская 4 сорты басқа сорттардың ішінде жоғары дәмділік сапасымен /4-5бал/ айшықталанады. Сорт аурулар мен зиянкестерге шамалы төзімді.

Дегелегі ұсақ, тік өскен немесе жартылай көтеріңкі. Дегелекте 6-12 жапырақ болады, пәлегі тамыржемістің салмағының 14-33% құрастырады. Жапырақтары ұсақ, сынымпаз, олар жас кезеңінде ашық-жасыл, ал жетіле келе қоңыр-жасыл түске айналады. Жапырақ тақтасы, сегменттерге тым бөлектенген, ланцетті және ланцетті-ұзынша пішінді. Кейбір өсімдіктерінің жапырақтары салбырамаған немесе аздап салбыраған болады. Тамыржемістері целиндрлі шеттері доғал. Сорттың пішіні топырақ жағдайына тәуелді. Ауаның жоғарғы температурасы және ылғалдылығында

тамыржемістер қысқа, кейде керісінше болады. Көбінесе тамыржемістер топыраққа батып тұрады. Тамыржемістердің беті тегіс, қызғылт-қызыл, көзшелері аздап батырыңқы, бүйірлік тамырлары болмайды деуге болады.

Тамыржемістерінің орташа массасы 61-ден 134г-ға дейін алшақтанады. Тамыржемістерінің өзегі кішкентай /диаметрінің 25-40%/, дөңгелек, шеттері теңдес, қызғылт-қызыл түсті, көбінесе жұмсағының түсінен айырмашылығы болмайды. Тұқымдықтарының бойы орташа, жалпылай гүлдену кезеңінде 70-80см, өсімдіктің сабағының саны 5-6. Тамыржемістерінің өнімділігі 310-360ц/га.

Шантэне 2461. Батыс-Сібірдің көкөніс-картоптық тәжірибе стансасында француз текті үлгілерінен шығарылған. 1943 жылы аудандастырылған. Вегетациялық кезеңі 115-125 күн. Сортты азық-түлік және мал азықтық мақ-сатқа пайдаланады. Баулы тауарды 60-70 тәуліктің ішінде алуға болады. Сорт көп жылдар бойы салыстырмалы жоғары және тұрақты өнімділігімен /394-429ц/га/ сипатталады. Салыстырмалы қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, ал жарылуға төзімділігімен айрықшалынады. Асханалық сәбіздерді қыста сақтағанда бұл сорттың тамыржемістері басқа сорттарға қарағанда, салыстырмалы түрде сақталғыштығымен ерекшелінеді. Ақмола облысында тамыржемістерінің дәмділік бағасы 3,4-4,5 балл.

Дегелегі тік өскен, жақсы жайылымды, жапырақтары күшті тілінген, ірі, жасыл түсті, ал жетіле келе қоңыр-жасыл түске айналады, жалаңаш немесе аздап түтіктенген болады. Тамыржемістері конус пішінді, негізіне қарай ауысқандау, қызғылт-қызыл, тегіс, бастары көбінесе жапырылған. Тамыр- жемістерінің орташа массасы 106г. Тамыржемістері толығымен топыраққа батып тұрады, жақсы дамыған жапырақтарының арқасында оларды жеңіл жұлып алуға болады. Тамыржемістерінің жұмсақтары көбінесе қызғылт түсті, өзектерінің көлемі айтарлықтай /диаметрінің 40-50%-на дейін/, қызғылт, кейде ашық-қызғылт және сары, дөңгелек-толқынды пішінді.


Қызылша

Бордо 237. Сорт Грибовскінің көкөністік селекциялық тәжірибелік стансасында, асханалық қызылшаның Детройт сортын басқа асханалық сорт- тар үлгілерінің будандастарын жекелік және туыстық сұрыптап, тозаңдандыру арқылы алынған. 1943 жылы тіркелген. Оны қыс-жаз және күз-қыс айларында тағам ретінде пайдалануға болады және консерві жасау үшін пайдаланады. Орташа ерте пісетін сорт, өнімді. Вегетациялық кезеңі 100-110 тәулік. Ауруларға төзімді. Сақтанғыштығы жақсы, дұрыс-жайлы сақтау жағдайларында қалдықтары 2-5%-дан аспайды.

Өсімдіктердің тұқым жарнақтарының антициандылық бояулары бол- майды деуге болады. Дән жарнақтарының астыңғы сақинасы қызғылт-қызыл, бірақ қызғыл түс көрінбейді, сондықтан сарғылттау болып көрінеді. Жапы-рақтары пішіні көбінесе үш бұрышты, жүрек тәрізді. Жапырақ тақтасы күрең-жасыл, аздап сары түстік білінетіндей түсті. Тақтасының беті тегіс немесе аздап-толқынды, олардың шеттері тегіс, талсымдарының түсі қарқынды қара-қызыл түсті. Сағақтары қызғылт-қызыл, кейде ақшыл-жасылдау түсті ұзынша келген жолақтары бар, үшқырлы.

Тамыржемістері дөңгелекше-жайпақтан дөңгелекше - сопақшаға дейін. Индекс 0,8-1,0, басының мөлшері орташа, беттері аздап кедір-бұдырлы және тегіс емес. Жеміс тамырының топыраққа батуы көп емес, көбінесе ортасына дейін. Тамырының жұмсағы бірқалыпты қарқынды қоңыр-қызыл, нәзік, шырынды, тығыздығы орташа, сақиналары жоқ. Тұқымдықтары орташа-жоғары, 110-125см, орташа-жапырақтанған, негізгі массасаларының сабақтары жасыл, жүйкелері қызыл. Тамыржемістерінің өнімділігі 145-375ц/га.

Одноростковая. Көкөніс дақылдарының ҒЗИ-ның селекция және тұқым шаруашылығында шығарылған. Вегетациялық кезеңі 76-83 тәулік. Сорттың дәмділік сапасы жақсы, тамыржемістері дөңгелекше және дөңгелекше-жайпақ, қоңыр-қызғылт түсті, беттері тегіс. Жұмсақтары қоңыр-күрең және күрең қызыл түсті, нәзік, шырынды Тамыржемістері жерден жеңіл жұлынып алынады. Сорт өзінің маңызы бойынша, өнімділігі, тамыржемістерінің пішіні және түсі бойынша Бордо 237 сортымен бірдей /тұқымдары бойынша әртүрлі/. Тұқымдары негізінен 1-2 өскінді /90-95%/, тамыржемістерді осы тұ- қымдардан өсірген жағдайда оларды селдірету керек емес. Сондықтан тамыржемістерін өсіруге шыққан шығын 18-20% төмендейді. Тамыржемістерінің орташа массасы 297-390г. Тауарлылық өнімділігі 470-745ц/га. Тұқымдарды себу мөлшері 8-10кг/га.
Қырыққабаттың тұқым шаруашылығы

Ақ қауданды қырыққабат –екіжылдық өсімдік, сондықтан оның тұқым шаруашылығы аналықты сақтаумен байланысты. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын, жапырақтарын және қауданын, екінші жылы гүл өркендерін, бұр- шаққындарын және тұқымдарын қалыптастырады.

Ауа райының жағдайларына байланысты тұқымдық өсімдіктер 25-60 күн гүлдейді. Тұқымның пісуі созылмалы.

Ақ қауданды қырыққабаттың тұқым шаруашылығының агротехникалық әдістері үш негізгі бөлімдерден тұрады: аналықтарын өсіру (біріншіжылғыларды), оларды қысты күні сақтау және тұқымдарды өсіру.

Бірінші жылғы дақылдардың міндеттері – жақсы дамыған , бірақ қаудандары тым өсіп кетпеген, аурулар және зиянкестермен зақымданбаған, ұзақ уақыт қыстық сақтауға жарайтын сортқа тәнтілі өсімдікті алу.

Аналық қырыққабатты ең жақсы танаптарда орналастырады және күтіп-баптау жұмыстарын мұқият жүргізеді. Аналықтардың ерте пісетін сорттарын көбінесе көшет арқылы немесе тұқымнан өсіреді. Әрбір сорттың көшетін отырғызу және тұқымын себу мерзімін, әдетте күзде сапалы қалыптасқан қаудандарды алу мақсатымен есептеп себеді. Пісіп жетілмеген және өте пісіп кеткен қаудандар нашар сақталады.

Ерте пісетін сорттарын маусымның бірінші онкүндігінде, орташа пісе- тіндерді мамырдың бірінші онкүндігінде себеді.

Қырыққабатты тұқым шаруашылықтық мақсатпен себу үшін тек ғана элита тұқымдарын пайдаланамыз. Себілетін тұқымдарды дәрілеу керек немесе термиялық өңдеуден өткізеді. Қыркүйектің аяқ кезінде қаудандарды әдеттегі шамасына жеткенде, жапырақтары ағара бастағанда, аналық егістігін тазартады – ұқсамайтын және ауру қаудандарды алып тастайды.

Қаудандардың жаппай техникалық пісуі басталған кезде апробацияны жүргізеді: апробациялық нышандардың кешендері бойынша, өсімдіктердің вегетациялық бөлімдері бойынша, және сол сияқты өнімді бөлімдері бойынша да. Апробация актісін толтырғасын аналықтарды сорттық сұрыптауға рұқсат беріледі.

Сақтауға сорттық белгілері айқын болатын, қалыпты шамасына және тығыздығына жеркен, бұзылмаған қаудандарын, ал ерте пісетін сорттары бойынша – ерте пісетіндерін таңдап алады. Ерте пісетін сорттардың қаудандарының салмағы 1-1,5кг, орташаларынікі – 2-3кг, кеш пісетіндерінікі 3-4 кг болуы керек. Таңдап алынған өсімдіктерді тамырларымен бірдей қазып алып сыртын тексереді, содан соң жапырақтарымен бірге тамырларын ішке қаратып үймелерге уақытша үйеді.

Қоймаларға салғанда сыртқы жапырақтарын кесіп, жамылғы 2-3 жапырағын қалтырады. Тұқымдапды темір сөрелерде – 1+1˚С температу- рада, 90-95% салыстырмалы ауа ылғалдығында сақтайды. Сақтау кезінде оларды жан-жақты қарап, ескірген және дертті жапырақтарын алып тастайды.


Екінші жылғы дақылдың агротехникасының ерекшеліктері

Қырыққабаттың аналықтарын мүмкіншілігіне қарай ерте отырғызу керек – сәуірдің соңында – мамырдың бас кезінде. Топырақты күзде дайындайды. Сүдегерді жыртқанда гектарына 40-60т көң, 5-6ц суперфосфат және 1-1,5ц хлорлы калий енгізеді. Отырғызуға 2-3 жұма қалғанда аналықтардың шірі- ген жапырақтарын жұлады және өзектерін кесіп алады.

Содан кейін оларды өсіріп жеткізу үшін қарашірікпен немесе шымды топырақпен кезектестіріп келтіріп кішігірім үймелерге орналастырады.

Аналықтарды өсіріп жеткізгенде жас шашақ тамырлары түзеледі. Өсіріп жеткізу тұқым өнімділігін 50% арттырады. Отырғызар алдында тамырдарын көң-саз балшық қоймалжыңына малып алады.

Аналықтардың өзектерін қарықтардың іргелеріне жатқыза күрекпен немесе соқамен отырғызады. Өзектері бүйірдегі бүршіктеріне дейін топырақпен жамылады. Тамырлардың топырақпен жымдасып тығыз болуы үшін өзектерінің жан-жағындағы топырағын қосымша басып, жоғары бөлі- гін түзетеді.

Қырыққабаттың ерте пісетін аналықтарын 70*40, орташа және кеш пі- сетіндерін 70*50-60см тәсілімен отырғызады.

Отырғызғаннан кейін іле суландырады. Келесі суландырулар ауа райына байланысты, 10-15 тәуліктен кейін қайталап отырады және әрбір суландырудан соң немесе қатты жаңбырдан кейін өсімдіктері бір-бірімен қабысқанша қатараралықтарын қопсытады.

Өсу-даму кезеңінде өсімдіктерді екі рет қоректендіреді: отырғызғаннан 8-10 тәулік өткенде, бұл кезде аналақтар тамырланады және жапырақтары өсе бастайды (1га-ға – 1,5-2ц аммиак селитрасы) және бүршіктенудің жалпы басталған кезінде (1га-ға – 2ц суперфосфат, 1ц аммиак селитрасы және 0,5ц хлорлы калий).

Тұқымдықтар бір мезгілде піспейді. Алғашқы болып негізгі өркендегі төменгі бұршаққындары пісіп жетіледі., содан соң сол өркеннің және бүйір өркендегі бұршаққындары піседі. Сондықтан тұқымдарды 2-3 рет таңдап жинайды. Төменгі бұршаққындардың басым бөлігі ашықсары реңге жетіп, тұқымдары күреңденген өсімдіктерді секатормен, қол орақпен немесе пы- шақпен кесіп алады.

Оларды қырманға тасып, 8-10 тәулік толық пісіп жетілгенін күтеді. Тазартылған тұқымдардың ылғалдылығы 9%-дан аспағаны, ал бірінші класының өңгіштігі 90%–дан төмен болмағаны дұрыс. Қырыққабаттың тұқымдары өңгіштігін 3-4 жыл бойы жоғалтпайды.




Сәбіздің тұқым шаруашылығы

Сәбіздің бүкіл асханалық сорттары өзара, маз азықтық сорттармен, сондай-ақ жабайы түрлермен оңай будандасады. Тұқымның тазалығын сақтау үшін шаруашылықта тек бір сорттың тұқым шаруашылығымен айналасу ұсынылады. Сәбіздің тұқымдарына топырағы құнарлы және отырғызуы ертерек жүргізу үшін, жер бедерінің сәл қыраттау бөлігін бөлу керек.

Органикалық тыңайтқышты (көң) аналықтың астына емес, оның алдындағы дақыл астына еңгізген дұрыс. Топырақты тұқым себетіндей етіп мұқият дайындайды. Жақсы алғы дақылдары – пияз, қырыққабат, қызанақ, бұршақ тұқымдастар, аскөк. Сәбіздің аналығын ақ шірікпен зақымданатын қиярдан, күнбағыстан, асқабақтан кейін орналастыруға болмайды.

Аналықтарды өсіргенде сапасы жоғары тұқымдарды пайдаланады: сорттық сапасы бойынша – элиталық, сорттық категориялары I және II, егістік сапасы бойынша – 1-ші кластық тұқым (тұқымның өңгіштігі 70% кем емес).

Тұқымдарды себу алдында дәрілейді немесе термилық әдіспен өңдейді.

Сәбізді тұқымдық мақсатқа үшін себу мерзімі, әдетте күзде сапалы қалыптасқан аналық тамыржемістілерді алу мақсатымен есептеп себеді.

Өсу-даму кезеңінде тұқымдық егістерде 2-3 рет арамшөптерді қолмен жұлады. Тамыздың бірінен кейін қалыптасқан гүл шоғырларын шарпу керек. Тұқымдардың қатараралықтары жабылғанша (біріккенше) ірі арамшөптерді, әсіресе сәбіз тұқымынан қиын ажырасатын – тауық тарыны, дымқыл жұлдыз шөпті, шырмауықты, зиягүлді қолмен жұлу керек.

Жинауды, тұқымдыққа шатыршаларының 50% піскенде бастайды. Қолмен жинағанда өсімдікті тамырымен жұлып, кептіруге атжалға салады.

Сәбіздің аналықтарын арнаулы қоймаларда немесе тоңазытқыштарда сақтайды. Ең қолайлысы 1-2˚С жылылық, және де осындай температураға неғұрлым тезірек жетсе, соғұрлым қыста сәбіз шығыны да аздап болады. Ауаның оңтайлы ылғалдылығын (92-95%) желдеткіштің көмегімен болады.
Екінші жылғы дақылдың агротехникасының ерекшеліктері

Сәбіздің сапалы тұқымдарының жоғарғы өнімдерін алу үшін келесідей жағдайларды орындау керек. Аналықтар сақталынып шыққаннан кейін олардың өмір сүру қабылеттері жақсы, дерттенбеген; оларда сапалық өзгерістер тоқталуы керек, аналықтарды ерте мерзімдерде отырғызу, барлық агротехникалық шараларды сапалы және дер кезінде орындау және т.б.

Тұқымдықтарды орналастырғанда ескеретін жағдайлар: топырақтың құнарлылығы, ащщылығы, механикалық құрамы. Органикалық және мине- ралдық тыңайтқыштарды сіңіру қажет. Көктемде отырғызуға 1-2 тәулік қалғанда аналықтарды сақтау орнынан шығарып іріктейді, ауруларын және зақымданғандарын аластайды.

Аналықтарды ерте көктемде, танапқа шығуға бірінші мүмкіндік туғанда отырғызады.

Сапалы тұқымдардың жақсы өнімдерін алу үшін, тұқымдықтардағы күтіп баптаулық барлық жұмыстарды (қопсыту, аурулар және арамшөптермен күресу, қоректендіру, суландыру) дер кезінде жүргізу керек.

Тұқымдықтарды екі рет – өсе бастағанда және гүлденудің алдында қоректендіреді.

Сәбіздің гүлденуі аналықтарды отырғызғасын 40-50 күннен кейін басталанады. Түптердің биіктігі 1м және одан да биік болады. Тұқымдықтар 25-30 тәулік гүлдейді. Аналықтарды тұқымдарды отырғызудан жинауға дейін барлығы 120-140 тәулік кетеді.

Тұқымдықтарды жинауды тамыздың аяғы – қыркүйектің бірінші жарты- сында, олардың шатыршаларының жартысы күреңденгенде және олардың шеттері ішке қарай майысы бастағанда бастайды. Кептірілген тұқымдықтарды сол сәтте бастырады. Жиналған тұқымдықтарды одан әрі кептіруді кептіргіштерде болмаса әдейлеп дайындалған орындарда өткізген дұрыс болады.

Тазаланған және кептірілген тұқымдарды ылғалдылығы 10%-дан аспайтындай қылып, оларды қоймаларда қаптармен сақтайды.
Асханалық қызылшаның тұқым шаруашылығы

Қызылша – екі жылдық, айқастозаңданатын өсімдік. Ауа райының жағдайларына байланысты аналықтарды топыраққа отырызғасын қызылшаның гүлдеуі 50-60 күннен кейін басталады және 30-50 күнге созылады. Аналықтарды тұқымдарды отырғызудан жинауға дейін барлығы 120-135 тәулік кетеді. Қызылшаның жақсы тұқымдары бірінші 15-20 күнде гүлдеген гүл шоғырларынан алынады. Асханалық қызылшаның сортаралықтық алшақтылығының ара қашықтығы ашық жерлерде 2000м, ал қорғанысты жерлерде 800м болуы керек.
Аналықтарды өсіру

Қызылшаның аналықтарын өсіру үшін саздақтау болмаса құмдастау топырақтар, жақсылап өңделген шымдық топырақтар (рН 6-7) жарайды.

Аналықтарды өсіргенде сапасы жоғары тұқымдарды пайдаланады: сорттық сапасы бойынша – элиталық, сорттық категориялары I және II, 1-ші репродукциялықтарды.

Тұқымдарды себу алдынды дәрілейміз. Тұқымдықтардағы күтіп баптаулық барлық жұмыстарды (қопсыту, аурулар және арамшөптермен күресу, қоректендіру, суландыру) дер кезінде жүргізу керек.

Қызылшаның сорттық отауларын барлық вегетациялық кезеңінде жүргізеді, сонда қоспаларды, дерттенгендерді және гүлденіп тұрған өсімдік- терді жұлып алып тастайды. Тамыржемістілердің техникалық піскен кезеңінде апробация жасаймыз. Аналықтарды жинауды бозқыраулар түспей тұрып бастаймыз.

Жаппай жинауды қыркүйектің соңында бастайды да, 2-3˚С аяз түскенше аяқтайды. Тамыр жемісін СНШ-6, СНУ-8 қызылша қопарғыштармен, жазық тілгішпен қазып, сосын үймеге жинайды. Жапырақтарын кеспейді, бұрап тастайды, себебі кескенде шырыны тым көп шығынданады.



Аналықтарды сақтау. Қысқа сақтауға қызылшаны тұрақты суық бас- талғанша салады. Қызылшаны көкөніс қоймаларында биіктігі 1,6м бос үйіндіде сақтайды және үйінділердің арасында құм себілген жолақтар қалтырылады. Егерде дерттенген аналықтарды байқап қалса, сол арада оларды алып тастайды. Көктемде сұрыптағанда сау аналықтарды таңдайды.
Екінші жылғы дақылдың агротехникасының ерекшеліктері

Солтүстік өңірлерде қызылшаның тұқымдарын өсіргенде аналықтарды өсіріп жетілдіруді қолдау тиімді деп табылады.

Қызылшаның тұқымдықтарын өсіру үшін құнарлығы жоғары, бейтарап- ты немесе ащщылылық реакциясы аздау (рН 5,5-6) танаптарды пайдалану керек. Топырақты күздік сүдігерді жыртқанда 1га 40-50т органикалық және минералдық тыңайтқыштарды сіңіреміз.

Аналықтарды отырғызудың оңтайлы мерзімі сәуірдің аяғы – мамырдың басы.

Қызылшаның аналықтарын қатараралықтары 70см, бір қатардағы өсімдіктерді бір-бірінен 35-40см қашықтықта отырғызады.

Ауа райы қуаңшылықты болғанда отырғызғандарды суландырады. Аналықтар нашар тапталған яғни қысылған болса, ылғалдың жетіспеуінен өніп шығуы нашарлайды, кейде шықпай да қалатын жағдайлар болады.

Аналықтарды күтіп бағу жұмыстары топырақты қопсытудан басталады.

Содан кейін арамшөптермен күресу, қосымша қоректендіру, суландыру және түптеу жүреді. Бірінші қосымша қоректендіруде азоттық тыңайтқыштарды сіңіреміз. Екінші қосымша қоректендіруді өсімдіктердің гүлдену алдында, фосфорлы-калийлік тыңайтқыштарды сіңіру керек болады. Тұқымдықтардың қатараралықтары жабылғанша (біріккенше) өсімдіктерді түптеген жөн және оларды қосымша 2-3 рет тозаңдандыру керек.

Вегетация кезеңі бойынша аналықтарды байқап отырамыз және сорттық отауларды жүргіземіз де ұқсамайтын және ауру өсімдіктерді алып тастаймыз. Тұқымдықтарды жинауға бауызданып піскен кезеңде бірінші қатардағы бұтақтардағы түйнектер қоңырлана бастағанда 25-30% кірісеміз.

Қызылша тұқымдықтарын қосымша жетілдірудің маңызы өте зор. Далалық жағдайда өсімдіктерді қол орақпен орып, қырманға апарып пісіп жетілуі және кептіру үшін атжалдарға салады. Ал ауа райының қолайсыз жағдайларында тұқымдықтарды сабақкептіргіштерде 50-55˚С жылылықта кептіреді. Олардың қызып кетпеуін бақылау керек, өйтпесе ұрықтары өліп қалады.

Кейбір жағдайларда асханалық қызылшаның тұқымдықтарын жинау әдісі - тікелей бастыру, ол үшін өсімдіктерді сол өсіп тұрғанда дисикация арқылы жеделдетіп, біркелкі пісіріп жетілдендіру керек. Десикация 5-7 күнге тұқымдықтарды ерте пісіріп жетілдендіреді. Ол үшін магнийдің хлоратын, күкіртқышқылды мысты қолданамыз.


    1. Көпжылдық көкөніс дақылдарын сыныптау, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Пияз. Барлық пияздар Жуалар тұқымдасына жатады. Олардың бір

ұқсастығы лайықты органдар құрылыстарының біркелкілігі, бірақ олардың әрқайсысының біліну деңгейі әртүрлі түрлерінде бөлектеу.

Қатпарлы пияз үш тармаққа бөлінеді: оңтүстік, батыстық және шығыс- тық болып. Әртүрлі тармақ бірнеше экологиялық топтарға бөлінеді. Әр экологиялық топтарда бірнеше сорттық типтер болады. Биологиялық және шаруашылықтық нышандарының негізінде әртүрлі топырақты-климаттық жағдайларды ескеріп, сыныптау. Өсімдіктің тарихы және дақылдың ерекшеліктері бойынша пияз екі түршемен келтірілген. Орта орыстық және оңтүстіктік. Пияздың орта орыстық түршесі 2-3 жылдық дақыл есебінде өсірілінеді. Көбінесе орташа және көп ұялы. Бадандарының дәмі ащы. Оңтүстіктік түрше – бұл топтың сорттары көп ұялы болады және бадандары ірі, дәмдері жуас және жартылай ащы болады. 2 жылдық дақыл.

Пияздың тамыр жүйесінің негізгі тамыры болмайды. Оның әлсіз дамыған, ұсақ түктері бар тамыры топырақтың өңдеу қабатында шоғырланады. Жекелеген тамырлары 40-60см дейін бойлайды, жан-жағына 40-50см дейін жайылады.

Өте қысқарған сабақты түпшесі деп атайды. Оған қолтығында бүршігі немесе жатыны дамитын, түтікті жапырақтары бекіген. Кейінгі пайда болған жапырақ ерекше тесіктер арқылы алдыңғы жапырақ ішінен шығады. Нәтижесінде жалған сабақ пайда болады. Қордағы қоректік заттар, жуанданған және бадана құрайтын жапырақ қынабының негізінде жиналады.

Ұялылық өнімді жинар алдында аналық түршедегі баданашықтардың санын анықтайды. Ол аз (1-2), орташа (3-4) және көп (5-6 және одан да көп).

Ұрықтылық – піскен бадананың түпшесінде қалыптасқан жабық вегетативтік бүршіктер саны. Аз ұрықты (1-2), орташа (3-4) және көп ұрықты (төрттен көп). Ұялылық және ұрықтылық маңызды сорттық нышан, бірақ олар өсіру жағдайларына және сақтауға байланысты өзгерулері де мүмкін.

Баданның пішіні сорттық нышан. Әртүрлі сорттарда олар өзгеріп отырады. Олар жайпақ, домалақша және ұзынша болуы мүмкін. Тұқымдар мен бадандарды отырғызу тереңдігі, өсімдіктің қоректену аумағы, агро – техникалық әдістер осы нышанның өзгеруіне айтарлықтай ықпалдарын тигізеді.

Дәмдері бойынша пияз сорттары ащы, жартылай ащы және жуас болады. Баданда құрғақ заттар және эфир майлары көп болса, бадан ащы болады және сақталғыштығы ұзақ болады.

Пияздың жапырақтары етті қабыршақтың жалғасы сияқты. Олар түтікті, үшкірленген, ұзындығы 20-50см болады. Гүлсидамның орта тұсы қампайса, оны сидам сабақ дейді, гүл шоғыры – шар тәрізді шатырша, гүлдері қос жынысты. Пияздың жемісі – 2-4 тұқымды үш қырлы қауаша. Тұқымы – қа- рашық – ұсақ (1000 дәннің массасы 2,7-4,0г), қара пирамида пішіндес, беті әжімді. Тығыз және бөртетін қабықты болғандықтан тұқымы өте баяу өседі.


Көпжылдық көкөніс дақылдардың сорттары

Пияз

Бессоновский местный. Пенза облысының жергілікті ескі сорты. 1943 жылы аудандастырылған. Сорт жыл бойы балауса күйінде, кептірілген және консервілеулі түрінде пайдалауға болады. Үш жылдық дақыл есебінде өсіріледі, бірақ кейде екі жылдық дақыл есебінде көшеттер арқылы және танапқа тікелей тұқым сеуіп те өсіреді.

Сорт ерте піскіш, пиязшық көшетті отырғызғаннан, жапырақтарының жатып қалуына дейін 68-92 тәулік. Бадандарының массасы 29-30г. Тауарлық өнімділігі 147-170ц/га. Пісу пайызы 58-97. Ұялықтағы баданның саны 1,0-3,4, пиязшық көшетпен отырғызғанда, орташа массасы 0,47-3,9г. Дәмі ащы. Сорт ауруларға бейімді 5-10%. Сорт жақсы тасымалды және сақталғыштылығымен ерекшеленеді. Кәдімгідей жағдайда 8-9 ай бойы сақталанады. Көктемге дейін басты пияз 62-95% және пиязшық көшеті 96% –ға дейін сақталады.

Баданның пішіні жайпақ және домалақша-жайпақ. Индексі 0,6-0,7. Сыртқы құрғақ қабыршағының түсі сары және күлгін реңді, ішкі (шырынды)

қабыршағының түсі – ақ, кейде жасыл реңді. Ұрықтылығы орташа /2-3/. Ұялылығы орташа, кейде ұяда 1-3 баданнан, 5-7 бадан да кездеседі. Тұқым- дықтар 7-ге дейін сабақтар, бірақ көбінесе 3 сабақтар береді. Сабақтарының биіктігі 80-100см. Гүлденуінің диаметрі 5-7см. Пиязшық көшетте өсіргендегі жапырақтар саны 8-13. Тұқымдықтардың жапырақтары көбінесе 10-15. Жапырақтары күшті, балауызды ренді.



Октябрьский – Қазақ ҒЗИ-ның картоп және көкөніс шаруашылығында шығарылған. Орташа пісетін сорт, аз ұялылы. Өнімділігі жоғары, сақталғыш- тығы жақсы және жинау алдындағы пісуі жақсы. Бадандары шар тәріздес пішінді аздап асты немесе үсті сопақтау. Сыртқы құрғақ қабыршағының түсі сары-қоңыр, ішкі (шырынды) қабыршағының түсі – ақ. Біржылдық дақыл есебінде тұқымнан өседі. Сорт жалған ақ ұнтақпен шалдығуға және зақым- дануға бейімді.
Пияздың тұқым шаруашылығы

Пияз – көпжылдық айқастозаңданатын өсімдік. Сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне және өсіру аймағына байланысты тұқымдардың өсіру ұзақтылығы әртүрлі болады.

Пияздың жуас және жуастау сорттарының тұқымын оңтүстікте өсіру үшін 2 жыл кетеді: бірінші жылы аналықты өсіреді, екінші жылы аналықтан тұқым алады.

Пияздың жуас және жуастау сорттарының тұқымын 3 жылда өсіреді: бірінші жылы пиязшық көшетті, екінші жылы – аналық пиязды, үшінші жылы – отырғызылған пияз – аналық тұқым береді.
Пияз – пиязшық көшетті өсіру және сақтау ерекшеліктері

Пияз – пиязшық көшетті өсіргендегі негізгі міндеті – сорттардың белгілікті топтарына тағайындалғандай, стандартты көлемді жақсы өсіп піскен бадан – пиязшық көшеттірдің мол өнімін алу. Оны алу үшін тұқым- дардың шаруашылықтық жарамдылығына, топырақтың құнарлылығына, суармалауды жүргізуге байланысты оңтайлы себу мөлшерін қолдану қажет.

Орта есеппен 1га өңгіштігі 80% және одан да көп болғанда 50-70кг тұқым себеді.

Тұқымдылық мақсаттағы пияз – пиязшық көшет көлемдері бойынша 1-ші топқа сәйкес болуы керек. Белгілікті мөлшердегі пиязшық көшетті пайдалану пияз-аналықтың жақсы өнімдерін алуға жол береді, яғни сорттылық ұялылық, бадандардың көлемі, тез пісетін және біркелкі пісетін қасиеттерін сақтайды.

Пияз – пиязшық көшеттің агротехникасы кәдімгідей.

Пияз – пиязшық көшетті арнаулы пияз сақтайтын қоймаларда сақтайды. Пияз-көшетті сұрыптауды және іріктеуді СЛС-7 пиязсұрыптауышпен өткі- зеді. Ұсақ диаметрі 1см-ден кем пияз-көшеттікті температурасы 1˚С-тың деңгейінде сақтайды. Ал орташа және ірілерін кептіргеннен кейін жылы әдіспен (18-20˚С) немесе суық-жылы әдісімен сақтайды. Пияз-көшетті көктемде себу алдында 10-14 күн бұрын 40˚С-да 8сағат бойы қыздырады. Осылай қыздыру өсімдіктердің сабақтануын болдырмайды, жалған ақ ұнтақпен шалдығуға қарсы күреседі, өсімдіктердің өсуін тездетеді және пияз-аналықтың өнімін арттырады.


Пияз-аналықты өсіру және сақтау ерекшеліктері

Пияз-аналықты өсіру үшін бадандарының диаметрі 1,0-1,5см азұялы сорттарының пиязшық көшеттері молынан жарайды, ал орташа немесе көпұялылық сорттарға 1,5-2,5см жарайды.

Пияз-аналықтың себу мөлшері себу кескіні және пиязшық көшеттің көлемдерімен анықталанады:

егер d=1,0-1,5см болса 1га 4-6ц себеміз;

егер d=1,5-2,5см болса 1га 8-9ц себеміз;

Отырғызуды СЛН-8 немесе СЛН-8А пияз сепкіштермен жасаймыз.

Пияз масасымен күресу үшін, пияз жаңа өсе бастағанда фосфамидпен бүркеміз. Отырғызылғандарды күтіп баптау кәдімгідей және қопсыту, отамалау, қосымша қоректендіру аурулар мен зиянкестермен күресуден тұрады. Керек болған жағдайда вегетация кезеңінде сорттық отауларды жүргізеді – ұялылық бойынша қоспаларды, түстері және пішіндері бойынша бадандарды, ауру өсімдіктерді, әсіресе мозаикамен (вирустық аурулар) аурғандарды жояды.

Жинау алдында отырғызылғандарға апробация жүргіземіз. Көп ұялылы сорттарды апробациялағанда өсімдіктердің ұялылығын бағалау үшін оларды жерден алып шығарады.

Аналық пияздың шығымы 1га-дан 70% болғанда 300-400мың. аналық- тар болуы керек.

Көпұялылы сорттардың аналықтары ретінде бадандары d=4-5см (массасы 50-70г), орташаұялылардан - бадандары d=5-6см (массасы 70-80г), және бірұялылардан бадандары d=7-10см (массасы 100-120г) таңдап алады.

Таңдап алынған бадандарды ауада және мамандандырылған кеп- тіргіштерде кептіреді және оларды сақтауға қоймастан бұрын 40˚С-та 8сағат бойы қыздырады. Мамандандырылған қоймаларда әдейлеп жасалған сөрелерде, үймелерде немесе ағаштан жасалған жәшіктерде сақтайды. Сонда температура 1-5˚С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75-80% болуы қажет. Аналық бадандарды отырғызу алдында 20-30 күн бұрын, 20-22˚С-та қыздырады. Бұл гүлсидамдардың өсуін, гүлдену және тұқымдардың пісуін 4-5 күнге тездетеді, тұқымдардың өнімін 3-19% арттырады.
Тұқымдарды өсіру

Пияздың тұқымдарын өсіру кезеңі ұзақмерзімді – 120-130 күннен кем емес, сондықтан тұқымдылықтардың пісу кезеңінде бозқыраулардың болуы заңды, ал олар пияздың піспеген тұқымдарына өте қауіпті. Сондықтан, пияз- дың тұқым шаруашылығында аналықтарды ертерек жерлерге (топыраққа) отырғызудың маңызы зор.

Пияздың тұқымдарын өсіру агротехникасы пиязшық көшетті, басты пи- язды, аналықты өсірумен бірдей. Аналықтарды ерте кезеңде отырғызады. Тұқымдарды отырғызғанда біржолды қатараралықтары 70см отырғызу кес-кінін қолданады. Отырғызу тереңдігі бадандардың иіндерінен 4-6см биіктеу. Бадандарды қарықтарға отырғызу үшін көшетотырғызғыштық машаналарды СКНБ-4А, СКН-6А пайдалануға болады. Отырғызып болғаннан соң қатараралықтарды жырғалайды. Тұқымдықтардың жақсы байлануы үшін бірнеше рет оларды қоректендіреді. Көп рет көнілді арамшөптермен күресуге, жырғалауға және суландыруға аударған дұрыс.

Тұқымдардың жақсы тозаңдануы және байлануы үщін, оларды гүлдену кезеңінде тұқымдықтардың әрбір гектарына 2-3 ара ұясын қондыру керек.

Пияздың тұқым шаруашылығында аурулар және зиянкестермен күре- судің маңызы өте зор.

Жапырақтар өсе бастағанында тұқымдықтарды бақылау қажет, неге десең жалған ақ ұнтақ ауруымен залалданған өсімдіктерді жойып отырамыз.

Пиязды гүлдену алдында, ол шілденің бас кезі және ұзақтылығы 30-50 күнге созылады, сорттық тексеруді жүргізу керек.
Тұқымдықтарды жинау, жетілдендіру, кептіру және тұқымдарды жіктеу

Пияздың тұқымдары қыркүйекте піседі. Олардың піскенін кезінде ша-тыршақтарында бір-екі жарылған қауашақ дәндері пайда болады. Жинауды тым кештетуге бомайды, неге десең піскен тұқымдары тез шашылып қалады. Тұқымдықтарды жинаудың оңтайлы кезеңі ортаңғы тұқымдардың ылғалдылығы 50-55% (тұқымның балауызданып піскені) деңгейінде бол- ғанда және шатыршақтарында бір-екі жарылған қауашақ дәндері пайда бол- ған кезде.

Жиналған тұқымдардың жетілденуіне 10-20 күн керек. Шатыршақтарды қысқа қылып кесіп алады, содан кейін оларды жұқа қабаттап сөрелердің үстіне жайып қояды, сонда олар жетілденеді және кебеді (5-10 күн).

Жетілденген және жақсы кепкен шатыршақтарды бастырады. Кепкен тұқымдардың ылғалдылығы 11%-дан аспауы керек.




    1. Біржылдық көкөніс дақылдарын сыныптау, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Шалғам – тамыржемісті өсімдіктердің ішінде ең ерте пііскіші. Ерте пісетін сорттары өнімді 25-30 күннен кейін береді.

Шалғам – біржылдық айқастозаңданатын өсімдік. Айқышгүлділер тұ- қымдастарына жатады.

Түртармақтарын сипаттағанда, олардың келесідей түршелері болады: ақ тамыржемісті, қара тамыржемісті, сары, қызғылт, алалау, көгілдір түсті.

Шалғамның гүлдері гүл шоғырына жиналған. Гүлдері, олардың пішіндері және сабақтарының құрылысы шомырдыкіндей. Жемісі – ашыл- майтын бұршаққын, 6-10 тұқымдары болады. Тұқымдарын көктемде жерге отырғызғаннан кейін 50-70 күнде гүлдене бастайды, оның кезеңі 30-35 күнге созылады.

Гүлдегеннен соң 60-65 күннің ішінде тұқымдары піседі. Шалғамның сорттары өздігімен тозаңдана береді, ал кейде шомырдың мәдени және табиғи түрлерімен де тозаңдануы болып тұрады.
Қияр. Елімізде қазіргі кезде селекциялық мекемелердің арқасында қияр- дың ондаған жоғарыөнімді және жоғары сапалы сорттары мен будандары, ашық және қорғаулы жерлерде өсіретін, соның ішінде машинамен бірақ жи-науға келетіндері бар.

Н.Н. Ткаченконың сыныптауы бойынша 3 түршесі кездеседі: кәдімгі, айырымжынысты және Хардвик қияры.

Қиярдың сбақтары жатаған, бұтақтаңғыш келеді. Ашық жерлерлік қияр сорттарының сабақтары жайылымды болып келеді, ол ерте кезеңдегі пішін- дердің жұрнақтары.

Қорғаулы жерлерде өсетіндердің сабақтары өрмелегіш қалыпты болады.

Сабақтарының ұзындығы бойынша сорттарды түпті немесе қысқашырмалған (80см дейін), орташашырмалған (80-100см және ұзыншашырмалған (150см артық) деп бөледі.

Жапырақтары – сағақты, солардың қолтығында мұртшалары орналасады. Олар көлемдері және пішіндері бойынша өзгеріп отырады. Жапырақтың пішіні – сорттық нышан.

Гүлдері. Қияр – көбінесе біржылдық айырымжынысты өсімдік. Жапырақ қолтығында аталық және аналық гүлдері болуы мүмкін. Аналық гүлдері 1-3 дана болып, ал аталықтары 5-7 дана болып гүлшоғыры – қалқаншада жиналған.

Жемісі – көп тұқымды жалған жидек. Олардың көкшелерін 6-10 күндік кезінде тамақ ретінде пайдалана бастайды.

Партенокарптық. Қиярдың гүлдері насекомдармен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлдері тозаңдатпай – ақ жеміс байланатын партенокарптық сорттар бар, көбінесе теплицалық сорттарда болады. Оның пайдаланып жүрген сорттары: Изобильный 131, Аньшанский.
Қызанақ – Алқалар тұқымдастарына жатады. Оның бірнеше ботаникалық сыныптаулары бар. Қызанақтың 3 түрі кездеседі – передандық, шіштілі, кәдімгі.

Түрдің ішінде 3 түртармағы айшықталады – жабайының 2 түршесі болады: қарақат және шашақты; жартылай мәденилер – 5 түршесі болады: қараөріктілер, шиелілер, алмұрттықтар, ұзынша және көпұялы; мәденилер – өсімдіктерінің сабақтары түкті болады.

Түртармақтарының өзі үш түршеге бөлінеді:

кәдімгідей – өсімдіктері аз жіне көп жапырақтанған, сабақтары жатып қалатын, ұзындықтары әртүрлі;

штамбты – өсімдіктерінің көлемі кішіректеу және орташа, күшті жапы- рақтанған;

іріжапырақтылар – өсімдіктер аздау немесе азжапырақтанған. Сабақтары жатып қалатын, жапырақтары ірі.

Сабағы шөптесін, шырынды, қосымша тамырларын жеңіл қалыптастырады. Ол тік және жантайып өседі.

Түптері. Қызанақ түптерінің пішіндері және көлемдері әртүрлі болып келеді. Қызанақтың кәдімгі және іріжапырақты сорттарының сабақтары жатыңқы. Штамбтық сорттары азжапырақтанған сабақтың және бунақтардың арасы қысқа болып келеді.

Жапырақтары. Қызанақ өсімдіктерінің жапырақ саны оның сорттары және өсу жағдайларына байланысты ерекшелінеді. Тым кеш пісетін сорт бол- са, оның өсу жағдайы жақсы болады және өсімдіктердегі жапырақтар да көп болады.

Гүл шоғыры. Қарапайым немесе қайта-қайта бұтақтанғыш бұйра (шоқ- парбасқа ұқсас), алдымен шоқпарбастың негізінде жақын орналасқан гүл, кейіннен жоғарғылары ашылады.

Гүлі. Гүлі 5-7 жапырақшалы сары кұлтеден, 5-8 аталықтан және бір ана- лықтан тұрады. Гүлдері қос жынысты, қарапайым және күрделі.

Жемісі – екі-төрт немесе көп ұялы шырынды жеміс. Жемістерінің пішіні сорттарға байланысты көп өзгерісте болады. Жемістің түсі етінің және қабы-ғының түсіне байланысты, еті қызыл және ақ, қабығы – сары және түссіз болады.

Жемістің беті тегіс, сәл, орташа және көп қырлы болады. Жемісінің құр-сақтылығы (жатыны, камералылығы): аз (камера саны 2...5), орташа (6...9) және көп құрсақты (9-дан көп).

Қызанақ – өздігімен тозаңданатын өсімдік. Өсу жағдайына байланысты гүлдері 6 күн ашық болып тұрады. 12˚С-тан төмен және 35˚С-тан жоғары температурада және тым ылғалды ауа райының жағдайында тозаңдану мүлдем болмайды деуге болады.

Тозақтар бір гүлден келесіне аралар және жел арқылы барып жатады.


Бұрыш. Факультативті өздігімен көбінесе айқас тозаңданатын өсімдік. Сорттық егістердің ашық жерлердегі арақашықтылық алшақтылығы 300м, ал қорғалған жерлерде 100м. Оның тәтті сорттары ащы сорттарымен жеңіл тозаңданады, сондықтан олардың арақашықтылық алшақтылығы 2000м немесе 1000м.

Бұрыштың өсіп жетілуі үшін оңтайлы температура 25-27˚С. Ал 32-38˚С болғанда гүлдері және жатындары шыдамай түсіп қалады. Бұрыш топырақ- тың құнарлылығы және ылғалдылығына сұранысты. Тұқымдық бұрышты өсіру үшін көшеттерді пайдаланады. Егістік үшін тек ғана элита тұқымдарын қолданады. Вегетация кезеңінде бірнеше рет сорттық отауларды жүргізіп, қоспаларды және ауру өсімдіктерді жояды. Тұқым үшін бұрыштың жемістерін толықтай (биологиялық) пікенде олардың түстеріне қарап жинай бастайды. Жинау алдында апробацияны жүргізеді және қосымша отауларды өткізеді.

Ащы бұрыш тұқымдарын жақсылап тазалау үшін оларды СОМ-2 уқалағыш-тазалағышты машиналардан екі рет өткізеді. Тазаланып шыққан тұқымдарды сумен жуып, шаяды.

Тәтті бұрыштың 1т жемісінен 6-8кг, ащыдан 10-18кг таза тұқым шығады, 1г-дан 0,5-2,5ц-ден жоғары өнім алынады.


Баялды – өздігімен тозаңданатын өсімдік. Сорттық егістердің ашық жерлердегі арақашықтылық алшақтылығы 300м, ал қорғалған жерлерде 100м. Тұқымдық баялдыны өсіру үшін көшеттерді пайдаланады. Көшеттер- ді отырғызуды мамырдың бірінші онкүндігінде жүргізеді оның кескіні 80+45*30см. Өсімдіктің жемістері 50% піскен кезде апробацияны өткізеді. Тұқымдарды тек биологиялық түрде піскен жемістерден ғана алады. Тұқымдарды уқалағыш-тазалағышты СОМ-2 машинкасымен жүргізеді. Жемістер массасынан 4-8% ғана тұқым шығады; 1г-дан 0,5-2,5ц-ден жоғары

өнім алынады.


Біржылдық көкөніс дақылдарының сорттары

Шалғам

Розово-красный с белым кончиком. Сорттың шығу тегі Данияның тәжір- ибелік нұсқасынан жекеше-ұрпақтылық сұрыптаудан алынған. Барлық жерлерде өседі. Ашық жерлер үшін /1940ж/, ал қорғаулы жерлер үшін /1957ж/ бері аудандастырылған. Өте өнімді және өнімді сорт.

Орташа ерте пісетін, вегетациялық кезеңі 28-33 күн, тұқымдықтарды отырғызудан тұқымның пісуіне дейін 120-125 күн.

Тұқымжарнақтары орташа ірі, жасыс, күрең түстілеу, тұқымжарнақта- рының астыңғы жағындағы бүгілмесі ашық-қызғылт, ол бараған сайын қарқынды қызыл түске айналады.

Дегелектері жартылай тік тұрған, жапырақтары орташа ірі, күшті немесе сәл тілімді, жасыл түсті. Сабақтары жіңішке, қысқа, түстері жасыл.

Тамыржемістері орташа ірі, диаметрі /2-ден 3см-ге дейін/, индексі 0,01.

Тамыржемісінің массасы 16-21г., түстері ақшылдан қызылға немесе қызғылт-көгілдірге дейін, ұштары ақ тамыржемістің ¼-тен 1/3-ке дейін бөлігін алады.

Жұмсақтары шырынды, ақ, дәмділігі жақсы.

Гүлсидамдары тармақталған, түкті немесе түксіз, биіктігі 60-100см. Гүлдері гүл шоғырына жиналған, түстері ақ, қызғылт және көгілдір. Жемісі – ұзынша 2,5-4см, жасыл, бұршаққын.Тұқымдары жайпақша – домалақ, сарғылт-қоңыр, 1000 дәннің массасы 8-12г. Тауарлылық өнімі 120-140ц/га.



Дунганский 12/8. Сорт Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығында жер-гілікті жеке түрінен жекелік сұрыптау әдісімен алынған. 1956 жылдан бері тіркелген. Сорт ашық жерлілік, бірақ жылыжай және шуақжайларда өте сел- дір түрде /10-12, 8-10см/ сеуіп өсіруге болады. Орташа кеш пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 40-45 күн. Тауарлылық өнімі 80-250ц/га. Ыстыққа төзімді, бірақ қолдан суармалауға сұранысты, ауруларға төзімді. Сақталғыш- тығы жақсы, қысты күні де сақталынады. Тамыржемістерінің дәмділік сапасы жоғары. Тұқымшаларын жабық жерде өсіргенде, беретін тұқымдық өнімдері өте жоғары. Тұқымдықтарды отырғызудан тұқымның пісуіне дейін 100-110 күн.

Гүлсидамдары ашық-жасыл, тұқымжарнақта-рының астыңғы жағындағы бүгілмесі ашық-қызғылт түсті. Дегелектері жартылай тік тұрған, ірі, диаме- трлері /50-60см/, жайылған, жапырақтары ірі /25-30см/, ашық- жасыл, тегіс. Жапырақтың пластинкасы жалпақ, күшті тілінген, өсімдіктердегі жапырақ- тар саны 6-дан 10-ға дейін. Жапырақ сағағының ұзындығы 3,8см /0,5-1,9см/.

Тамыржемістері ірі, орта есеппен 15-53г, диаметрі /3-ден 10см-ге дейін/, индексі 0,7, пішіндері домалақ, биіктіктері /3-тен 5,2см-ге дейін/. Беттері тегіс, көлденең тамыршалары жоқ. Тамыржемісінің түстері қоңыр-қызыл.

Жұмсақтары шырынды, ақ, дәмділігі жақсы. Белдік тамыршалары ұзын, жуанданған, биіктігі 1м-ге жақын. Сабақтары қызғылт түсті, қатты, басып игенде бөлектеніп кетпейді, сынбайды.


Қияр

Вязниковский 37. Ескі жергілікті сорт, Вязниковск облысында шығар- ылған. Грибовскінің көкөністік селекциялық тәжірибелік стансасында сұрып-тау әдісімен алынған. Аудандастырған жылы /1943ж./.

Ерте пісетін сорт, /орта белдікте тұқымдықтарының көктеуінен піскенге шейін/ 80-100 тәулік керек. Жеміс беру кезеңі жағдайларға байланысты күш- ті өзгеріп отырады, 20-дан 80-ге дейін күнді құрастырады. Қысқа мерзімді бозқырауларға салыстырмалы түрде төзімді, құрғақшылыққа төзімділігі нашар. Құрғақшылықты жағдайларда 20%-ға дейін кемтар, сары және ащы дәмді жемістерді береді. Саңырауқұлақтар, вирустық аурулар және бактер- иозбен күшті залалданады. Жемістерінің дәмі жақсы, аздап қытырлайды, шырынды, ароматты, тауарлылық сапасын жинағаннан кейін 4-5 күнге дейін сақтайды.

Қабықтылығы орташа. Сабақтары жатаған, күшті бұтақтанғыш. Жапы- рақтары ірі емес, сағақтары ұзынша, жасыл түсті. Жатындары ұзынша-жұ-мұртқаша, қалың түктенген. Түктері қарапайым немесе аралас, қара түсті.

Жемістері эллипс пішінді, ұсақ бұдырлы қара түкті, ұзындығы 9-11см, диаметрі 4,5-5см, салмағы 80-100г. Жемістерінің түстері ашық-жасыл, беттерінде ірі ұялы тор сияқты түртектілері болады. Тұқымшалары сарғылт немесе кірлі сары, торсыз немесе аздаған жарықшақтары бар.



Неросимый 40. Сорт Воронеждің көкөністік тәжірибелік стансасында шығарылған. 1943 жылы аудандастырылған. Жемістері балауса кезінде пай-далылынады. Орташа пісетін сорт, көктеуден жемістерін бірінші рет жина- ғанша 47-50 күн, екінші ретке дейін 47-59 күн керек. Жемістенуі ұзақша, өнімділігі жоғары. Булыжайларда бірінші дақылдық айналымда, рамадан 30кг-ға дейін, екінші дақылдық айналымда рамадан 19,8кг өнім бергендері болған. Саңырауқұлақтарға салыстырмалы түрде жоғары төзімділігімен ерекшелінеді. Бактериозға төзімділігі орташа. Қысқа мерзімді бозқырауларға салыстырмалы түрде төзімді, құрғақшылыққа да төзімді. Жемістерінің дәмділігі орташа, тауарлылық сапасы жақсы, жеңіл, тасымалдауға шыдамды.

Жемістерінің жұмсақтары жұқа, аздап сықырлауықты, тығыз, өте шырынды, ароматтылығы күшті. Сабақтары жатаған, күшті бұтақтанғыш. Жапырақ- тарының көлемі орташа, қоңыр-жасыл түсті. Түктері күрделі, ірі, шығымы аз, түстері ақ. Жемістері ұзынша-сопақша пішінді, ірі бұдырлы, ұзындығы 10-12см, диаметрі 5-5,5см, салмағы 100г-ның маңайында.

Жемістерінің түстері ашық-жасыл, ақ немеме кремни тәрізді, беттері торсыз немесе аздаған жарықшақтары бар.
Қызанақ

Неман. Белорустың картоп және жеміс-жидектің ҒЗИ-да, Л196*98 бу- данымен тозаңдандырып, содан кейін бағытты сұрыптаумен алынған. Ерте пісетін сорт, аудандастырылған аймақтардағы вегетациялық кезеңі 91-108 күн.

Түптері кәдімгідей, детерминантылық, көлемдері орташа, жапырақтан- уы да орташа. Түптің биіктігі 40-70см, диаметрі 40-85см. Жапырақтарының түсі жасыл, орташа тілімденген, тақ, көлемдері орташа. Гүл шоғыры қара- пайым, жинақы 5-7 жемістері болады. Бірінші шоқпарбасы 7-8 жапырақтың үстінде, ал келесілері 1 жапырақтан кейінгілері ашылады. Жемістері дамалақ,

беттері тегіс, 3-6 тамырлары болады. Жемісінің орташа салмағы 73-98г. Дәмділік бағасы 4,2 балл. Жемістеріндегі құрғақ заттардың көлемі 4,2-4,4м/г-ның маңайында. Жоғары өнімді сорт. Сынақтау өткізген жылдары /1978-1980жж/ көкөністік МСУ-де, аудандастырылған аймақтарда жемістерінің жалпы өнімі орташа есеппен 483-697ц/га, бұл дегеніміз стандарттан 98-156ц-ге көп деген сөз.

Сорт фитофторозбен залалдануға салыстырмалы түрде төзімді. Жоғар- ғы тұсындағы шірінді ауруымен залалдануы шамалы.



Тамбовский урожайный 340. И.В.Мичурин атындағы көкөніс және жеміс жидектің селекциялық институтында шығарылған. Ерте пісетін сорт және өнімін ерте береді. Ашық жерде көшеттік болмаса көшетсіз жерлерде өсір- ілетін дақыл есебінде ұсынылылынады. Түптері штамбталмаған, орташа- бойлы, жапырақтануы да орташа. Жемістері домалақ және сопақша-домалақ, беттері тегіс немесе сәл жиырылған, ірі, қызғылт-қызыл, дәмді. Жемісінің массасы 80-120г. Жоғары өнімді сорт, балауса кезінде жеуге жарайды.

Бұрыш

Болгарский 79. Сорт «Маяк» тәжірибе селекциялық стансасында, Болгарлық 70 сортынан жекеше сұрыптау әдісімен алынған. 1947 жылдан бері тіркелген. Ашық жерге арналған, бірақ үйде тағам дайындағанда және консерві өндірісінде пайдалылынады. Орташа пісетін сорт, көктеуден тех- никалық пісуіне дейін 106 күн керек /96-дан 112 күнге дейін/, биологиялық- қа дейін 135 күн /127-ден 140 күнге дейін/ керек. Жемістену кезеңі 77-85 күннің маңында, өнімділігі орташа 50-74ц/га. Бір өсімдікте орта есеппен 14 жеміс /8-22 аралығында/ болады, жемісінің орташа массасы 54г,/34-75г-ның аралығында/ болады. Жемістерін консервілеудің сапасы жақсы. Сорт температураның төмендеуі, құрғақшылыққа және ауруларға төзімді.

Өсімдік штамбталған, жайылған, жапырақтануы орташа, суарылмаған жағдайда дақылдың биіктілігі орташа 50-70см. Сабақтары жасыл, қоңыр көгілдір түсті пигменттелген буынды. Жапырақтары ірі және орташа көлемді, жапырақ пластинкасы жұмыртқа пішінді, ұзындығы орта есеппен 8,5см, жалпақтығы 5,7см. Жемістері үшкір бұршаққын тәрізді, пирамидалды , екі ұялы /20%/, үш ұялы /40%/, төрт ұялы /60%/, ұзындығы 7-9см, жалпақтығы 5-6см, жұмсағының қалыңдығы 3-4мм. Дәмділігі жақсы, қабықшалары орта- ша дөрекі. Техникалық піскендегі түсі ашық-жасыл, биологиялық – қызыл. 1000 дәннің массасы 4,5-тан 6,8г-ға дейін.



Астраханский 147. Сорт Волгоград тәжірибе стансасында жерілікті сортты көпреттік сұрыптаудан алынған. 1943 жылдан бері тіркелген. Ашық жерге арналған, қызыл түсті піскен жемістері балауса кезінде болмаса тұздалған күйінде, ұсақталған түрінде тұздық есебінде дәмдердің дәмін келтіру үшін және әртүрлі консерві және маринад жасауда пайдаланамыз. Ерте пісетін сорт, көктеуден техникалық пісуіне дейін 115-120 күн керек. Жемістену кезеңі 60-80 күн. Бұл сорт көбінесе көшеттер әдісімен өсірілінеді. Жоғары өнімді сорт, өнімнің тауарлылық бөлігі 96-98% құрастырады. Өсімдікте 13-ден 30-ға дейін жемісі болады, жалпы салмағы 180-нен 600г-ға дейін, ал жемістің орташа массасы 13-ден 24г-ға дейін. Жемістерінің дәмі өте өткір. Ыстыққа салыстырмалы түрде төзімді сорт.

Өсімдік жартылай штамбталған, штамбтысы сирек кездеседі, жапырақ- тануы орташа, аздап жайылған, суармай өсіргендегі бойы қысқа, орта есеппен 40-55см. Сабақтары жасыл, көгілдір түсті пигменттелген буындары болады, жалаңаш. Жапырақтары ұзынша жұмыртқа тәрізді, қоңыр-жасыл түсті, көлемдері орташа, жапырақ пластинкаларының орташа ұзындығы 6,4см, жалпақтылығы 3,9см. Жемістері иілген, жалғызды, конус тәріздес, төменгі жағы аздап орақ тәрізді иілген, беті тегіс, екі кейде үш ұялы, ұзын- дықтары орта есеппен 8см. Жемістері жасыл түсті, ал биологиялық піскенде- қызыл түсті.

Жұмсақтарының қалыңдығы 1,5-2,5мм, қабықтары орташа дөрекілеу. Бір жемісте орта есеппен 170 тұқым немесе 1,3г., ол дегеніміз жемістің 4,5% құрастырады, 1000 дәннің массасы 5,7-7,2г.
Баялды

Донской 14. Сорт Бирючекуттік көкөністік селекциялық тәжірибелік стансасында Ростов облысының жергілікті сортын бірнеше рет жеке сұрып- таумен алынған. 1943 жылдан бері тіркелген. Ашық жерге арналған сорт, консерві өндірісінде және икраны және үй тағамы ретінде пайдалылынады. Орташа пісетін сорт, өнімділігі жоғары, көктеуден техникалық пісуіне дейін 124-130 күн керек, биологиялыққа дейін 145-155 күн керек. Жемістену кезеңі 59-70 күннің маңында. Жемістерінің тауарлылық шығымы 58-ден 90%-ға дейін. Жемістерінің массасы 150-ден 202г-ға дейін. Өсімдікте 3-5 жеміс болады. Ауруларға және солуға тым төзімді емес.

Өсімдіктің биіктігі орташа, орта есеппен 50-60см, жинақы, кейде аздап жайылған. Сабақтары жасыл түсті, жоғарғы жағы аздап қоңыр түске пигменттелген. Жапырақтары ірі, олардың пластинкаларының ұзындығы орта есеппен 17,5см, жалпақтығы 10,2см, жұмыртқа немесе аздап ұзынша келген, шеттері аздап ойылған, күрең-жасыл түсті, жапырақ сағағы ашық-қоңыр түсті. Гүлдері жекелеп орналасқан, күлтелері ашыққызғылт-көгілдір түске бояаулы. Жемістері ұзынша-груша пішінді, техникалық піскендегі ұзындығы 15-17см, диаметрі орта есеппен 6-8см, индексі 2,6-3,3см. Жеміс- тері көгілдір, күреңденген жылтырауықша, тұқымдық піскенде күрең сары түсті. Жемістерінің жұмсағы ақ, тығыз, ащы емес. 1000 діннің массасы 4,1-ден 4,8г-ға дейін.


Біржылдық көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығы

Шалғамның тұқым шаруашылығы

Шалғам – біржылдық айқастозаңданатын өсімдік. Тұқымдарды егуден тұқымшалардың пісуіне дейін 150-170 күн кетеді, ал аналықтарды отырғызғаннан тұқымдардың пісуіне дейін 110-126 күн. Тұқымдықтардың гүлдеуі 50-70 күннен кейін, ал аналықтарды отырғызғаннан 25-35 күннен кейін басталады, ұзақтылылығы 30-35 күн аралығы. Тұқымдардың қалып- тасуы және пісіп жетілуі, гүлденуден 65-70 күннен кейін ғана аяқталады.

Шалғамның сорттары өздігімен жеңіл тозаңданады. Шалғам шомыр сорттарымен және сол сияқты жабайы шомырмен де тозаңданады, сондықтан ашық жерлерде арақашықтылық алшақтық 2000м, ал қорғалған жерлерде 600м болуға тиісті. Шалғамның тұқымдық учаскелерінде жабайы шомырдың бірде бір өсімдігі болмауға тиісті. Шалғаммен көрші орналасқан учаскелер арақашықтары 400-500м-ден кем қашық болса тозаңдана береді, сондықтан оның маңайында жабайы шомырдың гүлденуі болмау керек. Шалғам – ұзақ күннің өсімдігі. Әлсіз жарықта, әсіресе өсуінің алғашқы кезеңінде өсімдік сорайып кетеді, тамыр жемісі баяу қалыптасады. Бұл құбылыс шалғамды булы жайларға ерте сепкенде байқалады. Көлеңкелі жерлерде және ересек жеміс ағаштарының қатараралықтарында жарырақтары күшті өсіп кетеді, ал тамыр жемісі ұсақ, пішінсіз болады.

Шалғамнан жоғары өнім алудың бірде-бір шарты – жүйелі суландырумен қамтамасыз ететін топырақтың жеткілікті ылғалдылығы. Құрғақшылықта сумен жүйелі түрде қамтамасыз етілмесе тамыр жемісі жарылады.

Шалғам тез пісетін дақыл болғандықтан өте жоғары өсу қуатына ие, сондықтан қоректенудің күшті болғанын тілейді. Топырақ құнарлығына қоя- тын талабы бойынша ол көкөністердің ішінде алдыңғы қатарда орналасады.

Солтүстік Қазақстанда шалғамды ерте көктемдік дақыл ретінде ашық жерде пленка астында, сондай-ақ булы жайлар мен жылыжайларда өсіреді.

Шалғамның тұқымын екі тәсілмен өсіреді: тұқымды ашық жерге тұрақты орынға себу немесе аналықтарды қорғаулы жерде өсіріп, сосын оларды ашық жерге көшіріп отырғызу арқылы. Солтүстік Қазақстанда көшіріп отырғызу тәсілі тиімдірек, себебі ол тамыр жемістерін негізгі сорттың белгілері – түсі, пішіні көлемі бойынша мұқият сұрыптауға мүмкіндік береді. Азықтық егіс- тіктеріне, тұқымды көшіріп отырғызбайтын тәсілмен алуға болады.



Тұқымға көшіріп отырғызу тәсілімен өсіру. Булы жайларда аналықтары азыққа өсіргендей өсіреді. Бір гектарға 180-200 булы жай кәсегі қажет, ал соларға себу жұмысы: ерте пісетін сорттарды көшіріп отырғызғанға дейін 30-35 тәулік, кеш пісетіндерін 50-55 тәулік бұрын жүргізеді. Тұқымдық тамыр жемісінің ортаңғы 1-2 жапырағын қалдырып, басқаларын сағағына дейін (4-5см) кеседі. Тамыршаларын да, ұзындығын 3-4см қалтырып кеседі. Аналықтарды сәуірдің соңы, мамырдың басында – булы жайдың алған күні – отырғызады. Егер отырғызу кешеуілдесе, ыдыстағы (1-2 қабатта орналастырып) шалғамды салқын жертөледе немесе көкөніс қоймасында сақтайды, бірақ 6-7 тәуліктен ұзақ емес. Аналықтарды солудан қорғауға және отырғызғаннан кейін тез көндігу үшін оларды мал қиы араластырған лаймен шылайды. Бұған тұқымдықтарды қырыққабат шыбынының зақымдануынан қорғау үшін вофатокс (бір шелек 200г) қосады.

Шалғамның аналықтарын сәбіздікіндей саңылауларға отырғызады. Қор- ектену алаңы – 70*25-30 см. Отырғызғаннан кейін міндетті түрде суландыру керек. Шалғамның тұқымдықтары суландыруды көктеу, гүлдену және тұқым толысу кезеңдерінде аса қажет етеді.

Аналықтар көндіккеннен кейін және олардың жапырақтары өсіру бастағанда, бірінші қатараралықты өңдеумен бірге, аммиак селитрасымен (1-1,5 ц/га) үстеп қоректендіреді. Одан әрі өңдеулерді әр суландырудан немесе көл-көсір шауын-шашыннан кейін қайталайды.

Тұқымдықтарды гүлдену кезеңінде улы заттармен өңдеуге болмайды, себебі тозаңдатқыш жәндіктерді уландырып алуға болады. Тұқымдықтардың жақсы тозаңдануы үшін бал ұясын апару жөн.

Шалғамның жемісі қақырамайды (жарылмайды), сондықтан оны тұқым- ның балауызданып піскен кезінде қол орақпен, дестелегіш бар шөп шапқыш машиналармен, лафетті дестелегішпен жинауға болады. Тұқымдары шабыл- ған өсімдіктерде пісіп жетіледі. Оларды десте жинауышы бар комбайнмен немесе үгіткіштің (бастырғыштың) барабан айналым минутіне 400-500 айна- лымға қойып бастырады. Көлемі аз тұқымдықтарды цементтелген немесе жақсылап тығыздалынған жер қырманда МТЗ, ДТ-20 және т.б. тракторлардың дөңгелегімен бастыруға да болады. Тұқымды алдымен К-1190, ОВС-10 тазалағыш – іріктегіштерде, сосын СУ-10 немесе «Петкус-Супер» іріктегіштерінде тазалайды. Жадау тұқымдарды және ұсақ қоспаларды ОПС-1 пневматикалық бағаналарды бөліп алуға болады.

Шалғам тұқымын көшіріп отырғызусыз өсіру. Үлескіні таңдау, топырақ- ты өңдеу және тыңайтқышты қолдану жүйесі шалғамды көшіріп отырғызу тәсілімен тұқымын алғанға ұқсас. Көшіріп отырғызусыз тұқым алуды егіс- тіктің бір бөлігін азыққа пайдаланумен қосарлана жүргізу пайдалы. Мұн- дайда бес жолды егісті қолданады, таспалардың ара қашықтылығы 70см, ал, жолақтардікі – 35см. Гектарына 15 тұқым себіледі. Егіске элита немесе аналықтарды көшіріп отырғызғаннан кейін алынған бірінші репродукция- ның тұқымы себіледі.

Тамыр жемістері тауарлы пісу күйіне жеткенде егістікті талдап анықтайды, сосын әрбір екінші қатарды азықтық мақсатқа жинайды. Қал- ғандарын тұқымға өсіреді. Бір қатардағы өсімдіктерді бір-біріне 25-30см тұратындай етіп сиретеді. Қалған жұмыстар кешені тұқымды аналықты көшіріп отырғызған тәсілге ұқсас.

Аналықты көшіріп отырғызғандағы тұқым өнімділігі 1га 8-9ц болса, көшірмей отырғызғанда ол 4-5ц тең. Тұқым өңгіштігін 4-5 жыл сақтайды. Оны құрғақ, жылытылатын жерде, 12-16˚С жылылықта сақтайды.

Бірінші категориялық тұқымның сорттық тазалығы 98%, екіншінікі – 95%, үшіншінікі – 85%, басқа сорттар мен будандардың қоспасы 2%-дан аспағаны дұрыс. Бірінші класты тұқымның өңгіштігі 85%-дан кем болмағаны – негізгі дақылдың тұқымының 96%-ы басқа дақылдардың тұқымы 150 данадан аспағаны, оның ішінде арамшөптердікі – 100-ден аспағаны жөн.


Қиярдың тұқым шаруашылығы

Қияр – айқас тозаңданатын өсімдік болғандықтан тұқымдық танаптарын өндірістік плантациялардан ашық жерде 1000м, қорғаулы жерде 500м қашықтықта орналастырады. Шаруашылықта бір сорттың болғаны дұрыс.

Тұқымдық егістіктерде 3 рет сорттық тазарту жүргізеді: біріншісін – негізгі сортпен тозаңдануды болдырмас үшін, гүлдеу алдында барлық сорттық қоспаларды аластайды; екіншісін – ауру және типтес емес, сондай-ақ түйінінің пішіні, гүлі және т.б. белгілері бойынша негізгі сортқа сәйкес келмейтіндерді аластату үшін түйнек байланар алдында; үшіншісін – тұқым- дықтары жаппай пайда болғанда жүргізеді.

Тазалағаннан кейін техникалық піскен көк түйнектер пайда болғанда егістікте талдап анықтау немесе мақұлдау (апробация) өткізеді. Республика- мыздың солтүстік бөлігінде тұқымдық егістіктерде көк түйнектерді бір рет жинайды. Алғашқы жемістер көбінесе буданды болатындықтан оларды алас-тайды.

Қияр ең жоғарғы өнімін бірінші реттегі бүйірлік өркеннің жемісінен алынып себілген тұқымнан береді. Олар бір шама ірі және өңгіштігімен және өну қуатымен ерекшелінеді. Бір өсімдікте 3-4 тұқымдық қалтырады. Жаздың соңында көк түйнектерді жинауды бастайды, себебі олардағы тұқымдар пісіп үлгермейді.

Тұқымдықтарды тұқымдары толық піскенде 2 тәсілмен жинайды және үйеді: жылы ауа райында – тікелей танапта, салқында – сарай, қойма ішінде. Үймеде тұқымдықтар бір жұмада пісіп жетіледі.

Тұқымдықтардағы тұқымды СОМ-2, ИБК-5А машиналарының көмегі- мен бөліп алып жуады және ашу (20-25˚С) үшін ағаш, эмальды, шыны ыдыстарға салады. Сосын оларды кептіреді және сорттайды.

Егер тұқымдықтар аз болса оларды қолмен өңдейді. Ол үшін пісіп-жетілген тұқымдықты ұзынынан тіліп, тұқымын ағаш ыдысқа түсіреді. Онда тұқымдар өз шырынында 3-4 тәулік ашиды, сосын оларды жуып, кептіреді.

Бір жемісте массасы 7-15г 200-ден 400-ге дейін тұқым болады. Бір гек- тардан 150-250кг тұқым жинайды.


Алқа дақылдарының тұқым шаруашылығы

Қызанақ – өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ ыстық құрғақ ауа райында жел мен насекомдардың көмегімен айқас тозаңдануы да мүмкін. Егістік үшін элиталық тұқымдар, ал екінші репродукцияны өсру үшін, бірінші репродукциялық тұқымдарды пайдаланамыз. Көшеттерді ашық жерлерге мамырдың аяғында – маусымның басында отырғызады. Қызанақ- тың тұқым шаруашылығында егістерде жаз бойы сорттық отауларды жүр- гіземіз.

Жемістерді жинаудың алдында апробация жасаймыз.

Қызанақтың жемістері біркелкі піспейді, сондықтан оларды жинағанда олардың пісулеріне байланысты бөлектейді:


  1. сортына байланысты тәнтілі түсті, піскендер, яғни жеміске 55-60 күн;

  2. жемістердің бурылданып піскен кезі, яғни жеміске 50-55 күн;

  3. жемістердің бурылданып піскен кезінің басы, яғни жеміске 45-50 күн;

  4. жемістердің түсі жасыл түсті, яғни жеміске 40-45 күн;

Жемістерді көлемі мен пісу деңгейіне қарай сұрыптайды және пісіп

жетілуі үшін жылы құрғақ жайда сөрелерде 2-3 қабат етіп орналастырады. Пісіп-жетілу 23-25˚С және ауаның салыстырмалы ылғылдылығы 80-85% болғанда тезірек жүреді. Мұндай жағдайда қызғылт қызанақ 2-3 тәулікте, ақшылы – 4-6, жасылы – 7-10 тәулікте қызарады.

Жемістерді арнаулы камераларда жасанды түрде этиленмен өңдеп, пісіп- жетілдіруге болады. Этилен, әсіресе жасыл жемістерге белсенді ықпал жасайды. Жемістің жеміс сағағын алып тастайды, себебі газ жемістің ішіне сағақ бекіген жердің борпаң ұлпасы арқылы өтеді. Қызыл жемістерді әрбір 2-3 тәулікте алады да орнына жасылын салады.

Қызанақтың тұқымдарын тазартуды және іріктеуді К-218; К-531 маши- наларымен жасайды. Әртүрлі сорттардың тұқым шығымдылығы да бірдей емес: азкамералықтарда 0,4-0,5%, орташакамералықтарда 0,3-0,4% және көп-камералықтарда 0,25-0,3% болады.


Бақылаулық сұрақтар:

  1. Қызанақ, шалғам, қияр қандай тұқымдастарға жатады.

  2. Қызанақ, шалғам, қиярдың түршелерін атаңыз.

  3. Қызанақ, бұрыш, баялдының гүлденулерінің артықшылықтары қандай.

  4. Қызанақтың жемісін атаңыз.

  5. Алқа дақылдарының гүлденуінің биологиясы.

  6. Бұрыш, баялды жемістерінің гүлдеріне сипаттама беріңдер.

  7. Сабақтарының ұзындығына байланысты қиярдың қандай сорттарын айшықтайды.

  8. Қиярдың жемісін атаңыз.

  9. Партенокарпия дегеніміз не.

  10. Қиярдың себу мөлшері.

  11. Қиярға апробация, сорттық отауды қашан жүргізеді.

  12. Қиярдың тұқымдық жемістерін жинауға қашан кіріседі.

  13. Қызанақты жинағанда олардың пісу деңгейін айшықтайды. Оларды атаңыз.

  14. Қызанақтың тұқымының шығымы.

  15. Тәтті және ащы бұрыштың арақашықтылық алшақтылығы қандай.

  16. Тәтті және ащы бұрыштың жемістеріндегі тұқымдардың шығымын атаңыз.

  17. Баялдыны апробациялауға қашан кіріседі.

  18. Баялдының тұқымдық өнімділігін атаңыз.

  19. Шалғамның тұқымдықтарын өсіру.

  20. Шалғам тұқымдықтарының себуден пісуіне дейінгі керекті кезеңі.

  21. Қырыққабат, сәбіз, қызылша қандай тұқымдастарға жатады.

  22. Қырыққабаттың қандай түршелерін білесің.

  23. Қырыққабаттың, сәбіздің және қызылшаның тұқымдарының жемістері қандай.

  24. Сәбіздің қандай түршелерін білесің.

  25. Қызылшаның қандай түршелерін білесің.

  26. Қызылша және сәбіздің гүлденуіңің биологиясына сипаттама бер.

  27. Аққауданды қырыққабаттың тұқым шаруашылығының агротехникалық әдістері қандай негізгі бөлімдерден тұрады.

  28. Қырыққабаттың аналықтарын қандай топырақтарға орналастырған дұрыс.

  29. Қаудандарды қашан апробациялайды.

  30. Қауданды қырыққабаттарды сақтауға қоярда қандай сұраныстарды есепке алады.

  31. Аққауданды қырыққабатты екінші жылғы өсіргендегі агротехника ерекшеліктері.

  32. Қырыққабатты жинаудың оңтайлы мерзімі.

  33. Қызылшаның аналықтарын өсірудегі арақашықтылық алшақтылығы қандай.

  34. Қызылшаның аналықтарын өсіргенде тұқымдардың қай репродукциясын қолданады.

  35. Қызылшаның аналықтарын сақтаудың маңызы неде.

  36. Қызылша дақылын екінші жылғы өсіргендегі агротехника ерекшеліктері.

  37. Қызылшаның аналықтарын отырғызудың оңтайлы мерзімдері.

  38. Қызылшаның аналықтарын күтіп баптаудың мәнісі неде.

  39. Асханалық қызылшаның тұқымдықтарын жинаудың келешекті әдістерін ата.

  40. Сәбіздің тұқым шаруашылықтылық егістерін күтіп баптаудың мәнісі неде.

  41. Сәбіздің аналықтарын сұрыптауды қашан жүргізеді.

  42. Сәбіздің аналықтарын қандай температурада сақтайды.

  43. Сәбіздің екінші жылғы өсіргендегі агротехника ерекшеліктері.

  44. Пияз қандай тұқымдастарға жатады.

  45. Сәбіздің аналықтарын жинауды қашан бастайды.

  46. Пияз қандай түртармақтарымен келтірілген.

  47. Баданның құрылысын айтыңыз.

  48. Пияздың ұялылығы және ұрықтылығы дегеніміз не.

  49. Пиязшық көшеттің негізгі міндеті.

  50. Пиязшық көшеттің себу мөлшері.

  51. Пиязшық көшетті қандай температурада сақтайды.

  52. Пияз-аналықты өсіру және сақтау ерекшеліктерін айтыңыз.

  53. Пияздың тұқымдықтарын жинауды қашан бастайды.

8 Бөлім. Тұқым шаруашылығының қазіргі уақыттағы жағдайы және қалпына келтіру, өркендету



    1. Тұқым шаруашылығының қазіргі уақыттағы жағдайы

Тұқым шаруашылығының жоспарлы - әкімшілік реттеуден нарықты

қатынасқа көшуі сала жағдайының бірқатарлы өзгерістерін туындады: тұқым шаруашылығының материалды-техникалық қорлары ескірді, басқару жүйесі бұзылды, ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдарын өндіру көлемі кеміді, қондылықсыз тұқымдармен (25%-ға дейін) себілетін егістіктер аумақтары және жаппай репродукциялылары (50%-ға дейін) артты, сорт айырбастау және сорт жаңырту мерзімдерін бақылау мүлдем жоғалды деуге болады.

Сонымен қатар ғылым және тәжірибемен дәлелденді, шаруашылықтар- да тұқым шаруашылығын жоғарғы деңгейде ұйымдастыру, егістерге жоғары сапалы егістік тұқымдарды пайдалану, өндіріске жаңа мол өнімді тұқымдарды тезірек еңгізу өсірілетін дақылдардың жиналатын өнімдерін 20... 30% арттыратындығын. Сондай-ақ, астық өндірісінің тұрақсыз жағдайында, оның өнімін және сапасының тұрақтылығын арттыратын факторлардың ор-тасында, жоспарға бірінші болып аз қаржылық шығын және материалдық қаражаттарды сұрайтындар шығады. Сондай факторларға жататындар жаңа сорттар және жоғары сапалы тұқымдар. Егістік материалдың шығындық құнының мөлшері, тыңайтқыштар және қорғаулық заттарға жіберген шығындарға қарағанда әлдеқайда кем, бірақ оның қайтылымы әжептәуір. Белгілі бір топырақты-климаттық жағдайларға бейімдерген жаңа сорттарды және егістік сапасы жақсы тұқымдарды пайдаланудың арқасында, өндірісті интенсификациялаудың жоғары шығынды – тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау заттарын қолданудың экономикалық тиімділігі артады.

Ауылшаруашылық өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы, әрқашан ауылшаруашылықтық өндірістің мамандырылған саласы болып есептелді, олар сорттық тұқымдардың тазасорттылығын, биологиялық және өнімділік сапасын сақтап оларды жаппай көбейтумен айналысты, ал тұқым шаруашы-лығы жүйесі ұйымдастырушылық, экономикалық және технологиялық шаралардың кешені болып есептелді.

Еліміздің жаңа экономикалық саясаты тұқымдарды өндіретіндер мен тұтынушылардың көз қарасын толықтай өзгертті. Тұқым шаруашылығы кә-сіпкерлік қызмет болып кетті. Оның қазіргі жағдайдағы ерекшелігі оригиналды және элиталық тұқымдарға орталықтандырылған сұраныстың болмауы. Сондықтан осы аталған тұқымдарға сұраныс пен ұсыныстарды зерттеу керек болды, және сол сияқты тұқымдарға сұранысты – шаруашылықтық субъектілер мен объектілердің зкономикалық жағдайларын сараптау керек болды. Генетика, биотехнология және басқа фундаментальді ғылымдар өздерінің жетістіктерін тек селекция арқылы іске асыратындығы айдан анық. Осыдан барып селекцияның жетістіктері тұқым шаруашылығы жүйесінің арқасында нарықтың объектісі болып қалды.

Осыған байланысты, тұқым шаруашылығы: өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау және ауылшаруашылық өсімдіктерінің тұқымдар- ын пайдалану, сол сияқты сорттық және тұқымдық бақылаудың құзырлы қызметі болып есептелінді, ал тұқым шаруашылық жүйесі – оригиналды, элиталық және репродукциялық тұқымдар өндіру құзырын атқаратын функ- цианалды бір-бірімен қарым қатынасты жеке және заңды тұлғалардың жиын- тығы болып есептеледі.

Бірақта, тұқым шаруашылық құзырымен байланысты процестер, және тұқымдарды өндіретін функцианалды қарым қатынастардың орнығуы өздігімен болмайды. Олар бағытталады, реттеледі және басқарылады, сон- дықтан тұқым шаруашылық саласын басты басқару жүйесі ретінде одан әрі қарай да жетістіруді талап етеді.

Осы айтылған ескертулерді сақтап, агроөндірістік кешендерде дәнді дақылдарының тұқым шаруашылығын басқару туралы ғылымдық нұсқалар- ды және тәжірибелік ұсыныстарды дәлелдеу және зерттеу ғалымдар мен өндірістіктердің басты мақсаты болып есептелінеді.

Осы қойылған мақсаттарға байланысты келесідей міндеттер анықталды:


  • тұқым шаруашылығының теориялық негізін зерттеу және өркенді

елдердің қазіргі заманға сай ұйымдастыру және басқару талаптарын көрсету;

  • тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және басқарудың өңірлік табыс

тарын сараптау;

  • сорт айырбастау және сорт жаңырту процестерінің экономикалық

тиімділіктерін бағалау;

  • тұқым өндірісінің экономикалық тиімділіктерін анықтау;

  • дәнді дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастырудың өңірлік жүйесін дәлелдеу;

  • тұқым шаруашылығының өңірлік жүйесін басқаруды жетілдендіру

туралы ұсыныстарды өңдеу.

Осы қойылған мақсаттарды орындау тұқым шаруашылығын ұтымды басқару жүйесіне және осының бәрі айналып келгенде тұқым шаруашылықтық мекемелерге жүктеленеді.

Өңірлік АӨК дәнді дақылдар тұқымдарын өндіруді ұйымдастыру және басқару және сондай-ақ ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастарды және процестердің жиынтығын зерттеу басты мәселе болып табылады.

Зерттеулердің тәжірибелік және әдістемелік негіздерін отандылық және шетелдердік ғалымдарының тұқым шаруашылығын ұйымдастыру, басқару және экономикалық өркендендіру туралы еңбектері құрастырады. Бастапқылық ақпарат есебінде Қазақстан Республикасы Басқармасының, мемлекеттік статистика комитетінің, «Қазақстан Республикасының селекция- лық жетістіктерін сынау және қорғау туралы мемлекеттік комиссиясының», «облыстар бойынша Мемлекеттік тұқымдық инспекциясының», ауылшаруашылықтық мекемелердің жылдық есептерінің заңдылық және нормативтік құжаттары пайдаланды.

Тәжірибелік орындаулар және әдістемелік ұсыныстар нақтылық сұраныстардың деңгейіне жетті және сондықтан оларды дәнді дақылдардың тұқым шаруашылығының өркендету туралы Бағдарламасын қарастырғанда әбден пайдалануға болады деп ойлаймыз.


    1. Тұқым шаруашылығын басқаруды өркендету.

Тұқым шаруашылығының теориялық негіздері, басқару объектісі

ретінде болғанда.

Республикамыздың «Тұқым шаруашылығы туралы» заңында аталғандай тұқым шаруашылық жүйесі - оригиналды, элиталық және репродукциялық тұқымдар өндіру құзырын атқаратын функцианалды бір-бірімен қарым қатынасты жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы болып есептеледі.

Бүгінгі таңда ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы ауыл шаруашылығының өркенді саласын айшықтайды, оның бағыты белгілікті ұрпақтылық қасиетін және шаруашылықтық бағалы нышандарын

сақтаған сапасы жоғары тұқымдық материалды өндіруге бағытталған, неге десең онсыз өндірісті көтеру проблемасы шешілмейтіндігі айдан анық. Тұқым шаруашылығың объектісі ретінде сорт (будан) орналасады, неге десең

олар өздерінде селекцияның арқасында шығарылған белгі ұрпақтылық, морфологиялық, биологиялық және шаруашылықтық – бағалы қасиеттері мен нышандарды игерген және белгілі дақыл өсімдіктерінің жиынтығын сақтай біледі. Тұқым шаруашылығы жүйесі тұқымдардың сорттық және егістік сапаларын бақылауды атқарады және оның құзырына жоғары сапалы сорттық тұқымдармен қамтасыз ету мен дайындау міндеті жүктелген.

Тұқым шаруашылығың жүйесі деген ұғымды тұқым шаруашылығының кескінен айыра білу керек. Тұқым шаруашылығының кескіні – ол питомниктер және тұқымдық егістердің жиынтық тобы, оларда белгілікті кезектілікпен сұрыптау және көбейтудің арқасында сортты жаңғырту процесі орындалады. Ал осы жұмыс тұқым шаруашылығың жүйесінде әр түрлі кескінде орындалған болар еді. Тұқым шаруашылығың жүйесі сорттық тұқымдарды өндіруді ұйымдастыруды ойластырса, тұқым шаруашылығының кескіні әдістер мен әдістемелерді айшықтайды, міне осылардың арқасында сапалары жақсы және өнімділік сапасы жоғары тұқымдар өндіріллінеді.

Тұқым шаруашылығы, өсімдікшаруашылығының саласы есебінде ғылым- дылық (селекциямен) және өндірістің арасында аралықты белділік болып саналады. Оның міндеті: жоғарғы сорттық, тұқымдық және өнімділік сапаларын сақтап және жақсартып, өндіріс үшін керекті мөлшерде аудандастырылған және келешекті сорттар, будандардың тұқымдарын көбейту.

Еліміздегі қазіргі таңда айшықталған тұқым шаруашылығың жүйесі 1 суретте келтірілген. Бірақ, тұқым шаруашылығың жүйесін ұйымдастыру құ- рылымын басқарудың звеноларының тіктіліктері нақтылап айтқанда жоғал-ған, неге десең бұл жүйенің негізі әртүрлі мекемелерде болмаса жеке меншік-тіліктің қолында кеткен. Сондықтан, қазіргі таңдағы тұқым шаруашылығын ұйымдастырудың ерекшелігі, бұл салана жетел түрде орталықтандыру. Ал пайда болған бәсекелестік селекциялы-тұқым шаруашылықты фирмалар, ассоциялар, команиялар және басқадай нарықтылық құрылымдар да өздері-нің жұмыстарын атқара берсін, тек осының бәрі үкіметің құзында болып, орталықты түрде басқаруға көшуіміз керек. Бұл этаптың ерекшелігі сонда, әзірге сорт және тұқымдар арнайлы нарықтылық тауар болып тұр және оған деген сұраныс, баға, конкуренция әзірге баршалық.

Сондықтан, осындай жүйені басқару тиімді болады, егер тізбек «селек-ционер – семеновод – тауарөндіруші» сақталса, онда экономикалық тиімді- лік қай қайсына болса да пайдалы болар еді.

Елімізде, бүгінгі таңда осы аталған жүйенінің басын қосып және оның қолайлы өмірлілік деңгейін сақтап біріктіретін бизнес-инфраструктура керек. Әзірге, бұл жағдаймен Мемлекет түгелдей айналасып тұрған жоқ, сондықтан осы жағдайдың мәні шамалы болып тұр. Қорыта келгенде тауарөндірушілер (олар тұқымға негізгі сұраныстылар) жоғары сапалы тұқымға зәру, оған дәлел (жалпылық репродукцияның деңгейі 60-80%, тұқымдық сапаның да жағдайы нашар – бірінші классты тұқымның мөлшері 10%-ды құрастырады).

Тұқымдары сатылуға арналған ауылшаруашылықтық өсімдіктердің егістері міндетті түрде апробациялануға тиісті. Бұл жұмысты апробатор, яғни мемлекеттік уәкілдікпен аттестатталған жеке немесе заңды тұлғалар жүргізеді.

Ауылшаруашылықтық сорттық өсімдіктердің апробациясы, тұқымды өндірушілердің сұранысы бойынша мемлекеттік тұқым инспекциясы, керек болған жағдайда оригинаторларды, ғылыми зерттеу мекемелерінің, мамандандырылған оқу орындарының уәкілдерін қатынастыра отырып жүргізеді.

Грунттық (топырақтылық) және зертханалық сорттық бақылауды, сорттық бақылаулық Ғылыми-әдістемелік орталығы, ҚР субъектісіндегі мем- лекеттік тұқымдық инспекциялар және олардың аккредитацияланған жеке және заңды тұлғалары өткізеді. Тұқым тобына берілген Сертификат, және идентификацияланған сорттылық Сертификат яғни берілген құжаттар Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүретін болады. Тұқым шаруашылықтылық және тауарлылық шаруашылықтардың экономикалық қа-нағатсыз жағдайлары, тұқымдардың сорттық және егістік сапаларын төмен- детіп, олардың механикалық және биологиялық застануына әкеліп соқты.

Егерде, ластандыратын қоспалар, биологиялық түрде осы жағдайларға жақсы бейімделген болса, онда олар молынан таралып, негізгі сорттылық егістерді ығыстыра бастайды. Сондай-ақ, механикалық ластанудың үлкен қатерлілігі сонда, олардан тазалап алу өте қиынға түседі, кейде мүлде ай-ырып алу мүмкіндігі болмайды (күздік қара бидай – бидайда және арпа – сұлыда, қатты бидай – жұмсақ бидайда және т. б.).

Биологиялық қоспалармен ластану көбінесе сорттар мен дақылдардың

табиғилық айқастозаңдануынан , будан текті өздігімен тозаңданатын дақылдарда, спонтантты мутация пайда болғанда кездеседі. Сондықтан олардың болмауы үшін, тұқымшаруашылығында арақашықтық алшақтату- дың белгілікті мөлшерлері анықталған, оны апробация жасағанда тексерілінеді.

Тұқымдардың өнімділік қасиеттерін жоғалтуы белгілікті жағдай, неге десең ол туралы жоғарыда айтылып кетті, олардың өсіру жағдайларының нашарлылығы және топырақты-климаттылық, технологиялық жағдайлары-ның болмауы үлкен әсер етеді. Міне осындай жайсыз жағдайлардың арқа- сында сорттар экологиялық икемділіктері бойынша бөлінеді – көптеген ай- мақтарда өсе алатын жағдайлары пайда болады. Икімділіктері жоғары сорттар әртүрлі аймақтарда мол өнім беріп қана қоймай, сонымен қатар жоғары сапалы тұқымдылық материалдар да береді. Бірақ, бұл сорттардың көп аймақтылық егістік көлемдерінің ұлғауынан, олардың салыстырмалылық табиғаты және қоршаған ортаға бейімділігі бұзылады. Осыдан барып, физ- иологиялық функциялар бұзылады, өсімдіктердің өмірге бейімділігі нащар- лайды, олардың өнімділік қасиеттері, яғни тұқымның сапалары да төмендейтін болады.

Соңғы жылдары тұқым шаруашылығында аудандастырылған сорттардың сапаларының төмендегені байқаланады. Мысылы, 1991 жылы аудандастырылған сорттардың алатын орны 92 пайыздың жобасында болса, ал 1998 жылы оның көлемі 79, ал жаңа сорттар барлық егіс көлемінің тек үштен бір бөлегінде ғана орын алды.

Сонымен қатар біздің жағдайларымызда жаңа сорттардың беретін нә- тижелері, дүниежүзілік тәжірибемен салыстырғанда әлдеқайда кем. Мысалы, дәнді дақылдардың сортсынау учаскелерінде жылдық өсімі 1,17% болса, сол уақытта жаңа сорттардың дүниежүзілік жылдық өсімі 1,7-1,9% құрастырды.

Айтқанмен мемлекеттік сынау, селекция сияқты әрқашан жоғарғы агротехникалық әлпетте (өндірістегіден әлде қайда артық) жүргізілгенмен,

«селекционер – семеновод – тауарөндіруші» тізбегінде экология бірлігі ат- алған жүйеде бұзылады, сондықтан сорттар өздерінің ұрпақтылық патен- циалдарын соншама іске асыра алмайды. Жаңа сорттардың мемлекттік сортсынаудағы берген жоғарғы қосымша өнімділіктері, өндіріс үщін әрдайым қолданыла қоймайды.

Сондай-ақ, мемлекттік сортсынау жүйесінде де жайсыз өзгерістер байқаланады, сондықтан оларды түзеудің берері, селекциялық жұмыстардың экономикалық тиімділігін арттырар еді:

- жаңа сорттарды тездетіп, олардың сапаларына зиян келтіре отырып тіркеуе асығыулықтар пайда бола бастады;

- сорттарды сынау ареалы, бірнеше есе кеміп кетті, неге десең әзірге селекциялық орталықтар үшін сортучаскелерін тегін болмаса жеңілдеткен бағамен жаңа сорттық материалдар мен қамтамасыздандыруды сақтай алмай отырмыз;

- жаңа сорттар қарқынды және көлемдері көбейтілген әлпеттерде сынал- майды, оларды қышқылға төзімділігі және тұзға төзімділігі, жайылымға төзімділігі (көпжылдық шөптерді) және басқаларын сынау үшін керекті мамандандырылған учаскелер құрылмай жатыр.

Потенциалды өнімдіктерді арттырамыз деп, асығыстықпен жаңа интенсивті сорттар пайда бола бастады, олар ортаның дәлдәлікті жағдайларына, басқада тосыңды себептерге төзе алмады, сондықтан олардың өнімділіктік шамалары өндірісте тек 20-30% ғана, кейде басқа мағлұматтар бойынша 15-20% -ға ғана іске асылып жатыр.

Қорытындылап айтқанда, Қазақстанда (еліміздің барлық аумағында) әзірге бизнес-инфраструктура құрылған жоқ, олар болса ғылыми жетістік- терді жаңа сорттар және будандар түрінде тездетіп іске асырар еді. Мемле- кет бұл жұмыспен шындап айналыспады, сондықтан қазіргі дағдарыс кезеңінде оның пайда болуы да мың ғайбыл. Осының барлығының әкеліп соқтырғаны, элита өндісі күннен күнге кеміп келеді, олардың бірсыпыра бөліктері мал азықтылық және тағамдылық мақсаттарға сатылып жатыр, ал ауылшаруашылықтық кәсіпорындар өздерінің тұқымдарын, олардың тұқымдық сапасына қарамай көптеп тарата бастады. Қазақстан бойынша 1998 жылдан бастап, тұқымдардың жартысынан артық бөлігі (деректі статистика бойынша) жалпыламалы репродукциялармен себілді.

Тұқымдарды сатып алуға қаражаттың жетіспеушілігі де, элита тұқым- дарының сатылуына да көп әсерін тигізеді. Ал, оны өндіру тауарлылық астықтарды өндіруге қарағанда әлде қайда қиынжұмысты. Беріліп жатқан мемлекеттік компенсация шыққан шығынның жартысын да ақтамайды және ол көмек тек сатылғаннан кейін ғана төленеді, сондықтан алынып жатқан пайданың мөлшері айтуға да тұрғысыз, онымен элиталық тұқымдарды сатып алулық қаражаттың жоқшылығының орны толмайды. Осы туралы Смирнова Л.А. өзінің қаржы бөлігі және бюджеттік ассигнования туралы және супсидияны төлеу жөніндігі ұсыныстарын келтіреді.

Айтып айтпай не керек, селекция, тұқым шаруашылығын ұйымдастыру- дағы басты тұлға болып есептелінеді. Генетика, генділік инженерия, биотехнология және басқалары, өздігімен тұқымға сұраныстыларға тікелей шыға алмайды. Тек сорттардың немесе будандардың арқасында ғана нарықтылық ауылшаруашылықтық өндіріске шыға алатындығымыз айдан анық жағдай. Селекцияның жетістіктері тек, оңтайлы атқарылған тұқым шаруашылықтық жүйенің арқасында ғана болатындығы ақиқат.
9 Бөлім. Жаздық жұмсақ бидайдың тұқым шаруашылығының казіргі жағдайда жеке алынған шаруашылықта атқаратын орны.

Тұқым шаруашылық кескіні

«Ижевскі» кооперативінің нұсқасында тұқым шаруашылығының кескінін тәжірибелік пайдалану.

Өндірістік «Ижевскі» кооперативі 2001 жылға дейін, 14 жыл бойы тұқым шаруашылықтылық шаруашылық болды. Ал 2001 жылдан бері элитаталы-тұқымдылық шаруашылық болып есептелінеді. Әрбір 2 жыл сайын «Ижевскі» ӨК-і үшінші рет элиталық-тұқымдылық атаққа ие болды.

«Ижевскі» ӨК-і бидайдың Астана сортының элиталық тұқымдарын өсірумен шұғылданады. Осыдан кейін Ауыл шаруашылығы Министірлігінің құзыры бойынша Ақмола облысының тұқымдылық шаруашылықтарына сатады. (3 сурет).

«Ижевскі» ӨК-і сортты көбейту питомниктерін А.И.Бараев атындағы Шортанды ҒЗИ-нан алады. Шаруашылықта питомник тұқымдарын және суперэлитаны өсіру үшін, шаруашылықта 5 екі танаптылық сүрі жер-бидай-дылық ауыспалы егестіктер бар.

КазНИИЗХ Астана (питомник

2 жылғы) 2008ж.

«Ижевскі» ӨК-і, (питомник 3 жылғы)
«Ижевскі» ӨК-і (суперэлита) 2009жылғы өнім

«Ижевскі» ӨК-і (элита

2010 жылғы) өздері үшін «Ижевск» ӨК-і 4000т. (элита) 2010ж.

АШМ 2011ж. тапсырма бөлісуі бойынша сату

Ақмола облысы
3 Сурет - «Ижевскі» ӨК-де элиталық тұқымдарды өндіру кескіні

Шаруашылықтағы егістіктің құрылымы және ауыспалыегістік

Шаруашылықтағы өсімдікшаруашылығының негізгі дақылы бидай – оның себілетін көлемі – 7820га, яғни барлық аумақтың 43%, және арпа өсіреді – 2676га, 15%. Шабындық жер – 578га, бұл жерде пішендік үшін еркек шөп өсіріледі, және – 2348га жайылымдық жер бар.

Ауыспалы егістік шаруашылықтың аймақтылық талабы, шаруашылық- тың жоспарлы аумақтардың орналасуын ұйымдастыруды ескеріп дақылдар мен сүрі жердің ауыспалықтарын жоспарлай отырып жасалған.

Ауыспалы егіс – бұл негізінде егіншілік мәдениеті, сонымен қатар игер- ілген жерлердегі тәртіптілік. Ауыспалы егістің ролі жерлерді ұқыпты түрде пайдалану, өндірісті қалпына келтіру, ауылшаруашылықтық дақылдардың өнімділігін және барлық жиналатын өнімнің көлемін арттыру, экологиялық таза өнімді алу, мал шаруашылығы үшін мал азықтарын молайту, топырақтың құнарлылығын арттыру және т.б. Ауыспалы егісті дұрыс игер- генде жоғары өнімді сорттар тиімді жұмыс істейді, және сонымен қатар тың- айтқыштар, арамшөптер, аурулар және зиянкестермен күресетін препараттар, топырақты тек жазықтілгіштермен ғана өңдеу, топырақты эрозиялардан сақтау және ылғалдандыру және басқа да агротехникалық әдістерді игеру.

Облыс көлемінде ең бағалы азық-түліктілік дақыл болып – жаздық бидай есептелінеді, және осы дақыл осы шаруашылыққа да негізгі пайданы әкеліп тұрған дақыл.

Бұл дақыл дәнді дақылдар егістігінің 85%-да орналасқан, сондықтан оның жақсы өсіп, жоғары деңгейде өнім беруі үшін ең қолайлы өнімді жерлер бөлінеді және игерілген ауыспалы егістікте жақсы алғы дақылдардан кейін орналасады. Тәжірибе және ғылыми зерттеу жұмыстардың көрсеткіш- тері анықтағандай жаздық бидай үшін жақсы алғыегіс болып сүрі жерлер есептелінеді. Неге десең сүрі жерлерде арамшөптер, аурулар мен зиянкестер-мен күресу шаралары тиімді түрде жүргізіледі, осында керекті мөлшерде тыңайтқыштар сіңірілінеді, топырақта ылғалды жинаулық агроәдістер орындалынады.

Өнімді ылғалмен және қоректілік заттармен қамтамасызданған арамшөп- терден таза сүрі жерлер, климаты бойынша ыңғайсыз жылдарында да бидайдың бірқалыпты өнімдерін алуға көмектеседі және сонымен қоймай оның беретін көмегі бір жыл емес, тағыда екі-үш жылдар бойы созылады. Сүрі жердің осындай жағдайларымен санасып, оны жоғары сапалы тауар- лылық астық өсіру үшін шаруашылықтағы мамандандырылған дәнді-сүрі жерлік ауыспалы егісте пайдаланған тиімді болады.

Қазіргі таңда, болмаса болашақта сүрі жердің көлемін жоспарлаудың реті, бұл дақыл әрқашан жақсы ғылыми-дәлелденген ауыспалы егістерде ғана орналасы керек. Бидай дақылын жақсы пайда беретін үш, төрт және бес танаптылық ауыспалы егісте орналастырудың тиімділігін, оның экономика- лық көрсеткіштері айқындайды.

Бұл шаруашылықта 2 дәнді-сүрі жерлік үш танаптылық ауыспалы егістік – элита үшін, ал төрт танаптылық жоғарғы репродукциялар үшін пайдалыланады.

Дақылдардың ауысу кескіні:



  1. Кескін II. Кескін III. Кескін

  1. хим.сүрі жер 1. сүрі жер 1. хим.сүрі жер

  2. бидай 2. бидай 2. бидай

  3. бидай 3. арпа 3. бидай

4. арпа
Сүрі жерлер жаз бойы маусымның 5-нен 10-на дейін өңделенеді, яғни ар- амшөптерді арандату («Бюллер» тракторы, культиватор «Борго» тырна- ғыштарымен бірге); содан кейін арамшөптердің жақсылай өскендерін күтеміз де, және шілденің 10-нан 25-не дейін химиялық өңдеулерді жүргіземіз, құрамында глюфосад болатын гербицидтермен (жалпыламалық іс-шара қылатын гербицидтар) өңдейміз.

3.Кесте – Ауыспалы егістегі топырақтарды өңдеу жүйелері


Да-

қыл-дар



Күздік өңдеу,

тереңдігі,

мезгілі


Көктемдік өңдеу,

құралдар, мерзі- мі, өңдеу саны,

тереңдігі


Егістерді

күтіп-бағу



Себу

мерзімі, сепкіш-

тердің маркасы


Алынған

өнімділік

ц/га


1.

Хи-


мия-

лық


пар

Тереңді тілу

(терең. 30см, тілім

арасы 35см, тілгіш

құрал «Борго»,

трактор «Бюллер»

кешенімен



Ылғалды жабу

(құрал «Борго»,

трактор «Бюллер»

кешенімен



Құс саңғыры-

ғын сіңіру

30 т/га








2.

Б

и



д

а

й



Пг-3-5,

25-27см,

тереңдетіп

тілгілеу


ЛДГ-15, 5-6см,

2 рет. Ылғалды

жабу(құрал «Борго», трактор

«Бюллер»


кешенімен 30м).

Аралықты культивация

(К-700+СЗС-2,1)


Гербицидтік-

(ИГЛ-0,7л/га,

Эстер-0,8л/га+

өсу үдеткіші

крезоцин, тилт- 0,1л/га), страгл 20%-

0,06л/га


19.05-

26.05.


СЗС-2,1,

«Борго»


кешені

25,5

3.

Б

и



д

а

й



Пг-3-5,

25-27см,

тереңдетіп

тілгілеу


ЛДГ-15, 5-6см,

2 рет. Ылғалды

жабу.

Аралықты культивация




Гербицидтік,

фунгицидтік,

инсектицидтік

өңдеу


(адонис-0,1л/га).

19.05-

26.05.


СЗС-2,1,

«Борго»


кешені

23,5


Тыңайтқыштар: сақтау, қолдану әдістері, минералдық және

органикалық тыңайтқыштарды пайдалану
2009 жылғы егістік үшін химиялық сүрі жерге – органикалық

тыңайтқыш (құс саңғырығы) 30т/га сіңірілді; минералдық (аммофос 18т, фос- фор – 41%, азот – 12%). Сүрі жерлердің көлемі 4065 га. 4 кесте).

Минералдық тыңайтқыштар себу кезінде бірге жүргізілінеді – ДВУ аммофос 20кг/га; Калийлік тыңайтқыштар сіңірілмейді, неге десең ол топы- рақты жеткілікті көлемде.

Органикалық тыңайтқыштарды шашатын құрал РУ-12т.-К-700, шашылу ені 4-5м. Минералдық тыңайтқыштарды РМГ; РУМ-мен шашамыз.

Шашылған тыңайтқыштарды сіңіру, штангосы бар «Борго» кешенімен атқарылады, қатарға сіңіру СЗС-2,1 сепкіштерімен жүргізілінеді.


  1. Кесте - 2009 жылғы егістік үшін тыңайтқыштарды сіңіру




Дақыл

Аумағы,

га


Тыңайтқыштарды сіңіру

Өнімділігі,

ц/га



Орга-

ника-лық


т/га

Минералды, кг/га ә.з.

негізгі

Себу кезінде

Үстеп

қоректендіру






Р

N

N

Р

N

Р

Тың-айт-

қыш-


сыз

Тың-

айт-


қыш-пен

бидай

385

-

-

-

5,5

25

-

-

16,0

22,0

4-ші кестеден көрінгені, тыңайтқыштарды сіңіргенде өнімділік 6ц/га артты.



Тұқымдарды егіске дайындау

Тұқымның сапасына және оларды дайындау әдістеріне байланысты

егістіктің толықтай және біркелкі көктеуі болады, ол дегеніміз айналып келіп өнімділіктің өсуін әкеледі.

Егістік үшін пайдалануға рұқсат етілген сорттардың тұқымдарын ғана пайдаланамыз. Осы тұқымдарды дайындау – күзде жүргізілінеді, яғни жинап алғаннан соң, оларды тиянақты түрде арамшөп және басқа да тұқымдардан айырады, үріктеленеді. Айтатын жағдай, ірі немесе орташа көлемді тұқымдардың далалық өңгіштігі жоғары болады, осыдан барып өнімнің жалпы көлемі артады.

Себудің алдында тұқымдардың барлық топтарын ауалық-жылылықты жылытудан өткіземіз және міндетті түрде дәрілейміз (5 кесте).

Өнімділікті арттыру және астықтың сапасын жоғарлату үшін, әрбір шаруашылықтарда олардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сорттардың керектісін таңдап ала білу керек.




  1. Кесте – Тұқымдарды егіске дайындау




Жұмыстар

түрлері


Өткізу

мерзімдері



Жұмыс

көлемі


Технологиялық

талап (препарат- тар, мөлшері, және т.б.



А/ш-тық

машиналар,

құралдар


Тазалау

қараша




Іріктеу

ЗАВ-20,

ОС-4,5


Ауалы-жылылықты

қыздыру


Сәуір-мамыр




Температурасы

35˚С





Дәрілеу




22т/сағ.

дейін


Раксил 12%

т.к.с.- 0,2л/т



ПС-20



Сүрі жерді өңдеу технологиясы

Топырақты негізгі өңдеу – жырту қабатының оңтайлы құрылымын

құрастыру үшін керекті маңызды агроәдістердің бірі. Осы жағдайлардан кейін топырақ құрамында сулық, қоректілік және ауалық режімдер жақсы түрде шешіліп, облысымыздың қайталамбалы қуаңшылықтылық және күш- ті дауылдардың әсерінен пайда болатын құрғақшылықты климатында, арам-шөптер, аурулар және зиянкестермен ұтымды түрде күресуді қамтамасыз ететіндігі дәлел болады.
Шаруашылықтағы тұқым дайындау технологиясы:


  1. Сүрі жерді 5-6 рет өңдеу, КПШ-9+ПГ-3-5,

  2. Қартоқтату 1-2 рет, СВШ-9,

  3. Ылғал жабу К-700+БМШ-15,

  4. Себу алдындағы культивация 2 рет, Т-4+ЛДГ-15,

  5. Себу К-700+СЗС-2,1Д қазтабандарымен, «Конкорд»+сақиналы шпорлы таптағыштар,

  6. Егістерді күтіп бағу.

Тұқымдық учаскелерді себу

Облыс көлемінде дәнді дақылдардың өнімділігі, негізінде тұқымдарды

себудің мерзіміне көп байланысты. Көпжылдық мағлұматтарға сүйенсек, әртүрлі алғыегістерге байланысты және себілетін сорттардың вегетациялық кезеңдерін ескере отырып тұқымдардың себу кезеңдерін ыңғайлап отыру оның өнімділігін жоғарлатып және сапасын жақсартатындығы айдан анық.

Климаттың сынақты сипаты – жаздың бірінші жартысының құрғақшы- лығы және шілде айындағы жауын шашынның максимум түсуі. Бидайды оңтайлы мерзімдерде сепкенде, тұқымдар жақсы қызған топыраққа сіңірілінеді, осыдан барып олар біркелкі жақсы көктейді де арамшөптермен ұтымды түрде күресе алады, ал бастысы оның ылғалға ең сұранысты кезеңі дөп келеді. Сондықтан барлық аймақтардың жағдайларын ескере отырып, бидайдың ең қолайлы себу мерзімі мамырдың 15 мен 25 аралығы.

Себу мөлшері топырақтағы ылғал қорының көлеміне байланысты анық- таланады. Қазіргі уақытта жаздық бидайды себу үшін СЗС-2,1Л тұқым сеп- кішін қолданамыз, ол дәнді дақылдардың 70-80% себуде.

Тұқымды себу кезеңінде топырақтың ылғалы әрдайым кебуге ұшырап отырады, сондықтан тұқымның ылғалды тереңдікке түсуін тиянақты түрде қадағалап отырудың берері мол болады.

Аталып отырған біздің аймақтаға көктемде болатын қайталамалықты құрғақшылықтарды ескеріп, бидай тұқымын 7-8см ылғалды топырақ қабатына сіңіру қажет болады. Тұқым себуді, оның алдында жүргізілген өңдеу бағытына міндетті түрде көлденеңдетіп жүргіземіз.




  1. Кесте – Тұқымдық материалдың сипаттамасы




Дақыл

Сорт

Егістік сапасы

Репродук-

ция


Сорт-тық тазалы

категор-


иясы

Класс

Өңгіш-

тігі,%


Таза-

лығы


С.ішін.

арам-


шөптер

саны


ш/кг

Егіс-

тік


жар-

амды-


лық%

Бидай

Астана

1

95

99,62

-

95

Супер-

элита


1

Бидай

Астана

1

97

99,32

1

96

Көбейту 2

питомнигі



1

Арпа

Донец-

кая-8


1

95

99,78

6

96

III-р

1

Тұқым шаруашылығы келесідей бөлімдерден тұрады:



  • бастауыш, элиталық және жалпыламай;

  • сорттық және тұқымдық бақылау;

  • дайындау, сақтау және тұқымдарды сату.

Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу мекемелері бастауышпен, элита тұқымдықтар – элитамен, ал тұқым шаруашылықтар – жаппайлылық тұқым шаруашылығымен айналысады.

Элиталық - тұқышаруашылылықтық шаруашылықта сорттық егістерді апробациялау үшін: комиссия тағайындалады, оның құрамына ауыл шаруашылық министрлігі тағайындаған апробатор, облыстық тұқым инспекциясынан бір өкіл, аудандылық тұқым инспекциясынан өкіл және сол шаруашылықтан апробатор тағайындалады. Апробация заңды түрде әдіс- темелік бойынша жүргізілінеді.

Бидайдың Астана сорты (3-ші жылғы көбейту питомнигінен) А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-нан (Шортанды) алынған.

Арпаның Донецкая 8 сорты (III репродукция) өзіміздің орталықтағы қой- мадан алынды.


Күтіп бағу және жинау

Биылғы жылы ылғалдың мөлшері ойдағыдай болды, қысқы мерзім ішінде орта есеппен 180-220мм ылғал жиналды, ал жаз айларында 169мм ыл- ғал түсті, осының арқасында 23ц/га-дан астық алынды. Тұқымдардың далалық өңгіштігі 92-95, жақсы сапалы тұқымдармен септік. Өсімдіктердің сақталуы 100%. Түптену сортқа, себу мөлшеріне, алғыегіске байланысты бидайда 1,1-1,2, арпада 1,3-1,4 болды. Масақтағы дәннің саны орта есеппен 26-27, 1000 дәннің массасы 35,8-47,6 г-ды құрады.

Агротехника мәселесі жоғары деңгейде орындалады, барлық далалық жұмыстар дер кезінде оңтайлы мерзімдерде атқарылынады, осының барлығы жоғары өнімділікті құрастырады.

Аталған шаруашылықтың танаптарында негізінде келесідей арамшөптер:

қара сұлы, көкпек, далалық вьюнок (березка) кездеседі. Сүрі жерлер арам- шөптерден таза. Егістікте қауіпті арамшөп болып далалық вьюнок (березка) есептелінеді, олармен сүрі жерлерді дайындағанда механикалық өңдеулермен және сол сияқты егістерді химиялық өңдегенде де күресті тоқтатпаймыз.

Жоғары өнімді алудың гарантиясы – әр аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, егістіктің ұсынымды мерзімдерін сақтау: орманды далалы және таулы-қыратты аймақтарда бидайды себуді 25 мамырға дейін аяқтаймыз, ал далалы және қыратты-далалықтарда 30 мамырда аяқтаймыз. Тек, осы аталған егістерді себу мерзімдері 2-ден 5ц-ге дейін қосымша өнімді, қосалқы шығындарсыз-ақ береді деп ойлаймыз.

Жоғары және тұрақты өнім алуға егістердің далалық өңгіштіліктерінің 75-80%, берері де мол деп есептейміз және сол сияқты өсімдіктердің жинауға дейінгі сақталынуы 90%-дан кем болған емес.


6–кесте. Арамшөптерге қарсы күресуде химиялық заттарды пайдалану


Дақыл,

Сорт


(будан)

Өңдеуге дейінгі арамшөптердің негізгі типтері

Гербицидтерді қолдану



Тиім-

ділігі


%

Түрі

д/м2

Аты

Доза

Мерзімі

Әдісі




Бидай

Астана


қара сұлы,

далалық


шырмауық

2-3

2-3


1

Топик,

Пума-


супер

Дикамин


0,4-0,6

л/га


1-1,1

л/га



25.06-

30.06


Газогене-

таторлар

95


Арпа

Донецкая


8

#

#


#

#

#

#

#

6 кестенің мәліметтері бойынша, көріп отырғандай гербицидтердің тиім- ділігі өте жоғары. Шаруашылықта сүрі жерлерде гербицидтерді олардың қымбаттылыға байланысты бұрын қолданбаған еді, бірақ осы соңғы жылы бір танапта гербицидті пайдаландық, ондағы ойлағанымыз топырақты өңдеуді азайту, яғни бұрын жасалатын механикалық өңдеулердің санын азайту болды. Егерде бұл технология өзін ақтаса болмаса дәлелдесе, бұдан былай сүрі жерлерді химилық түрде өңдейтін боламыз.

Ғалымдардың айтуы бойынша, әсіресе сүрі жерлерде арамшөптерді құрту үшін кем дегенде 4-рет механикалық түрде өңдеуіміз керек. Бірінші өңдеуді мамырдың екінші онкүндігінде бастаймыз, содан кейінгілерін 20-25 күндей алшақтылықпен және арамшөптердің жағдайына байланысты жүргіземіз.

Егістерді жинау алдында, әр танап үшін жекелеп ору әдісін және жина- ғыш машиналарды дайындаудың берері көп, неге десең әр танаптып өзіндік ерекшеліктері бар.

Шаруашылықта соңғы жылдары егісті бір фазалық жинау әдісі – яғни тікелей орып бастыруды қолданамыз. Бұл әдістің экономикалық тиімділігі әсіресе өнімділігі тым жоғары емес және пісіп жетілу бір уақытта болса, өте тиімді, жанар-жағар майдың шығымы екі есе кемиді. Ал егер танаптағы егістің пісіп-жетілуі әртүрлі болған жағдайда, бөлектеп жинау әдісін қолда- намыз. Сонда барып керекті бірнеше күндерді ұтамыз, неге десең дестедегі атжалдар бірнеше тәулік бұрын пісіп-жетіледі де, ерте жиналады.



Өнімді жинау.

«Ижевскі» ӨК-де өнімді жинауға керекті техникалардың барлығы бар: 4 Мега-240 комбайны, 1 Енисей-950, 30 Енисей-1200 комбайны, 16-Вектор комбайны бар.

Барлық комбайндар паркі жаңа. Бастырылған астықты тасымалдау үшін 16 Камаз және Газ-53 дизелді автомашиналары бар.

Жиналған тұқымдарды тазалау: жеткілікті түрде механикаландырылған тазалағыштар: ЗАВ-40 4 дана, ЗАВ-20 1, БЦС-100-1, ОС-25 2 дана бар. 2005 жылы шаруашылықта өндіріске жаңа германдылық «Петкус» тұқым тазала- ғышы іске қосылды, өның өнімділігі 12 т/сағ тұқымды-элитаны дайындап береді.

Сорттық тұқымдарды сақтау: ол үшін шаруашылықта типті қоймалар бар. Әрбір питомник, суперэлита, элита үшін бөлектеп сақтайтын орындар бар, және осы тұқымдардың барлығы 50 кг-дық қаптарда сақталанады.

«Ижевскі» ӨК-де өндірілген астықтардың сапасы жақсы, олар ақуызға бай (16-18%), әсіресе құрғақшылықты жылдары (20%-дан артық). Шаруа- шылықта өзінің ұн шығаратын цехы бар және осы ұннан нан пісіретін наубайханасы да бар, онымен халықты қамтамасыздандырады.

Сонымен қатар бидайдың қатты түрлерінен жарма, макарондық цех және лапша, вермишель дайындайтын қондырғылары да бар. Бұл өнімдерді сол өз шаруашылығына және Аршалы ауданына таратылып сатылады.

Қорытындылап айтқанда, «Ижевскі» ӨК-де өсімдікшаруашылығының жақсы дамуының арқасында жергілікті халықты керекті ауылшаруашылық- тық өнімдермен және құс шаруашылығын да түгелдей қамтып отыр.

1 Қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ



ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

Осы заң Қазақстан Республикасына шаруа (фермер) қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс істеуінің құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілейді.

I – тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1 – бап. Шаруа (фермер) қожалығы


  1. Адамдардың жеке сіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылы

ғына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп аталады.

Заңды тұлға құрмай және заңды тұлға белгілі болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар шаруа (фермер) қожалығы субъектілері болып табылады.



  1. Шаруа (фермер) қожалығының мүшелер ортақ шаруашылықты

бірлесіп жүргізетін жұбайлар, балалар, асырап алынған балалар (қыздар), ата-аналар және басқа да жақын туыстар болып табылады.

  1. Шаруа (фермер) қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкін:

кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылықкәсіпкерлік нысанада жүзеге асырылатын шарруа қожалығы; өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы; бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меңшік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.

  1. 18 жасқа толмаған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабылетті

кезкелген азаматы шаруа (фермер) қожалығының басшысы бола алады.

Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ұйымдармен, азаматтармен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді және заңмен тыйым салынбаған азаматтық құқықтық мәмілелерді жүзеге асырады.



  1. Ауырған немесе ұзақ уақыт орнында болмаған жағдайда шаруа

(фермер) қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерінің біріне өз қызметін атқаруға уәкілеттік бере алады.

Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ауысқан жағдайда оның мүшелері қожалықты тіркелген органға бұл туралы ортақ өтініш беріп хабарлайды. Құқық мұрагері атына жер туралы заңдарға сәйкес жер пайдалану құқығына мемлекеттік акт беріледі.



2-бап. Шаруа (фермер) қожалығын құру

Шаруа (фермер) қожалығы ерікті негізде құрылады және жер пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап құрылды деп есептеледі.



3-бап. Шаруашылық жүргізу нысаны ретінде шаруа (фермер) қожалығы

  1. Шаруа (фермер) қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл

шаруашылығының тең құқықтық өндңрістік біолігі болып табылады.

  1. Шаруа (фермер) қожалығы өз қызметінің бағытын, өндірісінің

құрылымы мен көлемдерін дербес айқындайды, өнімді өсіреді, ұқсатады және сатады, сондай-ақ шаруашылық жүргізумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді.

4-бап. Шаруа (фермер) қожалығының меншігі

  1. Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі ортақ бірлескен немесе ортақ

үлестік меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады.

  1. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің меншігінде жер

учаскесіндегі екпелер, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін және жұмысқа жегілетін мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлік құралдары, керек-жарақтар және қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлік болады.

3. Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған жемісі, өнім мен табыс шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік мүлкі болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша пайдалынылады.

4. Шаруа (фермер) қожалығының мүшелерінің мүліктік қатынастары азаматтық және жер туралы заңдардың тиісті нормаларымен реттеледі.

5-бап. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің мүлкін мұраға алу

және олардың жер пайдалану құқығы

Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі мен жер пайдалану құқығы заң немесе өсиетхат бойынша азаматтық заңдарда көзделген тәртіппен мұраға алынады. Шаруа (фермер) қожалығының жүргізуді жалғастыратын мұрагерлер мұраға алынған мүлікке және жер пайдалану құқығын мұраға алған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

II тарау. ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР

ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ



6-бап. Шаруа (фермер) қожалығына жер учаскесін беру

1. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге тілек білдірген азаматтарға жер учаскелері тұрақты немесе уақытша тегін жер пайдалану құқығымен ұсынылады (беріледі).

2. Жер (шартты жер) үлесіне құқығы бар және ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шыққан азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін осы ұйымдардың жерінен жер учаскелері беріледі, олардың кадастрлық бағасы бойынша орташа деңгейде болуға тиіс.


  1. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алған

және ауылда (селода) тұрғын үйі бар азаматтардың ауладағы жер учаскесі меншік құқығында сақталады, ол шаруа (фермер) қожалығы жер пайдалануының құрамына еңгізілмейді.

  1. Жер (шартты жер) үлесіне құқығы жоқ азаматтарға шаруа

(фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері арнайы жер қоры мен запастағы жерден беріледі.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері елді мекендердің жері – ауыл шаруашылығы пайдалынатын жерлер құрамынан да берілуі мүмкін.



  1. Жері бөлінуге жатпайтын ауыл шаруашылығы ұйымдарынан

шыққан азаматтар шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін арнаулы жер қорының жер құрамынан жер учаскесін бірінші кезекте алуға құқылы.

  1. Арнаулы жер қорының, елді мекендердің және запастағы жер

учаскесін алудың басым құқығын арнаулы ауыл шаруашылық білімі мен біліктігі бар, ауыл шаруашылығында практикалық жұмыс тәжірибесі бар және сол ауданда, қалада, ауылда (селода), поселкеде тұратын азаматтар пайдаланады.

  1. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін уақытша тегін жер

пайдалануға:

орман қоры жерлері мен запастағы жерлердегі орман шаруашылығы мұқтаждары үшін пайдалынылмайтын ауыл шаруашылық алқаптарынан заңдарда белгіленген тәртіппен және шарттарда;

ақысыз берудің белгіленген нормаларынан тыс жер берілген жағдайда жер учаскелері берілуі мүмкін.

7-бап. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін

беру нормалары


  1. Жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін

Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты пайдалануға мынандай мөлшерде:

ауыл шаруашылығы ұйымдарының (кәсіпорындарының) жерлерін – осы ұйым бойынша отбасының жер (шартты жер) үлесіне құқығы бар әрбір мүшесіне орташа жер (шартты жер) үлесі мөлшерінде;

арнайы жер қорындағы жерлерден – отбасының қожалық ұйымдастыруға тілек еткен еңбекке қабілетті әрбір мүшесіне орташа аудандық жер (шартты жер) үлесі мөлшерінде ақысыз беріледі.


  1. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін тұрақты пайдалануға

болуымүмкін жер учаскесінің шекті (ең үлкен) мөлшерін жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге байланысты облыстық атқарушы орган белгілейді.

Осы учаскелердің шекті мөлшеріне дейін азаматтарға тұрақты пайдалануға ақысыз берілетін нормадан тыс қосымша жер учаскелерін олардың ақы төлеп алуы мүмкін.




8-бап. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін

беру тәртібі

1. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін алғысы келетін азаматтар жерді пайдалануға беру құқығы бар жергілікті атқарушы органға жер пайдалану құқығын беру туралы өтініш жасайды.

Жер (шартты жер) үлесіне құқығы бар азаматтар жергілікті атқарушы органға және өздері құрамынан бөлініп шығатын ауыл шаруашылығы ұйымына өтініш жасайды.

Өтініште сұрап отырған жер учаскесінің тұрған жері, шаруа (фермер) қожалығының құрамы, жер (шартты жер) үлесінің саны, олардың жалпы көлемі, балл-гектармен бағалануы көрсетіледі.

Аталған шаруашылықтың басшысы мен мүшелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығын беру туралы өтінішке қол қояды.

Өтінішке ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы, жер (шартты жер) үлесіне (олар бар болса) құқығы туралы куәліктердің және қосымша жер (шартты жер) үлесін алу үшін жасалған шарттардың көшірмелері, шаруашылық басшысының ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын еңбек кітапшасынан көшірме не тиісті білімі туралы немесе арнаулы дайындықтан өткені (жер (шартты жер) үлесіне құқығы жоқ азаматтар үшін) туралы құжат қоса тіркеледі.



  1. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бір

айдан кешіктірмей жерге орналастыру жобасы негізінде жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдайды.

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдалануынан жер (шартты жер) есебіне жер учаскесін берген кезде өтініш берілген күннен бастап он күн мерзім ішінде (шартты жер) үлесі иелерінің немесе олардың өкілдерінің жиналысы өтуге тиіс, ол жер учаскесінің орналасқан жері туралы хаттамамен ресімделетін шешім қабылдайды.

Жер (шартты жер) үлесі иелерінің немесе олардың өкілдерінің кемінде 50% қол қойған хаттама жергілікті атқарушы органға беріледі және жер (шартты жер) есебіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.


  1. Жер учаскесін беру мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы

органның шешімімен дәлелді бас тарту жасалады, оның көшірмесі өтініш берушіге шешім қабылданған соң жеті күн мерзім ішінде табыс етіледі.

Жер учаскесін беруден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.



  1. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскесіне жер

пайдалану құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес жер учаскесінің шекараларын белгілеу және жер пайдалану құқығына құжат беру жүргізіледі.

Жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу, шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығына құжаттар дайындау мен беруді жерге орналастыру қызметі бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырады.



  1. Әрбір жер учаскесіне берілген тұрақты жер пайдалануға арналған

акт (уақытша жер пайдалану туралы шарт) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шаруа (фермер) қожалығының басшысына беріледі.

  1. Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығы Қазақстан

Респубкасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ол тіркелген сәттен бастап пайда болады.

9-бап. Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалануы

  1. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері бірыңғай

алап болып беріледі, бұған жекелеген жер учаскелері мен ауыл шаруашылық алқаптары топырақ сапасы бойынша құндылығы жағынан салғастыруға келмейтін (азық дайындау шектеулі болатын, мал жайылымдарын пайдаланудың маусымдылығы айқын білінетін суармалы жер аймағындағы) және тегін жер пайдалануға уақытша берілетін жерлер қосылмайды.

  1. Шаруа (фермер) қожалығына берілетін жер учаскесі, егер

олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, оның мүшелерінің ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығында болады. Мүліктің тиесілі бөлігі (салымы, үлесі, жарнапұлы) ақшалай өтеледі. Төлеу мен өтемақы жасау тәртібі, мерзімі қожалықтың барлық мүшелерінің өзара уағдаласуы бойынша белгіленеді.

  1. Тұрақты жер пайдалану құқығына не шаруа (фермер) қожалығы

осы құқыққа: сатуға, сыйға тартуға, қайталама жер пайдалануға тапсыруға, айырбастауға, басқа нысандарда өзгеге беруге, кепілге тапсыруға, мұраға қалдыруға, сондай-ақ осы құқыққа қатысты азаматтық және жер туралы заңдарда тыйым салынбаған өзге де мәмілелерді жасауға мемлекеттік органдардың қандай да бір рұқсатынсыз иелік ете алады.

  1. Тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы шаруа (фермер) мүлкінің құрамына кіреді, онымен ол өз міндеттемелері бойынша жауап береді.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет