Солтүстік Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы



бет4/18
Дата21.04.2017
өлшемі11,09 Mb.
#14463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Бақылаулық сұрақтар:

  1. Картоптың сорттық нышандарын атаңыздар.

  2. Картоптың түптерінің пішіндеріне қарап сорттарын анықтайды.

  3. Картоп сорттары жапырақтарының бөлшектену деңгейлері.

  4. Картоп сорттарын түйнектердің түстеріне қарап айыру.

  5. Картоп сорттарын жұмсақтарының түстеріне қарап айыру.

  6. Тіркелген картоп сорттары.

  7. Дақылдың тарау аймақтары және шығу тарихы туралы мәлімдеңіз.

  8. Картоптың азық-түліктік және мал азықтық жағдайлары және өңдеу өндірістері үшін шикізат есебіндегі шешетін міндеттеріне тоқталыңыз.

  9. Картоп дақылының өсуінің негізгі кезеңдерін атаңыз. Сол әрбір кезеңнің ролі.

  10. Картоптың жылулыққа сұранысы.

  11. Картоп ылғалдылыққа қандай талаптар қояды.

  12. Картоптың топыраққа, ауа режіміне қоятын талаптары.

  13. Қазақстанда өсетін сорттарға мінездеме беріңіз.

  14. Картоптың ауыспалы егістегі орны. Азық-түліктік картоптың мысал ретінде ауыспалы егістігінің кестесін атаңыз.

  15. Картоп қандай кезеңдерінде қоректік заттарды топырақтан көп мөлшерде алады.

  16. Кәдімгі қара топырақтағы тыңайтқыштарды пайдалану мезгілі, ұсынылған мөлшерлерінің салыстырмалықтарын атаңыз.

  17. Аймаққа, топырақты-климаттық жағдайларға, алғыегіске байланысты картоп үшін топырақты күздік өңдеудің ерекшеліктері.

  18. Картопты әртүрлі әдістермен отырғызғандағы топырақты көктемдік өңдеудің ерекшеліктері.

  19. Картоп түйнектерін қашан және қандай химикаттармен өңдейді?

  20. Картопты отырғызу мезгілін таңдағанда қандай факторларды ескерген дұрыс?

  21. Картопты отырғызу тереңдігі неге байланысты?

  22. Облысымыздағы тұқымдық және азық-түліктік картопты отырғызудың ұсынысты жиілігі.

  23. Колорада қоңызымен күресу жолдары.

  24. Картопты жинау технологиясы қандай операцияларды қамтиды?

  25. Тұқымдық картопты жинау ерекшеліктері.

  26. Картопты сақтау кезеңдерінде қандай режімдерді қолданған дұрыс?

  27. Картоптың биологиялық өнімділігін есептеңіз, егерде жинаудың алдындағы өсімдіктер саны 40 мың 1 га, түйіндердің орташа салмағы 80 г, түйіндердің түптердегі орташа саны – 6 болса.

5.Бөлім. Майлы дақылдар тұқымдарын өсіру технологиясы



және сорттардың морфобиологиялық ерекшеліктері
Майлы дақылдарға тұқымдары мен жемістерінде май болатын (20-60%) азық-түліктік, техникалық маңыздары зор, кәдімгі өсімдік майын өндіруге пайдаланылатын далалық өсімдіктердің үлкен бір тобы жатады. Олар күнделікті өмірде, консерві, кондитор өнеркәсібінде кеңінен қолданылады, маргарин, сабын, олиф, лак пен сыр өндіріледі, медицинада, ветеринарияда т.б. пайдаланылады.

Көптеген майлы дақылдардың күн жарасы (жмығы) белок пен майға бай, бағалы құнарландырылған мал азығы. Сонымен қатар, көптеген майлы дақылдар бағалы мал азықтық дақылдар. Олардың көбі – жақсы бал шырынды өсімдіктер.

Пайдалануына, егістік алқаптардың көлеміне қарай олардың бағалылығы бірдей емес, және әртүрлі топырақ-климат аймақтарында өсіріледі.

Олифті майлар шығару үшін қанықпаған қышқылдары барлары ең бағалы болып есептелінеді.

Майдағы қанықпаған қышқылдардың көлемінің мөлшерін йодтың саны (100 г майдағы йодтың грамдылық саны) анықтайды. Майдағы йодтың саны көп болған сайын, ол тез кебетін болады.

Майдағы йодтың санына байланысты олар 3 топқа бөлінеді:



  1. кебетіндер (йодтың саны 130 артық) – олар негізінен техникалық

майлар (зығырлық, арыштық).

  1. жартылай кебетіндер (йодтың саны 85-130) – негізінен азық-түліктік

майлар (күнбағыстық, қытайбұршақтылық, рапстық, қышалық, сафлорлық).

  1. кеппейтіндер ( 85 аз) – арахистік (азық-түліктік), касторлықтар (тех-

никалық бағыттағы).

Азық-түліктік және техникалық майлар құрамындағы бос майлы қышқылдардың саны аз болуы керек (неге десең олардың болуы майларды қосымшалық өңдеуді талап етеді).

Азық-түліктік майлар өндірісінде көлемі бойынша бірінші орынды қытайбұршақ, екінші орынды – күнбағыс, содан кейін арахистік, мақталық, рапстық, мақсарылық, жүгерілік және сафлорлықтар алады. Техникалық майларда бірінші орында зығырлық, екінші-касторлықтар, үшінші-мақсаралықтар алады.
5.1 Майлы дақылдардың биологиялық ерекшеліктері

Күнбағыс – Қазақстандағы, Ресейдегі, Украинадағы негізгі майлы дақыл, егістіктің 70%, барлық өнімнің 85% және мемлекеттік тұқым майын сатып алудың 90% қамтамасыз етеді.

Күнбағыстың Қазақстанда аудандастырылған жоғарымайлы сорттарының тұқымдарында 52-56% май және 16,0-16,5% протеин бар. 100 г күнбағыс майының калориялылығы - 929 үлкен калория болады, ал сары майда -780. Калориялығы бойынша күнбағыс майының 1өлшемдік бөлігі - 2-3 қант, 4 бөлім нан, 8 бөлім картоппен бірдей. Ал сіңімділігі бойына күнбағыстың майы сары майдан ғана кемдеу.

Жартылай кебетін күнбағыс майы табиғи және өңделген түрінде (марга- рин, майонез ж.б.) тамақтық мақсатқа кеңінен қолданылады. Тамаққа жарамсыз майдың бөлігін сабын, олиф, линолекум және басқа бұйымдар өндірісінде қолданылады.

Тұқымды өңдегеннен кейін қалатын қалдықтар күнжара мен шрот бағалы құнарландырылған мал азығы, олардың құрамында 1,02 кг азықтық өлшем бірлігі бар, әрі сіңімді протеинге бай. Үгітілген кәрзеңкелері мал азығына жұмсалады және олар тұқым өнімі массасының 50-60% құрайды. Күнбағыс – сүрлемдік, ықтырмалық дақыл, жақсы жақсы бал шырынды өсімдік.

Отамалы дақыл есебінде – дәнді дақылдар үшін жақсы алғыегіс.

Күнбағыстың шыққан жері – Солтүстік Американың оңтүстігі. Европаға XVI ғасырда испандықтар әкелген, ал Ресейге XVII ғасырда (әсемдік өсімдік есебінде пайдаланған) әкелінген. Бірақ күнбағысты нақтылы пайдалану XVIII ғасырдан басталанады. 1835 жылы Воронеж губерниясында қол сыққышы арқылы оның тұқымынан май алынған. 1865 жылы осы губернияда бірінші майжуаш заводы салынды.

Күнбағыстың негізгі аумақтары: Аргентина, АҚШ, Канада, Қытай, Испания, Түркия, Румыния, Франция Болгария, Украинада орналасқан. Оның орташа өнімділігі 8-10 ц/га, ең жоғарғы шекті өнімділігі 50 ц/га-дан асады.

Кубанда жақсы жоғары өнімділік 27-29 ц/га алынған.

Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктері. Күнбағыс – континентальді климаттың өсімдігі. Күнбағыс шекілдеуігі +4-6˚ температурада өне бастайды, ең қолайлы температура +10-12˚ деп есептеледі және бұл жағдайда күнбағыс көгі 6-8 күн дегенде пайда болады. Өркендер -5-6˚ үсікті жеңіл көтереді. Гүлдену кезеңіне қарай жылуға қоятын талабы да өсе түседі де гүлдену мен кейінгі дамуына +25-27˚ температура қолайлы деп есептеледі. Күнбағыс жоғары температураны 8-10 сағат бойы тұрақты түрде көтере алады. Басқа дақылдармен салыстырғанда ол аз зақымданады, транспирация күшінің нәтижесінде және өсімдік бойындағы түктердің жылу сәулелерін шашаратып жіберетіндіктен жоғары температура мен аңызғақтан күйікке ұшырамайды. Толық вегетация кезеңінде қажетті белсенді температура жиынтығы 1800-2300˚С. Солтүстік Қазақстан жағдайында ерте және ортадан ерте пісетін сорттар үшін бұл көрсеткіш 1900-2100˚С.

Күнбағыс ылғалды көп қажетсінеді (транспирация коэффициенті 470-550), алайда қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Өсіп-өну кезеңдеріне қарай жалпы пайдаланатын судың шығыны төмендегідей: кәрзеңке түзілгенге дейін 20-22%, гүлденудің соңына дейін 60-60%, піскенге дейін 18-20%.

Күнбағыс – қысқа күнді, жарық сүйгіш өсімдік. Басқа өсімдіктермен көлеңкелеуін, әсіресе жас шағында, сонымен қатар ұзақ бұлынғыр ауа райы өсімдіктің өсуі мен дамуын әлсіретеді, өсіп-өнуін ұзартады. Ерте пісетін сорттардың вегетациялық кезеңі 80-100 тәулік, орташа пісетіндерде 100-120 тәулік, ал орташа кештерде 120-140 тәулік.

Күнбағыстың өсіп дамуына қара және қоңыр топырақтар қолайлы болып табылады, құмдақ, сазданған және сортаң топырақтың жарамдылығы шамалы.

Күнбағыс 1т тұқым шығару үшін N – 50-60 кг, Р2О5 – 20-25 кг, К2О – 120-160 кг талап етеді. Ол ең керекті қоректілік заттарды кәрзіңкелері пайда болғанда және гүлденеу кезеңінде тым сұрастырады.

Күнбағыстың өсіп даму вегетациясында мынадай фенологиялық кезеңдерді ажыратады: көктеу, нағыз жапырақтардың бірінші жұбы, қауыздануы (кәрзіңкелердің түзіліуі), гүлденуі, пісуі.



Жаздық рапс капуста тұқымдастарына (Brassicaceae) жатады. Мәдени түрі екі пішінді болады: жаздық рапс немесе кольза және күздік рапс. Жаздық рапстың тұқымдарында 35-40% жартылай кебетін май, 21%-ға дейін ақуыз және 17-18% көмірсутегі болады.

Жартылай кебетін рапс майының тағамдық және техникалық маңызы бар. Рапстың эрукиясыз сорттарын азық-түлікке, ал басқа сорттарын техникалық жағдайларда: темірді жасытқанда, каучук, сабын және жағар май өндірісінде көптеп пайдаланады.

Соңғы жылдары рапс бағалы мал азықтық дақыл ретінде көңіл аударуда.

Рапстың 100 кг көк балаусасында 16а.ө. және 4,5 кг ақуыз болады, бұл дегеніміз жүгері мен күнбағыспен салыстырғанда есе есе артық деген сөз.

Сол сияқты рапстың көк балаусасы витаминдерге, кальций, фосфор, күкірт және басқа да минералды заттарға бай. Рапсты асбұршақ, қара бидай және сұлымен бірге өсіріргенде ақуызға өте бай көк балауса шығады. Бірақ бұл мал азығын жануарларға күнде, болмаса көп мөлшерде бере беруге болмайды, неге десең малдардың организмдерінде темір затының көлемі артып кететіндігі байқалды.

Рапстың шыққан тегі жерортатеңізінің елдері болып саналанады. Бұл дақыл осыдан 4000 жыл бұрын мәдени дақылға айналған. Ол Европада XVI ғасырда, ал Ресейде тек XVIII ғасырда ғана пайда болды. Ал Франция, Германия, Польша, Щвеция, Финляндия және Батыс Европаның басқа елдерінде және сол сияқты Украина, Белоруссия, Балтық теңізі жағалауы елдерінде оның күздік түрі өсірілінеді. Тұқымдық өнімі 20 ц/га дейін жетеді.

Жаздық рапс Азияда – Қытай, Индия, Пакистан және Канада, Ресей, Қазақстанда көп тараған дақыл. Тұқымдық өнімі 12-20 ц/га дейін жетеді.

Рапстың сабаны мен бұршаққыны фурфуралин және қағаз өндісінде шикізат есебінде кеңінен қолданылады.

Рапс күздік және жаздық дәнді дақылдар үшін жақсы алғыегіс болып табылады, ол танаптарды арамшөптерден тазартып, топырақтардың құры- лымын жақсартатын қасиеті бар дақыл.

Жаздық рапстың биологиялық ерекшеліктері. Жаздық рапс топырақты-климаттық жағдайға сұранысы аз, сондықтан ол күздік рапсқа қарағанда көп аумаққа себіледі. Жаздық рапс – суыққа төзімді өсімдік, оның тұқымы 1-3˚С жылылықта өне бастайды, өскіндері топырақтың ылғалдылығы мен жылы- лығына байланысты 4-15 тәулікте шыға бастайды. Өскіндері көктемгі -4-5˚С, ал негізгі өсімдіктері күзгі -8˚С үсікті жеңіл көтереді. Рапстың бір биологиялық ерекшеліктері ол көктемдегі температураның төмендігіне қа- рамай жақсы биологиялық масса бере алады.

Сол сияқты, тәуліктің орташа температурасы +5, +6˚С болса да, ол қыркүйекте және қазан айларында да биомассаларын жинақтай береді, ал ол кезде жаздық дәнді дақылдар керісінше өсуін тоқтатады. Сонымен рапстың өсіп жетілуі гүлденуінің соңына дейін болады. Өсіп-өну кезеңіне керекті белсенді температура жиынтығы 1620-1700˚С. Жаздық рапсты белсенді температура жиынтығы 1900-2000˚С, ал жауын-шашын көлемі 330 мм (жазғы кезеңде 180-200 мм) болатын аймақтарда орналастырған дұрыс.

Жаздық рапс – ылғал сүйгіш өсімдік, әсіресе қауыздану мен гүлдену кезеңдерінде ылғалды көп талап етеді, транспирация коэффициенті 500-600 бірлікке тең.

Басқа капуста тұқымдас майлы дақылдарға қарағанда рапс топыраққа қажетсінуі жоғары, қара, қоңыр топырақтарда жақсы өседі, өсіп-өну кезеңі 95-110 тәулік. 1ц рапстың тұқымын құрастыру үшін дәнді дақылдарға қарағанда бірсыпыра артық қоректілік заттарды талап етеді. Мысалы, оның топырақтан жобалы сіңіруі: N – 6кг, Р2О5 – 2,4кг, К2О – 4,2 кг болады.

Рапс – ұзақ жарықты күндік дақыл, жарықсүйгіш. Оның өсу кезеңдері: көктеу, сабақтану (бұтақтану), шанақтану, гүлдену, пісу.

Майлы зығыр. Майлы зығырдың тұқымдарында 35-42% май болады. Оның майлары тез кебеді, мықты, жұқаша келген қабықшаларды құрастырады, жоғары сапалы олиф, лак, эмаль жасау үшін пайдаланады. Техникалық майлардың ішінде көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орынды алады. Майлы зығырдың сабаны дөрекі жіп, мата, қапшық жасауға пайдаланатын қалдық талшық пен қысқа талшық өндіруге жарамды болып табылады. Майлы өндірісінің қалдықтары (күнжара мен шрот) қорытыла- тын протеинге бай бағалы құнарланған мал азығы, онда 6-12% май және 30% –ға дейін кеппеген ақуыз болады. 1 кг күнжараның тамақтылығы 1,15 а.б.

Солтүстік Қазақстанда майлы зығырды көбінесе Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарында және Ақмола облысының солтүстігінде өсіріледі. Қазақстан бойынша орташа өнімділігі шамалы - 1,2-3,1ц/га мөлшерінде.

ҒЗИ және сортучаскелерінің мәліметтері бойынша сол аймақтардың жағдайларында 9-12 ц/га өнім алуға әбден болады. Майлы зығырды тауарлық өндіріске өсіретін негізгі аймақтар: Солтүстік Кавказ, Орта Азия, Украина,

Ресей (Орал, Батыс Сібір), Солтүстік Қазақстан.

Сыртқы шет елдердің ішінде Аргентина, АҚШ, Канада және Индия да майлы зығырдың себілетін аумақтары біршама.

Майлы зығырдың биологиялық ерекшеліктері. Оның тұқымдары +3-4˚С температурада өсе бастайды, +12-14˚С өнуі жақсы жүреді, - 3-4˚С үсікті зығыр көгі ауыртпалықсыз көтереді. Орташа мерзімде пісетін сорттарға қажетті белсенді температура жиынтығы 1600-1800˚С. Өсімдіктің қуаңшы-лыққа ең жоғары төзімділігі көктеуден гүлденуге дейінгі кезең. Осы уақытта тамыр жүйесінің өсуі мен оның топыраққа бойлай енуі іске асады.

Майлы зығыр ылғалға орташа талап қояды (транспирация коэффициенті 370-430 бірлікке тең). Ылғалға барынша жоғары қажеттілігі гүлдену-тұқым толысу кезеңіне дәл келеді, бұл кезеңде топырақтағы ылғал жетімсіздігі өнімді күрт төмендетеді.

Майлы зығырға ең қолайлысы – орташа механикалық құрамдағы қара және қоңыр топырақ. Сортаңдау комплекі бар топырақ майлы зығыр өсіруге жарамайды.

Зығыр өздігінен тозаңданатын өсімдік, біоақ жоғары температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен болған жағдайда өсімдіктердің бір бөлегі айқас тозаңдануы да мүмкін. Зығыр әдетте таңғы сағаттарда гүлдейді, жекелеген гүлдер – 3-5 сағатта гүлдеп бітеді, алайда алқаптың гүлденуі 30-40 күнге дейін созылуы мүмкін. Вегетациялық кезеңі 80-114 тәулік.

Зығырда мынадай фенологиялық кезеңдер ажыратылады: көктеу (тұқымдық жапырақтың пайда болуы), «елочкасы», гүл қауызының пайда болуы, гүлдену, пісу.
Майлы дақылдардың тіркелген сорттары

Күнбағыстың тіркелген майлы дәнділік сорттары. Донской крупноплодный. Сорт Донның майлы дақылдарының тәжірибелік стансасында шығарылған. Өсімдіктің биіктігі 170-230 см. Тұқымдары қоңыр түсті, аздап жолақтары бар, 1000 дәннің массасы 138,9г, натурасы 400-423 г, күнжарасы 23,4-30,6%, дән шығымы 46-48%. Тұқымдылық өнімділігі орта есеппен 15,3-19,9 ц/га. Орташа пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 113-118 тәулік. Сорт заразихаға және ұн ұлпасы ауруына жоғары дәрежелі төзімділігімен сипатталанады.

Ақмола (Көкшетау өңірі) және Шығыс-Қазақстан облыстарында тіркелген.



Родник (Р-453). Сорт БМДҒЗИ-да шығарылған. Сабақтары биік 180-200 см, кәрзеңкелері аздап майысқан, тұқымдары қоңыр-күрең түсті. 1000 діннің массасы 54-60 г, натурасы 407-424 гр., күнжарасы 19,6-22,8%. Сорт заразиха және ұн ұлпасы ауруына төзімді. Өте ерте пісетін сорт, вегетация кезеңі 94-116 тәулік.

Ақмола (Көкшетау өңірі) және Шығыс-Қазақстан облыстарында тіркелген.



СПК – кондитрлік. Сорт БМДҒЗИ-да шығарылған. Сабақтарының биіктігі 200-220 см, кәрзеңкелері аздап майысқан, тұқымдары қоңыр-күрең түсті. 1000 діннің массасы 83,5-88,8 г, натурасы 388-394 гр. Сорт заразихаға орташа төзімді, ұн ұлпасы ауруымен орташадан жоғары залалданады.

Ақмола, Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелген.


Скороспелый 87. Сорт Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ-да шығарылған. Өсімдіктің биіктігі 124-136 см. 1000 дәннің массасы 62,1-75,0г., күнжарасы 20,8-21,4%. Дәндегі майдың көлемі 47,9-51,2%, ақуыз 19,2-20,8%. Өте ерте пісетін сорт. Сорт заразихаға орташадан жоғары төзімді, ұн ұлпасы ауруымен орташадан төмен залалданады.

Шығыс-Қазақстан облысында тіркелген.

Жаздық рапстың тіркелген сорттары.

Золотонивский (00) – Сібір АШҒЗИ-да шығарылған. Орташа мерзімде пісетін (90-100 күн) қуаңшылыққа, зиянкестер мен ауруларға орташа төзімді сорт. Жапырылуға төзімді, тамырында тұрып қалғанда шашылуға бейім. Сорт мол өнімді, тұқымның майлылығы 41-46%. Эрукиясы жоқ, глюкозин- олаты аз сорт. Глюкозинолатың тұқымдағы көлемі 1,9-2,3%.

Шпат – майлы дақылдардың БОҒЗИ-да шығарылған. Күздік сорт. Орташа пісетін, вегетациялық кезеңі 87-99 тәулік. Майлылығы – 41-43%, зрукия қышқылы – 0,5%, глюкозинолаты – 6%.
Майлы зығырлың тіркелген сорттары

Кустанайский янтарь – Қостанай АШҒЗИ-да шығарылған. Өскіндері қоңыр-жасыл түсті. Орташа кеш пісетін (109-114 күн) сорт, куаңшылыққа орташа төзімді, жапырылуға төзімді, жоғары өнімді. Сабағы тік өседі, тегіс целиндр пішінді және бұтақты, биіктілігі 30-60 см. Жапырақтары ланцетті, қоңыр-жасыл, антицианы жоқ. Гүл шоғыры шоқтыгүл, орташа, гүлдерінің түстері ашық көк. Гүл жатыны бес ұялы домалақ қорап. Тұқымдарының түсі қоңыр, жұмыртқа пішінді. 1000 тұқымның массасы 6,8г. Майлылығы 44,7%, йодтың саны 181. Қостанай облысында тіркелген.

Опал – БМДҒЗИ-ның Сібір тәжірибе стансасында шығарылған. Түршесі аралық. Орташа мерзімде (82-106 күн) піседі, құрғақшылыққа орташа төзімді, буданды аурулар мен жапырылуға төзімді, жоғары өнімді. Түптің биіктігі 40-45 см, түксіз. Жапырақтары ланцетті, түксіз болмаса аздап түктенген. Жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасқан. Гүл шоғырлары шоқтыгүл. 1000 дәнінің массасы 7,7-8,5г. Майлылығы 45%, май жиылымы 553кг/га. Йодтың саны 183, стандарттан 3 білігі артық.

Солтүстік-Қазақстан облысында тіркелген.



Карабалыкский 7 – Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе стансасында шығарылған. Аралық тобына жатады. Орташа мерзімде піседі (97 тәулік).

Сибиряк сортынан 1-2 жұма бұрын піседі. Қуаңшылыққа орташа төзімді, саңырауқұлақ аурулары мен жапырылуға төзімді сорт. Түптері қысылған, жинақы, биіктіктері 55-60 см. Жапырақтары ланцетті, жапырақтануы мол. Гүлдері көкшіл түсті. Тұқымдары жұмыртқа пішінді, қоңыр түсті. Өнімділігі өте жоғары. Тұқымдарының майлылығы орташа есеппен 43%. 1000 дәннің массасы 7,2г. Механикалық жинауға көнімді.

Қостанай және Ақмола облыстарында тіркелген.

Исилькульский – Сібір ауылшаруашылық тәжірибе стансасында шығарылған. Аралық тобына жатады. Орташа мерзімде (80-95 күн) пісетін, қуаңшылыққа, саңырауқұлақ ауруларына орташа төзімді сорт. Жапырылуға төзімді, жаппай піседі, мол өнімді, тұқымның майлылығы 42-44%. 1000 дәннің массасы 7,6-8,0г.

Солтүстік-Қазақстан облысында тіркелген.


Бақылаулық сұрақтар:

  1. Йод санының мөлшеріне байланысты майлы дақылдарды бөлу.

  2. Күнбағыстың халық шаруашылықтылық маңызы.

  3. Күнбағыстың жылылыққа сұраныстығы.

  4. Күнбағыстың ылғалдылыққа қатынасы.

  5. Күнбағысты тұқымға өсіруге керекті жақсы топырақтар.

  6. Рапс майын халық шаруашылығында пайдалану.

  7. Рапстың температура режіміне қатынасы.

  8. Рапстың ылғалға қажеттілік кезеңі.

  9. Рапстың топыраққа және қоректілік элементтерге сұраныстығы.

  10. Майлы зығырдың халық шаруашылықтылық маңызы.

  11. Майлы зығырдың температура режіміне қатынасы.

  12. Зығырдың топыраққа және қоректілік элементтерге сұраныстығы.

  13. Майлы зығырдың өсу және жетілу кезеңдері.




    1. Майлы дақылдардың сорттық ерекшеліктері


Күнбағыстың сорттық нышандары.

Күнбағыстың элита тұқымдарын өндіру келесідей кескінде жүргізіледі:



  1. тұқым шаруашылықты элита;

  2. ұрпақты бағалайтын питомник;

  3. тұқымдық питомник;

  4. суперэлита;

  5. элита

Саны 1-2 мың бастауыш туыстылығы тәнтілі жақсы өсімдіктерді, бірне-

ше географиялық нүктелерден таңдап алады. Әрбір кәрзеңкенің тұқымдарының ядросындағы күнжара және май көлемдерін анықтайды, содан кейін 400-600 жақсы кәрзеңкелерді таңдап алады, міне осылардың тұқымдарын ұрпақты бағалайтын питомникті себуге пайдаланады.



Ұрпақты бағалайтын питомник. Егістерді бір реттілік мөлдектерде екі рет қайталаумен орналастырады. Бақылаушы сорт болып өткен жылдың егісінің суперэлиталық тұқымдарын аламыз. Питомникте жақсы нөмерлілерді бір-бірімен қайталама тозаңдандырады және 3-4 рет тазалайды. Әрбір мөлдектен (ұрпақтан) ядродағы майды, күнжарасын, панцирлігін, 1000 дәннің массасын, натурасын анықтау үшін орташа сынамалықты алады. Барлық ұрпақтықтың тұқымдарын мамандандырылған питомникте олардың сұмқұлаға төзімділігін анықтау үшін паралелдеп себеді. Егістен қалған тұқымдарды сақтап қояды. Далалық және зертханалық бағалаулардың де-ректеріне сүйеніп, бақылаулықпен (нөмір) салыстырып, себілгендердің 30-40% санын таңдап алады.

Тұқымдық питомник. Тұқымдық питомникте ұрпақты бағалайтын питомниктің деректері бойынша, көрсеткіштері жақсыларды, яғни манағы қалдықтарды (нөмерлердің қоры) себеді. Тұқымдық питомниктің өнімдерін элита өндірісі үшін пайдаланады.

Сортты танып алу үшін, оның күнібұрын ботаникалық құрамын анықтау керек. Сорттық жеке түрдің ішінде бір сорт, бір нүктеде, бірақ әртүрлі жылдардың ішінде өздерінің нышандары бойынша өзгеріп отырады. Кейде сорттар – бір аймақта өсірілген күнбағыстың жеке түрлері, бірақ әртүрлі шаруашылықтарда өсірілген болса жеке түрлік құрамдары бойынша бір- бірінен айырмашылықта болады.

Әртүрлі түрлерге жататын немесе бір түрге жататын селекциялық сорттар, бірақ ботаникалық түршелері әртүрлі болса, оларды өзаралық айыру жеңіл болады. Бір түршеге жататын, бір аймақта өсірілген күнбағыстың сорттары, бір-бірінен қосымшалық (сорттық) нышандары бойынша ғана айшықталынады. Атап айтқанда, Қазақстанда аудандыстырылған күнбағыс сорттарын айыру үшін, қиында болсын осы аталған әдісті қолданады.

Күнбағыстың қазіргі селекциялық сорттарын апробациялағанда тек көлемдері, пішіндері, тұқымдарының түсіне және олардың панцирлігіне байланысты нышандары ғана пайдалылынады.

Күнбағыстың Казақстанда тіркелген сорттары, тұқымдарының түстеріне байланысты келесідей топтарға, яғни типтес тұқымдарға бөлінеді: қоңыржо- лақты – қара-күрең жолақты; қоңыр-сұр түсті, ашық жолақты; қаракөміртек-тес; қоңыр. Типтестік емес шағылатын шекілдеуіктер (қара-көгілдір), ақ және күмістектес түсті болады.

Сараптау біткен соң сорттық тұқымшалардың типтес және типтес емес-терін санын санап есептейді. Содан кейін типтес тұқымшаларды анықтаға- сын, олардың панцирлігін анықтайды. Қара түсті панцирлік қабат панцирлік тұқымшалардың сыртқы қабатында, пробкалы ткань және склеренхималық

эпидермистің астында орналасады, типтес емес тұқымшаларда олар болмайды. Ақ, күрең, қоңыржолақты тұқымшалардың панцирлігін тырналап және булау арқылы анықтайды. Типтестік және панцирлікті пайыздылықпен есептейді. Типтестікті анықтағанда осы сорттың типтес тұқымшаларының санына байланысты, олардың панцирлігіне қарамастан анықтаймыз. Пан- цирліктің пайыздық есебін, панцирліктердің санына байланысты шығарамыз. Кейбір жағдайларда, егістік тұқымшалардың типтестігі бойынша сорттық тазалықтың бір категориясына жатса, ал панцирлігі бойынша басқаға жатса, онда егістікті осы категориялар санының төменгілерімен есептейміз.


Жаздық рапстың сорттық нышандары

Егістіктерде екі пішіні: жаздық және күздіктері өсірілінеді, олар одан әрі түршелерге бөлінеді: жаздықтар 2, күздіктер 6, жаздықтардан күздіктердің айырмашылығы, олардың жапырақтарының саны көп және кіндік тамырлары жақсы дамыған.

Бірақ, күздік рапстың көп таралуына, оның қысқа төзімсіздігі, топырақтың құнарлығы мен ылғалдылығына сұраныстылығы бөгеттік жасайды.

Ортаңғы шашақгүлдегі бұршаққын күреңдене бастағанда, өсіп тұрған өсімдіктерді байқау арқылы рапсты апробациялайды. Осы жолы келіседей нышандарды ескеру керек: түптің сипаты (жартылай қысыңқы, аздап қысыңқы, шашыраңқы); бұршаққынның ұзындығы (ұзын, ұзыншалау); бұршаққында антицианның болуы; бұршаққындардың сабақтарға орнала- суы (жартылай қысыңқы, 45˚ бұрышпен, тік бұрышқа жақын). Сорттық тазалықты, негізгі сорт санының, барлық қаралған өсімдіктер санына қатынасымен анықтайды.

Апробацияны, апробатор танаптарды көлденеңдігімен жүргенде, ара- қашықтары бірдей 25 нүктеде тоқтап қарайды. Сол әр түктеден таңдамай рапстың 10 өсімдігін қарап байқайды.
Майлы зығырдың сорттық нышандары

Майлы зығырды апробациялағанда келесідей нышандарды пайдаланады: сабақшалардың биіктігін (бір танаптағы иілген сабақтардың қатынасын); гүлдердің түсін (ақ, көгілдір, ашық-көгілдір); қорапшалардың көлемін (ұсақ, орташа, ірі); тұқымдартың түсін (қоңыр, ашық-қоңыр, күрең, сары); тұқым- дардың көлемін: ұсақ – ұзындығы 3,4-4,9мм, 1000 діннің массасы 3-6,5г; орташа – ұзындығы 5,0-5,4мм, 1000 дәннің массасы 6,6-8г; ірі – ұзындығы 5,5-6,2мм, 1000 дәннің массасы 9,5-13,0г.




    1. Майлы дақылдар тұқымдарын өсіру технологиясы

Күнбағыстың агротехникасы. Шаруашылықтарда вегетация кезеңдері әртүрлі 2-3 сортты сеуіп отырған дұрыс. Тыңайтқыштар бағдарламаланған өнімнің деңгейіне және картограммалардың көрсеткіштері сүйеніп әрдайым сіңірілініп отырылуы керек. Кәдімгі қаратопырақтарда өімділігі 25 ц/га болатын тұқымдарды алу үшін керекті тыңайтқыштардың мөлшері 20-25 т/га көң немесе N45-60 Р60-75 кг/га ә.з. Фосфорлық тыңайтқыштардың пайдалану еселігін арттыру үшін егісті сепкенде тұқыммен бірге жүйекте-ге Р10-20 кг/га ә.з. мөлшерінде сіңірген дұрыс.

Алғыегісті жинап алғаннан соң, сол танапта жазықтілгішпен 12-14 см тереңдікте негізгі өңдеуді жүргізу керек. Танаптарда органикалық тыңайтқыштар шащылған жағдайда, қайырып аудармалық өңдеуді қолданамыз. Қысты күні басымды желдің бағытына көлденеңдетіп қар тоқтату керек.

Күнбағысты өсіргендегі басты технологиялық элемент, егер егістер астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптермен күшті ластанғанда, топырақтылық гербицидтерді қолдану.

Астық тұқымдас арамшөптерге қарсы Трефлан 24 к.э. 4,0-10,0 л/га, Стомп 33% к.э. – 3,0-6,0 л/га, егер қосжарнақтылар да болса, онда араластырылған қоспа Трефлан+Прометрин (4+3 кг/га) қолданамыз. Гербицидтерді егіс алдындағы жырғалаудан бұрын шашып, оларды тездетіп топыраққа сіңіру қажет, мұндай жағдайда бірден агрегаттар кешендері жіріп өтеді. Біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы егістердің түптенген кезеңінде гербицид Фюзилат Форте 150 к.э. – 0,7-1,0 л/га қолданамыз. Егістік үшін іріктелген егістік сапасы 1-ші класстық тұқымдарды пайдаланамыз. Будандар үшін 1000 дәннің массасы 50-80 г-нан кем емес және сорттар үшін 80-100 г, өңгіштілігі 96%, опырылған тұқымдар 0,5%-дан артық емес болуға тиісті.

Тұқымдарды себуден бұрын ТМТД 80% с.п. 2-3 кг/т, Ровраль ФЛО 50% с.к. 3-4 л/т. мөлшерінде дірілеу керек. Тұқымдарды дәрілегенде микроэлементтер, марганец, бор, цинк және 1 кг/т микротыңайтқыштарды қосқан өте дұрыс болады. NaKMЦ немесе ПВС пайдаланып инкрустация әдісімен дәрілейді. Солтүстік Қазақстанда егісті ерте және орташа мерзімдерде 1-10 мамырда жүргіземіз. Ластанған танаптарда егісті 15-20 мамырға дейін бітіру керек. Себу мөлшерін құрғақ далалы аймақта 30-35 мың., орманды далалы 40 мың-ға дейін, суармалы жерде 55-60 мың. өсімдік, 1 гектарда жинап алған кезде болатындай етіп есептеуіміз керек.

Ылғалданған аймақтарда сіңіру тереңдігі 6-7 см, ал құрғақшылықтарда 8-10 см. Тұқымды егу үшін дәлдеп себетін СУПН-8, СПЧ-6, Кинза, Полесье сепкіштерін пайдаланамыз, агрегаттың себу кезіндегі жұмыстық қозғалу жылдамдылығы 5-6 км/сағ. Себу әдісі нүктелеп себу, қатараралықтары 70 см. Егісті сепкеннен кейін міндетті түрде сақиналы-шпорлы таптағыштармен тығыздаймыз.

Егістерді вегетация кезеңінде күтіп баптауды тырмалаудан бастап, арамшөптердің өскіндері өсе бастағанда және олардың биіктігі 30-40 см болған кезде қатараралық өңдеулерді және соған қосып жүйектерде өсіп тұрған өсімдіктерді түптеуді жүргіземіз. Атпатамырлы арамшөптер болған жағдайда қатараралық өңдеулердің санын көбейтеміз. Егерде гербицидтерді қолданған болсақ, онда қатараралық өңдеулердің керектілігі шамалы.

Вегетация кезеңінде зиянкестерге қарсы Суми Альфа 5% немесе Каратэ 5% к.э. қолданамыз. Егістердің гүлденген кезеңінде танаптарға 1 га-ға 2 аратұқымы келе-тіндей есеппен омарталарды шығарып және әрбір 1-1,5 км алшақтылықпен танапты айналдыра орналастырамыз.

Егістіктерді суарған кезде ылғал жинау үшін суаруды көлемі 1200-1800 куб.м және 2-3 вегетациялық суаруды жаңбырлатып болмаса суару қарығы арқылы көлемі 600-800 куб.м 1га есебімен жүргіземіз. Топырақтың ылғалдылығын оның керекті далалық ылғал сиымдылығының 70-80% дең- гейінде ұстап отырады.

Тұқымдық егістерде, олардың сорттық типтігін сақтау үшін, екі отауды жүргіземіз: біріншісін гүлдену алдында , ауру, жайылған және тым биіктеген- дерді жоямыз; екіншісін – апробацияның алдында, сұмқұла, склеротин және басқа аурулармен залалданған өсімдіктерді жоямыз.



Күнбағысты жинау. Күнбағыстың тұқымдық егістерін екі түрлі бастыру әдісімен жинайды. Өнімдерді тез және сапалы жинап алу үшін тұқымдардың ылғалдылығы 32-35% болғанда, реглон мен бастаны пайдаланып десикацияны жүргіземіз. Бұл өңдеуді жаппай гүлдену кезеңінен 40-45 күннен соң ғана жүргіземіз.

Аталған өңдеуден кейін 10-15 күн аралығында, өнімді жинауды бастаймыз. Кешеуілдетуге мүлдем болмайды. Жинап алу үшін лайықты сайман ПСП-1,5 пайдаланамыз, барабандардың айналымы минутына 300-350-ге дейін төмендетілінеді. Бастырылынып алынған тұқымдар әуелі қопсықтазартқы ОВП-25 тазартыланады, содан кейін астықтазалағыш ЗАВ-25 агрегаттарында тазартыланады.

Майлылығы жоғары сорттардың тұқымдарын ылғалдылықтары 7%, биіктігін 1 метрден асырмай сақтайды. Тұқымдар қаптарда сақталған болса, олардың ылғалдылығы 8-10%-дан артық болмауы керек. Ал, күнбағыстың тұқымдары техникалық мақсаттар үшін сақталған болса, онда олардың ылғалдықтары 10-12% –дан артық болмауға тиісті.

Жаздық рапстың агротехникасы. Рапсты тұқымға өсіргенде жақсы алғы дақылдан кейін (сүрі жерге егілген дәнді дақылдар, дәнді бұршақ, отамалы дақылдар) құнарлы, арамшөптерден тазартылған жерлерге орналастырған жөн. Бұрыңғы себілген жерге жаздық рапсты қайталап себілуі тек 4-5 жылдан кейін ғана болады. Сол сияқты оны қызылшалық ауыспалы егісте де орналастыруға болмайды, неге десең ол өзі жау құрттың иесі.

Рапс тыңайтқыштарға сұранысты дақыл. Барлық аймақтарда сүрі жер емес алғыегісте минералдық тыңайтқыштарды (азот, фосфор) сіңірудің экономикалық тиімділігі мол.

Далалық және орманды далалық аймақтарда сүрі жерлерге себетін болсақ, тамыз айында ГУН-6 немесе СЗС-2,1 көмегімен, 10-16см тереңдікте қос суперфосфатты (Р60-80) төңіректетіп сіңіреміз. Азоттық тыңайтқыштарды (N15) СЗС-2,1-тың көмегімен көктемде себу алдындағы культивация кезінде 6-8см тереңдікте төңіректетіп сіңіреміз.

Дер кезінде және сапалы түрде күзде топырақты негізгі өңдеу арамшөп- терді құртады, ылғалды жинау және үнемді жұмсауға көмектеседі, зиянкес- тердің санын азайтады және егіс алдындандағы топырақты өңдеуді кемітеді.

Топырақтарды өңдеу әдістерін таңдау оның алғыегісінің ластануына, дақылдың ауыспалы егістегі орнына, топырақтың түрі мен механикалық құрамына байланысты болады. Солтүстік Қазақстанның жағдайында негізгі орынды жазықтілгіштермен (тереңдігі 12-14см) өңдеуге береді. Егерде топырақтар атпатамырлы арамшөптермен ластанған болса, онда тереңдеу 22-25см-ге дейін өңдеудің тиімділігінің берері мол болады.

Егер алғыегіс – дәнді дақыл болса, онда қалған аныздарды жақсылап өңдеп дайындаған жөн. Неге десеңіз, дәнді дақылдардың қалған аңыздары немесе сабандары олардан кейін себілген рапстың көктеуіне бөгет жасайды. Сондықтан оларды үгіп, шашып тастаған жөн болады. Осындай жағдайда топырақты қосымша тығыздау керек. Ал жеңіл топырақтарда және органикалық қалдықтарды аз қалтыратын дақылдардан (асбұршақ) кейін топырақты өңдеуді минимальді түрде жүргізіп барып қана себеміз.

Көктемгі далалық жұмыстардың басты міндеті, танаптар топырақтарын тиянақты түрде тегістеу және оның 2-3см тереңдігінде ылғал қорын сақтау.

Егіс алдындағы өңдеудің атқаратыны, топырақты ертекөмтемдік тырмалау, культивациялау және себу алдында және артынан тығыздау. Гер- бицидтерді қолдану – рапсты қарқынды түрде өсірудің басты элементі. Бір жылдық астық тұқымдас және кейбір қосжарнақты арамшөптермен күресу үшін Дуал 50% к.э. (3,0-5,0л/га), Дуал 96% к.э. (1,6-2,6л/га) және Трефлан к.э. – (2л/га) сияқты гербицидтерімен топырақты себу алдында бүркіп, және оларды содан кейін тез арада топырақпен жауып тастау керек.


Тұқымдарды себу алдында ТМТД 80%(5-6кг/т) немесе Витовакспен (3кг/т) сияқты препараттармен дәрілейміз. Дәрілеудің тиімділігін NаКМЦ – 2,5л 1т тұқымға жабыстырғышын қолданғанда арттыра түседі. Айқасгүлділердің қоңыздары және басқа зиянкестерімен күресу үшін тұқымдарды себу алдында БИ 58 (Рогор немесе 40% Фосфомид) препаратымен өңдейді. Ол үшін, тұқымды егу алдында ғана суперфосфатпен өңдейді, содан кейін оны тұқыммен араластырады да, 15-20 минут аралығында бетін брезентпен жауып қояды. 1 гектарлық тұқым мөлшеріне 10кг суперфосфат, 0,5л БИ58 кетеді.

Рапсты себудің қолайлы мезгілі мамырдың 20 мен 25 аралығы. Одан кеш себу өнімділікті және тұқымдардың майлылығын кемітеді. Жақсы себу әдісі, қатараралықтары 15см, тұқымды сіңіру тереңдігі 3-4см қатардағы әдіспен

себу болып табылады. Қолайлы себу мөлшері 2-3млн.ө.т 1га. Егісті сепкен- нен кейін тығыздау міндетті түрде.

Егістерді сепкеннен кейін жағдайға байланысты қосжарнақты арамшөптермен күресу үшін Лонтрел 300с.қ. (300г/л) гербицидтін қолдана- мыз.

Вегетация кезеңінде рапсты зиянкестерден қорғау үшін интектицид: Каратэ 050к.э. – 0,2л/га, Суми-Альфа 5% – 0,20-0,25л/га, Дурсбан 450 УМО – 0,2-0,4л/га пайдаланамыз.

Егістіктердегі әртүрлі арамшөптер және зиянкестестермен күресу шара-ларының басын қосып ұтымды қолдану үшін қоспаларды араластырып бірақ пайдаланамыз. Осы аталған барлық химиялық өңдеулер мал азықтық дақылдарда оларды жинаудың алдында кемдегенде бір ай бұрын жасалуға тиісті. Барлық егістерді олардың гүлдеген кезеңінде улыхимикаттармен өңдеуге болмайды.

Тұқымдардың пісуі бір қалыпты болмағанда және олардың бұршақ- қындарының жарылуларына байланысты десиканттарды қолданбайыншы бірден оруға әбден болмайды. Егістерді десикациялау үшін реглон немесе бастаны қолданып, бұршаққындардың сары-жасыл кезеңдері басталғанда жүргізеді. Негізінен біздің аймақта көбінесе бөлектеп жинау әдісін қолдана- мыз. Сол бөлектеп жинағанда, егістерді дестеге түсірудің оңтайлы мезгілін дұрыс таба білу керек, неге десең ерте жықсаң өнімділік кемиді және майлытұқымдылықтың сапасы төмендейді, ал жығуды кеш бастасаң бұршақ-қындар жарылып, тұқымдардан айырылып қалуға болады. Бұршаққындар- дың түстері лимонды-жасылданғанда (50% жобасы), тұқымдар күреңдене бастайды және олардың ылғалдылығы 35-40% –дың деңгейінде болады. Биіктігі жоғары рапсты ЖВП-9 немесе ЖНР-4 шапқыштарымен дестеге тү- сірген дұрыс болады. Ал рапс егістігі жатып қалған жағдайда ЖРБ-4,2 ас- бұршақтық шапқыштықпен жығамыз. Шабу биіктігі 15см кем болмауға тиісті. Егер рапс егістігінің биіктігі төмен болса, шапқыштың мотовиласы- ның планкаларына өсімдіктерге жұмсақ тиюі және бұршаққындарды жары- лудан сақтау үшін 70-80мм резеңкелік жолақтарды қағып қоямыз. Дестені бастыруға тұқымдардың ылғалдылығы 18-20% болғанда бастаймыз, неге десең кондиялық 12% –ды тоссаң, бірсыпыра тұқымнан айырыласың. Түскен тұқымдарды бірден тазалау керек. Тұқымдардың ылғалдылығы 12% жоғары болса, оларды кептіру қажет.

Рапс тұымдарының өте сусымалылықтық қасиеттері бар, сондықтан ком-байндарды тиянақты түрде дайындау керек. СК-5 және Нива комбайндары- на ППК-5 немесе ППТ-3А деген қосымша сайманды және полотно-тасымалды жинағышты орналастырады. Комбайнның жұмыстық жылдам- дылығы 5-6км/сағ., бастырғыш барабанның айналымы 600-800 ай/мин. Тұқымдарды 12% ылғалдылықта сақтау керек, егер оны ұзақ мерзім сақтайтын болса, ылғалдылықты 7-8%-ға дейін төмендету қажет.



Майлы зығырдың агротехникасы. Зығыр алғы дақылға жоғары талап қояды және міндетті түрде тұқым алмастыруды қажетсінеді. Аймақ жағдайында майлы зығырға сүрі жерге себілген жаздық бидай, жүгері, дәнді бұршақ-астық тұқымдастардың қоспасы, картоп, күздік дәнді дақылдар жақсы алғы дақыл деп есептелінеді.

Күздік негізгі өңдеуді, алғыегістік дақылды жинап алғасын бірден бастайды. Оның негізгі міндеті арамшөптерді жою және күзгі түскен ылғалды жинау. Қысты күні СВШ-7, СВШ-10, СВУ-2,6 деген қартоқтатқыш- тармен қарды тоқтату. Көктемде – топырақтың физикалық пісуі басталғанда ылғалды жабу керек. Кейде күшті ластанған танаптарда сеппей тұрып хи- миялық немесе 1-2 культивациямен тұқымды себу тереңдігінде топырақты өңдеуіміз қажет. Топырақты тұқымды сеппей тұрып тығыздау міндетті түрде.

Егістік үшін тұқымдық сапасы кондицияланған тұқымды пайдаланамыз. Яғни, оның тазалығы 97%-дан, өңгіштігі 85%-дан кем болмауы абзал. Тұқым-дарды себу алдында ауалық-жылулық қыздырудан өткізу керек. Егерде аурулар (фузариоз, антакноз, таттар және басқалары) болса, зығырдың тұқымдарын себер алдында 80% ТМТД-2 – 3кг/т, жапсырғыш NаКМЦ қосып дәрілейміз. Тұқымдарды дәрілеуді ПС-10, ПС-10А дәрілегіштерімен өткізеді.

Ең қолайлы себу мерзімі 15-20 мамыр арасы болып табылады. Себу әдісі- ленталы немесе қатарлап себу. Себу нормасы 45-50кг/га (6-7 млн. өңгіш тұқым), тұқымның сіңіру тереңдігі 4-6см.

Керек болған жағдайларда қосжарнақты арамшөпке қарсы «елочка» кезеңінде 0,7-1,2 кг/га э.е.з. нормасымен 2М-4Х гербициді қолданылады. Бір- жылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы триаллат гербициді қолданылады: 1-1,2 кг ә.е.з. су эмульсиясы топыраққа бүркіледі де беті топырақпен жабылады.

Егінді бөлектеп жинайды, қораптардың 75% қоңырланғанда (толық пісуге 10-12 күн қалғанда) дестеге шабады да, тұқым ылғалдылығы 11-13% жеткенде дестелер жиналады.


Бақылаулық сұрақтар:

  1. Күнбағыстың жақсы алғыегістерін атаңыз, дәлелдеңіз.

  2. Күнбағыс үшін қашан және қандай тыңайтқыштарды сіңіреді?

  3. Біздің аймақта күнбағысты өсіргенде топырақты күзде дайындаудың қандай

әдістерін қолданады?

  1. Күздік өңдеудің, топырақтың ластануына және ылғалданудың жағдайына байлан

ысты себу алдындағы топырақты өңдеудің ерекшеліктері.

  1. Күнбағысты өсіргенде қандай гербицидтерді пайдаланады.

  2. Гербицидтерді сіңіру мөлшері және әдістері, қолданылатын техника.

  3. Күнбағыстың тұқымын себуге дайындау.

  4. Егістік материалдарға қойылатын талаптар.

  5. Күнбағысты себу әдістері және қолданылатын техника.

  6. Күнбағысты себудің оңтайлы мерзімі.

  7. Ылғалдылыққа байланысты себу тереңдігі.

  8. Күнбағыстың облыстың аймақтарына байланысты жинау алдындағы өсімдіктердің

сақталу жиілігі.

  1. Күнбағысты жинау әдістері.

  2. Күнбағыстың тұқымдары қандай ылғалдықта қоймаларда сақталалынады.

  3. Рапс егістерін тұқым мен мал азығына өсіргенде қандай ауыспалы егістер керек?

  4. Рапс үшін топырақты күздік өңдеудің ерекшеліктері.

  5. Рапс үшін топырақты көктемде дайындау әдістері.

  6. Рапс үшін қандай гербицидтерді қолдануға болады? Сіңіру мерзімі және мөлшері.

  7. Тұқымды инкрустрациялау және дәрілеудің қажеттілігі. Бұл жағдайда қандай

препараттар қолданыланады?

  1. Рапсты себу әдістері және қолданылатын техника.

  2. Біздің жағдайда рапсты себудің оңтайлы мөлшері және тұқымдарды сіңіру

тереңдігі.

  1. Рапстың негізгі зиянкестері мен ауруларын атаңыз.

  2. Рапстың зиянкестері және аурулармен күресу жолдары.

  3. Тұқымның пісуі қалай өтеді, оның бұршаққындары жарылуға қалай қарайды?

  4. Рапс үшін керекті тұқымдарды жинайтын әдісті атаңыз.

  5. Рапс тұқымының қандай ылғалдылығында бөлектеп жинауды және тікелей жинау

әдістерін бастайды?

  1. Қолданылатын десиканттарды атаңыз, мерзімдері, мөлшерлері?

  2. Рапстың тұқымдары қандай ылғалдықта қоймаларда сақталалынады?


6. БӨЛІМ. Көпжылдық мал азығындық шөптердің тұқым шаруашылығын ұйымдастыру

Мал азықтық шөптердің жақсы өнімдерін алу үшін жасалған шаралардың жүйесінде, тұқым шаруашылығының алатын орны ерекше.

Түгелдей сорттық егістерге көшіп, нашар өнімді сорттар мен будандарды өңгіштігі бірінші класты, жоғары репродукциялы, өнімділігі жоғары таза сортты, аурулар таза және зинкестермен залалданбаған тұқымдармен себу, жақсы экономикалық тиімділікті және егіншілікті интенсификациялауға көшуге көмектеседі.

Соңғы жылдары елімізде себілетін сорттық егістердің көлемі тым азайып кетті; көптеген шаруашылықтардың материалды-техникалық базалары ескірген; жаңа жақсы бағалы сорттар өндіріске еңгізілмеген, сондықтан егістердің көптеген аумақты жерлері, сорттық емес тұқымдармен себіледі.



Өндірісте одан әрі қарай көбейту үшін селекциялы-тұқым шаруашылықтық кәсіпорындар шығарған нәтижелі тұқымдар, элита деп аталады.

Репродукция – элиталық тұқымдардың, элиталардан кейінгі оларды көбейтудегі (қайталап себу) звеносы. Бірінші қайталап себу бірінші репродукцияны, екінші қайталап себу- екіншіні және тағы да сол сияқты. Репродукция деген түсінік ұрпақ, немесе көпжылдық шөптерді генерациялау деген ұғыммен сәйкес келеді.

Тұқымның сорттық сапалары, тазасорттылыққа немесе тәнтілігіне байланысты үш категорияға бөлінеді.

Шөптердің сол немесе басқа түрлері мен сорттарын өндіретін мекемелер олардың ұйымдастыру және техникалық жағдайлары, себу мөлшері және өнімділіктері, өндірісте себілген аумақтарының биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылады.

Тұқым шаруашылығының жүйесі дегеніміз, қандай да бір дақыл немесе дақылдар топтарының жоғары сорттық тұқымдарымен мемлекеттік жоспарға байланысты еліміздің сұранысын қамтамасыз ету.

Тұқым шаруашылығының кескіні дегеніміз, белгілі кезекпенен сұрыптау және көбейтудің арқасында сортты жаңғырту процесі іске асатын, тұқымдық егістердің питомниктер топтарының қосылған жиынтығының, тұқым шаруашылығы жүйесінің құрастырушы бөлігі. Тұқым шаруашылығының бір жүйесінде осы жұмыстар әртүрлі кескіндермен атқарылуы мүмкін. Тұқым шаруашылығының жүйесі сорттық тұқымдар өндірісін қарастырады, ал тұқым шаруашылығының кескіні болса, жоғары сортты және өнімділік сапаларымен айшықталатын тұқымдарды өсіретін әдістер мен әдістемелерді анықтайды.

Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығының басты звеносы болып, мамандырылған тұқымдық шаруашылықтықтар есептелінеді. Шөптердің мамандырылған тұқымдық шаруашылықтықтарын одан әрі қарай тереңдету, қызмет ететін аудан шаруашылықтарының жемшөптік егістерінің барлық көлемдерін сорттық тұқымдармен жылда қамтамасыз етуге көшуді анықтайды.

Көпжылдық шөптердің нақты тауарлық тұқым шаруашылығын және олардың жеке түрлерінің тұқымдарын өндіруді, өсіру жағдайлары ыңғайлы аудандарға жүктеледі.

Шоғырландыру және шөптің тұқымдық шаруашылықтықтарын мамандандыру одан әрі қарай, көпжылдық шөптер тұқымдарының екі-үш түрлерін бір шаруашылықта, өндістілік әдіс жолымен өндіруді қолға алады. Астық тұқымдас шөптердің алатын орны 30-40% деңгейінде болуы керек.

Қазақстанда шөп тұқымдарын өндіру, дәнді дақылдардың тұқым шаруашылығы сияқты, шаруашылықтар аралық бірлестіктердің принциптеріне сәйкес, өндірістік негіздерге көшірілуде. 19 шаруашылықтар аралық мемлекеттік-шаруашылықты тұқым шаруашылықтық бірлестіктер ұйымдастырылған: оның ішінде Алматы облысында – 2, Жамбыл – 2, Қызылорда -3, Павлодар – 1, Семей – 3, Талдықорған – 2, Орал – 1, Шымкент – 2. Сол сияқты Оңтүстік облыстарда негізінен жоңышқа тұқымын өндіруге, Шығыс-Қазақстан облысында – эспарцет, ал қалған облыстарда – бұршақ және астық тұқымдас шөптер тұқымдарын өндіруге арналған мамандандырылған бірлестіктер бар.

Шөптұқымбірлестігінің басты бөлімшесі – базалық тұқымсозхозы, осында өнімдерді қабылдайтын, тазалайтын, сұрыптайтын және тұқымдарды сақтайтын завод жұмыс істейді. Бірлестік негізгі шаруашылықтың атынан, қызмет көрсететін аймаққа кіретін ЖШС-мен келісімшартқа отырып, тұқымдарды дайындау және өндіру бойынша оларға керекті көмектерін береді. Келісімшарт бойынша, негізгі шаруашылық ЖШС немесе шаруа қожалықтарынан тазаланбаған тұқымдарды жинап алып, кептіріп, өңдеп және оларды егістік дәрежеге дейін жеткізеді.

Негізгі мекеме тұқымдарды тазалағаннан кейін, жиналған тұқымдарды шаруашылықтар атынан мемлекеттік жоспарды орындау есебінде тең бөліп есепке алады. Шаруашылықтар келісімшарт бойынша, тапсырған тұқымдарының тиісті бөлектерін өздеріне алып отырады. Егер шаруашылықтың мемлекетке тұқым тапсыру жоспары болмаса да, негізгі мекеме, тұқымдарды егістік дәрежеге жеткізіп, шаруашылыққа егіске пайдалану үшін қайтарып береді.

Мекеме, өзіне керекті материалды-техникалық базасын жасап алғасын,тұқым дайындау бойынша барлық міндеттерді мойнына алады, ал оған дейін кілісілген жағдайларға сәйкес дайындау жоспарларын орындай береді. Басты мекеменің негізгі міндеті – Мемлекеттік қор аясында, тұқымдарды өндіру мен дайындау және сол сияқты, өзіне тиісті аймақтарды жоғары сапалы тұқымдармен қамтамасыздандыру.
1976 ж. бекітілген ШӨПТІК ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
ҒЗМ – жаңа сорттардың оригинаторлары
ҒЗМ ТӨШ – жоғарғы оқу орындары мен техникумдардың оқулық шаруашылықтары
/ Мамандандырылған /

/ тұқым шаруашылықтарының /

тұқым шаруашылықтары бөлімшелері мен

бригалары

/ Өндірістік / / Мамандандырылған / / Өндірістік / / Ірі ЖМС және /

егістер тұқым шаруашылықтары егістер корпорациялар

қызмет қылатын

аймақтардағы шаруашылықтар


6.1 Сорт жаңарту аясында, мал азықтық шөптердің жоғарғы репродукцияларын өсірудің кескіні, техникасы және әдістемелері
Селекциялық мекемелердің жетістіктері айтарлықтай эффект бере алады, тек өндіріс сұранысын қанағаттандыратын жақсы сорттардың тұқымдарын керекті мезгілдерде, сұраныстарға сәйкес қамтамасыздандыра алғанда ғана. Өсімдікшаруашылығы өнімдерін көбейту өндірісінің жетістік жолдарының бірі – бұл дегеніміз, тұқымдардың сапасын арттырып, жоғары өнімді жаңа сорттар мен будандарды тездетіп өндіріске еңгізу.

Сорт жаңарту аясында, мал азықтық шөптердің элиталық тұқымдарын өсіру, келесідей кескінде іске асады:

Сортты сақтау питомнигі.

Алдын ала көбейту

Суперэлита

Элита


Элитаға жоспар-тапсырыс аз көлемде болған жағдайда, алдын-ала көбейту питомнигісіз, ең қысқа кескінді қолдануға болады. Бірінші екі питомниктерде сақтандандыру қоры 100% көлемінде, ал суперэлита мен элита учаскелерінде, мамандандырылған тұқымшаруашылықтарының жылдық сұраныстары бойынша 50% көлемінде құйылады.

Көпжылдық шөптердің өзгешелік қасиеттерін сақтау, алдын-ала көбейту питомниктерінде ғана орындалып отырады. Ал басқа бөлімшелерінің атқаратын басты қызметтері тұқымдардың жоғары сорттық сапаларын арттыру.



Сортты сақтау питомнигін ғылыми зерттеу мекемелері-оригинаторлар міндетті түрде тәжірибе есебінде қояды. Егер сорттың аудандастыру көлемі көп болса, селекциялық орталық және мекемелер-оригинаторлардың рұқсатымен, оригинатор еместер де, оригинатордың басқаруымен және олардың сорттар үшін қолданатын әдістері бойынша, сорт сақтау питомниктерінен бастап, бастапқылық тұқым шаруашылықтарын жүргізе алады.

Сортты сақтау питомниктеріндегі жұмыстар оригинатордың ұсынысымен сорттардың өзгешелік қасиеттерін сақтай отырып, олардың мал азықтық өнім-діктерінің массаларын және 2-4 жылдық далалық шөп егуде беріктілігін сақтауын, сол сияқты жайылымдыққа төзімділігін, көктемде бір шабылып алынғасын, тез қайталап өсуі, сондай-ақ, ауа райы жағдайларына, аурулар мен зинкестерге төзімділігі және басқа да ерекшелікті қасиеттерін сақтауға нұсқайды. Сонымен қатар сорт, әрқашан өзінің жоғары тұқымдық өнгіштілігін сақтауы керек.

Сортты сақтау питомнигіне керекті нәтижелі материалды осы сорттың өзінің ең жақсы көп жылғы репродукцияларынан (алдын-ала көбейту, суперэлита және элита) және қуаңшылық, қыстың қатты аяздарын, аурулар мен тағы басқа да, қиын-қыстаулық жағдайларды бастарынан өткізгендерінен ғана алынады.

Питомникте сортты сақтаудың негізгі әдістері – кешенді нышандарына байланысты жалпылай сұрыптау, сортаралық е ркінді түрде қайталама тозаңдану және осы екі әдісті де қолдану.

Кейбір, климаттық жағдайлары әртүрлі бірнеше республикаларда, өлкелерде және облыстарда аудандастырылған сорттарды, әртүрлі аймақтарда элита тұқымдарын өндіретін суперэлита учаскелерінен, мекемелерден, алынған нәтижелі материалдарды сортаралық қайталама тозаңдануда (поликросстерді) қолдану.

Сортты сақтау питомнигін өсіргенде, сол түрлердің өздерінің сорттарының арасында, міндетті түрде арақашықтықты сақтау керек.

Сортты сақтау әдістері мен әдістемелерін, сортты шығарудағы қасиетері және ерекшеліктеріне байланысты оригинаторлардың өздері анықтайды. Жалпы әдістер болып қарама-қарсы (негативный) немесе нақтылы көріністі (позитивный) яғни жаппай, ал кейбір жағдайларда жекелей (ұрпақты-топты) сұрыптау қолданылады. Сұрыптауды өткізу үшін сорт сақтау питомнигін жақсылап дайындалған, сортты өсіруге жағдайлары келісімді учаскелерді таңдап алынады.

Жаппай сұрыптауды жүргізу үшін, сорт сақтау питомнигін, әрбір өсімдікті көзбен байқап, бақылап желей отырғызу арқылы іске асырылады. Өсімдіктерді орналастыру тәртібі: ылғалдылық, құнарлылық және тамыр жүйесінің түріне байланысты 45*45, 60*60 немесе 90*90 см. Сондай-ақ, өсімдіктерді жүйектерге отырғызып кең қатарлы себуді де қолдануға болады. Питомниктерді тұқымдар, көшеттер немесе вегетативтік материалдармен отырғызылады. Оларды жылда тәптештеп күтіп бағудың арқасында, екі жыл бойы пайдалылынады. Егу, әрқашан сүрі жерде селдірең кең қатарлы немесе бүркелемеусіз ұялап себілуі керек.

Астық тұқымдастарды түптенуден немесе бұршақ тұқымдас шөптерді шанақтанудан бұрын тексеріп, ұяларда сортқа тәнті, нышандары жақсы белгіленген бір өсімдіктен ғана қалтырамыз. Ал, барлық ауру, жетілмеген және сортқа тәнті емес өсімдіктерді, гүлдемей тұрып алып тастаймыз.

Бағалауды, өсімдіктерді қарама-қарсы (негативный) немесе нақтылы көріністі (позитивный) сұрыптауды бүкіл вегетациялық кезең бойы жүргізіледі. Кешенді нышандары бойынша іріктеліп алынған өсімдіктер тұқымдары піскенше тік тұрады, содан кейін егінді жинаудан бұрын қосымша сұрыптау жүргізіліп, тұқымдық егістердің тұқымқұрастыру жағдайларын бақылап байқайды. Сұрыптауға жиналған өсімдіктің саны 1000-нан кем болмауы керек. Таңдап алынған өсімдіктердің тұқымдарын бір топқа жинайды, одан кейін оларды алдын ала көбейту немесе суперэлита егістеріне пайдаланады. Тұқымдардың бір бөлектері жыл сайын сақта- лынады, оларды әр жылдардың тұқымдарымен қосып, келесі жылдарда сорт сақтау питомниктерінде себетін, сақтандыру қоры есебінде пайдаланамыз.



Алдын ала көбейту. Бұл питомник суперэлита тұқымына жоспар-тапсырыс көп көлемде болған жағдайда және осы шөп түрі тұқымдарының аз еселікпен көбейген жағдайларда қолданылады. Жақсы дайындалған топырақта, бүркелемеусіз, кең қатармен себіледі. Бұл питомникте, элита тұқымын өсіру технологиясының барлық әдістері қолданылады. Сорт сақтау немесе алдын ала көбейту питомниктерінің жарамсыздандырудан кейін қалған тұқымдарын жинастырып суперэлита учаскелеріне себеміз.

Суперэлита. Бұл питомникте қонды тұқымдардың көп мөлшерін алу үшін, керекті агротехниканы қолданып, кең қатарлы себу әдісімен себіледі. Мұнда, егістерді күтіп бағу, дер кезінде қатараралық өңдеу, арамшөптер және зиянкестермен күресу, минералдылық тыңайтқыштармен қоректендіру, қосымша дәрілеу, түрлілік отамалау және басқа да әдістерге басты назарлар аударылады.

Элита. Көпжылдық шөптердің элиталық тұқымдарын өсіру, аймақтың топырақты-климаттарына сәйкес қолдануға болатын мамандандырылған ауыспалы егісте жүргізіледі. Ауыспалы егісте шөп өсімдіктері үшін, отамалы дақылдар ең жақсы алғы дақыл болып есептелінеді. Қызыл беденің тұқымдық егістерінде, оларды тозаңдандыру үшін, міндетті түрде бал араларын (1-3 бал ұясы/гектарға) қолданамыз. Жоңышқаны табиғи шабындықтар, екпе ағаштар қойнауларына жақын, неге десең ол жерлерде жеке басты бал аралары мен түкті аралар жиі кездеседі. Қорытып айтқанда, элитаны өсірудің барлық сатыларында да, аймаққа керекті кешенді агроәдістердің тиістілерін орындау басты талап.

Көпжылдық шөптердің элита, суперэлита және басқа репродукциялық егістерін, көп жылдар бойы қолдануға әбден болады. Бір шалғынның көп жылдық өнімдерінің тұқымдары, бір репродукцияны немесе генерацияны құрастырады. Элита, болмаса суперэлита егістерінде, шалғындарды көп жылдар бойы тұқымдық есебінде сақтау үшін, керекті агротехниканы қолдана білу, басты шарт.


6.2 Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

Далалық ауыспалы егісте себілетін көп жылдық шөптер пішен, пішендеме, және витаминдік шөп ұны, шөптердің айтарлықтай бөлігін береді. Солтүстік Қазақстанның далалық жемшөп өндірісіндегі көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің негізгілері: бидайық, эспарцет, түйежоңышқа. Соның ішінде суару жағдайында белсенділері: бидайық, эспарцет

Жоңышқаны суармай өсіретін негізгі аймақтар – қара топырақты және қоңыр топырақты, ал эспарцетті – қоңыр топырақты аудандар. Түйежоңышқа жер таңдамай өсе береді.

6.3 Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдарын өсіру технологиясы
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдарын өсір технология- сының оларды малазықтылық мақсатқа өсіруден өзіндік ерекшеліктері бар.

Орналастыру. Қазақстанның ауа райының құрғақшылықты жағдайында тұқымдық егістерді орналастыру үшін керекті танаптарды таңдай білу маң- ызды мақсат болып есептелінеді. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдық егістерінің өнімдері шылғынды болу үшін ылғалмен жақсы қам- тамасызданған ыңғайлы танаптарды таңдап аламыз. Осы аталған шөптердің ішінде ылғалдылыққа өте сұраныстысы жоңышқа болып келеді. Жоңышқа дақылы топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігінен және ауаның жоғары температураларына байланысты, суарарылмайтын жағдайларда жылда тұқым алуға мүмкіндік болмайды. Сондықтан жоңышқаның тұқымын жылда алып отыру үшін суармалы егістерді, әсіресе жергілікті жерлердегі су байлықтарын қолдана отырып, көбейтуге тиістіміз.

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерінің тұқымдық алқаптарды арамшөптерден таза алғы дақылдарға орналастырған жөн, ең жақсысы таза сүрі жер, жүгері, мал азығына өсірілген бір жылдық шөптер, сүрі жерден кейінгі бидай т.б. Әсіресе алғыегіске өте сұраныстысы жоңышқа дақылы, мысалы бұл дақылдың сүрі жерлердегі өнімділіктері басқа алғыегістіктер- ден 40-60% артық болып отырады.

Көп мөлшерде жеміс салуы үшін есте болатын жағдай, себілген өсім- діктердің бірінші жылынан бастап, күшті дамыған тамыр жүйесі және бүр-шіктері мол тамырлық буындары (мойны) қалыптасуы керек. Осындай қолайлы жағдайлар бұл дақылдарды тек ғана жақсы дайындалған таза сүрі жерлерде сепкенде ғана болатындығы айқын дәлелденген.

Жоңышқа, эспарцет және түйежоңышқа бал беретін дақылдар болып есептелінеді. Жоңышқаның тозаңдануына жекелеген жабайы ара үлкен рөл атқарады. Жоңышқа тұқымының өнімі мен тозаңдатқыш ара санының арасында өте тығыз байланыс бар.

Тозаңдатқыш – несекомдарды белсенді пайдаланудың тиімді шаралары – тұқымдық алқаптарды аз көлемде (20-30 га) тозаңдатқыш – аралардың мүмкін мекендеріне таяу орналастыру қажет (орманды алқаптар, жыралар маңы т.б.). Аздаған алқаптардағы жоңышқаның жоғары тұқым өнімі жоң- ышқаның гүлдену кезеңіндегі тозаңдатқыш – насекомдардың үлкен шоғыр-лануымен түсіндіріледі (Г.И.Прищак, Н.П.Калдузова, М.И.Кузнецов, 1982). Бұл тұқымдық егістер сондай-ақ екпелі орман алқаптарымен қоршалған болса, он олардың берері одан да арта түседі.

Тозаңдатқыш – жәндік санының өсуіне жоңышқаның себу әдісі де әсер етеді: кең қатарлы егістікте жоңышқаның бірінші және екінші тіршілік жыл- дарында қатардағы егістікпен салыстырғанда ұя саны 5-6 есе көп болады. Көпжылдық малазықтылық дақылдарды өсіру туралы нұсқамаларға сүйенсек, Солтүстік Қазақстанда қарастырылған ауыспалы егістің кескіні: шөптердің тұқымдық егістерінің өнімділігі, оларда уақытында және сапалы түрде жүргізілген барлық іс-шараларға байланысты, сонымен қатар, органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейіне де бай-ланысты екендігі дәлелденген. Тұқымдық танаптарда минералды тыңайт- қыштарды егісті себерден бұрын төмендегідей есеппен сіңіреді, жоңышқа үшін М60Р60К30; эспарцетке Н60Р60К30 мөлшерінде сіңіреді.

Топырақты өңдеу. Топырақты негізгі өңдеу түрі тереңдетіп өңдеу. Көк- темде ерте мезгілде тырмалау-малалау жүргізілінеді, егісті себу алдында жазықтілгіштермен аздаған тереңдікте жырмалау, тырмалау-малалау және тұқымды себер алдында, содан кейін яғни сепкеннен соң, таптағыштармен тығыздау керек. Егерде тұқымдарды себуді жазды күндері жүргізген болсақ, шығатын арамшөптерді жою ретінде керектігіне байланысты 2-3 жазықтіл-гіштермен топырақты өңдеуіміз қажет, содан кейін егісті себу алдында жазықтілгіштермен аздаған тереңдікте жырмалау, тырмалау-малалау және тұқымдарды себу,тұқымды себер алдында, содан кейін яғни сепкеннен соң таптағыштармен тығыздауымыз керек.

Себу. Құрғақшылықты аудандардың жағдайларында, әсіресе еліміздің солтүстік өңірінде, барлық көпжылдық екпе шөптерді таза күйінде, бүрке- месіз әдісімен сепкен дұрыс. Ең жақсы себу кезеңі – ертекөктемде себу. Су-армалы және арамшөптері мол жерлерде жаздық егудің де көрсеткіштері жаман емес. Бірақ, бұл жерде есте сақтайтын жағдай, солтүстік аудандарда мұндай егістерді шілде айының бірінші жартысынан қалмай жүргізіуіміз

дұрыс, неге десек, бұдан кеш мезгілде себілген егістер қыстың суығына ұрынып шыдамай үсіп кетеді. Бұны АШҒЗИ-ты, Қарағандының облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы және Астананың АШИ-ның жүргізген ғылыми-зерттеулік жұмыстарының мәліметтерінде көрсетілген. 1). Ерте көктемде себілген егістіктердің ұтымдылығы сонда, топырақтағы ылғалдың көлемі аз болған жағдайда және егістік танаптардың арамшөптермен ластануы мол болғанда тиімділі дәлелденеді. Жазда себілген егістердің тұ- қымдылық өнімдері тіршілігінің бірінші және содан кейінгі жылдарында да, көктемде ерте себілгендерге жетпейді.

Барлық көпжылдық екпе шөптердің тұқымдық егістерін орналастырғанда себу әдісі мен себу мөлшерінің алатын орны ерекше.

Көпжылдық жүргізілген ғылыми-зерттеулік жұмыстарының және тәжірибелік мекемелердің атқарған зерттеулерінің мәліметтерінде көрсетіл- гендей, құрғақшылық жағдайларда көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерінің тұқымдық алқаптарында себудің ең төмендетілген мөлшерін қолданып және тек таза түрде ғана сепкенді ұсынады.

Жоңышқаны, эспарцетті және түйежоңышқаны қатараралықтары 45 және 60 см, кең қатарлы әдісімен себеміз. Жоңышқаның, эспарцеттің және түйе-жоңышқаның кең қатарлы себу әдістері үшін агротехниканы дұрыс қолдана білгенде, осы дақылдар себілген танаптарды суармай-ақ тұқым алуға бола-тындығы дәлелденген. Кейбір жағдайларда аталған дақылдардың тұқымдарын сепкенде, тұқымдардың біркелкі түсуі үшін балласт (ағаштың кептірілген, тазартылған үгінділері) қосылып себіледі. Кең қатарлы себілген егістерде топырақтардың ылғалдылығы, жаппай қатарлап себу әдісімен са- лыстырғанда аздап, яғни үнемделініп жұмсалынатындығы байқалды.

Жоңышқаны, эспарцетті және түйежоңышқаны тұқымға себу мөлшері 1-2 млн. өңгіш тұқым 1 га, немесе салмақтылық есеппен алғанда: жоңышқа 2,0-4,0, түйежоңышқа 2,0-3,0 және эспарцет 15-20 кг/га.



Егістіктерді күтіп бағу. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерінің тұқымдық алқаптарында сол себілген жылғы, негізгі күтіп бағу жұмыстары – олар, арамшөптермен күресу және қатараралықтарды культиваторлармен жырғалау болып табылады. Біржылдық арамшөптік өсімдіктерді жаз бойы 2-3 рет қайтара шабу арқылы жүргізу қажет. Арамшөптерді шабу биіктігі топырақтың бетінен 8-10 см, яғни көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерінің өскіндерін бірінші немесе содан кейінгі шабу кезінде, оларға тиіспейтіндей етіп жүргізу керек. Егерде арамшөптерді шауып тастағанда, әсіресе күзде шабу биіктігі тым төмен болса, себілген екпе шөптердің өскіндері жарақаттанып, ауырып, олардың келесі жылы өсіп-өнуі нашарлайды. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерінің

Егістерде сол себілген жылы арамшөптерін шауып тастаумен қатар, қа- тараралық өңдеулерді де жүргіземіз. Бірінші қатараралық өңдеуді, себілген қатардағы жүйектер жақсы көрінгенде бастайды, екіншісін 15-20 күннен кейін, ал қалғандарын қажеттіліктеріне байланысты – яғни арамшөптердің өсуімен сәйкестіріп жүргізеді. Осылай 2-3 рет қайталанып қатараралық өң-деулерді жүргізгенде біржылдық арамшөптер жойылынады, алкөпжылды- лық арамшөптердің өмір сүру деңгейі кемиді. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерінің бірінші немесе келесі жылдары егістерінің топырақтарын қатараралық өңдеуді ерте көктемде және шауып алған сайын жүргіземіз. Бі-рінші екі жыл бойы топырақты өңдеу үщін БИГ-3 тырнағышын немесе тістілі тырнағыштарды пайдаланамыз. Осы жұмыстар екі реттен қайталанып жүргізілінеді, содан кейін, яғни үшінші жылы топырақты өңдеуді дискілі сыдырғышпен немесе дискілі тырнағышпен, ал танапты шауып алғаннан соң, тісті тырнағыштармен атқарған дұрыс. Көктемгі себу алдындағы топырақты өңдеу кезінде түйіршіктелген суперфосфатты (45-75 кг ә.з.1 га) сіңіреміз.

Соңғы жылдары жоңышқа егістерінде арамшөптермен күресу үшін гербицидтерді пайдалана бастады. Мысылы: жоңышқа егістерін 80%-дық 2,4-ДМ-ді, бүрку мөлшері 15-20 кг/га ә.з., екі-төрт нақтылы жапырақтары пайда болғанда, және сол сияқты сол тұқым алатын жылы, жоңышқаның бұтақтану кезеңінде, өсімдіктердің биіктіліктері 10-12 см болғанда, ластанған егістіктерінде химиялық өңдеулерді жүргіземіз. ЦАШИ-ның мәліметтері бойынша базагран гербицидінің бүрку мөлшері 3 кг/га және эрадиканды 7 кг/га бүркудің өте жоғары тиімділікті беретіндігі дәлелденген (Н.И.Можаев, 1979).

Сонымен қатар, көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерінің тұқымдық алқаптарында, соның ішінде, жоңышқаның көктегенінен, бүрлену кезеңдері аралығында тұқымдық егістерді зиянкестер мен аурулардан сақтауға да көп көңіл бөлу керек. Тұқымдық егістерді, бүрку мөлшері 8-10 кг/га – каратемен, 2-3 рет өңдегеннің берер пайдасы мол.

Тұқымдық егістерде, қысты күні танаптарда шабылмаған жолақтарды қалтыру арқылы және СВУ-2,6 қар тоқтатқыштарымен қар тоқтату керек. Танаптағы жиналған қардың қалыңдығы, бұршақ тұқымдас шөптерге берер пайдасы да мол. Олар шығып келе жатқан өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз етіп ғана қоймай, ерте көктемде топырақтардың қызуын тежейді, сонын арқасында шөптердің өсіп-өну кезеңі, қар қабаты аз жиналған жерлерге қа- рағанда 7-10 күнге ұзарады екен. Осыдан барып, осы қолданылған әдістер- дің малазықтылық өсімдіктерді, көктемде кештеу болатың бозқырауларға ұрынбауларынан сақтап қалатындығы дәлелденген (У.У.Хасенов, 1967). Сондықтан, көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерінің тұқымдық алқапта- рында жылда қар тоқтату, негізгі агротехникалық шаралар есебінде саналып жүргізілініп тұруға тиісті.

Сондай-ақ, жоңышқаның ескі айдалған танаптарын (4-5 жылғы) дискалы сыдырғыштармен өңдеудің, бұл танаптардың осыдан кейінгі жылдары тұқымдық және шөптілік өнімділіктерінің артылуына көмектеседі.

Ақмола облысында жүргізілген тәжірибелердің мәліметтері бойынша, жоңышқа және түйежоңышқаның екінші шабылымдарынан да тұқым алуға болатындығы көрсетілген, бірақ бұл үшін бірінші шабылымды витаминділік ұнға пайдануға, ертерек шанақтану кезеңінде, биіктеп шабуымыз (15-20 см) керек болады. Осылай алынған тұқымдардың өнімділіктері, бірінші шабылымдардан кем болмайды, ол үшін зиянкестердің зақымдану белсен- діліктерін біршама төмендетуіміз керек. (К.Д.Постоялков, Е.В.Колесникова және басқалары, 1982).
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің морфобиологиялық ерекшеліктері

Жоңышқа (Medicago Sativa) жоғары сапалы пішендер, витаминдік шөп ұны және витаминдік үстеме жем алу үшін қолданылады. Жоңышқаның 1 кг пішенінде 0,50-0,62 а.ө., 120-175 г сіңімді протеин, 9,4-15,2 г кальций, 1,3-2,2 г фосфор және 17-29 мг каротин болады. Сонымен қатар жоңышқа топырақты азотпен байытады.

ТМД-де жоңышқаның мәдени және жабайы жағдайдағы 30 дан астам түрлері кездеседі. Бірақ, барынша көп тарағаны тек екі түрі – егістік және сары жоңышқа.

Жоңышқа – биіктілігі 50-150 см, тамыр мойнынан таралған мол сабақты көпжылдық өсімдік. Жапырақтары күрделі, үштік. Гүлшоғыры – бұтабас, 12-16 гүлден тұрады. Гүлдері қосжынысты, гүлдерінің түрлері әр түрлі: көгілдір, ақ, сары. Жемісі – көп тұқымды бұршақ, спираль немесе орақ тәрізді. 1000 дәннің массасы 1,0-2,7 г. Тамыр жүйесі кіндік тамырлар, топырақтың 5-7 м тереңдіктеріне дейін өседі.

Жоңышқа – энтомофильді айқас тозаңданатын өсімдік. Көбінесе олардың гүлдерін жабайы жәндіктер тозаңдандырады – аралар және түкті аралар, олардың гүлшырынын және тозаңдарын алады. Мәдени аралар жоңышқаға қонып жүріп, олардың гүлдерін аштырмай және тозаңдандырмай, тек гүлшырынын ғана алады.

Жоңышқаның дақыл есебінде көп тарағаны, егістік және сары түрлері. Жоңышқаның осы түрлерінің негізгі морфологиялық айырмашылықтары – гүлдерінің түрлері және жемісінің формасы. Егістік жоңышқаның желектерінің түрлері көгілдір, ақ-қызғылт немесе ақ түрлі, ал жемістері 2-5 айналым спираль сияқты бұратылған. Сары жоңышқаның гүл күлтелері сары түсті, жемістері орақ тәрізді немесе түзу болады.

Көпжылдық жоңышқаның барлық түрлері өсімдіктердің жаздық тектеріне жатады. Егістік жоңышқаның өсуі тез, 2-3 рет шабуға болады, ал суармалы жерлерде 5-7 дейін шауып алуға болады. Сары жоңышқа тапал бойлы, өсуі шабан, бір кейде екі щабуға ғана болады және егістіліктен өнімділігі де көп есе аз, бірақ қысқа, қуаңшылыққа, тұзға төзімділігі, аурулар және зиянкестермен зақымдануы бойынша, сондай ақ көп жыл жасауымен ерекшелінеді.



Эспарцет (Onobrychis) бағалы мал азықтық өсімдік, жоңышқадан айырмашылығы, малдарда тимпания ауруын туғызбайды, көп мөлшерде сіңімді протеин, С витаминінін және кальцийді құрастырады. Ол сол сияқты жақсы азотжинағыш және астық дақылдары үшін таптырмайтын алғыегіс.

Эспарцет сабақтарының биіктілігі 50-120 см, түктері бар, күшті бұтақталған өсімдік. Жапырақтары дарақос қауырсынды, 7-12 қос жапырақшасы болады. Жемістері – жартылай шеңберлі жұмыртқа тәрізді – бұрышты формалы бұршақ, бір тұқымды жарылмайтын торлы болып келеді. 1000 бұршақтың массасы 20 г. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы, күшті дамыған, 3-6 метрге дейін тереңге бойлайды.

Эспарцеттің (140 артық) түрлері белгілі, олардың ішінде үш түрі кең тараған: кәдімгі, құмдық және алдыңғы Азия немесе Закавказдық. Солтүстік Қазақстанда ең көп тараған және қысқа, қуаңшылыққа төзімділігімен ерекщеленетін түрі құмдық эспарцет.

Түйежоңышқа (Meliolotus) – бағалы мал азықтық дақыл. Көк балаусасы мал азығына, пішен, сүрлемдік масса үшін пайдалынылады. Құрғақ массасындағы ақуыздың көлемі 19% дейін болады.

Түйежоңышқаның сабағы тік тұратын, бұтақтарының төменгі жағы жалаңаш, ал жоғарғы жағында қысқа түктері бар. Жапырақтары үштік. Гүлдері – гүлшашақ. Сары түйежоңышқаның гүлдері сары, ақтарында – ақ гүл. Жемістері – бір тұқымды бұршақ. Тұқымдары шеңберлі формалы, сары және сары-жасыл түсті. 1000 дәннің массасы 1,5 г. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы, көлденең тамырлары күшті дамыған.

Түйежоңышқа мелилотус туыстарына жатады, оның құрамына екіжылдық және біржылдықтардың 16 түрі кіреді. Бұрынғы Кеңес үкіметінің аумағында түйежоңышқаның оннан астам түрлері өседі. Барынша маңызды екі түрі бар: ақ және сары түйежоңышқа. Егістерде көбінесе ақ түйежоңышқа өсіріледі, олар пішен, пішендеме және сүрлемдік масса үшін пайдалынылады. Бірақ сары түйежоңышқаның ақтарға қарағанда мал азықтылығы кемдеу және қысқа, қуаңшылыққа төзімділігі төмен.

Түйежоңышқаның тұқымы біркелкі піспейді, жинап алынғасын тіршілікке қабілеттілігі жоғары болады, бірақ қабықтарының қаттылығына байланысты, өңгіштілігі төмен деңгейде болады. Сондықтан, тұқымдарды себер алдында скарификациялау керек.

Жоңышқа және эспарцеттің тұқымдары 2-3˚ жылылықта өне бастайды, ал 3-4˚ температурада олардың көктеуіне қолайлы жағдайлар қалыптасады. Топырақтың дәлділік ылғалдылығында, тұқымның өнуіне қолайлы температура 18-25˚ , ал орташа тәуліктік температура 6-8˚ болғанда, тұқымдардың өнуі 15-20 күнге дейін созылады. Егін көгі 3-6˚ бозғырауға төтеп береді. Көктеу, ауаның орташа тәуліктік температурасы көктемде 7˚ шамасында болғанда басталады. Солтүстік Қазақстан жағдайында, шөптердің тұрақтылы өнімдерін алуға, керекті жылулылық жеткілікті.

Жоңышқа суыққа төзімді және өсімдіктің жағдайына байланысты тамыр мойнының орналасу тереңдігінде болатын 20-25˚ аяздарды, ал егер түскен қардың қалыңдылығы 30-40 см болса, 40˚-тан артық аяздардарға да шыдайды. Жоңышқаға қарағанда, эспарцет қысқа төзімділеу. Ал, түйежоңышқа осы қасиеті бойынша жоңышқа мен эспарцеттен де суыққа төзімді, мысалы тамыр (түбі) мойнының тереңдігінде, 30-40˚ аязға төзе алады. Эспарцет өскеннен кейін көктемгі – 12˚-қа дейін аязды көтереді, жоңышқаға қарағанда төменгі температураға төзімді.

Эспарцет тез және қуатты өсуімен ерекшеленеді. Жазғы ауа қуаңшылығынан жоңышқаға қарағанда ол жақсы құтылады, өйткені, 10-15 күн ерте гүлдейді, гүлдену кезеңі қысқарақ. Бірақ, ол шөпке шауып алғасын қайтамалап өсуі нашар.

Бұршақ тұқымдас шөптердің қыстап шығуының шешуші мезгілі, күз айларына байланысты. Әсіресе, шабу мерзімін таңдаудың берері мол. Егерде, танаптарды ерте шауып алсақ, олар қысқа дейін өсіп көтеріледі, бірақ, мүлде өсіп үлгермейді. Өнімдерді кеш ору, қыстайтындылық бүршіктердің оянуын туғызады және олардың содан кейін, құртып кетуіне әсерін тигізеді

Егістік көк жоңышқа су қабатын 5-6 күннен артық көтере алмайды, тұншығудан өліп қалады. Түйежоңышқа қысқа мерзімді су басуға (6-7 күнге дейін) төтеп бере алады, ал көктемгі су басу 15 күннен асып кетсе түйежоңышқа өліп қалады. Эспарцет қысқа мерзімдік те, судың басып кетуіне шыдай алмайды.

Жоңышқа топырақ пен оның құнарлылығына үлкен талап қоятын дақылдарға жатады. Бейтарап немесе әлсіз бейтарап реакциялы сұр, қоңыр топырақтарда ол жақсы өседі. Бұл дақыл үшін ең жақсы топырақ, құрамы орташа саздақ болып табылады.

Эспарцет және түйежоңышқа қоңыр, сұр, күрең және басқа да топырақтарда өседі. Топырақ ортасының дәлділемелік реакциясы – бейтарап немесе әлсіз бейтарапты (РН 7,0-8,0). Эспарцет өсімдігінің тұзға төзімділігі төмен, сондықтан сортаң топырақтарда нашар өседі.

Түйежоңышқа – тұзға төзімділігімен ерекшеленеді, оны топырақты тұзсыздандыратын мелиорант-өсімдік деп қарастыру керек, оны сидералды дақыл ретінде сонымен қатар жартылай бекіген құмдарды игеру үшін пайдалануға болады.



Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің сорттары

Жоңышқа

Көкше – Көкшетау мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе танабында көк буданды және сары жоңышқа үлгілерін тозаңдандырып, олардан топтық іріктеу әдісімен алынып шығарылған. Авторы: У.Х.Хасенов. Бұтағы – тік тұратын. Сабағы орташа дөрекі, нашар түктенген, өсімдік биіктігі 75-80 см, бұталануы орташа. Жапырақтары орташа мөлшерлі, жұмыртқа пішіндес, нашар түктенген. Жапырақтануы 54-58%. Гүл шашағы орташа ұзындықты, шоқпарбас, орташа борпық. Гүл жапырақшалары ала-құла. Бұршаққап 1-3 оралымды, ірі, бүйрек тәрәздес, қоңыр-сары түсті.

Орташа пісетін сорт. Көктемгі өсуден алғашқы шөпке дейінгі аралық 53-55 тәулік, тұқымының шаруашылық пісуіне дейін 115 тәулік. Қысқа, қуаңшылыққа төзімділігі жоғары. Қоңыр дақпен, жалған ұнды шықпен зақымдануы нашар. Ылғалдылыққа өте сұранысты сорт.


Нүрилә – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және А.И.Бараев атындағы Қаз АШҒЗИ-ның Көкшетаулық филиалы бірігіп шығарған. Сорт Көкше сортымен босретінде биотопты тозаңдандыру арқылы алынған. Қысқа және қуаңшылыққа өте төзімді. Тұқымдық және шөптік өнімділігі бойынша аудандастырылған Көкше сортын салыстырмалы түрде 45% және 19% артық. Ақуыз мөлшері 15%.

Морфологиялық стпаттамасы: тамыр жүйесі жақсы дамыған, кіндік тамырлы, 1 м тереңдікке дейін барады, бұтағы тік тұратын, жапырақтануы 48-54%; жапырақтары орташа мөлшерлі, ұзартылған-ланцетті және кері жұмыртқа тәріздес, ашық-жасыл, жасыл түсті. Гүл шашақтары ұзынша-сопақша келген шақпарбас, гүлдері көп. Бұршаққабы спиралды-оралымды. Тұқымдары ұсақ, 1000 дәннің массасы 2,6 ± 0,4г, жұмыртқа тәріздес, ашық-қоңыр түсті.

2001 жылы мемлекеттік сорт сынауға берілген. Солтүстік Қазақстан жағдайында шалғынды және далалық шөп есебінде егуге ұсынылған.
Шортандинская 2. Бүкіл одақтық АШҒЗИ-да будан популяциясын жаппай іріктеумен тибеттік үлгісінен егістік жоңышқаның бірнеше сорт- тарынан ерікті тозаңданумен алынған. Авторы: В.П.Кузьмин. Көк буданды сорттық типке жатады. Бұтағы құлап жататын, жартылай тік тұратын, жар- тылай жатаған. Сабағы орташа жуан, дөрекі емес. Өсімдіктің биіктігі 50-70 см. Жапырақтары орташа мөлшерлі, эллипсті, ұзартылған-ланцетті және кері жұмыртқа тәріздес, сағақтың төменгі жағында қысылған және тікірейген түктермен сәл түктелген. Жапырақтануы жақсы 40-55%. Гүл шашақтары орташа ұзындықты және орташа тығыз, шоқпар бас кейде целиндрлі. Гүл жапырақшалары ашық-көкшіл, ақшыл, сарғыш жасыл және ашық сары. Бұршаққап 1-3 орамалы, ірі, ашық-қоңыр, қоңыр.

Орташа пісетін сорт, қысқа төзімдігі және қуаңшылыққа төзімдігі жоғары, жоңышқа көбелегімен, фитономуспен зақымдануы орташадан жоғары. Бұл сорт көктемде және шапқаннан кейін баяу өседі. Тамыр жүйесі күшті. Көктемгі өсуден алғашқы шөпке дейінгі аралық 86 тәулік, тұқымының шаруашылық пісуіне дейін 118 тәулік.



Карабалыкская 18. Сорт Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе танабында Солтүстік Қазақстандық жергілікті сорттарын ерікті тозаңдандырып ішінен жаппай іріктеумен шығарылған. Авторы: селекцио- нер Ф.М.Маштаков. Ала-құла буданды сорттық типке жатады. Бұтақтануы орташа. Сабағы дөрекі емес, жақсы бұталанған (түпте 10-12 сабақ), өсімдіктің биіктігі 55-80 см. Жапырақтары элипсті және ланцетті, төменгі жағында нашар түктелген. Жапырақтануы орташа 50-60%, біркелкі. Гүл шашағы қысқа және ұзын целиндрлі, орташа борпылдақ. Гүл жапырақша- лары күлгін, көкшіл-күлгін, сарғыш-жасыл. Бұршаққап – шалғы тәліздес, тұқымдары ірі. Бұршаққап 1,5-3,5 спиралды орамалы, ірі, ашық-қоңыр, қоңыр. 1000 дәннің массасы 1,9-2,0 г.

Қысқа, қуаңшылыққа төзімді сорт. Аурулар және зиянкестермен зақымдануы нашар. Көктемгі өсуінен бірінші шабуға дейінгі аралық 62-77 тәулік, бірінші шабудан екінші шабуға дейін 66-73 тәулік, тұқымның пісуі- не дейінгі аралық 100-135 тәулік. Шөптің сапасы жақсы.


Марусинская 425. Сорт Моршан селекциялық танабында жабайы өсетін жергілікті популяциядан жаппай іріктеу жолымен алынып шығарылған. Авторлары: В.П.Струве, М.Н.Демина. Европалық жоңышқа, сары буданды сорттық типке жатады. Бұтағы жартылай жатаған және құлаңқы, түптену бөлігі топырақ бетінен 3-6 см төмен орналасқан. Сабағы көктемде және күзде өскенде іредік болғаннан жерге жабысқан, жіңішке болсада кейін көтеріледі, тығыз, дөрекі емес, жақсы бұталанған. Бұтақтары тік және үшкір бойымен тарайды. Өсімдіктің шөпке шабардағы биіктігі 44 см, тұқымға 67 см. Жа- пырақтары орташа және ұсақ мөлшерлі, элипсті және ланцетті, төменгі жағында қысқа және қысылған түктермен түктелген. Жапырақтануы жақсы. Гүл шашағы қысқа, тығыз, шоқпарбас және кейде қысқа целиндрлі, 13 шақты гүлі бар. Гүл жапырақшалары өсімдіктің 50-60%-да сары, 10-30%-да сарғыш, сары және сарғыш-ашық, көк, 15-17%-ашық көк, 3-5%-да көгілдір және күлгін түсті. Бұршаққап 1 ден 2,5 оралымды, ашық және қара қоңыр түсті.

Ерте пісетін сорт, көктемгі және шөпке шапқаннан кейін өсуі тез. Қысқа төзімдігі жоғары. Қоңыр дақпен және тат ауруымен залалдануы орташадан төмен. Шөптерінің мал азықтылық сапасы жақсы.



Семиречинская местная. Алматы облысының жергілікті сорты. Азияттық жоңышқа, түркістандық буданды сорттық типке жатады. Бұтақ- тары жартылай жатаған және құлаңқы. Түптену бөлігі топырақ бетінен көп төмен тереңдікте орналасқан. Сабағы селдірең келген шалғында доға тәрізі майысқан пішінді, гүлдену кезеңінде жоғары қарай бағытталанады, жуан- дықтары орташа, диаметрі 2,5 см шамасында, буынаралықтарының ұзындығы орташа (4,3 см-дей), орташа бұтақтанған. Бұтақтары тік және ұшқыр бойымен тарайды. Өсімдіктің шөпке шабардағы биіктігі 50 см, тұқымға 80 см. Жапырақтары орташа мөлшерлі, элипсті және жіңішкеланцетті, кейде кері жұмыртқа тәріздес, түкті. Түктерінің ұзындық- тары орташа, доға тәрізді майысқан немесе қысыңқы. Жапырақтануы орта-шадан жоғары – 40-50%. Гүл шашағы ұзын емес, орташа тығызды, целин- дрлі, 17 шақты гүлі бар. Гүл жапырақшаларының түсі көгілдір. Бұршаққап 3-4 оралымды, ірілігі орташа, қара-қоңыр түсті.

Кеш пісетін сорт. Ұзаққа созылмайтын төменгі температураларға шы- дамдығы жақсы, бірақ қатаң суықты қысқа төзімсіз. Қоңыр дақпен және тат ауруымен залалдануы орташа. Қайталанып өсуі баяу. Суармалы жерлерде жаз бойы шөпке 3-4 рет, ал суарылмайтын жерлерде 1-2 рет шабуға болады. Өнімді сорт.


Эспарцет

Песчаный улучшенный – Қарағанды МАТС-да, эспарцеттің Песчаный 1251 сортын жаппай сұрыптаудан алынған. Украиндық экологиялық топқа, құмдық эспарцет түріне жатады. Өсімдігі аласа бойлы, тік тұратын бұта қалыптасады, жапырақтылығы 46-50%, шабылғаннан кейін алшынкөгі нашар өседі және әдетте бір-ақ шабыс береді, жекелеген, ылғалдылығы өте қолайлы жылдары шамалы өнімді екінші шабыс береді. Сорт қыстың суығына, қуаңшылыққа төзімді. Сабақтарының жуандылығы орташа. Жапырақтары ланцетті, аздап түктенген, түстері жасыл. Гүл шашағы бұратылған шашақгүл. Гүлдері қызғылт түсті. Гүлденулері кеш, маусымның аяғында.
Түйежоңышқа

Альшеевский – Башқұрстанда сары түйежоңышқаның жабайылық түрі-нен жаппай сұрыптаумен алынған. Түптенуі жақсы, тік тұратын, жатып қалмайды. Өсімдіктердің биіктітігі 85-120 см. Жақсы жағдайларда түптенуі

2-3 сабақ. Сабақтарының дөрекілігі орташа, жапырақтануы жақсы (20-30 жапырақша). Жапырақшалары дөңгелек-сопақша, шеттері түстелінген, түк- тері жоқ, жапырақтануы 50-55%. Жапырақшалары үшкірлеу келген, түктенулері аздау. Масақшалар ұзынша келген (4-10 см), бұратылған, то- лықша келген. Гүлдері сары түсті, тұқымдары дөңгелек-сопақша, бүйірлері қысылыңқы. Көктемгі өсуінен бірінші шабуға дейінгі аралық 50-60 тәулік, көктемде және шабқаннан кейін өсімі тез, өмірінің бірінші жылында тұқым береді. Қысқа, қуаңшылыққа төзімділігі жоғары сорт.


Донник желтый Кокшетауский – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және А.И.Бараев атындағы ҚазАШҒЗИ-ның Көкшетаулық филиалында ерікті түрде Сибирь, Омский скороспелый, Аль- шеевский сорттарын будандастырудан алынған сорт.

Қысқа, қуаңшылыққа төзімділігі өте жоғары сорт. Шөптік өнімділігі бойынша тіркелген Альшеевский сортынан 25%, ал тұқымдылығы 36% артық. Тұзға төзімділігі 89-94%. Ақуыз көлемі 16-18%, жапырақтануы – 41-56%.

Тамырлық жүйесі өте мықты жайылған, олар топырақ қабатының 1,5 м тереңдігіне дейін жайылады. Бұтақтары жайылымды, сабақтары тік өсімді, түптенуі орташа 12-15 сабақтан тұрады. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, жапырақшалары жіңішке, біз тәріздес; гүл шоғыры – бұратылған шашақбас; шашақбастары ұсақ; жұмыртқа тәрізді көлденеңді-бұжырланған пішінді; тұқымдары ұсақ, бүйрек тәрізді, 1000 дәннің массасы 2,1-2,4 г.

2001 жылы мемлекеттік сорт сынауға берілген. Солтүстік Қазақстан жағдайында шалғынды және далалық шөп есебінде егуге ұсынылған.


Карабалыкский – Қарабалық МАТС-да шығарылған. Өсімдігі шашыранды, биіктігі 120-135 см. Жапырақтарының көлемі орташа, сопақша-дөңгеленіп келген, түксіз. Бұтақтары бұратылған, жайылымдылыға орташа. Гүлдері ашық-сары түсті. Тұқымдары ұсақ, жұмыртқаша-эллипс тәрізді, жасыл-сары түсті. Орташа пісетін сорт, Альшеевский сортынан 3-5 күн кеш піседі, ал тұқымдарының пісуі бірдей. Көктемгі өсуден алғашқы шөпке шабуға дейінгі аралық 70-75 тәулік, бірінші шабудан екінші рет шабуға дейінгі аралық 25-30 тәулік, тұқымының шаруашылықтық пісуіне дейін 125-145 тәулік. Сорттың қысқа, қуаңшылыққа төзімділігі өте жоғары және қыстап шыққаннан кейін өсіп-жетілуі тез. Жатып қалмайды, механикалық жинауға әбден икімді. Қоңыр дақпен, жалған ұнды шықпен зақымдануы орташа. Шөптік және тұқымдылық өнімі Альшеевский сортынан артық.
Сретенский 1 – Сорт Забайкал АҒИ-да шығарылған. Ақ түйежоңышқа түріне жатады. Өсімдігі жақсы түптенеді (4-7 сабақ), биіктілігі 150-350 см, жапырақтануы 35-48%. Орташа мерзімде пісетін сорт. Сабақтары дөңгелекше пішінді, орташа дөрекілеу келген. Жапырақтары ұзынша-сопақша болып келген, жасыл түсті. Жапырақшалары бізтәріздес, ашық-жасыл түсті, түк- тенбеген. Гүлшоғыры – толық шашақбас, ақ түсті, бұратылған, ұзындық- тары 8-15 см. Тұқымдары (2,5-5,5 мм) эллипс тәрізденген, қысқаша өткірше келген мұрыншасы бар, сырттары торланып әжімделген, орташа көлемді. Орташа пісетін сорт, көктемгі өсуден алғашқы шөпке шабуға дейінгі аралық 61-78 тәулік, бірінші шабудан екінші рет шабуға дейінгі аралық 40-85 тәулік. Сорттың қысқа, қуаңшылыққа төзімділігі өте жоғары және қыстап шыққаннан кейін өсіп-жетілуі тез.
6.4 Көпжылдық астық тұқымдас шөптер.

Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің морфологиялық ерекшеліктері
Солтүстік Қазақстанда көпжылдық астық тұқымдас шөптердің ішінде ең маңыздылары: еркекшөп және қылтықсыз арпабас.

Еркекшөп пішен, пішендеме және мал жайылымдылық шөп есебінде пайдалынады. 1 кг еркекшөптің пішенінде 0,47-0,52 а.ө. бар және 51-58 г-ға дейін сіңімді протеин болады. Жақсы жер қыртысын түзейтіндігіне байланысты топырақты қорғаулық ауыспалы егістікте, жеңіл түрлі топырақты аудандарда себіледі.

Солтүстік Қазақстан бойынша еркекшөптің пішенділік орташа өнімі шамалы – 5-7 ц/га, бірақ зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйенсек, жоғары деңгейдегі өсіру технологиясын сақтай білгенде, оның пішенділік өнімділігі 20-30 ц/га және одан да жоғары болады, ал тұқымдылық өнімі 7-10 ц/га.

Еркекшөп – борпылдақ бұталы, астық тұқымдас, шашақты тамыр жүйесі күшті дамыған, көптеген ұсақ тамыршалар түзейтін дақыл. Түптерден 40-60 сабақ, өсіп дамиды. Сабақтары жіңішке, тік, биіктілігі 40-85 см. Жапырақтары ұзын, жіңішке, оралып келген, түрлеріне байланысты, түстері күрең, қоңыр-ашық-жасыл болып келеді. Гүл шоғыры – әртүрлі тығыздықтағы және мөлшердегі масақ. 1000 дәннің массасы 1,3-2,2 г.

Біздің елде кездесетін еркекшөптің 13 түрінен, егістікке еркекшөптің 4 түрі еңгізілген: екі кең масақты – тарақша және иректісті, қалған екеуі жіңіш-ке масақты – сібірлік немесе құмдық еркекшөп және шөл еркекшөбі. Солардың ішінде ең көп тарағаны кең масақты тарақша еркекшөп.

Еркекшөп – биологиялық өсуіне байланысты, жартылай күздік өсімдік. Ылғалданудың деңгейіне байланысты бір, кейде екі рет шабылады, ал шабылғаннан кейін өсімі шабан. Еркекшөптің қыстың суығына төзімділігі өте жоғары – тіпті қар қабаты болмағанның өзінде, ол -35-40˚-қа дейінгі аязға шыдайды. Дақыл қуаңшылыққа төзімді, осы қасиеті бойынша көпжылдық шөптердің ішінде бірінші орында, сондықтан да Қазақстанның жартылай шөлді аймақтарында өсіп-өніп, жыл сайын жақсы өнімділігімен көрінеді. Еркекшөп топырақ талғамайды, механикалық құрамы әртүрлі топырақтарда өсе береді, сортаңдау топырақта да өсе алады.
Қылтықсыз арпабас жоғары мәнді малазықтылығымен ерекшелінеді. Оның 1 кг пішенінде 0,53 а.ө. бар және 35 г-ға дейін сіңімді протеин болады. Егістерді тұқымға жинап алған қалған қылтықсыз арпабастың сабандары да жақсы малазығы болып есептелінеді. Далалық аймақтарда қылтықсыз арпабас, еркекшөп дақылымен бірдей өнім береді, ал орманды далалы аймақтарында оның беретін өнімділігі біршама артықтау.

Қылтықсыз арпабас – көген тамырлы жартылай күздік типтегі астық тұқымдас. Бұтасы көп сабақты, 8-10 жапырақты, биіктігі 1,0-1,5 м. Гүл шоғыры сіпсебас, 1000 дәннің массасы 2,8-4,0 г. Дақыл қуаңшылыққа төзімді, әсіресе далалық пішіндері, неге десең олардың тамыр жүйелері жақсы дамыған. Сонымен қатар қылтықсыз арпабас дақылы су қабатын 35-50 күнге дейін жақсы көтереді, жайыла сортаңдау жерлерде мол өнім бере алады. Ойпаң, жайыла суарылатын жерлерде – таптырмайтын мал азықтық өсімдік. Механикалық құрамы жеңіл және орташа қаратопырақты жерлерде қылтықсыз арпабас жақсы өнім береді. Жыртылатын қабаты борпылдақ топырақ ең қолайлы деп есептеленеді, саздақ және батпақтанған жерлерде ол нашар өседі. Солтүстік Қазақстанда қылтықсыз арпабас дақылының ең көп себілген аймақтары: Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстары.

Көпжылдық астық тұқымдас шөптер жылуды аз талғайды. Тұқымдары 2-3˚С температурада өсе бастайды, тіршілікке бейім өскіндерін топырақтың орташа сөткелік температурасы 5-7˚С болғанда алуға болады, көктемгі өсіп-өнуі 5-7˚С басталады (жобалап айтқанда сәуірдің екінші онкүндігі), күзде өсуі 5˚С тоқтайды. Гүлдену және тұқымдардың пісуі 10-12˚С жылылық температурада болады. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің ішінде бірінші болып көктейтіні – еркекшөп, содан кейін қылтықсыз арпабас, ал содан кейін 5-10 күн кештетіп қияқтар өсе бастайды. Қылтықсыз арпабастың өсімдіктері 18-20˚С дейінгі аязды көтереді. Қысқы кезеңде түптену буыны орналасқан тереңдікте -40˚С дейінгі аязға төтеп бере алады.

Еркекшөп 10-15 күндей қысқа мерзімді су басуға шыдайды, ал қылтықсыз арпабас дақылы су қабатын 35-52 күнге дейін жақсы көтереді. Еркекшөптің Солтүстік Қазақстандағы аудандастырылған сорттарының көк-теуден масақтануға дейін 60-65 күн қажет, тұқымның пісуіне керекті орта есеппен кезеңнің ұзақтығы 85-100 күн; ал қылтықсыз арпабасқа 60-70 және 80-100 күн қажет.

Жақсы агротехника болған жағдайда еркекшөптің өсімдіктері алқаптарда 10-12 жылға дейін сақтала алады, ал ең жоғары өнімді 2-5 жылдар аралықтарында қалыптастырады. Қылтықсыз арпабас өсімдіктері алқаптарда 5-8 жылға дейін сақтала алады, ал ең жоғары өнімді 2-5 жылдар аралықтарында қалыптастырады.

6.5 Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің сорттары



Қылтықсыз арпабас

Лиманный – Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, орманды далалық экология- лық топқа жатады. Өсімдіктері биіктігі 70-150 см дейін тік өсетін сабақты бұта қалыптастырады. Түптену дәрежесі жоғары (60-100 сабақ түпте). Жапырақтары ұзынша келген, иілмелі, ұзындықтары 15-21 см. Тілшелері доғал, қысқа. Жапырақтануы біркелкі (60,2-66,7%). Гүл шоғыры – сіпсебас (шашақ), иілген, жартылай қысыңқы, қылтықсыз шашақ, ұзындығы 15-21 см. Жемістері жалпақ қабықты, дәннің ұзындықтары 0,9-1,2 см, күңгүрт- сұр немесе қоңыр түсті. Тамыр жүйесі күшті дамыған, 1,5 м тереңдікке дейін жетеді.

Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден алғашқы шабысқа дейін 47-60 тәулік, тұқымның пісуіне дейін 79-90 тәулік.

Қазақ АШҒЗИ-ның деректері бойынша жасыл балаусасының орташа өнімділігі 92 ц/га, пішендігі 34,1 ц/га болған, стандарт еркекшөп сорты Карабалықский 202 салыстырғанда 42 және 11,1 ц/га артық болған. Қыстың суығына жақсы төзімді, қуаңшылыққа – орташа. Сорт 10-12 күндей терең мерзімді, ал 43 тәулікке дейінгі қысқа мерзімді судың басуына шыдайды. Көпжылдық шөп, ірі қара мал үшін жақсы малазық.

Степной – Қарабалық МАТС-да шығарылған. Авторлары: Ф.М.Маштаков, К.Т.Крестьяниновна, Н.А.Данилкина. Сорт далалық экологиялық топқа жатады. Өсімдіктері орташа түптенетін, тік өсетін, биіктілігі 72-120 см жететін орташа дөрекі бұта қалыптастырады, жапырақ- тануы 50-64% жетеді. Жапырақтары аздап балауызды түстенген, жұмсақ, ұзынша келген, иілмейтін, қоңыр-жасыл түсті. Тілшелері доғал, ұзынша. 1000 дәннің массасы 2,0-2,5 г. Тұқымдары қалың түктенген, қылтық тәріздес сүйірленіп келген. Қуаңшылық пен қыстың суығына жақсы төзімділігімен ерекшелінеді, мол ылғалды қажетсінеді, малдың таптауын жеңіл көтереді.

Еркекшөп

Карабалыкский 202 – Қарабалық МАТС-да шығарылған. Кең жапырақты. Тарақша еркекшөп түріне жатады. Өсімдігі орташа тығыздықтағы сабағы тік тұратын немесе аздап жайылыңқы келген. Сабақтары целиндр тіріздес, тік, жұмсақтылығы орташа, масақтың астында аздап түктенген. Жапырақтары ұзынша келген, аздап түктенген, дөрекі емес, жасыл түсті. Жапырақтануы жақсы 21-35%. Масақшалары жиі тарақ тәрізді, бірақ масақшалар арасында анық көрінген саңлаулар бар, ұзынша-жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 5-8 см, ені 1-2 см, төбесіне қарай сүйірленген, масақшалар жасыл немесе көкшіл сұр-жасылдау түсті, 7-9 гүлді. 1000 дәннің массасы 2,5 г.

Көктемгі көктегеннен алғашқы шабысқа дейінгі өсіп-даму кезеңі 55-65 тәулік, тұқымның шаруашылыққа жарамды пісу кезеңі 90-100 тәулік. Қысқа және қуаңшылыққа жоғары төзімді. Пішендік және тұқымдылық өнімділік- тері жоғары.


6.6 Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің тұқымдарын өсіру технологиясы

Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің тұқымдық танаптарын маман- дырылған тұқымдылық ауыспалыегісте немесе тыс танаптарда, оларды жақсы алғыегістерде орналастыру арқылы шешу керек.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық миистрлігінің көпжыл- дық малазықтық дақылдардың тұқым шаруашылығы туралы нұсқауларында көрсетілгендей, Солтүстік Қазақстанда еркекшөпті өсіруге арналған ауыспалыегістің төмендегідей жобалы кескіні ұсынылған:


  1. Таза сүрі жер,

  2. Бірінші жылғы еркекшөп,

  3. Тұқымдық еркекшөп,

  4. Пішенділік еркекшөп,

  5. Жаздық арпа.

Топырақты өңдеу. Негізгі топырақты өңдеу – тереңдетіп сыдыра қопсы-

ту. Көктемде ерте мезгілде егісті себетін болсақ, егісті себу алдында жазықтілгіштермен аздаған тереңдікте жырмалау, тырмалау-малалау және тұқымды себер алдында, содан кейін яғни сепкеннен соң, таптағыштармен тығыздау керек. Егерде тұқымдарды себуді жазды күндері жүргізген болсақ, шығатын арамшөптерді жою ретінде керектігіне байланысты 2-3 жазықтіл-гіштермен топырақты өңдеуіміз қажет.



Тыңайтқыштар. Астық тұқымдас шөптер тыңайтқыштарға сұранысты келеді. Шөптердің тұқымдарыңың жоғары өнімдерін алу үшін, фосфорлық тыңайтқыштарды сіңіру керек: жылжымалы фосфордың көлемі өте аз танаптарға – 70-80, аздарға – 60, орташаларға – 40 кг/га ә.з-ды. Егістерді сепкеннен кейін, бір жыл өткен соң егістерді, яғни шөптерді азоттылық тың- айтқыштармен үстемелеп қоректендіру керек, сіңіру мөлшері 30-40 кг/га ә.з. Көктемде егістіктердегі қардың кетуіне байланысты және олардың ерінді суларын пайдаланып РУМ-8 агрегатымен тыңайтқыштарды шашамыз және содан кейін оларды тырмалап-малалап сіңіреміз.

Себу. Құрғақшылықты аудандардың жағдайларында, әсіресе еліміздің солтүстік өңірінде, барлық көпжылдық екпе шөптерді таза күйінде, бүрке- месіз әдісімен сепкен дұрыс. Ең жақсы себу кезеңі – ертекөктемде себу. Су-армалы және арамшөптері мол жерлерде жаздық егудің де көрсеткіштері жаман емес. Бірақ, бұл жерде есте сақтайтын жағдай, солтүстік аудандарда мұндай егістерді шілде айының бірінші жартысынан қалмай жүргізіуіміз

дұрыс, неге десек, бұдан кеш мезгілде себілген егістер қыстың суығына ұрынып шыдамай үсіп кетеді. Бұны АШҒЗИ-ты, Қарағандының облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы және Астананың АШИ-ның жүргізген ғылыми-зерттеулік жұмыстарының мәліметтерінде көрсетілген.

Көпжылдық астық тұқымдас шөптерді қатараралықтары 45 және 60 см, кең қатарлы әдісімен себеміз. Кеңқатарлы себудің, қатардағы (15 см) себу әдісінен артықшылықтары Солтүстік-Қазақстан, Қарабалық және Торғайдың ауылшаруашылықтылық тәжірибе стансаларының, сондай-ақ АШҒЗИ-ның жүргізген тәжірибелік зерттеулерімен дәлелденген (А.П.Макарова, 1984).

Павлодардың топырақты жел эрозиясынан қорғау туралы стансасының жүргізген тәжірибелік жұмыстары көрсеткендей, яғни Қарағанды және Ақ- мола облыстарының қуаңшылық аудандарында еркекшөпті кең қатарлы, қатараралықтары 45-60 см әдісімен себу, ең сенімді әдіс болып табылады. Ең жақсы өнімділік, еркекшөпті құрғақшылықты аудандарда себу мөлшері 2,0-2,5 млн. га, өңгіш тұқым немесе 4,0-5,0 кг/га, ал ылғалдылығы мол аудандарда салыстырмалы есепте 3,0-3,5 және 6,0-7,0 сепкенде алынды.

Қылтықсыз арпабастың да жақсы қатараралығы - 45-60 см. Кең қатарлы әдіспен сепкендегі (100%-лық егістілік жарамдылықта) қылтықсыз арпабас- тың себу мөлшері – 6-10 кг/га.

Егістіктерді күтіп бағу. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерінің тұқымдық алқаптарында сол себілген жылғы, негізгі күтіп бағу жұмыстары – олар, топырақ бетінде пайда болған қабыршықтарды ЗБА-2,1 айналымды шабықтауыштармен бұзғылау, арамшөптермен күресу және қатараралықтарды культиваторлармен жырғалау болып табылады. Бір- жылдық арамшөптік өсімдіктерді жаз бойы 2-3 рет қайтара қатараралықты өңдеу арқылы құртамыз және сол сияқты арамшөптерді шабу арқылы да жүргізу қажет. Арамшөптерді шабу биіктігі топырақтың бетінен 10 см, яғни көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерінің өскіндерін бірінші немесе содан кейінгі шабу кезінде, оларға тиіспейтіндей етіп, аспалы шапқыштармен жүргізу керек. Егістерді сепкеннен кейін, бір жыл өткен соң егістерді, яғни астық тұқымдас шөптерді азоттылық тыңайтқыштармен үстемелеп қоректендіру керек, сіңіру мөлшері (30-40 кг/га ә.з.). Егістердің екінші – үшінші жылғы өмір сүру кезеңдерінде, шөптерді көктемде, топырақтың пісіп жетілген кезінде танаптарды БИГ-3 немесе тісті тырнағыштармен 2 рет тырмалап, топырақтың бетіндегі пайда болған қабыршықтарды бұзамыз, ал содан кейінгі жылдары бұл жұмыстарды дискалық сыдырғымен болмаса дискалық тырнағыштармен жүргіземіз. Жазды күні танаптарды тұқымға шауып алғасын, міндетті түрде тісті тырнағыштармен тырмалау қажет.

Солтүстік Қазақстан жағдайында астық тұқымдас шөптерге зиянкестердің үлкен тобы зиян келтіреді және оларға мыналар жатады: шиллинг қандаласы және қылшықты мохнач. Біріншісі негізінен еркекшөптің тұқымдық егістерін, екіншілері – қияқтарды зақымдандырады. Осы аталған зиянкестерді құрту үшін мамыр айының орта кезінде полихлоркамфенді қолданамыз. Дәрінің бүрку мөлшері 1,6-2,5 кг/га. Қазақстанның қуаңшылықты аудандарында шөптердің егістерінде қысты күндері міндетті түрде қар тоқтатылынады, ал көктемде ағынды суларды ұстап, оларды пайдалана білуіміз керек. Тұқымдардың бірқалыпты өнімдерін алып отыру үшін, оларды біразырақ күтіп-бағулық, шаралардың бірқатар жағдайларын міндетті түрде орындау керек:



  • жаңа тұқымдық учаскелерді, ертеде пайдаланған егістерден 400-500 м

қашықтықтан жақын жерге орналасыруға болмайды;

  • тұқым алу үшін, жалпылық егістің шетінен бөліктеп қалтыруға бол-

майты, неге десең сол қалтырылған жерге барлық танаптың зиянкестері жиналады;

  • танаптардың шетінде орналасқан басқа дақылдарды шауып тастап

отыру керек, сол сияқты басқа да зиянкестер жиналатындарды құрту керек;

  • шөп егістерінде арамшөптермен күресу үшін, 2,4-Д тобының герби-

цидтерін қолдану қажет;

  • гербицидтермен бүркуді шөптердің түптену кезеңінде немесе олардың

толық шыққан кезінде жасау керек.
6.7 Біржылдық мал азықтық шөптер

Біржылдық шөптердің морфологиялық ерекшеліктері

Солтүстік Қазақстанда өсірілетін астық тұқымдастар (судан шөбі, қонақ тары, итқонақ, мал азықтық тары) және бұршақ тұқымдастар (мал азықтық бұршақ, ноқат, сиыржоңышқа) біржылдық шөптер. Олардың барлығы жо- ғары мал азықтық қасиеттерімен айрықшалынады және өсімдіктік ақуыздың және витамин ұнтағының қайнар көзі болып есептелінеді. Біржылдық шөп-тер ретінде себілетін көптеген дақылдарды әртүрлі мерзімде себе отырып бүкіл жаз бойы көк балауса өнімін жинауға болады. Егістерде біржылдық және көпжылдық шөптердің болуы мал азығының тұрақты және сенімді қорын жасауды қамтамасыз етеді.



Судан шөбі Қазақстан Республикасының құрғақ далалық және далалық аймақтарында өсірілетін ең өнімді біржылдық мал азықтық шөптердің бірі. Бұл дақыл кейбір облыстарда әртүрлі жылдары барлық біржылдық шөптердің 20-40%-ға дейінгі себу көлемін алады. Бірақ осы дақылды бел-сенді түрде өндіріске кіргізуге, оның тұқымының тапшылығы және сонымен қатар аз өнімділігі де 2-4 ц/га әсер етеді. Көбінесе тұқымдардың зертханалық өңгіштігі өте төмен: себебі тұқым өнімі мен оның сапасына әсер ететін фактор аймақтың жағдайында жылудың жетімсіздігі мен аязсыз кезеңнің қысқалығы болып табылады. Оған 1800-2200˚ белсенді температура жиын-тығы қажет. Топырақты аз талғайды, механикалық құрамы жеңіл саздық, тұзды топырақтарды жеңіл көтереді, құмдақ топырақтарда өсіруге болады.

Итқонақ – бағалы біржылдық шөп, тереңдігі 1 м-ге дейін топырақты қуалайтын күшті дамыған шашақты тамыр жүйесін қалыптастырады, негізгі массасы топырақтың жыртылатын қабатында орналасқан. Судан шөбімен салыстырғанда итқонықтың түптенуі нашар. Қалыңдатып себу оның түп-тенуін кемітеді. Өсімдіктің жапырақтануы мен жапырақ бетінің ауданы шашақтану қарсаңында өзінің максималды мәніне жетеді және өсімдік мас- сасының 45-55% құрайды.

Итқонақтың гүл шоғыры – масақ тәрізді сіпсебас, ұзындығы іртүрлі 6-25 см, пішіні целиндр немесе ұршық тәрізді. Олардың түбінен ұзын жіп тәрізді қылшықтар дамып шығады да сіпсебасқа түкті түр береді. 1000 дәннің массасы 1,5-3,4 г.

Барлық тары тәрізді дақылдар сияқты көктегеннен кейін және түптенуге дейін 25-30 күн бойы итқонақ баяу өседі. Оны арамшөптермен ластанған жерлерде сепкенде өте зақымданады. Түтіктену – толық шашақтану кезінде ол құрғақ массасын барынша қарқынды жинақтайды. Гүлдену кезеңінде жапырақтарының кеуіп қалуынан шөптері дөрекіленеді, содан барып оның қоректілік мәні азайады.

Итқонақ қуаңшылыққа төзімді өсімдік, транспирациялық коэффициенті 240-300. Тұқымға өсіргенде вегетациялық кезеңі 90-120 тәулік, ал шөпке – 60-70 тәулік. Шауып алғаннан кейінгі қайталама өсімі нашар.

Біржылдық шөптер – итқонақ, судан шөбі – жылу сүйгіш өсімдіктер, ол- ардың тұқымдарының өсіп шығуына 10-12˚С температура керек. Өскіндері мен толық өсімдіктері -2-3˚С бозқырауға шыдамайды.

Сиыржоңышқа – сабағы жіңішке, жапырылғыш, айқын емес төртқырлы, әртүрлі дәрежеде түкті, кейде түксіз, биіктігі 60-120 см. Жапырақтары қос-қауырсынды, бұтаққа мұртшамен бітеді, айтарлықтай ірі, 5-8 жұп әртүрлі пішінді жапырақшалары бар. Гүлдері ірі, түстері әртүрлі, бірақ көбінесе ақшыл көк қарақошқыл, жапырақтардың қолтығында қысқа аяқшаларға жұптасып, кейде біреу немесе үшеу болып бекиді. Жемістері – көптұқымды бұршаққап, ұзынша-ромбылы, жалаңаш немесе түкті, тұқым саны 7-9. Тұ-қымдары домалақ, әлсіз қысылған, әртүрлі түсті және суретті, мысалы күн- гүрт-сұр,қоңыр, қара, қара мраморлы қара дақтары және әртүрлі шамадағы нүктелері бар. Сиыржоңышқа – өздігінен тозаңданатын өсімдік. 1000 дәннің массасы 40-60 г.

Сиыржоңышқаның өскіндері тұқымжарнақ шығармайды, бірінші екі-үш жапырақтары бір жұпты жапырақшаларды түзейді. Сабақтарының бұтақтануы бір жұмадан кейін басталады. Гүлденуі төменнен басталады да бірте-бірте жоғары қарай жүреді және көктегеннен соң 40-50-ші күндері гүлдене бастайды. Гүлдену кезеңінде, жемістері пайда болғанша өсімдік қаркынды түрде өседі (олардық массасы екі есеге дейін өседі), сондықтан осы кезеңінде ылғалға және қоректілік заттарға өте сұранысты болады. Бі- рінші бұршаққаптары гүлдегеннең соң 25-30-шы күндері пісе бастайды. Шаруашылықтық пісуі 50-70 күннен кейін болады.

Сиыржоңышқаның вегетациялық кезеңі оның сортына және метеороло- гиялық жағдайларына байланысты 75-100 тәулікке тең. Бұл дақыл жылы- лыққа аз сұранысты, 4-5˚ жылылықта өне бастайды, қысқа мерзімді 5-7˚ боз-қырауды жеңіл көтереді. Сиыржоңышқа – ылғал сүйгіш өсімдік. Солтүстік Қазақстанның орманды дала аудандарында ғана жақсы өседі. Дақылдың өсуіне барлық топырақтар жарамды, тек саздақ, тастақты және тұздылығы жоғары жерлерді ұнатпайды.

Дәнді бұршақ дақылдары Солтүстік және Орталық Қазақстанда бүгінгі таңда егістіктің аз мөлшеріне ғана себіледі, бірақ келешекте олардың егістік көлемін пішен, сүрлем және көк балауса алу үшін көбейтуге тиіспіз. Осы аталған өнірлерде негізгі және болшағы мол дәнді бұршақтық дақыл болып- асбұршақ саналанады. Сонымен қатар осында аздаған аумақтарда басқа да дақылдар өсірілінеді, олар: ноқат, атбұршақ және сиырбұршақ. Асбұршақ пен сиырбұршаққа ең қолайлы жағдай Солтүстік-Қазақстан, ал ноқатқа Қостанай және Карағанды облыстары болып есептелінеді. Асбұршақ жылу мен ылғалға ең сұраныссыз және ерте пісетін дақыл есебінде, дәнді бұршақ дақылдарының ішінде негізгі аумақтарға ие болуға тиісті. Оның орташа пісетін сорттары, жаздық бидайдан 3-5 тәулік ерте піседі, сондықтан шаруа-шылықтарда егістерді жинау науқанын бірсыпыра жеңілдетуге мұрша береді (К.С.Назаренко, 1964; А.А.Цепенко, 1969).

Асбұршақтың жоғары өнімдерін Солтүстік Қазақстанның барлық аймақтарында да алуға әбден болады. Оны ҚазАШҒЗИ, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарындағы АШТС және МСУ-нің берген деректері дәлелдейді (Г.Ф.Генералов,1964; Н.И.Шепетков,1964; А.А.Цепенко,1969). Осы жерде аталатын бір жағдай, жоғарыда айтылғандар ноқат дақылына арналмаған. Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан-ның ( Мамлюттік МСУ есептемегенде) 6 бірдей МСУ-де, ноқаттың өнімділігі, асбұршақтың өнімділігімен бірдей, ал кейбір жағдайларда одан жоғары болған.

Осы аталғандардың барлығын қорытындылағанда, қазіргі таңда бұл дақылдардың беріп жатқан өнімділіктері әзірге аз, бізді сондай қуанта алмайды, сол үшін шешілетін басты мәселе, бұдан былай қарай бұл дақылдардың егістік аумақтарын көбейтіп, беретін өнімдерін бірнеше есе арттырып қана, елімізде болып жатқан проблемаларды шешеміз.


Біржылдық мал азықтық дақылдардың сорттары

Судандық шөп

Ташебинская - сорт Хакас АСС-да, Бродская 2 сортының ерте пісетін пі- шіндерін жаппай сұрыптаудан шығарылған. Өсімдіктің биіктігі 80-120 см, тік тұратын бұта қалыптастырады, түптенуі (6-16 сабақ). Жапырақтануы 40%, біркелкі, негізгі сабақта 4-7 буынаралық болады. Жапырақтары ұзынша-ланцетті, нәзік. Сіпсебастары жайылған, борқылау, тік тұрған, аздап төмен қарай иілген, ұзындығы 10-13 см. Жапырақшалары эллипсті-сопақтау, қызғылт-қоңыр түсті. Тұқымдары эллипсті-ұзынша келген, қызғылт-қоңыр немесе қара-қоңыр түсті. Мал жақсы жейді. Стандарт Бродская 2 сортынан өсімдіктің жапырақтануы, ақуыздылығы және құрзақ заттар көлемі бойынша артық болып есептелінеді. Бұл сорттың көктеуінен, шаруашылықты пісуіне дейінгі вегетациялық кезеңі 70-80 тәулік, Бродская 2 сортынан 5 тәулік ерте піседі. Механикалық жинастыруға икімді. Жатып қалуға төзімді сорт.

Бродская 2 – Ет-сүт малының БҒЗИ-да жергілікті популяциядан жеке- ше-топтап сұрыптаумен шығарылған. Өсімдіктің биіктілігі 1-2 м, түптенуі нашар, жатып қалуға төзімділігі айтарлықтай; тік тұратын, өскіндері аздап боялған. Сабақтары орташа жапырақтанған, піскеннен кейінгі сынуы аздау. Жапырақтары қоңыр-жасыл түсті. Сіпсебастары тік орналасқан, жайылған-жадыраңқы, піскенде аздап жинақталанады, айтарлықтай селдір (30-40 бұ-тақшалары бар), көлемдері орташа (ұзындықтары 25-35 см), біліктері доғал қабырғалы, бірінші қатардың бұтақтары айтарлықтай майысқақ, иілген, біліктердегі бунақтар саны 9-12 олада 1-6 дейін орналасқан.Сіпсебастардың әрбір бұтағының ұшар басында 3 масақша орналасқан, оның біреуі жемісті, қалған екі бүйіріндегілері жеміссіз. Масақшалар қабықшаларының түстері әртүрлі – сабан-сарыдан қоңыр-қараға дейін, терілері жұқа және бүйірлері әрқашан қысыңқы. Тұқымдары аздап жалпақтау, кері-жұмыртқа пішінді немесе сопақша-ұзарған, айтарлықтай ұсақ. Қабықшаларымен 1000 дәннің массасы 10-12 г. Ерте пісетін сорт, тұқымдыққа 85-115 тәулікте, шөп үшін 48-55 тәулікте піседі. Қуаңшылыққа төзімділігі айтарлықтай. Алшынкөктігі орташадан жоғары. Жапырақтардың бактериялық таңбалықпен залалдануы орташа. Қостанай және Павлодар облыстарында жоғары және тұрақты түрде тұқымдық өнімдер береді.

Камышинская скороспелая – сорт Қамышын МСС-да, ерте пісетін сорт- тарды босаңқы түрде будандастыру және содан кейін көпқатарлы сұрып- таумен шығарылған. Өсімдіктердің биіктігі 150-160 см, іріліктері орташа. Түптері тік орналасқан, кейде аздап жайылыңқы. Сабақтары дөңгелекше, жапырақтанулары орташа, 4-6 бунақтары бар. Жапырақтарының ұзындығы 35-40 см, жалпақтықтары 1,8-3,0 мм, жіңішке, жартылай иілген. Жапырақтануы орташа 22-23%. Сіпсебастары жайылыңқы, біржалды, аздап иілмелі, көлемдері орташа, борпылдақ келген. Дәндері қабықтанған, сопақша-эллипстенген, ашық-күрең түсті. Ерте пісетін сорт, егуден бірінші шапқанға дейін 59-73 тәулік керек. Жатып қалуға төзімді. Қуаңшылыққа төзімдігі жоғары. Мал азықтылық сапасы жақсы, тез өсіп-өнуімен ерекшеленеді, алшынкөктігі жақсы.
Итқонақ

Карагандинский 242 - сорт Қарағанды МАТС-да жергілікті қазақстан-дық популяциядан жекеше сұрыптаумен алынған. Түстері қылшығы бар таулы құрғақ аңғарлы итқонақ тобына жатады. Өсімдігі тік тұратын немесе сәл құламалы 2-3 сабақты бұта қалыптастырады, биіктігі 45-75 см дейін. Сабақтарының жуандығы орташа, күрең-жасыл түсті, піскен кезінде түрін өзгерте бастайды. Сіпсебастың ұзындығы 10-15 см, әлсіз конус тәрізді. қысқа бұтақтары тығыз орналасқан ұсақ масақшалар мен аратісті қылшықтар бар (6-10 мм), жақсы дәнділенген. Масақшалар біргүлді, ұсақ, кері-жұмыртқа пішінді. Жемісі-дән, сабан түсті, сары, күрең қызыл, ұзынша-эллипс пішінді, іріліктері орташа. 1000 дәннің массасы 2,5-2,8 г.

Темирский 110 – сорт Қарабалық АТС-да, Ақтөбе облысының тұқым үлгісін сұрыптаудан шығарылған. Түстері қылшығы бар таулы құрғақ аңғарлы итқонақ тобына жатады. Өсімдігі тік тұратын немесе сәл құламалы 2-3 сабақты бұта қалыптастырады, биіктігі 70-100 см дейін, орташа жапыр- ақтанған 8-9 буынаралықтары бар. Сабақтарының жуанды орташа. Жапы-рақтары айтарлықтай ірі. Сіпсебастың ұзындығы 8-15 см, кері - жұмыртқа тәрізді, қысқа бұтақтары тығыз орналасқан ұсақ масақшалар мен аратісті қылшықтар бар. Масақшалар біргүлді, ұсақ, кері-жұмыртқа пішінді. Тұқым- дары қызғылт-күрең түсті, сопақша пішінді. 1000 дәннің массасы 2-3 г. Сорт қуаңшылыққа жоғары төзімділігімен, ерте пісетіндігімен, әлсіз алшынкөкті-гімен ерекшеленеді.

Крупносемянный 1 – сорт Солтүстік Қазақстан МАТС-да, Омский 10 сортын жекеше сұрыптаудан алынған. Түстері қылшығы бар таулы құрғақ аңғарлы итқонақ тобына жатады. Өсімдігі тік тұратын немесе сәл құламалы 2-3 сабақты бұта қалыптастырады, биіктігі 70-80 см дейін, орташа жапыр- ақтанған 8-9 буынаралықтары бар, жатып қалуға төзімді. Түптенуі жақсы, жинақы. Сабақтарының жуанды орташа, жапырақтануы да орташа (6-8 жа-пырақ). Сіпсебастың астындағы буынаралықтары 25-30 см. Жапырақтарының ұзындығы 25-25 см және жалпақтылығы 1,5-2,0 см, күрең- жасыл, бірақ кейде піскен кезде күреңденеді. Сіпсебастың ұзындығы 8-14 см, аздап бұратылған тәрізді пішінді, түптері негізінде қалақшаланған, тығыз- дылығы орташа, дәнденуі жақсы, ашақтан қара-қоңыр, күрең түске айнала-тындай түсті. Түктері антицианмен боялған. Дәндері қызыл-қызғылт, аздап алаңданған қоспа түсті, дөңгелек-эллипс пішінді, іріліктері орташа. 1000 дән-нің массасы 2,0-2,6 г. Шашылуы күшті. Ерте пісетін сорт, тұқымдыққа 100-105 тәулік, шөпке шабуға 65-75 тәулікте дайын болады. Сорт қуаңшылыққа орташа төзімді, шабылғаннан кейін нашар өседі. Аурулармен залалдануы және зиянкестермен зақымдануы аздаған деңгейде.

Сиыржоңышқа

Камалинская 611 – сорт Краснояр АҒЗИ-да, жергілікті Ачин ауданының сорттық популяциясын жаппай сұрыптаудан алынған. Типинка түршесіне жатады. Өсімдігінің биіктігі 45-75 см, жақсы жапырақтанған сабақтар құрас- тырады. Сабақтарының жуандығы орташа. Жапырақтануы жақсы. Жапы- рақтары өте ұзын емес, тығыз, 6-7 жұптанған жапырақшалары бар, күрең-жасыл түсті, түкшелеріне байланысты күреңдене түседі. Жапырақшалары кері-жұмыртқаша пішінді, шеттері білінетіндей ойылған, түктенулері өте күшті.

Гүлдерінің көлемі орташа (20-22 мм), түстері әртүрлі, бірақ көбінесе ақшыл көк қарақошқыл, жапырақтардың қолтығында қысқа аяқшаларға жұптасып, кейде біреу немесе үшеу болып бекиді. Жемістері-көптұқымды бұршаққап, ұзындығы (60-65 мм), иілген немесе қылыш тәрізді пішінді, тұқым саны 7-8. Тұқымдары айтарлықтай ірі, 1000 дәннің массасы 45-65 г., дөңгелекше болмаса бұрыштанған пішінді.



Кормовой 24 – сорт Молдава АШҒЗИ-да, СібАШҒЗИ-нан алынған № 50 нұсқасын жекеше және топпап сұрыптаудан шығарылған. Авторлары: В.А.Гордиенко, И.Д.Ткаченко және Е.Г.Ветрова. Грандисименсум түршесіне жатады. Бұршаққаптарының ұзындығы 5-6 см, тік, шеттері доғалданған. Бұршаққаптардағы дәндердің саны 4-6. Піскен бұршаққаптардың шеттері- нің түстері сабан-сары. Тұқымдары дөңгелекше, тақыр, ашық-қызғылт, аздап ашақ түспен нұрланған. Рубчиктері ашық түсті. 1000 дәннің массасы 250- 270 г. Сабақтары жатып қалуға бейімді, биіктіктері 150-155 см, жасыл түсті. Барлық буынаралықтардың саны 18-21, бірінші гүл шоғырына дейін 12-17. Жапырақтануы орташа. Жапырақтары 2-3 жұптанған, кері-жұмыртқа пішінді, шеттері тегістенген, ашық-жасыл түсті, антицианды бояулы дақтары жоқ. Гүлдері ақ, ірі, жапырақтардың қолтығында қысқа аяқшаларға жұптасып, кейде біреу немесе үшеу болып бекиді.

Кеш пісетін сорт. Көктеп шыққаннан соң 100-100 тәулікте пісіп жетіледі. Антрактноз және аскохитозбен залалдануы күшті. Қуаңшылыққа төзімділігі орташадан жоғары. Сорттың жатып қалуы және шашылуы күшті. Солтүстік-Казақстан облысының МССУ-де, тұқымдық өнімділігі 16 ц/га (кейбір жыл- дары 4-33 ц/га аралығында) және шөптік өнімділігі 23,1 ц/га болған.


Мал азықтық тары

Черносемянное 1 – сорт Сібір өсімдік және селекция ҒЗИ-да шығарылған. Авторлары: И.М.Каращук және В.С.Сапрыкин. Притяньшань экологиялық тобының атрокастанеум түршесіне жатады. Өсімдіктің биіктігі 90 см дейін 2-3 сабақты және буынаралық саны 6-7 болатын бұта қалыптас- тырады. Жапырақтануы 35-37%. 1000 дәннің массасы 6-7 г. орташа мер- зімде пісетін сорт. Өнімділіктері өте жоғары, қуаңшылыққа, әсіресе өсуінің бастапқы кезеңінде (маусым-шілденің басы), кештеу шілде-тамыз айларында болатын жауын-шашынға әсерлігімен ерекшелінеді. Жатып қалуға, аурулар- мен зиянкестерге шыдамды сорт. Сабақтары мен жапырақтарында болатын протеиннің көлемі көп (15-16 г., 1 кг мал азығында) және каротиннің де көлемі баршалық. Өсімдік пісіп жетілгенше жасыл түсті болып тұрады. Тұқымдылық өнімділігі 10-15, жағдайлары жақсы жылдары 35 ц/га. Көк балаусалық өнімділігі кейбір жылдары 200-ден 250 ц/га дейін өзгеріп отырады, айтарлық жағдай, өнімділіктері ылғалды жылдармен салыстыр- ғанда, қуаңшылықты жылдары жоғары болады.

Топырақтың құнарлығына сорт сұранысты, қара, қара-қоңыр топырақтарда жақсы өседі, саздақ, ащщы және батпақты жерлерде беретін өнімдері салыстырмалы есепте кем болады.



Кормовое 2 – сорт Самара АҒЗИ-да, Кормовое 1 сортын жекелей сұрыптаудан алынған. Сангвинеум түршесіне жатады. Өсімдігі 3-5 сабақты қабысқан бұта құрайды, биіктігі 120-126 см. Жапырақтануы жоғары (30-33%), бірқалыпты. Жапырақтары ұзынша-қандаурлы, ұзынша-үшкірленген, 40-50 см, жалпақтығы 18-20 см, дөрекі емес. Сіпсебастарының ұзындығы 20-25 см, қысылып иілген, антицианды бояуы жоқ. Тұқымдары шар тәріздес, ашық-қызыл түсті. 1000 дәннің массасы 7,7 г.

Ақмола облысының Рузаев МССУ-де сортты сынау кезінде алынған көк балаусаның орташа өнімділігі 113 ц/га, ал шөп – 34-3 ц/га алынған, бұл дегеніміз, Черносемянное 1 сортымен салыстырғанда 38 және 9,7 ц/га артық болғанын дәлелдейді. Өскіндер пайда болғаннан, жашақтануға дейінгі веге- тациялық кезеңнің ұзақтылығы 45-47 тәулік, ал шашақтанудан толық піскенше 32-34 тәулік болады. Қуаңшылыққа төзімді сорт.



Кокчетавское 66 – сорт Көкшетау МССУ-де, Черносемянное 1 сортын тұқымдық-топтылық сұрыптаудан алынған. Кокцинеум түршесі. Өсімдігі қабысқан, немесе жартылай құламалы 3-6 сабақты, биіктігі 74-126 см дейін жететін бұта құрайды. Жапырақтануы жақсы 45-61%. Жапырақтарының ұзындығы 24-35 см, жалпақтығы 1,7-2,3 см, ірілігі орташа, орналасуы өткір тік бұрышты. Сіпсебасы шашақты, орташа тығыздықта, ұзындығы 21-36 см, сабан-сары түсті, жайылымды келген. Тұқымдары сопақша пішінді, күрең түсті. 1000 дәннің массасы 5,3 г.

Ақмола облысының Көкшетау МССУ-де сортты сынау кезінде (1981-1983), бұл сорт стандарт Кормовое 2 сортымен салыстырғанда, көк балау- саның өнімділігі және құрғақ заттардың есебі бойынша салылыстырмалы есеппен 22 және 17 ц/га кем болды, сонда бұл сорттың өзінің берген өнімділігі 112 және 42,2 ц/га болды, ал тұқымдық өнімі 13,9 ц/га болып, стандарттан 8,2 ц/га артық болып шықты. 1983 жылы Красноармейск МССУ-де стандартты көк балауса, құрғақ заттар және тұқымдық өнімділігі бойынша салыстырмалы есепте 21,0; 6,0; 5,2 ц/га артық беріп, басып озды. Орташа пісетін сорт, тұқым піскенге дейінгі вегетациялық кезеңі 84 тәулікті болды. Аурулармен залалдануы және зиянкестермен зақымданулары байқалған жоқ.


Мал азықтық сұлы

Укосный 550 – сорт Мордованың МССУ-де шығарылған. Мутика түр-шесіне жатады: дәні ақ, қылтықсыз. Сіпсебастары шашыраңқы, борпы, ұзын. Сіпсебастың бүйірлік сабақшалары ұсақ, дәнділіктері нашар, көбінесе бір жағына майысқан, масақшалары көбіне қосдәнділі болып келген. Масақшалардың қабықшалары ұзынша болып келген, жалпақтануға жақын. Қылтықтары білінбейтін нұсқалы. Қылтықтары нәзіктілеу.

Дәндері ұзыншақабыршықтылы, ақ түсті, іріліктігі орташа. 1000 дәннің массасы 27г. Қабыршақтылығы орташа, Төменгі дәндердің негіздері жалаңашты, түктілігі жоқ деуге болады,

Сабандары өте биік, айтарлықтыдай жіңішке, жоғарғы буынаралықтары өте ұзынша, сабақтың буыншалары түкті, жапырақтың жатырындары жалаңаш болып келген, бірақ кейбір өсімдіктерде олардың түкшелері болады. Жапырақтары ұзын, бірақ салыстырмалы түрде жіңішке, иілген түрлі. Кеш пісетін сорт. Золотая дождь сортынан 5-10 тәулік кеш піседі.
6.8 Біржылдық шөптерді тұқым үшін өсіру технологиясы

Алғыегісте орналастыру. Біржылдық астық тұқымдастар және бұршақ тұқымдастар шөптердің ең жоғарғы деңгейдегі өнімдерін алу үшін, оларды жақсы алғыегістерде орналастыру қажет: таза сүрі жер, сүрлемдік жүгері, сүрі жерден кейін себілген жаздық бидай міне осы жерлер жақсы алғыегіс болып есептелінеді. Арамшөптерден таза алғыегістерде әсіресе итқонақтың, судан шөбінің, қонақтарының және мал азықтылық тарының тұқымдық егістерін орналастыру абзал, неге десеңіз, осы аталған дақылдар өсу-даму кезеңдерінің бастапқы кезінде, көктегеннен кейін тым сылбыр өседі, сондықтан олар осы кезде арамшөптерден көптеген қиыншылықтарды көреді. Сол сияқты, асбұршақ, ноқат және сиыржоңышқаның да орналасатын жерлерін күн бұрын сараптап дайындаған жөн. Бұл дақылдар үшін, жақсы алғыегістер: сүрі жерден кейін себілген бірінші, болмаса екінші жылғы жаздық бидай және отамалы дақылдар.

Топырақты өңдеу. Біржылдық шөптер және мал азықтылық дақылдардың орналасатын жерлерінде, әрдайым жел эрозиясының болатын- дығы анықталған жағдайлар, сондықтан бұл жерлерде топырақты эрозияға қарсы өңдеулік құралдарды КПП-2,2, КПГ-250 сияқты жазықтілгіштерді пайдаланған дұрыс, неге десеніз осы аталған құралдармен өңдегеннен кейін танаптарда көп мөлшерде керекті аңыздар сақталынады. Топырақты негізгі өңдеу алғы дақылға, топырақ құрамы, тығыздығы, ылғалдылығы және рельефіне байланысты жүргізеді, өңдеу тереңдігі 14-16 және 20-22 см. Соны- мен қатар топырақтарды бір жылдық шөптер үшін жазықтілгіштермен өңдеудің артықшылығы Солтүстік Қазақстанның әртүрлі облыстарында жүр-гізілген көптеген зерттеулердің мәліметтерінде дәлелденген.

Қарабалық және Солтүстік Қазақстанның АШТС-ның деректері бойынша топырақтарды 25-27 см тереңдікте жазықтілгіштермен жүргізгенде, асбұршақтың өнімділігі салыстырмалы есепте 2,9 және 1,5 ц/га артық болған, яғни топырақтарды соқамен жер қыртысын аудармалап өңдегеннен. Осындай дәлелдемелер судан шөбі, ноқат және басқа да дақылдардардың берген өн- імдерімен айқындалған.

Әдейілеп қалтырылған сүрі жерлерді көктем шығысымен КПП-2,2 жазықтілгішімен топырақты 10-12 см тереңдікте өңдеумен бастаймыз. Содан кейін жаз бойы осы танаптарда шыққан арамшөптерге байланысты, әрдайым 2 см-ге тереңдетіп отырып 3-4 рет топырақты өңдейміз, ең соңында тамыз айының екінші жартысында КПГ-250 немесе КПГ-2-150 жазықтілгіштерімен 25-27 см тереңдікте, ең соңғы өңдеуді жүргіземіз.

Тамыр сабақты жатаған бидайықпен ластанған сүрі жер танаптарды 4-5 рет 14-16 см тереңдікте КПЭ-3,8 немесе КТС-10-01 жазықтілгіштерімен өңдеген барынша тиімді.

Тамыр сабақты қарабас шалғын (острец) арамшөбімен ластанған сүрі жерлерді дайындаудың технологиясы біршама өзгеше. Оның тамыр сабағы 18-28 см тереңдікке дейін орналасқан. Оны құрту үшін сүрі жер танабын қайырмалы соқамен маусымның басында 25-27 см тереңдікке жыртады, жаз бойы жаңа өркендердің пайда болуына қарай 2-3 рет, КПЭ-3,8 немесе КТС-10-01 жазықтілгішімен өңделеді.

Қара сұлы мен, итқонақпен, шырмауықты қарақұмықпен ластанған танаптарды сүре жер ретінде дайындағанда мүмкіндігінше топырақты таяз өңдеген жөн, топырақтың беткі қабатының терең кеуіп кетпеуін қарастырады. Соның нәтижесінде арамшөптер жаппай өсіп шығады да, кей-інен культивациялаудың тиімділігі артады. Осы себеппен СЗС-2,1 және СЗС-2,1Л сепкіштерін де пайдалануға әбден болады.

Мал азығына өсірілетін шөптерден бидайға қарағанда танаптар ерте (1,0-1,5 ай) босайды. Сондықтан шөптерді жинап алғасын ине тісті тырмалармен (БИГ-3) немесе сыдыра жыртқыштармен (ЛДГ-10, ЛДГ-15) 5-6 см тереңдікке өңдейді. Арамшөп көгі шыққаннан кейін топырақ тығыздығы мен ылғалды-ғына байланысты жазықтілгіштермен негізгі өңдеуден өтеді.

Ерте көктемгі топырақ өңдеу оның физикалық пісу кезеңінде басталады. Негізгі мақсаты – екпе дақылдар тұқымдарын біркелкі сіңіру үшін топырақ бетін тегістеу және қара сұлы тұқымын сіңіру. Тәжірибеде алғашқы көктемгі топырақ өңдеуді «ылғал жабу» мен теңдестіреді. Бұл жұмысты жүргізуге творчестволықпен қарау керек: барлық сортаңдау топырақтарда, жаз аяғында немесе күзде терең қопсытудың нәтижесінде ірі топырақ кесектері пайда болған танаптарда ерте көктемгі топырақ өңдеу – қажетті агротехникалық шара. Ол үшін тісті тырмалармен топырақ 4-5 см тереңдікке өңделеді. Ықтырмалы сүрі жерде тырмалау ықтырма бағытымен жүргізіледі, өйткені тырмалардың бітісіп қалмауы және көктемгі қатты желден топырақ бетінің қорғалуы көзделеді. Тым ірі кесекті топырақ бетін тығыздағыштармен (каток) тығыздайды. Карбонатты оңтүстік қаратопырағында бетін тегістеу қажеттігі болмаса және 10-12 см өңделген сүдігер де, сонымен қатар күзде ине тісті тырмалармен өңделген алқаптарда ерте көктемде тырмалауды жүргізудің керегі жоқ.



Себу. Cолтүстік Қазақстанның құрғақшылықты климат жағдайларында астық және бұршақ тұқымдас біржылдық мал азықтық дақылдарды және шөптерді тұқым үшін тек ғана таза күйінде сепкен дұрыс.

Астықбұршақ тұқымдас және тарытірізді мал азықтық дақылдарды әр облыстың, әртүрлі топырақты-климатты аймақтылық жағдайларына байла- нысты ұсынылған тұқымдыққа оңтайлы мезгілдердің басында сепкен дұрыс. Осыдан барып, тұқымдардың жақсы өнімдерін алуға қолдарымыз жетеді. Тарытәрізді біржылдық шөптерді топырақтың 8-10 см тереңдікте жылынуы 10˚С-тан асқанда бастау қажет. Солтүстік Қазақстанда асбұршақ, ноқат және сиыржоңышқаның себу мерзімдері, бидайдың орташа пісетін сорттарының тұқымдыққа себу мерзімдерімен сәйкес келеді, яғни 15 мамырдан 20 мамыр аралығында, ал оңтүстік аудандарда оларды біршама ерте себеді.

Қарағанды облыстық АШТС-да 1971 – 1973 жылдары жүргізілген зерттеулердің мәліметтері бойынша байқағанымыз, ноқаттың өсіп-дамуына егісті себу мерзімі, мөлшері және әдістері айтарлықтай әсерлерін келтіреді. Өсімдіктің жақсы жағдайда өсу кезеңіне егістерді 6-12 мамырда себу ұтымды пайдасын тигізеді. Ал, кеш мезгілде себілген егістердің өсімдіктері пісу кезеңдерін созбалап, күзте ерте болатын бозқырауларға соғылып жатады. Ноқат дақылын мамырдың екінші және үшінші бескүндігінде себу, тұқымның жақсы және сапалы өнімдерін алуға септігін тигізеді. Егерде, егісті себуді мамырдың 17-22 аралығында жүргізген болсақ, онда алынған тұқымдардың зертханалық өңгіштіктері және 1000 дәннің массасы төмен болады . Дақылдың тұқымын мамырдың бірінші онкүндігінде сепкен болсақ, оның 22 мамырда себілген егістерімен салыстырғанда экономикалық тиімділігі және таза пайдасы да мол болады.

Қостанай облысының құрғақ далалық аймағы үшін, ноқатты себудің ең жақсы мерзімі болып мамырдың екінші онкүндігі есептелінеді. Ал, сіңімді протеин, кальций және фосфордың 1 кг ноқаттың тұқымында сақталу мөлшері, дақылды 15 және 18 мамыр аралығында сепкенде жақсы болды.



Себу әдісі және себу мөлшері. Cолтүстік Қазақстанның құрғақшылықты климат жағдайларында барлық астық және бұршақ тұқымдас (асбұршақ, сиыржоңышқа, ноқат) дақылдарды, астық тұқымдас малазықтық дақылдарды

(тары, сұлы) және басқа шөптерді (итқонақ, қонақтары және судан шөбін тұқым үшін тек ғана таза күйінде эрозияға қарсылықты сепкіштермен қа- тарлап, қатараралықтары 23 см деңгейде сепкен дұрыс. Асбұршақтың себу мөлшерін оның тұқымдарының ірілігі және өсіру аймағына байланысты есеп- тейміз: суарылған жағдайда дәндері ұсақ сорттарды 1,1-1,4 млн/га, дәндері ірі болса 0,7-0,9 млн/га; суарылмайтын жерлерде 0,9-1,0 млн.өңгіш тұқым 1 га. Ноқаттың себу мөлшері 0,3-0,4 млн/га.

Қарағанды облыстық АШТС-да ноқаттың себу әдістері және себу мөлшеріне жүргізілген тәжәрибелер, оның барлық вегетациялық кезеңіне және кезеңдер аралықтарының ұзақтылығына айтарлықтай әсер келтірмеді. Осындай жағдайлар топырақтағы ылғал қорының аздығы, орташатәуліктік температуралардың жоғарылығы және ауаның өте төмен айтарлықтай ылғал-дылықтарына байланысты болатындығы анықталды. Егістердің жиіліктері артқан сайын, олардың бірлікті егістік жерден түсетін өнімдерінің азаятыны байқалды. Вегетациялық масасы және ең жоғарғы өнімділіктің жоғарғы және түсетін таза пайда мен өнімдердің өзіндік құнның төменгі деңгейін, себу мөлшері 0,3-0,4 млн. өңгіш тұқым 1 га себілген жаппай қатарлап себу әдісі-нен алынды. (А.А.Цепенко, Е.М. Кюрбут, 1975).

Судан шөбінің тұқым өнімін алуға ең сенімді жағдайлар еліміздің оң- түстік және орталық бөлігінде қалыптасады, ал метеорологиялық жағдайлары әртүрлі жылдарда тұқымның тұрақты өнімін алу үшін агротехникалық шаралар жүйесін қолдануға тура келеді және олар судан шөбі тұқымының пісуін тездетуге әрі оның өңгіштігін арттыруға бағытталуға тиіс. Тұқымдық алқаптарды арамшөптерден таза алғы дақылдарға – еркекшөп қыртысында, жүгері, бір жылдық шөптерден кейін орналастырады, бұл жағдайда судан шөбі ертерек себіледі, егістік арамшөппен азырақ ластанады. Алғы дақылды таңдап алуға ерекше назар аударған жөн, өйткені жоғарыда аталғандай, судан шөбі алғашқы 35-45 күндей баяу өседі де арамшөппен қатты ластануға душар болады.

Тұқымға өсіргенде топырақ -8-10˚С-қа дейін жылынған соң – мамырдың бірінші онкүндігінің соңы – екінші онкүндігінің басында себу қажет. Жыл жылға ұқсамайтын, ал жазы әрі ұзақ жылдар аязсыз кезеңі қысқа жылдармен алмасатынын ескере отырып сенімді тұқым өнімін алу үшін судан шөбін 2-3 мерзімде сепкен жөн: бірінші мерзім – мамырдың 5-10 аралығында, екінші мерзім 15-20, үшіншісін 20-25 мамырда. Күзгі бозқырау ерте түскен жыл- дары ерте мерзімде себілген кепілді түрде өңгіштігі кондициялы тұқым жиналады. Екінші мерзімнің өсімдіктері жақсы дамыған жылдары бірінші мерзімнің пішенге, ал екіншісі мерзімдігін тұқымға жинайды.

Себу әдісі мен нормасын зерттеу көрсеткендей, әр шаршы метрде егін жинау қарсаңында қатардағы әдіспен себілген егістікте (23 см) 140-180 өсімдік, кең қатарлы егістікте (46-69 см) 100-110 өсімдік болғанда максимальды тұқым өнімі жиналды. Мұндай жиілікте өсімдіктердің түптенуі бойынша төмен (1,2-1,4) болды, мұның өзі тұқымның біркелкі пісуін қамтамасыз етті, ал орта есеппен 3 жылда зертханалық өңгіштігі 20 мамырда себілген егістіктен алынған тұқымда 69-72% жетті, әр гектарға қатардағы әдіспен 2,0-2,5 млн/га өңгіш тұқым және кең қатарлы әдіспен 2,0 млн/га сеп-кенде барынша мол тұқым өнімі – 8,3-8,8 ц/га жиналды. Кез келген жылдары кепілді тұқым өнімін алу үшін ерте себу мерзімін пайдаланған дұрыс, бұл жағдайда тұқымның далалық өңгіштігі 30-35 пайызға дейін төмендейді, сондықтан қажетті сабақ жиілігін қамтамасыз ету мақсатымен 3,5-4,5 млн/га өңгіш тұқым себуге тура келеді.



Тұқымды сіңіру тереңдігі – тұқым шаруашылықтық егістерде ең маңызды жағдай болып есептелінеді. Тұқымдарды әрқашан топырақтардың ылғалды қабатына сіңіру қажет. Тұқымдарды тайыз және тым терең қабатқа сіңіру оларды тұқымдық сапаларының төмендетуіне әкеліп соғады.

Асбұршақ және сиыржоңышқаның тұқымдары бөрту және көктеу кезеңінде ылғалға көп сұранысты. Осы дақылдардың тұқымдарын ауыр то- пырақтарда сіңірудің дәйекті тереңдігі 6-7 см, ал жеңіл механикалық құрамды қаратопырақтарда 8-9 см. Тарыңың тұқымын ең терең себу тереңдігі 10 см, ал қызған топыраққа себудің дәйекті тереңділігі 4-5 см. Тарыны тұқымға себетін негізгі аудандарда оларды 5-6 см тереңдікке сіңіру керек, судан шөбін – 5-7 см, итқонақты 5-6 см-ге сіңіру қажет.


6.9 Мал азықтық щөптердің тұқымдарын жинау және сақтау

Метеорологиялық жағдайлар және тұқымдардың пісуінің биологиялық ерекшеліктеріне, сабақ бітіктігінің жиілігіне және тазалығына байланысты мал азықтық шөптерді жинаудың бірнеше әдістерін қолданады: тікелей орып бастыру, бөлектеп жинау – дестеге түсіру содан кейін олардың кебуіне бай-ланысты бастыру, яғни екі кезеңді егін орағы. Тікелей орып бастыруды сабақ

бітіктігі тапал болғанда және тұқымдардың бірқалыпты және бір мезгілде піскен болса ғана қолданады. Мал азықтық дақылдардың тұқымдарын тікелей орып бастыруды олардың толықтай піскен кезеңінде, ылғалдылық- тары 30%-дан аспағанда бастайды. Тікелей орып бастыруды, әсіресе сабақ-тары биік өсетін дақылдарды (қылтықсыз арпабас, судан шөбі және т.б.) са-бақтарын жоғары кесу биіктігінде жүргізеді, яғни төмендегі өскіндерін бірге шауып алмас үшін. Осындай әдіс, тұқымдардың бастырылуын жеңілдетеді және одан кейін де оларды жетілдірулерді жеңілдетеді.

Өнімдерді сапалы түрде бастыру үшін комбайндарды қосымшалап рет- тейді. Қалбағайлардың планкаларын резеңкеден жасалған ремендермен, оларды 8 см-ге дейін төмендетіп қағып қоямыз, сонда олардың беретін пайдасы, тұқымдардың шашылмауды кемітеді және шабылған массаны кесуші аппаратқа жақсылап, жақындатып беріп тұруын қамтамасыз етеді. Міне, осындай жағдайлар үшін, яғни ұсақтұқымды шөптерді жинау үшін, комбайндарды қосымша саймандармен: ПСТ 44-108 (СК-4, СК-4А үшін) немесе 54-108 (СК-5, «Нива») қамтамасыздандырады. ПСТ қосымша сайманы, қосымша торкөзді елеуішпен, екі темірленген пердемен, екі айырбасталанатын жұлдызшамен құрастырылған. 44-408 қосымша сайманы – ең жаңаша түрі болып есептелінеді, оның құрамында: үккіш беттен, астауша, екі қалқанша, екі қосымша елеуіштен, бағыттайтын құлақшаның белдігі және екі айырбасталанатын жұлдызшамен құрастырылған.

Өнімдерді бөлектеп жинау әдісін, ылғалдылықтары мол аймақтарда, өте ластанған учаскелерде және сол сияқты, тұқымдары бірдей кеппейтін шөп- терді жинау үшін қолданады. Шабылған массаларды алдымен дестелерге түсіреді, содан кейін оларды кепкеннен соң, дестежиғысы бар комбайндар- мен жинап алады. Бөлектеп жинау әдісімен біржылдық бұршақ тұқымдас мал азықтық дақылдардың (пелюшка, сиыржоңышқа, ноқат және ноғатықтың) және сол сияқты көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдарын жинаған дұрыс. Аталғандардың тұқымдарының пісуі бір қалыпты емес, ал оларды жинай бастағанда, сабақтары мен жапырақтарының ылғалдылықтары әлі көп мөлшерде болады. Астық тұқымдас шөптерді де, олардың вегататив-ті массалары, тұқымдарының ылғалдылықтары мол болса – 35%-дан артық болса, бөлектеп жинау әдісімен жинайды. Осындай жағдайда, оларды биіктеп шабады. Біржылдық бұршақ тұқымдастардың өнімдерді бөлектеп жинауға, олардың бұршақбастары 50-70% күреңденгенде, ал көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің бұршақбастары 50% күреңденгенде кіріседі. Екі фазалық комбайндаудың жұмыстарының ерекшеліктері келесідей. Тұқымдық егістердің үштен екі бөлісі піскен кезде тікелей орып бастыру қажет. Сол кезде дека және барабан шыбыртқылары аралықтарының саңлауларын ұлғайтады және астық бастырғыш барабанның айналымын 600-900 айнылым/минутына дейін төмендетіледі. Осындай реттілікпен толықтай піскен тұқымдарды бастырады, ал піспегендері өсімдікте сақталынып, қарсы шабылатын жаткалармен дестеге түсіріленеді. Ал, астық бастырудың екінші фазасында, жаңағы дестеге түскен атжалдарды жинап бастыруға комбайндарға орнатылған жинағыштарды қолданып сол комбайндермен бастырылынып алынады. Астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас шөптерді бөлектеп жинағанда дән шығыны биологиялық және механикалық шығындар есебінде санағанда 2,5 есе азаяды.

Шөптердің тұқымдық егістерін дер кезінде жинастырып алудың маңызы өте зор: жұмысты осылай атқарғанда, алынған тұқымдардың сапасы артылып және олардың көлемінің сандылық жойылымдарының азаятындығы айдан анық. Көпжылдық шөптер тұқымдарының пісіп жетілуі бірқалыпты болмаса бірмезгілде болмайды. Сондықтан шөптердің тұқымдық егістерін жинауға тиянақты түрде, тұқымдарды байқап алып қана кірісу керек. Мысалы, сол үшін астық тұқымдас шөптердің шашақбастарын болмаса сіпсебастарын қолмен ұстап, қысып көру арқылы, яғни сол кезде алақанымызда бірнеше тұқымның шашылып бөлектенгені білінсе, егістің піскендігін дәлелдейді; бұршақ тұқымдас шөптердің піскенін, олардың гүл шоғырларының қоңырлануына қарап анықтайды.

Тәжірибеде шөп тұқымдарының пісу кезеңін анықтайтын кең тараған тәсіл оның сыртқы қасиеттері (белгілері). Еркекшөпті дәндері толықтай піскен кезде комбайндармен тікелей орып бастырады – сол кезде егістердің сыртқы түстері қоңыр-сары болады. Өнімдерді бөлектеп жинау әдісімен, дәндердің балауызданып піскен кезеңінде бастап кіріседі – сол кезде егістің сыртқы түстері жасылды-күрең болады.

Қылтықсыз арпабасты дәндері толықтай піскен кезеңінде жинайды. Осы кезде бұл дақылдың сабақтарының жоғарғы жақтары мен гүл шоғыры- ның түстері сабан түсі тәрізді болады.

Көген тамырсыз бидайықты өсімдіктің генеративті бұтақтарының 25-40% қоңырланып, сабан-қоңыр түске еңгенде, сабақтары сарғайып, кепкен кезде тұқымға жинауға болады. Сол кезде өсімдіктерді қолмен алып сілкілегенде жоғарғы жақтағы масақшаларының тұқымдары шашылып қалатын болады.

Ақ және сары түйежоңышқаның тұқымдарын олардың өсімдіктерінің төменгі жақтарындағылары балауызданып піскен кезеңінде бөлектеп жинау әдісімен жинайды, ал тұқымдар толықтай піскен кезеңінде комбайндармен тікелей орып бастырады.

Жоңышқаны тұқымдыққа олардың бұршақбастарының 85-95% қоңыр- ланған кезеңінде комбайндармен тікелей орып бастырады, ал олардың бұршақбастарының 65-75% қоңырланған кезеңінде бөлектеп жинау әдісімен жинайды.

Эспарцетті тұқымдыққа олардың бұршақбастарының 70-80% қоңыр- ланған кезеңінде комбайндармен тікелей орып бастырады, ал олардың бұршақбастарының 60-70% қоңырланған кезеңінде бөлектеп жинау әдісімен жинайды.

Біржылдық бұршақ тұқымдас шөптердің (жаздық сиыржоңышқа, пелюшка, ноқат) тұқымдарының пісіп жетілулері біркелкі түрде болмайды және оны біле қою да қиын мәселе, сондықтан олардың өсімдіктерінің төменгі және ортаңғы бөлімдері балауызданып піскен кезеңінде өнімдерді бөлектеп жинауға, ал төменгі бөлімдері тұқымдарының үштің екі бөлімі піскен кезеңінде комбайндармен тікелей орып бастырады.

Біржылдық астық тұқымдас шөптердің тұқымдарының пісіп жетілулері де біркелкі түрде болмайды. Судан шөбінің тұқымдарын олардың бас сабақтарындағы масақшасының толықтай піскенде жинайды. Итқонақ, қонақтарыны тұқымға олардың масақшалары қоңырланып, тұқымдары қатайғанда жинайды.

Қазіргі кезде мал азықтық дақылдарды жинау кезеңін анықтайтын белгі, ол тұқымдардың ылғалдылықтары. Тұқымдық егістерді бөлектеп жинаудың ең дәлдік кезеңі, олардың тұқымдарының ылғалдылықтары 30-40% болғанда, ал тікелей бастыруға олардың тұқымдарының ылғалдылықтары 30% болғанда.

Көпжылдық шөптердің тұқымдарын ластануына байланысты алдын ала, негізгі және қосымша тазалаудан өткізеді. Алғашқы тазалаудың негізгі мақсаты – тұқымның ірі, жеңіл және ұсақ қоспалары – сабан, жапырақ, масақ мекені, арамшөп сабақтары, тұқым бөліктері – бөліп алу болып табылады. Үйіндінің өздігінен қызып, тұқымның сапасы төмендеп кетпеуі үшін бұл жұмысты тұқым комбайннан түсісімен жүргізеді.

Комбайннан түскен үйіндіні алдын ала немесе алғашқы тазалау жұмысы ауа және тазалағыш елеуіші бар «Петкус-Вибрант», К-521/1, «Петкус» К-522 және К-523, ОС-4, ОС-4А ж.б. машинада жүргізіледі.

Негізгі тазалау мен тұқымды іріктеу әмбебап және арнаулы тұқым тазалағыш «Петкус-Супер», К-212 және К-541 және «Петкус-Гигант» К-213, К-531, сонымен қатар К-531/1 және «Петкус-Селектра» К-218/1 ж.б. машинада жүргізіледі. Негізгі тазалау процесінде арамшөп тұқымдары мен басқа қоспалар, ұсақ, сенген тұқымдар аластатылуға тиіс, ал толық бағалы негізгі дақылдың тұқымдары таза күйінде бөлініп шығарылады.

Қосымша тазалау тұқым массасына көп арамшөп тұқымы қалып қойғанда жүргізіледі. Бұл жағдайда электромагнитті ЭМС-1А машинасы, ССП-1,5 пневматикалық сорттау үстелі т.б. пайдаланылады.

Кез келген тазарту жұмысын жүргізгенде тұқым тазалағыш машиналарды әрбір тұқым партиясына лайықтап реттелуі қажет.

Ауа-елеуіш-триерлі машинаның негізгі реттелуі елеуіштері мен щетка- ларын таңдап алу мен орнатуға, тұқым беруге, ауа тасқынының жылдамды- лығына байланысты.

Алдын-ала тазарту үшін жоғары және ортаңғы елеуіштердің дөңгелек тесікті түрлерін орнатқан дұрыс, өйткені олар ірі қоспаларын ұстап қалып, барлық тұқымдар мен ұсақ қоспаларды өткізіп жіберуге тиіс. Төменгі жағына дөңгелек немесе тесікті ұзынша тесікті елеуіштерді қояды,олар арқылы арам-шөптердің ұсақ тұқымы еленіп шығады.

Негізгі тазалауда елеуіштерді таңдап алуға ерекше көңіл бөлінеді, бұл жұмысты жүргізгенде неғұрлым көбірек арамшөп тұқымы мен ұсақ, сеніп қалған негізгі дақыл тұқымдары аластатылуға тиіс, ол үшін мүмкіндігінше елеуіштердің қолайлы тесік көлемі таңдап алынады.

Елеуіштердің тесік көлемі мен түрлері зертханалық елеуіштерде әрбір тұқым партиясы (массасы) үшін анықталады.

Елеуіштердегі үйінділердің қалыңдығы да реттеледі: елеуіштің басын- дағы қалыңдығы 3-5 мм, ортасында – бір дәннің қабаты ал шығар ауызда – жекелеген тұқымдар болғанда дұрыс реттелген деп есептеледі.

Ауа тасқынын көбейтіп және азайтып жеңіл қоспалар мен сеніп қалған тұқымдарды аластатуға болады, ал негізгі дақылдың бағалы тұқымдары сақталып қалады.

Тұқым тазалағанда триерлі барабандардың айналым жылдамдылығы минутына 26-35 шамасында болғанда қолайлы жұмыс режімі қалыптасады, бұл дәнді тұқымдарға қарағанда аздау көрсеткіш, бірақ целиндлер тұқым қабатымен асыра тиелмеуге тиіс. Барабандардың науасын бұру арқылы бір барабаннан ұзын, екінші барабаннан қысқа қоспалар бөлініп шығуын қам- тамасыз ететін қолайлы режім тағайындалады.

Астық тұқымдас шөптердің тұқымдарын сақтағанда олардың ылғалдылықтары 15%, бұршақ тұқымдас шөптердің ылғалдылықтары 13%- дан аспауы керек. Тұқымдарды кептіру үшін астық сақтайтын қоймаларда оларды еденге жұқа қабатпен (10-15 см) жайып тастайды, содан кейін күніне 2-3 рет оларды алмастырып отыру қажет. Ал күннің көзі шығып тұрған кұндері, оларды ашық далада да кептіруге болады. Ірі тұқымдық шаруашылықтарда шөптердің тұқымдарын мамандандырылған бөлмелерде желдеткіштерді пайдаланып кептіреді. Сондай-ақ кейде астық кептіргіштерді қолданып, ыстық ауа лебімен үрлеп кептіреді, осы жағдайда ыстық лептің берер пайдасы, тұқымдардың құрамында болған ауру және зиянкестерді де құртуға көмегін тигізеді. Кептіру режімі епті-жұмсақ болуы керек және тұ- қымдарды қыздыру температурасы 40˚С-тан аспауы да керек.

Тұқымдарды таза, уытсыздандырылған, желдетілген бөлмелерде және төселген сәкілері бар жерлерде сақтаған дұрыс. Таза тұқымдарды олардың ылғалдылықтары 13%-дан артық болмаған жағдайда қаптарда сақтап, төрт-бес қатарлы қылып үймелеп ұстаған дұрыс болады. Сол қаптарда сақталған тұқымдар, сорттардың аттары, репродукциясы, тұқымдардың егістік сапасы және т.б. көрсетілген этикеткалар (құлақша қағаз) ілінген түрде сақталанады. Қаптарды көтермелеп үйгенде, текшелердің арасынан жүріп тұратындай қылып, аралықтар қалтырылынады. Егерде осылай сақтаған тұқымдар өз- дігінен қызған болса, оларды алып, төгіп жұқашалап жерге жайып кептіруіміз керек.

Тұқымдарды қоймаларда қапталмаған күйде сақтаған болсақ, онда оларды үйю қалыңдықтары 1-1,5 м-ден аспауы керек және осы тұқымдарды әрдайым бақылап, қозғап отырған дұрыс болады.
6.10 Мал азықтық шөптер тұқымдарының сапасын бақылау

Апробация – бұл дегеніміз егістіктердің сорттылық сапасын бағалау. Апробацияға барлық біржылдық және көпжылдық мал азықтық шөптердің сорттылық егістіктері, тұқымға пайдалануға арналған селекциялық және жергілікті сорттар жатады.

Тұқымға көп жыл пайдаланылған және шабылған танаптарды жеке апро-бациялайды және әр танаптар үшін 3-4 дана апробация актісі толтырылады.

Апробацияны жүргізу үшін егістіктердің құжаттары тексерілінеді.

Апробатор танаптарды көлденеңдігімен жүріп өтіп:


  • күн бұрын шалғынның тобы мен сортын, тегін, түршелігін, біліктілі

түрін анықтайды;

  • тұқымдық егістіктердің дұрыс отырғызылғандылығын, олардың жағ-

дайларын тексеріп, керек болса тұқым алу үшін, қосымща танаптарды белгілейді;

  • әр дақыл аумағының көлемін, түрін және сортын, қиынбөлінетін мәдени өсімдіктердің басқа түрлерін, карантиндік қиынбөлінетіндерді, қатерлі және улы арамшөптерді, аурулармен залалдануды, зиянкес- термен жарақаттануды анықтайды;

  • оруды, отауды жүргізуге кеңес береді, зиянкестермен күресуді, тамырдан тыс қоректендіруді, сорттық тазалауды, гүлдену кезеңінде тұқымдық дақылдарды омарталарды апарып, араның көмегімен тозаңдандыруды күшейтеді.

Апробацияланатын тұқымдық шалғындар басқа түрлер немесе сорттар-

мен қатар орналасқан (тұқымдары нақтылы топтың, түрдің тұқымдарынан қиынбөлінетін) болған барлық жағдайларда, сондай-ақ сорттар үшін аралық оқшаулықты сақтамағанда – айқастозаңданатындармен, сортаралық тозаң-дануды болдырмау үшін, апробатор танаптарды орғанда, жинағанда және тұқымдарды сақтағанда биологиялық немесе механикалық араласпауды, апробациялық актіде көрсетеді.

Шалғындардың әр танабын күнбұрын байқаудың нәтижесінде, сонымен қатар, құжаттардың деректеріне сүйеніп апробациялық актінің бірінші бетін толтыру қажет.

Апробациялық бауды біржылдық және көпжылдық мал азықтық шөптер- ден алады. Жоңышқа мен эспарцет, ақ және сары түйежоңышқа апробациялық бау алмай апробацияланады.

Апробацияның нәтижесінде сол танаптың тұқымдық шалғыны селекция- лық сортқа, жергілікті немесе сорттық емес егістікке айқындалынады. Селек- циялық сорттар егістігін апробациялағанда, себілген тұқымдардың сорттық құжаттары болуы керек. Себілген сорттық тұқымдардың құжаттары болмаса немесе шалғын апробациялық сипаттамаға сәйкес, жергілікті сорт екенділігі анықталмаса, мұндай апробацияланған танап сорттық егістік есебіне кірмейді.

Апробатор тұқымдық егістіктерді апробациялағанда, танаптарды көл-денеңділігімен жүріп өтіп, шалғынды тиянақты түрде байқайды және олардың біртектілігі мен карантиндік және өте қауіпті арамшөптерді, стандарт бойынша көпжылдық пен біржылдық шөптердің егістік сапасын зиян келтіретін өсімдік тұқымдарын: қылтаңды сарықалуен, ала шұбар вязель, ірітісті шытырмақ, ал судан шөбі үшін құмай жүгері сияқты арамшөп- тердің болмауын қадағалайды.

Апробатор шаруашылықта өнімдерді және тұқымның сапасына керекті сақтаулық шараларды (арамшөптерді жою, түрлік отауды, тұқымдық танаптарды жинаудың мезгілі мен әдістерін, оларды жинау, үйіп қою және тұқымдық құжаттарды) ескертуге міндетті.

Аурулар және зиянкестермен залалдану деңгейін шкала бойынша анық- тайды (күшті, орташа, жоқ), сонымен қатар мол тараған аурулардың түрлерін және зиянкестердің аттарын көрсетеді.



Жоңышқаның тұқымдықтарын апробациялағанда оларды келесідей топтардың біреуіне жатқызады: көк немесе егістік, көкбуынды, алашұбарбу- ынды, сарыбуынды немесе сары.

Эспарцеттің шалғынын апробациялағанда оларды келесідей топтардың біреуіне жатқызады: кәдімгі егістік, закавказдық, құмдық. Эспарцеттің ау- дандастырылған көп сорттары түраралық будандастырудан алынған. Сондықтан, олардың аралас пішінділерін апробациялағанда оларды дәлел- денген негізгі сорттарға жатқызады. Егерде апробатор эспарцеттің түрін өсімдіктерді байқау арқылы анықтағанда, басқа түрлерінің қоспаларын тапса, онда оларды қиынбөлінетін өсімдіктерге жатқызады.

Ақ және сары түйежоңышқаның орылатын тұқымдық шалғындарын сол уақытта жалпылай гүлдену мезгілінде апробациялайды. Апробациялық бау- ларды алмайды. Апробатор тұқымдық егістіктерді апробациялағанда, та- наптарды көлденеңдігімен жүріп өтіп, карантиндік және қиынбөлінетін ар- амшөптерді анықтайды. Аурулар және зиянкестермен залалдану деңгейін шкала бойынша анықтайды (күшті, орташа, жоқ), сонымен қатар мол тараған аурулардың түрлерін және зиянкестердің аттарын апробация актісінде көрсетеді. Ақ түйежоңышқаның шалғындарында сары түйежоңышқаның қоспасы 1-2%-дан аспауы керек, немесе керісіңше болады.

Себілген тұқымдықтардың сорттық құжаттары бойынша, әр дақылдың сорты анықталынады.



Еркекшөпті апробациялық бауларды алып анықтайды. Ол үшін 50 нүк- теден, жербетінен 5 см жоғарылықта сабақтарды кесіп алып бау құрастырады. Апробациялық бауларды араластырады, сосын таңдамай еркекшөптің жақсы өскен 500 сабақты масақтарын санап алады. Өте жас масақтарды (шабан өскен) алып тастайды. Масақтарды санап алғасын, оларды сараптап екі түрге бөледі: кең масақты және жіңішке масақты. Кең масақты еркекшөптің ластандыратын түрі: жіңішке масақты еркекшөп. Ара-лықты еркекшөп ластандыратын түр деп саналмайды.

Жіңішке масақты еркекшөптің ластандыратын түрі: кең масақты еркекшөп болып табылады. Аралықты түрлі қоспалар сорттық тазалыққа әсерін тигізе алмайды. Олардың санын пайыз есебінде апробациялық актіде және ескертпелерде көрсетіледі. Егістіктерді сорттылық деп санайды, егер негізгі түрлермен аралық түрлердің жалпы саны 85%-дан артық болса; болмаған жағдайда, яғни кем болса, онда қоспалар дейді.

Тұқымдық егістерде жатаған бидайықтың қоспасы болса, мұндай тұқымдарды егістіктерде пайдалануға болмайды.

Барлық біржылдық және көпжылдық мал азықтық шөптерді (ерекшөп- тен басқалары) апробациялағанда, апробациялық бауларды үш топқа бөледі:



  1. апробацияланатын дақылдар;

  2. басқа мәдени дақылдар, соның ішінде қиынбөлінетіндер (түрлері бойынша);

  3. арамшөптер соның ішінде қиынбөлінетіндері (түрлері бойынша).

Мәдени қоспалардың пайыздылықтарын (түрлік тазалықты) олардың

мәдени өсімдіктер сабақтарының түрлеріне қатынасымен, ал ластану пайызы – арамшөптер санының, баудағы барлық сабақтар санына қатынасымен анықтаймыз.

Мысалы: қылтықсыз арпабасты апробациялағанда бауда болғаны: қылтықсыз арпабас – 475, талшықты бидайық (регнерия) – 10, арамшөптер – 15, соның ішінде қиынбөлінетіндері – 3. Баудағы барлығы 500 сабақ.

Осыдан барып егістердің түрлік тазалығы анықталынады: көпжылдық астық тұқымдас шөптердің түрлілік тазалықтары, суперэлита және элита үшін 95%-дан кем болмауы, келесі егістіктер репродукциясы 90%-дан кем болмауы керек, ал егер осы көрсеткіштерден төмен болса, мұндайлар сорттық егістер қатарына жатпайды.

Судан шөбінің тұқымдық егістерін апробациялағанда құмай егістіктері, судандық будандардың арақашықтық бөлектеудің сақталуын анықтау қажет. Егер, арақашықтылық бөлектеу сақталмаса, мұндай егістіктер көбейту үшін жарамайды.

Судан шөбінің егістігі гумаймен (құмай жүгері) ластануы (3%-дан артық) болса, мұндай егістіктер тұқымдылыққа жарамайды. Гумаймен (құмай жүгері) ластануды сабақтарына қарап анықтаймыз, олардың тұқымдары жеңіл түсіп қалады, (жемістері алдамшы), немесе тұқымның ішкі жағында болатын екі өзекшеден айырамыз.

Апробацияның деректері бойынша судан шөбінің тұқымдық егістігін сұрыптау:

I категория, сорттық тазалық 98%-дан кем болмаса;

II категория, сорттық тазалық 95%-дан кем болмаса;

III категория, сорттық тазалық 90%-дан кем болмаса;

Апробациялағанда қоспалардың жалпылай құрамында шектелмейтіндер: I категория үшін құмай сабақтары – судандық будандар және құмайдың басқа топтарының сабақтары 0,3%-дан артық емес, II категория үшін 1-дан, III категория үшін 2%-дан артық болмаса, егер аталған сабақтардың саны, көрсетілген категория пайыздарынан көп болса, егістіктің категориясы төмендейді, ал егерде сабақтар саны 3%-дан артық болса, мұндай егістік тұқымдыққа жарамайтын болады.

Судан шөбінің элиталық егістіктерінде құмайдың – судандық будандардың, құмайдың топ аралық будандарының және құмайдың басқа топтарының қоспалары болмауы керек.

Мал азықтық шөптер егістіктерінде келесідей карантиндік арамшөптер- дің болуы мүмкін: арамшырмауықтың (повелика) барлық түрлері, жатаған үкекіре (қызғылт), амброзия және имектұмсықты алқалар егістіктерді ластайды.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет