Сонда Садық



бет2/5
Дата18.06.2020
өлшемі48,28 Kb.
#73797
1   2   3   4   5
Байланысты:
2з3л мысал

Қабыкен тұрған Ақмолада

Коньяк түгіл ақ мола ма!

деп өлеңдетіп жіберіпті.

«деген екен...»

27 бет


АҚША ЖОҚТА МҰНЫҢ НЕ?

Ақын Нұтфолла Шәкенов бірде таңертең маңдайы құрысып, желкесі тырысып, басы мең-зең төсектен тұрады. Тұрған бойда:



  • Бәйбіше, шалыңды өлтірмейін десең бас жазар бірдеңе тапсаңшы? – дейді әйеліне дауыстап.

  • Үйбай-ау, Нүкесі-ау, біздің үйде не тұрушы еді, кеше достарыңмен бәрін сарқып қойдыңдар емес пе! – дейді әйелә алақанын жайып.

Мұндай тығырықтан шығудың жолын ойлап, басы қатып отырған Нұтфолла:

  • Әй, бәйбіше, кеше үш сом бар еді ғой сенде, соны берші, дүкенге барып басымды жазып келейін, - дейді.

Әйелі азар да безер болып:

  • Нүкесі-ау, ол үш сомға кеше нан жаятын оқтау алып қойып ем, - дейді.

Сонда Нұтфолла:

  • Сен де бір қызық адам екенсің!... өзі ақша жоқта үйге мебель алып... – деп әйеліне қатты ренжіпті.

«деген екен...»

27-28 бет


ҚҰДАЙДАН ТІЛЕУ

Жазушы Ғабдол Сланов баяғыда «Жұлдыз» журналында қызмет істепті. Бірде бір жетіге оңтүстік жаққа командировкаға кетіп, сол кеткеннен мол кетіпті. Хабар-ошар жоқ, арада бір жарым ай өткен соң сүйрелетіп Алматыға жетеді ғой.



  • Иә, Ғабеке, қайда болдың, қайдан келдің, сайра кәнеки? – депті «Жұлдыздың» сол кездегі бас редакторы Сырбай Мәуленов сызданып.

  • Басеке, айып менен, - дейді Ғабдол кешірім өтініп, - Қызылқұмның қиыр бір шетіне шығып кетіп... бір қойшының үйінде «тойлаңқырап» жіберіппін. Қойшы да бір аңқылдаған сабаз екен, уақыттың қалай өткенін аңғармай қалыппын.

Сонда Сырбай алақанын жайып, көкке қарап:

Айналайын, Ғабдол,

Әйтеуір бар бол!

Құдай тағала бұл Ғабдолды

Жоғалтпай тағы жар бол!-

деген екен.

«деген екен...»

28 бет
ЛЕКЦИЯ ӨТІП КЕТІПТІ

Баяғыда Қызылорда обкомы Асқар Тоқмағамбетов пен Қалқаман Әбдіқадыровты шақырып алып, он күн бойы оқытып, саяси сауаттарын жетілдіріп, дайындап, шопандарға лекция оқуға аттандырып қоя береді. Екеуі алғашқы күні-ақ Аралдың арғы шетіндегі, ит арқасы қияндағы бір қойшының үйінеен бір-ақ шығады. Аты белгілі ақын-жазушылар келген соң қойшы жазған қойын сойып, етін асып, арағын құйып дегендей, жаны қалмай қонақ етеді. Асекең ішімдікке жоқ екен, оның есесін Қалекең қайырып, біраз жерге дейін барып қалады ғой... содан Қалекең түн ортасында ұйықтап жатқан жерінен атып тұрып:

Ей жатқандар,

Құдай атқандар,

Бүйтіп жатпаңдар,

Мал басын сақтаңдар!

деп тақпақтап айғай салыпты. Бала-шаға шошып оянып, үй иелері абыржып қалысады. Сонда Асекең:



  • Жолдастар, бұ кісіге көңіл аудармаңдар, әншейін Қалекеңе обкомның лекциясы өтіп кеткен ғой, - деген екен.

«деген екен...»

28-29 бет


ЖАСЫРАТЫН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ

Ақын Сырбай Мауленов бірде астананың орталық моншасына барса – көп адамның ішінен Сәбит Мұқановқа көзі түсіп кетеді. «Қой, Сәбеңді жалаңаш көргенім ұят болар», - деп ойлап, Сырағаң түкпірдегі бір бұрышқа барып, теріс қарап жуына бастайды. Сөйтсе Сырбайды Сәбең де байқап қалыпты:



  • Әй, Сырбай менің сенен жасыратын ештеңем жоқ. Жасырайын десем де тыр-жалаңашпын. Одан да сен бері келіп, арқамды ысып бер, - депті Сәбең дауыстап.

«деген екен...»

29 бет
АБАЙ ӨЛЕҢДІ НЕ ҮШІН ЖАЗДЫ?

Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, белгілі әдебиет зерттеушісі, профессор Есмағамбет Ысмайылов бірде көлемді мақала жазып, ол мақаласында бір топ жазушыларды сынап кетеді. Сол сынағандардың ішінде Сәбит Мұқанов та бар екен. Сәбең Есмағамбеттің сынын көңіліне ауырлау алып, келесі күні оған телефон шалады. Бір-бірінің амандық-саулығын, хал-жағдайларын ғана сұрап, екеуі де негізгі «мәселеге» жоламай, аз-кем әңгімелесіп қалады. Сөз арасында Есмағамбет:


  • Ертең Семей жаққа, Абай ауданына комондирокаға жүрейін деп отырмын, - дейді.

  • Абай ауданына дейсің бе? Онда мен бір шаруа тапсырайын, соны біле келші? – дейді Сәбең.

  • Пәлі, Сәбе, айтсаңыз болды ғой, қатырып орындап қайтамыз, - дейді Есмағамбет.

Сонда Сәбең:

  • Әй, Есмағамбет, орындасаң сол, Абайда: «Күшік асырап ит еттім, ол батырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, ол мерген болды, мені атты», - деген өлең бар еді. Сол өлеңді Абай не үшін жазды екен, соны біле келші? – деп телефон трубкасын ақырын ғана ілес салыпты.

«деген екен...»

30 бет
ТАРИХТА КІМ ҚАЛМАҚ

Мұзафар Әлімбаев композитор Әбілахат Еспаевқа кездесіп:


Сонда Әбілахат:

  • Мұзаға, алдымен сол жазылған поэмаңыз тарихта қалар ма екен, әңгімені содан бастасаңыз етті? – деген екен.

«деген екен...»

30-31 бет


«БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІН КӨТЕРІП КЕЛЕМ...»

Домбыра жасаудың шебері, әрі белгілі балалар жазушысы Қабыш Жәркенов бір қол, бір аяғынан тұра алмай сырқат болып қалады. Ақын Темірше Сарыбаев Қабышты арқасына көтеріп алып, жоғарғы қабаттағы бір дәрігерге апара жатады. Теміршенің арқасында келе жатқан Қабыш үшінші қабатқа шыққан кезде:



  • Темірше, шынашақтай шалды көтере алмай ентігіп қалдың ғой, - депті. Сонда Темірше:

  • Қабеке, мен жалғыз сізді ғана емес, қазақ қолөнері мен балалар әдебиетін қоса көтеріп келемін емес пе, қайтейін енді! – деген екен.

«деген екен...»

31 бет
ЕРЕКШЕ «МІНЕЗ»

Елуінші жылдардың ішінде Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында ақын Фатих Дінисламов біраз жыл редактор болып, қызмет атқарыпты. Фатекең қолына түскен қолжазбаның әр жеріне сұрау белгісін қойып, авторлармен дауласып, қыңырайып отырып алады екен. Фатекеңнің мінезіне қанық авторлар ол кісіні қолтығынан демеп, кафе, ресторан, немесе сырахана жақты бір аралап қайтады екен. Солай есте болды, Фатекеңнің құрысқан маңдайы жазылып, қолжазбаға соққан әлгі сұрау белгілерін сөзге келмей қолма-қол өшіріп тастайтын көрінеді.

Фатихтың осы мінезіне орай оның ақын достары сол кезде мынадай өлең шығарыпты:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет