Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет118/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

саналы түрде,
мақсат қойып 
қатыгездікпен аяусыз қырудың нәти- 
жесінде ¥лы Отан соғысына дейін Қазақ халқының 
үштен екісінен айырылып, ез жерімізде азшылыққа 
үрындық.
XVIII ғасырдағы қазақ, қалмақ арасындағы атақты 
ақтабан шұбырынды қырғынында халқымыздың 
үштен бірінен айырылған едік. Ап бейбітшілік за- 
манда большевиктердің «бостандық, теңдік» ұранына 
алданған халқымыздың үштен екісінен, яғни 4 мил- 
лионнан астам айырылып, бұрын-соңды басымызға 
түсіп көрмеген қасіретті бастан кештік. Бұл қасіретті 
жағдай кездейсоқ тап болған құбылыс емес, бізді, 
қазақтарды, жер бетінен сыпырып тастауды алды- 
на саяси мақсат етіп қойған жүйелі бағдарлама 
негізіндегі империялық қанды қол саясаттың дәстүрлі 
жалғасының өзі болғанын нақтылы дерек көздері 
айғақтап отыр.
Мәскеудегі Орталық билік қазақтардың белін 
сындыру - бүкіл түрік халқының сағын сындыру деп 
ұғынды. Өйткені XX ғасыр басында ұлттық сана- 
сы оянған қазақ халқы арасынан шыққан үркер- 
дей зиялы топ ұлттық идея маңында шоғырланып, 
Апаш партиясын ұйымдастырып, саяси іске қызу 
ат салысып, ұлттық автономиясын да жария-


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
лап үлгерген еді. Түркістанды жайлаған басқа 
халықтар ол кезде мұндай саяси әрекетке бара 
алмағаны белгілі. Кеңес үкіметі орнап, солардың 
билігі жүре бастаған заманда Тұрар Рысқұловтың 
басшылығымен Түркістан республикасының емір 
сүруі орталықты қатты әбігерге түсірді. Өйткені олар 
кеңестер елінде ірі екі суперэтнос - славяндар мен 
түркі халықтары қатар бой түзеп, қалыптасу жолына 
түсе бастауы - алда болжап болмайтын өзгерістерге 
ұрындырар деп сескенді. Егер түркі халықтарының 
ұлттық санасы оянып, евроцентристер арнайы 
ұмыттырған халықтық тарихи танымы жаңғырып, 
рухани тұтастығы толыса берсе, келешекте бой бер- 
мей кететін саяси адуын күшке айналу мүмкіндігі- 
нен қауіптенді. Оның үстіне қазақтардың ортасы- 
нан шыққан Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов,
С. Смағұлов т.б. сияқты іргелі саяси қайраткерлер 
бағытымен Мәскеу есептеспей тұра алмады.
Орталық қандықол әрекеттерін жүзеге асыру 
үшін әр облысқа бір жарым мың адамның көзін 
жоюға ресми түрде лимит беріп, оларды үштік (трой- 
ка) арқылы аттырып отырды. Ал Мәскеу облысының 
басқарма бастығы адамдарды ату үшін орталықтың 
берген лимитін тез орындап қойып, оны асыра 
орындауға тағы да лимит сұрауына таңғалуға бол- 
майды. Өйткені берген тапсырманы асыра орын- 
дап, лауазымды қызметке көтеріліп, шенін өсірудің 
бірден-бір мүмкіндігін пайдаланып қалуды ғана 
ойлаған қанды қасап иелері көп еді (Сонда, Л. Мле- 
чин, с. 284).
Орталықтың осы адам ату лимитіне сүйенген 
Қазақстанның ішкі істер басқармасы қазақ халқының


226


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет