230
Қазақ қалай мәңгүрттенді?
Семей, Омбы жандармериясының дүрлігуі - осының
айғағы.
Патша үкіметінің қазақ жерінде жүргізген водво-
рение саясатына кеңес үкіметі
төңкеріс жылдары-
ның өзінде-ақ мұрагергерлік танытып, саясаттағы
ата дәстүрі ретінде қабылдап, бүркемелеп дамыт
қан еді.
Бұл әрекет колзоздастыру, бай кулак-
тарды тап ретінде жою және Гулагтардың қазақ
жерінде көптеп ашылуы кезінде үдей түсті. ¥лы
Отан соғысы жылдарында Еділ бойы халықтары
мен Кавказ түріктерін зорлықпен Қазақстанға жер
аудару тұсында молыға түсті. Әсіресе,
бұл сая-
сат 1954 жылы, Қазақстанда тың жерлерді игеру
науқанында, жетер жеріне жетті. Сырттан әкелінетін
жұмыс күші ретінде тек қана бір миллионнан астам
славяндар тартылып,
оларға барлық жағдай жасал-
ды. Осы кезде 700 қазақ мектебі жабылып, ондағы
оқушылардың бәрі де жаңадан ашылған аралас
мектептерде білім алды. Ол аз болғандай,
атом бом-
басын сынау полигонын әдейі қазақ жеріне орнала-
стыру мен жер үстінде жару - қазақ елінің өсуіне
салынған өлім тұзағы еді. Осы жау ниетті жағдайлар
қазақтардың өз жерінде азшылыққа айналып,
сана-
сы жағынан тезірек мәңгүрттенуіне барлық жағдай
алдын ала жасалғанын айғақтап тұр.
Осы кезде қазақтардың тіл жағынан
Достарыңызбен бөлісу: