сквотерствалы қ әдісті
қолданды. Яғни отарланған басқа ұлттардың жерін
басып алысымен, сол жерге келімсектерді көптеп
орналастырып, реті келсе жергілікті ұлтпен мидай
араластырып, орыстандырып жіберу үшін әрі орыс
тілінің басымдығына жету жолында
водворение
саясатын армансыз пайдалануға қол жеткізді. Бұл
саясат Хрущев заманында тың, тыңайған жерді
игеру ұранымен жүргізілді. Осы мақсат тұрғысынан
қазақ жеріне бір жарым миллионнан астам тек қана
славян халықтарының өкілі әкелініп, оларға барлық
жағдай жасалды. Тың көтерілген жерлердегі 700
қазақ мектебі қысқартылып, олардың бәрі де аралас
мектептерге айналып, мектептерде орыс тілі үстем
тілге айналып жүре берді. Н. Хрущевтің «Неғұрлым
орыс тілін тезірек білсек, коммунизм де соғұрлым
262
Су басынан тұнар болар!
тез орнайды» деген желбуаз сөзі ұранға айналып,
қазақтарды ұлтсыздандыруға дем беріп жатты.
Қазақ жерінде аралас мектептердің қалай ашы-
луы да осы тұста жылдам жүзеге асып, қалыптаса
бастады. Патш алық Ресей кезінде отаршылдық
мүдде тұрғы сы нан дүниеге келген орыс-түзем
мектептері біртіндеп аралас мектептерге айналса,
мектептің осы дәстүрлі түрін Кеңес педагогика-
сы мұрагер ретінде қабылдады. Мемлекет оның
дамуы на тікелей жол ашып, ғылыми тұрғыдан
негіздеп, насихаттап жатты.
Педагогика ғылымы саласында аралас мектеп-
тер туралы «ғылыми» ізденістер жүргізіліп, диссер-
тациялар жазылып, ресми түрде ғылыми кеңестер
де қорғалып жатты. Бұл күрделі әрі нәзік ұлттық
мәселе оны интернационалистік тәрбиемен бай-
ланыстыра көтерген қарапайым педагогтар емес,
Қазақ КСР Оқу министрлігіндегі министрлердің өзі
жоғары жаққа жағына түсу үшін білек сыбана кіріскен
мәселеге айналды.
Ертеде Ильминский бастаған миссионер ғалым-
дар қазақты орыстандырып шоқындырудың шешуші
кілті немесе басты идеологиялық құралы - мектеп,
оның ішінде аралас мектепте жатыр деп ерекше мән
бере қарады. Кеңестік идеологтар да ортақ бір тіл,
бір халық етіп қалыптастыру саясатын мықтап ұста
на бастады. Себебі халықтар достығы ұранын
бүркеніп орыстандыру арқылы ұлтсыздандыру сая-
сатын саналы түрде жүргізгендіктен, аралас мектеп-
тің өріс алып, кең құлаш жайуына айрықша жол
ашылды. Осы себепті де Қазақ КСР Оқу минист-
рінің орынбасары А. В. Щербаков өзі жазған дис-
|