Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Бүл еңбектің идеялық ұстанымы: қазақ мекептерінің
күні етті, ейткені Одақта келешекте бір тілді халық
болатындықтан, қазақ тілінің де келешегі бұлдыр,
өмірден ешетін тіл деп жаназасын шығарып қойған
топтың дүниетанымы болатын. Өйткені Бауыржан
Момышұлы 1955 жылы 28 наурыз күні министрмен
пікір алысқанда, ол қазақ тілінің тазалығы жолын-
да күресіп жүрген Баукеңе: «Қазақ тілінің тазалығын
қорғап арамтер болып қайтесің, ол бәрібір құритын
тіл», - деп ақыл айтуын қазақтың биліктегі саяси
элитасының ортақ пікірі деп біле берген жөн. Осы
арқылы министрдің аралас мектепті қорғаштап,
ғылыми еңбек жаздыруының астары империяның
миссионерлік саясатында жатқаны талас тудырмай-
тын шындық болатын.
Диссертант мұрағат деректеріне үңіле қарап,
өз танымы тұрғысынан ғылыми талдау жұмыста-
рын жасай білген. Ол зерттеуші ретінде орыс мис-
сионерлерінің еңбегімен таныс болса да, оларың
аралас мектеп жайында ұстанған танымы жайын-
да жұмған аузын ашпайды. Автор ұсынатын дерек-
мағлұматтары арқылы, қазақ, орыс мектептері
арасындағы айырмаш ылықты салыстырып көру
арқылы көп мәселенің астарына көз жеткізсе де,
одан саналы түрде қашқақтайды. Мұнысы заңды
да. Олардың идеясының мазмұнын ашса, өзінің
арты ашылайын деп тұрған соң, әрине, ол жаққа
аттап қадам баспайды.
Министрдің орынбасары Щ ербаковтың дерек-
теріне сүйенсек, 1911 жылы Қазақстанда 1475 орыс
мектебінің 81.416 оқушысы болса, қазақ мектебі
350-ақ, ал, оқушысы 7600-ге әрең жетіп тұр. 1924
266
Су басынан тұнар болар!
жылы Қазақстанда 2624 орыс мектебінің 185540
оқушысы болса, қазақ мектебінің саны 821, ал
оқушыларының саны 53.500 ғана болған. Яғни орыс
мектебінде оқушы саны үш еседен асып тұр. Бұл
жылдары қазақтардың саны өз елінде 6 млн-ға
жуықтайтын.
Ал 1968-1969 оқу жылында орыс оқушылары
1.891.359 бала, яғни республика оқушыларының
75%-ын құраптұр. Осы жылдардағы қазақоқушылары
581.884, яғни 25% ғана. Яғни қазақтар саны бүкіл
оқушылардың төрттен біріне әрең жетіп тұр. Диссер-
тант Қазақстанда аралас мектептердің жыл асқан
сайын көбейіп, саны арта түскеніне қуана отырып,
мына деректерді айғақ ретінде келтіреді:
1937-1938 жылдары аралас мектеп 478;
1940-1941 жылдары аралас мектеп 841 (2 есеге
жуықтап отыр);
1954-1955 (тың игеру жылдарында) аралас мек-
теп 1228 (бұрынғысынан 3 есе асып отыр);
1958-1959 жылдары аралас мектеп 1567 (4 есеге
жуық асып тұр);
1968-1969 жылдары аралас мектеп 1681 (азаю
орнына тағы да көбейіп отыр).
Қырық жыл ішінде аралас мектеп саны 4 есеге
таяу көбейген. Тіпті, Жамбыл облысы Қордай ауда-
нында 1941 жылы 9 ғана аралас мектеп болса, ол
1968 жылы 31-ге жеткен, яғни қазақы ауданның
өзінде аралас мектеп төрт есеге жуық көбеюі-ақ
авторға Қазақстанның келешегі аралас мектеп-
те жатыр деген қорытынды жасауына негіз болып
отыр. Бұл деректер көзі қазақ мектептері біртіндеп
жойылуға бет алғанын айғақтап тұр. Қазақстанда
|