Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет147/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

реакциялық ағымның жемісі...
Диссертанттың пікірінш е, нақтылы интерна- 
ционалдық тәрбиені қазақ балалары тек қана ара- 
лас мектептерден ғана алмақшы. Ол: «Кез келген 
кеп ұлтты мемлекет жағдайында барлық ұлттарға 
түсінікті болатын бір тілдің қажеттілігі сөзсіз туын- 
дайды», - дейді.
Диссертант мұнымен не айтқысы келеді?
Әлде, тек қана отарш ылдардың тілдерінде 
сөйлеп, оқу керек пе?
Қазақ мектептерін тарату туралы диссертант 
ашық айтпағанымен де, бүкіл диссертацияның ішкі 
мәні осындай...
¥лттық мектеп - кез келген халықтың ұлттық 
мәдениетінің қайнар көзі. Мәселен - тілдің, әдебиет 
пен баспасөздің, өнердің көптеген түрлерінің, тіпті, 
ақыр аяғында, ұлттың ұлт болып саналуының негі- 
зі... мен өзімнің ой-пікірім мен қарсылығымды ашық


270
Су басынан тұнар болар!
айтуым керек», - деп (Қожахметова Мәриям, «Менің 
Сәбитім». Алматы, 1993, 33-36-беттер) ағынан жа- 
рылған кезі болатын. Коммунистердің жолына құлай 
берілген партияшыл, шығармаларының бәрінде тап- 
шыл бағыттағы ақын, тіпті:
Советтік сөзге қаламы,
Көрмеген әсте мұқалып.
Мұны жазған кәдімгі,
Белгілі Сәбит Мұқанов, -
деп желпініп жүрген нар қазақтың өзін тайдай 
тулатқан аралас мектеп мәселесі, яғни қазақты 
оры станды рып ұлтсыздандыруды ң шешуші кілті 
тәрізді қиын да күрделі мәселе болатын. Осындай 
қатерлі мәселенің бүгінде тәуелсіздік туын көкке 
көтерген Қазақстанда тағы да түйіні шешілмейтін 
бітеу жара сияқы алдымызға қойылуының себебі 
қандай? Әрине, мұның түп тамыры түркі халық- 
тарын, оның ішінде әсіресе бізді отарлаған Ресей 
им периясы ны ң орыстандыру, ұлтсыздандыру -
осы арқылы қазақ ұлтын рухани құлдыққа түсіріп, 
тоғышар тобырға айналдыру саясатының біздің 
санамызға сіңіп сүрленіп қалуында жатса керек. 
Санадағы осы ортақ рухани құлдықтың белгісі -
оқу ағарту жүйесінде тәуелсіздік қолға алынысымен- 
ақ аралас мектептерді біртіндеп тарата берудің 
орнына дәл бүгінге дейін жыл сайын саны жағынан 
үдере дамып, үздіксіз өсіп отыруында жатыр. Мыса- 
лы, 1968-1969 жылдары республикамызда аралас 
мектеп саны 1689-ға жетсе, ол 2007 жылы 2068 мек- 
тепке бір-ақ жетіп тоқтау бермей жатуы айғақтап тұр. 
Бүгінде ол кемудің орнына өрлеп келе жатыр. дерек 
бойынша ол 2089-ға жетуі - осының айғағы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет