Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет149/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

аралас мектеп мәселесі 
туралы не ойлайсыз?», -
деп сұрақ беріп едім, министр ханым бұл мәселеге 
қатысы жоқ жанама мәселелерге ауытқып, сұрағыма 
нақтылы жауап бермей орағытып кетті, нақтылы 
жауап бермеді. Сөйтіп Білім және ғылым министрінің 
аралас мектеп туралы мүлде ұғым-танымы жоқ құр 
алақан екендігі көрініп қалды. Тыңцаушы қауым 
аң-таң. Осы жағдайды тез аңғардым, министрге ара- 
лас мектеп жайында нақтылы мысалдар келтіре 
бастадым: Тараз қаласындағы 52 мектептің 17-сі 
қазақ, 13-і таза орыс мектебі екенін, қалған 22-сі ара- 
лас мектеп екенін хабарладым. Бірақ аралас мек-


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
273
теп оқушылары негізінен қазақ балалары мен ұсақ 
ұлттардан тұратынын, бірақ ол мектептерде сөйлеу 
орталығы орыс тілі болғандықтан, мемлекеттік тілді 
жүзеге асыруға басты кедергі келтіріп отырғанын 
баса айттым. Министр ханым ойланып тұрды да:
-
Аға, бұл мәселеге мен әзірше жауап бере алмай- 
мын, - деп шынын айтты. Министрлікте аралас мек- 
теп мәселесі жабулы күйінде, қозғаусыз жатқанын 
сезіп, аса жауапты өткір мәселеге мән бермейтін 
салғырттығына таң қалдым! Өз қорасындағы қойын 
өзі танып білмейтін қамсыз қойшы сияқты көрінді 
маған. Уақыттың өзі күн тәртібіне қойып, талап 
етіп отырған аса өткір мәселеге министрліктің 
соншалықты бейғам құлықтанытуы бізді қатты ойлан- 
дырып тастады. Қазақша айтқанда сенгендерім сен- 
дер болсаңдар... оңған екенбіз деуден басқа не 
айтарсың...
Осы түйіні шешілмей тұрған аралас мектеп 
мәселесіне, оның бүгінге дейін мұрты кертілмей 
сақталуы мен күнделікті өмірден ойып тұрып орын 
алу себебіне кезіміз жете түсуі үшін нақтылы дерек 
көздеріне жүгінейік:
1. 
Айбынымыз, мақтанышымыз - Астана қа- 
ласы жыл өткен сайын құлпырып, халық саны 
жағынан молығып, миллионға тақалып барады. Бәрі 
де жөн, көңілге қуаныш ұялатады. Бірақ мектеп пен 
балабақшасы жағынан да бізге өнеге болатын Аста- 
на бұл жағынан мүлде артта шаң қауып қалуы қалай 
деп іштей қамығып өкінесің. Мысалы, Астанадағы 61 
мектептің 16-сы орыс мектебі, 19-ы қазақ мектебі, 
ал ең көбі, яғни 26-сы аралас мектеп. Аралас мек- 
теп пен орыс мектебін орыс тілді мектеп деп санай


274


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет