Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
тілді болған соң, әрине, орыс тілінде сейлемей түра
алмайды. Одан арылудың орнына, Ресей отаршыл-
дары мен коммунистердің бүркемеленген орыстан-
дыру, бір тілде сөйлету
саясатын езіміз білек сыба
на жүзеге асырып жатқанымыз қай заңдылыққа
сияды?
Дана халқы м ы зды ң «Су басынан түнады»
дейтін өмір тәжірибесінен түйген ғажап сөзі бар.
Осы тұрғыдан қарасақ, заманның ағымымен ерік
сіз лайланған ана тілімізді бастапқы табиғи мөлдір
судай
қалпына түсіру үшін
шешуші
әрекетті
балабақша мен мектептердегі тіл мәселесінен бастау,
яғни сөйлеу ортасын қазақыландырудан бастау - ең
басты шешуші мәселеге
айналып отырғанын сана
лы түрде үғынатын, үғына отырып батыл әрекет
ететін уақытқа жеттік емес пе? Оған кім қолбайлау
жасай алады? Ешкім де!
Біз қазіргі кезеңце тілі жағынан тұнығы лайланған
ересектер мен егде адамдарға, сүйегі қатып кеткен
қызметкерлерге мемлекеттік
тілді меңгертеміз деп
арпалысып жатуымыз дұрыс емес. Мұны бейне-
леп айқанда, суды ортасынан, төменгі ағысынан
тұндыруға күш салып арамтер болып жатудың жөні
бар ма? Қашан олар мемлекеттік тілді меңгеріп,
еркін түрде сөйлегенше,
олардың өздері де жасы
ұлғайып, зейнеткерлікке шығып кетеді. Яғни сөйлеу
тілі лайланған қауымға еріксіз тіл үйретіп, күшіміз
бен қаражатымызды бостан-босқа суға ағызып, мем-
лекет қаражатын құр далаға шашып жатырмыз.
Аралас балабақша мен аралас мектепке қарсы
күресті 1992 жылы бірден бастап жібергенімізде,
қазіргі 16 жасқа толған бозбалалар мен бойжет-