Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет152/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Су басынан тұнар болар!
кендөр - бәрі де бүгінде қазақша сейлеп, сайрап 
тұрған болар еді. Амал қанша, олар аралас мектепті 
бітіріп, қызметке араласқан шала қазақтар мен ада 
қазақтардың санын тағы да толықтыра түсетін күшке 
айналып отыр. Оларға мемлекеттік тілді меңгертуге 
тағы да қаржы мен уақытымызды қоса жұмсауға 
мәжбүрміз. Бұлардың алдыңғы легіне әрең дегенде 
ана тілін үйретсек, ертең олардың артынан келетін 
жаңа толқыны легі тағы да орыс тілді болып келе 
береді. Судағы лайланған толқынға ұқсап, алдыңғы 
толқыны кетсе, кейінгі толқыны да осылайша лайла- 
нып, үзіліссіз қайталанып, қосылған үстіне қосыла 
бермек.
Бұдан құтылудың тете жолы - мәселені су басы- 
нан тұндыруда жатыр. Яғни аралас мектептердегі 
қазақ, орыс сыныптарын беліп, қазағын қазақ мекте- 
біне, орысын орыс мектебіне жіберу керек. Бұған 
ешкім де дау айта алмаса керек. Бәріне ез тілінде 
мектеп берілсе, не деп дауласады? Ресейде тіршілік 
ететін миллионнан астам қазақтарға олар ана тілін- 
де бір де бір мектеп ашпай отыр ғой. Бұл мәселеде 
дау шығаратын монотілді азаматтар бір кез біздің 
орнымызға ездерін қойып керсін. ¥яты болса, сана- 
лы түрде ұғынса, сонда бәрі де орнына түсер еді.
Бұл кеселді құбылысты қолдан қоздырып, тежеу 
салмай отырған жасанды сылтаудан құтылудың 
жолы бар ма? Әрине, бар! Бар болғанда біржолата 
құтылудың шешуші жолы да бар! Лайланған бұлақ 
суын тек басынан бастап тұндырғанда ғана бүкіл 
бұлақ суы тазаланып, табиғи қалпына келмей ме? 
Осы себепті де халқымыз «Су басынан тұнады» деп 
бекер айтпағанына кезіміз жете түседі. Аралас мек-


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
тептер де осы ботана боп ағатын лайланған бүлақ 
суы тәрізді. Оны орта түсынан тосып тұндыруға 
қаншалықты күресіп, әрекет етсең де, тұнып, таза- 
руы мүмкін емес. Осы себепті кешегі ашық, бүгінгі 
жасырын миссионер атаулының бәрі де аралас мек- 
тептерге шешуші буын ретінде мән беріп, ресми 
орындарды сендіріп, тіпті саяси идеологиялық сипат 
беріп сескендіруге ұмтылып келеді.
Олар 
аралас 
мектеп 
ж айында 
шындықты 
айтып шырылдағандарды жасқау үшін бесаспап 
идеологиялық құрал болған КОКП ОК 1986 жылғы 
қаулысында айтылған «Қазақ ұлтшылдығы» деген 
айыптаудан қол үзер емес. Тіпті, аңғал қазақтарды 
жасқау үшін ұлтшылдықтың жаңа түрлерін ойлап 
тауып, қоздатуға тырысуда. Мысал үшін, «радикаль- 
ный национализм», «неонационализм», «здоровый 
национализм», «политический национализм» деген 
т.б. «жаңа» терминдерді үсті-үстіне тоғытып, үркітпек 
қамында жүр. Мұндай талапты көп ұлтты Ресейге 
қойса жарасты болар еді. Халықтар достығы десе 
тұрып төсек, жатса жастық болатын жалпақ шешей 
Қазақстанға мұны не бетімен ұялмай айта алады? 
Егер Ресейдегі аралас мектептерде басқа бір ұлттың 
тілі сөйлеу ортасын қалыптастырып, басым болып 
бара жатса, не істегенін керер едік.
Кеңес үкіметі кезінде ұлттық санасы оянғандарды 
«буржуазиялық ұлтшылдар», «пантүркистер», «пан- 
исламистер» деп зәремізді зәр түбіне түсіруші еді. 
¥лтшыл деген сөзден қорыққан, рухы сынған 
қазақтар ол ұғымды жұмсартпақ болып «ұлтжанды» 
деген жасанды терминді қалқан етіп бойтасалауға 
бет бұрғаны да рас. Енді тағы да сескендіре түсу


280


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет