Қазақ қалай мәңгүрттенді?
ұйтқысы мен қаймағы болған зиялы топтың көзін
жою жолында Голощекин мақсатын жүзеге асыру
үшін бір жыл ішінде жүз отыз мыңға жуық сауатты,
зиялы азаматтарды атып өлтіруі арқылы бір мақсатқа
жетсе, осыны ң алдында ғана халықты қолдан
жасалған жасанды ашаршылыққа ұрындырған еді.
Қалғандары н мәңгүрттендіріп, рухани құлдарға
айналдырудың жолын да ерте бастан-ақ қарастыр-
ған екен.
Адамзат тағдырында мәңгүрттендірудің түп тари-
хы Азия мен Африка құрлығында жатқан тәрізді.
Ал м әңгүрттендірудің отаны Орталық Азиядан
шыққандығының белгісі қырғыздың ұлы халық эпосы
«Манас» жырындағы:
Баланы ұстап алалық,
Басына
шіре
жағалық, -
деген өлең жолындағы «шіре» сөзі болып тұр. Басқа
шіре салу адамның шашын ұстарамен тақырлап
алып, жаңа сойылған түйенің мойын терісін басы-
на қаптап, таспамен тартып бекітіп, шақырайған
күннің өтіне ұстау арқылы жүзеге асырылады. Біздің
әдебиетімізде мәңгүрттік жайы туралы алғаш рет
Ә. Кекілбаев жазып, кейінірек Ш. Айтматовтың
романында оны өте кең әрі терең типтік образға
айналдыру жолымен әлем жұртшылығына таны-
малы болды. Ап зомбилау болса, Африка құрылы-
ғында пайда болған, ол отаршыл күштер кеңінен
пайдаланған жауыздық, яғни адамзатқа жат құбы-
лысқа жатады. Бүкіл әлемді отаршылдықтың шең-
беріне тартқан еуропалықтар адамзатқа жат бұл
екі жауыздық тәсілді енді халықтардың санасын
ұлтсыздандыратын идеологиялық құралға айралды-
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
227
рып отыр. Бүл әрекеттің мысалын алыстан іздемей-
ақ, өзімізге сыры мәлім Ресей патшалығы мен қызыл
империяның тоталитарлық идеологиясының тари-
хынан анық көре аламыз.
Екіншіден,
Бухар жырау бұдан үш ғасыр бұрын,
Абылай ханның заманында болашақтан қауіптеніп:
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жатқа тізгін берсеңіз:
Сонау кеудеңдегі
Дулығадай бас кетер,
Екі көзден жас кетер, -
деп ескерткен болатын.
«Ескі патшалық билік күйреді. Енді жаңа заман
келді. Ұлттар теңдігі жүзеге асты, әр ұлт өзін-өзі
билемек» деген большевиктер уәдесі бос сөз болып
шықты.
Бұқар жыраудың болжаммен айтқан даналық
сөзінің шындығын кеңестік заманда ел билеудің
тізгінін жатқа ұстатқанымызды Колбиннің өзі құпия
түрде болса да атап көрсеткендей болып, «Неге
Қазақстанды соңғы 70 жыл ішінде екі-ақ қазақ
басқарды?» деп, бүркемеленген шындықтың бетін
айқара ашып беріп отыр. Шынында да, біздің хал-
қымыздың саны ел тізгінін жатқа ұстатқан кездері
үнемі құлдырап отырса, республикамызды 25 жыл
басқарған әлемдік деңгейдегі саяси қайраткер
Д. Қонаевтың тұсында ғана халық саны бастапқы
қалпынан асып түсті. Сондықтан да Д. Қонаев саяси
бюро мүшелерінің ішіндегі ең біліктісі және пенде-
лік пиғылдан ең тазасы болуы себепті, халқының
санасында кемеңгер перзенті ретінде мәңгілікке
сақталып қалды.
228
Достарыңызбен бөлісу: |