Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет121/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

аралас
мектеп 
деп аталып жүр. Патшалық билік тұсында 
мұндай аралас мектептің алғашқы үлгісін орнық- 
тырған Сырдария гүбернасының тұңғыш генерал- 
губернаторы, арғы тегі немістен шыққан Кауфман- 
ский болатын. Ж алпы Ресей отарланған қазақ 
жеріндегі билікке орыстардан гөрі еуропалықтарды 
қоюды жөн көретін. Өйткені шетелдіктер отарланған 
бұратаналармен жұмыс жүргізуге қолайлы бола- 
тын, олар жергілікті халықты билеп-төстеудің айла- 
тәсілдерін шебер қолданып, ел ішінде туындаған 
өздері үшін қауіпті ой-пікірлерге құлақ салып, өте 
сақтықпен бақылап отыратын. Мысалы, Қосшығұ- 
ловтың Абайға жазған Николай 2-патшаның ислам 
дініндегі қазақтарды шоқындыру, көнбесе жер 
бетінен сыпырып тастау жайында жергілікті гене- 
рал-губернаторға жіберген құпия өкімі туралы хаты- 
на (қазақтар ішкі сырды біліп қоймауы үшін) бүкіл


230
Қазақ қалай мәңгүрттенді?
Семей, Омбы жандармериясының дүрлігуі - осының 
айғағы.
Патша үкіметінің қазақ жерінде жүргізген водво- 
рение саясатына кеңес үкіметі төңкеріс жылдары- 
ның өзінде-ақ мұрагергерлік танытып, саясаттағы 
ата дәстүрі ретінде қабылдап, бүркемелеп дамыт 
қан еді. Бұл әрекет колзоздастыру, бай кулак- 
тарды тап ретінде жою және Гулагтардың қазақ 
жерінде көптеп ашылуы кезінде үдей түсті. ¥лы 
Отан соғысы жылдарында Еділ бойы халықтары 
мен Кавказ түріктерін зорлықпен Қазақстанға жер 
аудару тұсында молыға түсті. Әсіресе, бұл сая- 
сат 1954 жылы, Қазақстанда тың жерлерді игеру 
науқанында, жетер жеріне жетті. Сырттан әкелінетін 
жұмыс күші ретінде тек қана бір миллионнан астам 
славяндар тартылып, оларға барлық жағдай жасал- 
ды. Осы кезде 700 қазақ мектебі жабылып, ондағы 
оқушылардың бәрі де жаңадан ашылған аралас 
мектептерде білім алды. Ол аз болғандай, атом бом- 
басын сынау полигонын әдейі қазақ жеріне орнала- 
стыру мен жер үстінде жару - қазақ елінің өсуіне 
салынған өлім тұзағы еді. Осы жау ниетті жағдайлар 
қазақтардың өз жерінде азшылыққа айналып, сана- 
сы жағынан тезірек мәңгүрттенуіне барлық жағдай 
алдын ала жасалғанын айғақтап тұр.
Осы кезде қазақтардың тіл жағынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет