Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
кеңестік идеология термин есебінде санамызға
сіңірді. Шындығында, мәселеосылай ма? Маңайдағы
шегаралас елдерге назар салып қарайықшы,
қалай
екен? Мысалы, отаршыл Ресей мен Қытайды неме-
се Өзбекстанды алып қарайық: Ресейдегі барлық
жергілікті ұлттардың бәрі де тарихи атамекенінде
отыр. Бір кезде олардың
бәрін де Ресей жаулап
алып, өз жеріне бодан етіп күшпенен зорлап қосты.
Кеңестік дәуірде олардың бәрі де одақтас респуб-
ликалар мен автономиялы республикаларға, ұлттық
округтарға айналып, соның
негізінде федарациялық
құрылымға айналып,
көп үлтты
республикаға айнал-
ды. Ол ұлттардың атамекен жері болуы себепті де,
олардың бөлініп кетуге конституциялық заңды құқы
бар. Қытай Халық республикасы жерінің 60%-ы
ұсақ ұлттардың жері болса да,
қытайлар өзін көп
ұлтты республикамыз демейді. Өзбекстанда өмір
сүретін қазақ, тәжік, қарақалпақ, қырғыз халықтары
да өз атамекен жерінде отыр.
Осы себептен де
олар Өзбекстан үшін диаспора деп есептелмесе
де, Өзбекстан өзін көп ұлтты республикамыз деуге
саналы түрде бармай отыр.
Ал біз не себепті, қандай
заңдылыққа негізделіп
көп ұлтты республика боламыз? Біз өмір сүріп
отырған атамекен жерде қазақ елі толық отарлауға
ұшырағанға дейін бірде-бір бөтен халық отырмаған.
Осы себепті де Қазақстан тәуелсіздік алысымен
әлем халқына
Достарыңызбен бөлісу: