Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?



Pdf көрінісі
бет130/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?:
243
бар ма? Бар! Алыс та болса жақын жолы бар. Ол -
ұлттық идея мен ұлттық идеологияны қалпына 
келтіріп, рухани болмысымызды іштей жаңғыртуда 
жатыр.
¥лтты қ идея 
- уақыт деміне, заман ағымына 
қарай өзгеріске түсіп, анықталып, толысып, дамып 
отыратын құбылыс. Отарланған түркі халықтары бір 
кездерде жадидизмді ұлттық идея ретінде ұстанды. 
Алаш партиясы Ресей құрамындағы ұлттық авто- 
номия құруды қазақтар үшін ұлттық идеяға айнал- 
дырды. Кеңестік кезеңде жасанды мемлекет түрін 
малдандық.
Ал бүгінгі тәуелсіздік алған заманда ұлттық 
идеяның тұғыры ретінде қоғамдық пікірде тілді, 
дінді, ділді т.б. күрделі ұғымдарды ұсынатын пікірлер 
көрініс беріп жүр!
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 
кезекті бір сапарында Ж амбыл жұртшылығымен 
кездесуі кезінде бетпе-бет жолығып, сұхбаттастым. 
Сонда осы ұлттық идея мен ұлттық идеология жай- 
ында пікір алыстық. Сұхбат үстінде П резидент 
маған:
- ¥лттық идеяны қалай түсінесіз? - деп кенеттен 
сұрақ қойып қалды. Мен сасыңқырап барып, ойым- 
ды жинап алып:
- ¥лттық идея - жағдайға, уақытқа, заман 
ағысына қарай өзгеріп отыратын құбылыс. Біз үшін 
дәл бүгінгі күнде ұлттық идея ретінде отаршыл 
қысымнан құтылып, қолымыз енді жеткен 
тәуелсіз
ұлттық мемлекетімізді 
қалыптастырып жетілдіру, 
еркендету болса керек, - деп жауап бердім. Прези- 
дент көңілді қалпымен:


244
Қазақ қалай мәңгүрттенді?
- Дүрыс, - деп бір сөзбен мақұлдады.
Ал ұлттық идеология жайында пікр алысу ұзаққа 
созылып кетті. Коммунистік кеңестік идеология жай- 
ында, оны ңтізеге басып өктемдік еткен тоталитарлық 
идеологиясы ның зорлығы жайында пікір өрбітті. 
Бірақ ұлттық идеология жайлы пікірімді терістемеді 
де, қолдамады да. Әңгіме тақырыбы өзгеріп кетті 
де, келешекте латын жазу таңбасына бару жайын 
асықпай қабылдармыз деген пікірге келді.
Бұл аса күрделі әрі көп қырлы мәні бар мәселе 
жөнінде Президентпен кездесуден кейін де, осы жө 
нінде пікір білдірген замандастарымның ой-пікірін 
сараптап, түрлі ойларға түсіп жүрдім. Ақыры келген 
ой-байламым мынаған келіп тоқтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет