Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет126/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Қазақ қалай мәңгүрттенді?
үстанған мақсаты жан дүниемді, ой-танымымды 
асты-үстіне шығарып, ұлттық намысымды тасқа 
жаныды. Мәселенің мән-жайын ғылыми жетекшім 
профессор Қажым Ж ұмалиевке айтып едім, бірден: 
«Немене, көктей солайын деп жүрсің бе, әлде мен 
барған жерге асығып жүрсің бе?» - деп қатты зекіп 
тастады. Ол кісінің мен екінші курста оқып жүргенде 
буржуазияшыл ұлтшыл элемент деп жазықсыз жапа 
шегіп, айыпталып, 25 жылға «халық жауы» деп 
сотталғаны есіме түсіп, тілімді тістеп қалдым...
Не де болса ойымды қағазға түсіріп, құпия сақ- 
тайын деген оймен «Әріптер неге өзгерді?» деген 
шала-шарпы мақаламды жазып тастадым. Уақыт 
өте берді. Өзбекстаннан Қазақстанға қызметке ауы- 
стым. Тағдыр мені М. Әуезовтің мұражай-үйіне 
әкелді. «Мұхтар Әуезов - абайтанудың негізін салу- 
шы» деген тақырыппен айналысып, жазушының 
жеке мұрағатын армансыз ақтарып, ой-таным сыр- 
ларына бойладым. Тағы да ұлы жазушының орыс 
миссионерлерінің қазақты шоқындыруы, орыстан- 
дыруы туралы тума ойларының тасқа сіңіп таралған 
алтынның белгісіндей келер ұрпаққа автоцензу- 
ра тәсілімен табыстап кеткен ойларының жұмбақ 
көмбесіне кезіктім. Бұл менің жан дүниемдегі 
бүркеулі жатқан ұлттық намысыма ұшқын тастап 
жібергендей, өрттей лаулап жана жөнелдім. Бұл 
сезім мені «Қазақ қалай орыстандырылды?» деген 
кітабымды жазуға алып келді.
Қиын жағдайда, 1993 жылы, ол кітаптың басы- 
лым көруіне пікірлес інім Мұхтар Құлмұхамед 
дер кезінде қол ұшын бергеніне ризашылығымды 
білдіремін. Бұл жақсылық маған ғана емес, жалпақ


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
237
жүртымыздың ой-танымын байытып, ұлттық сана- 
сының оянуына қозғау салуымен де қымбат еді. 
Осының алдында ғана, 1992 жылы, көптен ойланып, 
толықтырып, пісіріп жүрген «Әріптер неге өзгерген?» 
деген мақалам «Жас қазақ» газетінің 27 ақпан мен 
21 наурыздағы қос санында қатарынан басылды. 
Менің Ресей патшалығы мен кеңестік империяның 
қазақтарды орыстандырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет