Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
239
деп айыптап, оларды қарсы топтың көмегімен жойып
жіберу. С ондай-ақ «үлтшылдардың» дұш панды қ
идеяларын іске асырмау үшін қазақ әліппесін ауы-
стыру қажет» (Сонда, 493-494-беттер).
Әдебиет саласында 1925-1937 жылдар ара-
сындағы қазақ зиялыларына қарама-қарсы жауық-
қан екі топқа бөлінуге жел беріп, қырғын айтысқа
ұшыратып, артынан түгелдей жойып жіберу әрекетін
алашшылдар мен Сейфуллин бастаған жікшіл топ-
тардың арасындағы талас-тартысты ң тарихынан
аңғарамыз. Осының артынша келешек ұрпақтың ға-
сырлар бойы жинақталып, қорланған рухани ұлттық
қазынаны оқып-білу жолы тарс жабылып, жаппай
мәңгүрттену жағы кедергісіз жүзеге асып жүре берді.
1950-1951 жылдары «Правда» газетінде жа-
рияланған «Қазақстан тарихы марксизм-ленинизм
тұрғысынан баяндалсын» деген мақаладан соң зия-
лы қауым екі жікке бөлініп, айтысқаннан кейін,
олардың бір жағы «халық жауы» деп аталып, итжек-
кенге айдалуын көзімізбен көрдік. Осы қасіреттің
бет алысын алдын ала сезген Б. Момышұлы ҚКП
ОК бірінші хатшысы Ж. Шаяхметовке жазған хатын-
да қауіптің алдын алу керектігін ескерткен еді.
Бұл мәселені Мәскеудің өзі қолдан ұйымдастыруы
себепті, Ж. Шаяхметов тізгінінен айырылып, ара
түсе алмай қалған тәрізді. «Правдада» жарияланған
мақалаға қол қойған үш автордың бірі, тарихшы
ғалым Т. Шойынбаевпен қызметтес әрі сырлас бол-
ған жылдары:
- Тілеш аға, не себепті осы жалалы мақалаға қол
қойдыңыз? - деп сұрағанымда:
- Ол мақала орталықтан даярланып келді. Бізге
240
Қазац қалай мәңгүрттенді?
қол қой деп үсынған соң, қол қоймасақ, не боларымыз
белгілі ғой, - деп орталықтың қаһарлы ызғарынан
қаймыққанын сыр қылып айтып еді. Енді ойлап
байқасам, 1951 жылғы қазақ ғалымдарының ара-
сында Кенесары көтерілісін бағалау жайында болып
өткен айтыс-тартыстардың астарында да Голощекин
қолданған сұрқия саясаттың тәсілі жалғастық тауып
жатқанына көзіміз жете түседі.
О сындай
зымиян
айла-ш арғы лар
арқылы
келешек ұрпақ үшін ғасырлар бойы жинақталып,
қорланған рухани қазынаны оқып-білу жолы тарс
жабылып, жаппай мәңгүрттеніп, ұлтсыздану әрекеті
кедергісіз жүзеге асып келе жатқан саясаттың
нәтижесі екендігі танылып отыр.
Жетіншіден,
әдебиет пен мәдениетте, ұлттық
өнерде ежелгі, еткендегі тарихи тақырып пен руха
ни құндылықтар көзіне баруға тыйым салынды.
Өйткені өткенді тірілту, тарихи сананы жаңғырту
ұлттық сананы оятып жіберетін болғандықтан, ол
тақырыптар қатаң бақылауға алынды. Қазақстан
Компартиясы ОК-нің әдебиет, ұлттық өнер тура-
лы арнаулы қаулыларының бәрі де о бастан-ақ
орталы қты ң осы талабын асыра орындаумен
шектелді. Ақын-жазушы, өнер адамдары тек қана
бүгінгі тақырыпты жырлауды қажеттілікке айнал-
дырды. Кеңестік тұрмысты социалистік реализм
тұрғы сы нан
жы рлауш ы ларды ң
«бағы»
жанды
да, тарихи туынды жазуға барғандар негізінен
қудаланып, сы нның астында қалды.
Мысалы,
М. Әуезов, I. Есенберлин т.б. Қалың оқырман өзінің
рухани қажеттілігін қаласа да, қаламаса да жасан-
ды шығармаларды оқумен басын құмға толтырып,
|