Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?» дүры с саясат болып табылады», - деп ресми түрде
бекітіп беруінен кейін-ақ қазақ зиялыларын бірін-
біріне айдап салып, жаппай қудалаудың басталғаны
тарихтан мағлүм. Бірі ұсынып, екіншісі оны ресми
түрде қолдауының нәтижесінде 1930-1937 жылдар
аралығында жүз мыңнан астам қазақтың атпал аза-
маттары жаппай атылып, көздері жойылғандықтан,
саны алты миллионға жеткен қазақтар екі миллионға
жетер жетпес жағдайда қалып, ез жерінде халқының
үштен екісінен айырылды.
Қазақ ақын-жазушылары жазып, басылым көр-
ген ұлттық рухтағы туындылары да тұтас жойылды.
Кейде олардың атын атап, өлеңін жатқа білетіндер-
дің өзі де халық жауы ретінде ұсталып жатты. Оны
студенттік шақта, 1951 жылғы Қазақстандағы идео-
логиялық күрес кезінде көзімізбен көріп, үрейленіп
өстік емес пе? Қазақ филологиясында оқып жүрген
кезімізде біз ата ұрпақты ң рухани мұрасынан
мүлде бейхабар қалғанымызды кеш ұғындық.
Олардың туындысын жасырын болса да оқып-
білуге қазақ жазу әліппесінің латыншаға, артынша
орысшаға ауысып кетуінен арабшаны оқуға шама-
мыз келмеді. Голощекиннің зымиян ойы мен тілегі
алдымыздан шықты. Өткен тарихымызды танып
білуге ұмтылысымыз далаға кетіп, күн өткен сайын
мәңгүрттене бердік.
Бір ғасыр ішіндегі ұрпақтар алмасуындағы
заңдылы қ бұзылып және олардың бойындағы
ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүр ретінде келесі
ұрпаққа ауысатын бүкіл салт-сана, дүниетаным,
ұлттық рухани қазына көздері тәрізді табиғи руха-
ни құндылықтар үзіліп, келесі ұрпақ өкілдеріне жет-
234
Қазақ қалай мәңгүрттенді? пей қалды. Қасірет атаулының бәрі де осы руха-
ни мүрадан қол үзуде жатыр. XX ғасыр ішінде өмір
сүрген төрт буын үрпақтың -