246
Қазақ қалай мәңгүрттенді?
мыз. Мәселенің бүл
жағымен де есептеспей кете
алмайтын тұстарымыз баршылық.
Осы өткінші жағдайларды назарда ұстай оты-
рып, енді бұрынғы бұйығы самарқау қалыппен жүре
беру дағдысынан арылып, заман ағысынан қалмау
үшін, ұлттық идеологиямызды мүлде
жаңа рельс-
ке қоюды ң зәру міндеті
алдымызға қойылуда.
Бұл өзекті мәселені қоғамымыздың әрбір адал аза-
маты сезінуі қажет. Өйткені қазақ қауымы - жалған
намы стануды ң қажеті жоқ, тұтас мәңгүрттенген
қауым. Зорлау саясаты бізді осындай мәңгүрттік
жағдайға алып келді. Тіпті,
бұл қауымның ішіне
тәуелсіздік жылы туған жаңа буын жас ұрпақ та кіреді.
Ө йткені мәңгүрттенген отбасынан мәңгүрттенген
ұрпақ шығатынын күнде көріп жүрміз. Сондықтан
да бұл қауымды сырттан таңылған рухани дерттен
сауықтырып, отаршылдық қысым енгізген
құлдық
санадан
арылту
жолын жаңа рельске қойылған
ұлттық идеология ғана атқара алмақ! Қазақстандық
патриотизм ұғымы да осы негізде қалыптасса ғана
өміршең болмақ.
Біздің қауымның,
оның ішінде тіпті зиялы
тобының ой-санасы, дүниетанымы евроцентристік
көзқарастың тұтқынынан ұшты-күйлі арыла алмай
келеді.
Бұл дерт, әсіресе, шала қазақтар мен ада
қазақтардың арасында үстем болып тұр. Осы дерт
ке шалынып, евроцентристердің ой-санадағы шапа-
нын жамылып жүргендердің
ұлдары мен қыздары
ауылдан келген қазақ балалары мен қыздарын
«мамбет, мамбетка» деп мазақтап, өздерін жоғары
санайтын бейбақ мәңгүрттердің оспадарсыз қылығы
аз да болса өмірден орын алып келеді.